Жұлынның құрылымдық үйлесуі. Жұлынның қызметтері



бет5/22
Дата20.10.2022
өлшемі9,29 Mb.
#44401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Физ рк барлығы

Биохимиялық әдістер Мидағы үрдістердің көбі макромолекулярлы заттар, физиологялық белсенді заттар арқылы іске асады. Бәрімізге мәлім нейрондар арасында синапстар болуы. Мидың құрылымдарында көптеген қоздырушы, медиаторлар ашылған(дофамин, серотонин, γ-амино май қышқылы, глицин). Мысалы зерде теорияларын алсақ оның ішінде биохимиялық теория бар(рибонуклеин қышқылы, белок). Соңғы кездерде миға эндорфин, энкефалин заттар әсері зерттелген. Олар адамның мінезқұлқына көп әсер тигізеді(күлкі кезінде көп бөлінеді). Биохимиялық әдіс - ми қызметі кезінде түзелетін биологиялық активті заттарды тіркеу. Қан және ликвордағы заттарды тіркеу.
Клиникалық әдістер:
Электоэнцефалография әдісі. Мидағы жинақталған электрлік потенциалдарды тіркеу. Мидағы көптеген нейрондардың активтілігін тіркеу(яғни олардың әрекет потенциалдарынан пайда болады).
Мидың компьютерлік томографиясы (КТ) -рентген сәулелерін қолдана мидың ішкі құрылысы, ми сауытының сүйегі, бастың басқа да тіндерін зерттеледі. КТ арқылы мидың жұқа кесінділері жасалып, математикалық модель түрінде мидың ішкі құрылысының суреттері жасалады.
Магнитты резонансты томография (МРТ) Қазіргі кездегі ми құрылысын зерттеуге арналған ең
көрненті, объективті әдіс. Бұл әдісте рентген сәулелері қолданбайды, бұнда сутек атомдарының магнитты резонансы қолданылады.
Эхоэнцефалография - (миды УДЗ) Мидың ультрадыбыстық зерттелуі. Әдістің негізі - бастың әр түрлі құрылымдарынан ультрадыбыс жаңғыры әр түрлі болады. Бастан алынған ультрадыбыстық сурет ми тіндерін, бас сүйектің микворды, сонымен бірге патологиялық өзгерістерді көрсете алады
Реоэнцеолография (РЭГ) Грек сөзінен аударғанда – реос-ағым, энцеоралас-бас, графия-жазу. Мидың қанмен қамтамассыз етілуін зерттейтін клиникалық әдіс. РЭГ аспабы реограф. Патологиялық –анатомиялық әдіс Науқас адам белгілі аурудан қайтыс болғанда, Патоанатомиялық зерттеуде, мидан табылған өзгерістер клиникалық белгілер (симптомдармен) салыстырылады. Қай ауруда қандай өзгерістер пайда болатыны зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет