7. Жұлынның нейронды үйлесуінің ерекшеліктері. ЖҰЛЫННЫҢ НЕЙРОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Адам жұлыны құрамына 13,5 млн. жуық нейрондар енеді, олардың 3% эфферентті нейрондар, 97% интернейрондар (ендірме) құрайды, ал сезімтал нейрондар денесі жұлыннан тыс жұлындық немесе интрамуралдық ганглийларда орналасады.
ЖҰЛЫН НЕЙРОНДАРЫ ТОПТАРЫ:
Мотонейрондар немесе қозғалтқыш – алдыңғы түбір; Интернейрондар – жұлын ганглийлерінен ақпарат алатын артқы түбір; Симпатикалық және парасимпатикалық бүйір түбір; олардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбірлер арқылы шығады. Ассоциативті жасушалар – жұлынның меншікті нейрондары, сегменттер арасында байланыс қамтамасыз етеді.
ЖҰЛЫННЫҢ НЕЙРОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Эфферентті нейрондар ішіне альфа и гамма мотонейрондарды, сонымен қатар преганлионарные нейроны вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі нейрондары жатады . Альфа мотонейрондар, адам бетінен басқа, барлық, қаңқа бұлшық еттерімен байланысқан. Альфа нейрондар аксондары қаңқа бұлшық еттерінің экстрафузалды талшықтарына қозуды 70-120 м/сек жылдамдықпен өткізеді . Нейрондар тұтасып жеке бұлшық еттерді жүйкелендіретін мотонейронды пул түзеді. Мотонейронды пул құрамына жұлынның әр түрлі сегменттерінен мотонейрондар енуі мүмкін.
Жұлынның гамма мотонейрондары. Олардың аксондары интрофузальным бұлшық ет талшықтарына немесе бұлшық ет ұршықтарына қозу өткізеді. Бұл мотонейрондардан шыққан қозу мидың адам қалып күйіне жауап беретін бөліктеріне әсер етеді. Гамма мотонейрондардың аксондары қозуды 15-40 м/сек жылдамдықпен өткізеді. Жұлынның интернейрондары қозу мен тежелу интерграциясына қатысады. Жұлынның өткізгіштік қызметі жұлындық афферентті, эфферентті нейрондар мен интернейрондар көмегімен жүзеге асады. Афферентті нейрондар арқылы жұлынға қозу мойын, дене, аяқ пен қолдың экстерорецепторлары мен проприорецепторлары, сонымен қоса висцерорецепторлар арқылы жеткізіледі. Жұлынның эфферентті нейрондары, беттен басқа, барлық қаңқа бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Сонымен қатар, олар вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі талшықтарын құрайды. Жұлынның қатысуымен зәр бөлу және жыныс мүшелері жүйесі, тік ішектің қан тамырларын қозғалтқыш рефлекстерін , ұлпалық алмасуды реттейтін рефлекстер жүзеге асады.