Жұлынның құрылымдық үйлесуі. Жұлынның қызметтері


Артқы мидың құрылымдық үйлесуі. Артқы мидың қызметтері



бет8/22
Дата20.10.2022
өлшемі9,29 Mb.
#44401
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
9. Артқы мидың құрылымдық үйлесуі. Артқы мидың қызметтері.
Артқы миға – мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Артқы ми (metencephalon; көне грекше: met — артқы, enkephalon — ми) — мишық пен ми көпірінен құралған ми бөлімі.
Мишық (лат. cerebellum) адам мен жануарлар денесінің кеңістіктегі тепе-тендігін сақтау жөне дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіруші (координация) орталықтары орналасқан, пішіні шар тәріздес ми бөлігі. Ол сыртындағы үзынынан өтетін екі бүйірлік сай арқылы ортаңғы — құртша және екі бүйірдегі мишық жартышарларынан тұрады. Мишық сыртқы мишық қыртысынан (сүр зат) және ішкі мишықтың ақ затынан құралған. Ми көпірі (лат. pons) сопақша ми мен ортаңғы ми аралығында көлденеңінен орналасқан, пішіні буылтық келген ми бөлігі. Ми көпірі мишықтың ортаңғы аяқшаларымен тікелей жалғасады. Ми көпірі — үлкен ми және мишық қыртыстарынан келетін орталықтан тепкіш (эфферентті) өткізгіш жолдарын төменгі ми бөліктерімен жалғастырады. Ми көпірінің екі бүйірінен ми жүйкелерінің бесінші жүбы — үшкіл жүйке шығады. Ми көпірдің өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының кілегейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық – сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады.
10. Артқы мидың ОЖЖ-нің басқа бөлімдерімен байланысы.
Орталық жүйке жүйесі, жүйке жасушаларының (нейрондардың) жинақталуынан және олардың процестерінен тұратын жануарлар мен адамның жүйке жүйесінің негізгі бөлігі; ол омыртқасыздарда бір-бірімен тығыз байланысқан жүйке түйіндерінің жүйесімен (ганглийлер), омыртқалылар мен адамдарда жұлын мен ми арқылы ұсынылған. Құрылымы мен қызметінің негізгі белгілері перифериялық жүйке жүйесі арқылы барлық мүшелер мен ұлпалармен байланысады, оған омыртқалыларда мидан таралатын бас сүйек нервтері, ал жұлын нервтері – жұлыннан, омыртқа аралық жүйке түйіндері, сонымен қатар вегетативті жүйке жүйесінің шеткі бөлігі – жүйке түйіндері жатады. , оларға жақындауларымен (преганглионикалық) және олардан шығатын (постганглионикалық) жүйке талшықтары. Сезімтал немесе афферентті нервтердің аддукторлы талшықтары ОЖЖ-де қозуды жүзеге асырады, перифериялық рецепторлардан; эфферентті эфферентті (моторлы және вегетативтік) жүйке талшықтары бойымен, ОЖЖ-ден қозу. бірге. атқарушы жұмыс аппаратының жасушаларына (бұлшық еттерге, бездерге, қан тамырларына және т.б.) жіберіледі. Афферентті және эфферентті жасушалар өздерінің процестерімен бір-бірімен байланысып, элементар рефлекстерді (мысалы, жұлынның сіңір рефлекстерін) орындайтын екі нейрондық рефлекторлық доға құра алады. Бірақ, әдетте, интернейрондар немесе интернейрондар афферентті және эфферентті нейрондар арасындағы рефлекторлық доғада орналасады. ОЖЖ түрлі бөлімдері арасындағы байланыс. бірге. сонымен қатар орталықішілік қысқа және ұзын жолдарды құрайтын осы бөлімдердің афферентті, эфферентті және интеркалярлық нейрондарының көптеген процестерінің көмегімен жүзеге асырылады. Құрамында ОЖЖ, сондай-ақ ондағы тірек қызметін атқаратын, сондай-ақ жүйке жасушаларының метаболизміне қатысатын нейроглиальды жасушаларды қамтиды.

11. Сопақша мидың құрылымдық үйлесуі.Сопақша мидың қызметтері.


Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның қозғалтқыш орталықтарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. ( Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары будаларынан құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына өтер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.
Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында — ақ зат, ішкі жағында — сұр зат орналасады. Ол ақ заттық аралықтар арқылы көптеген сұр заттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сұр заттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді.
жүрек соғу,тыныс алу,тер бөлу,сілекей бөлу,шайнау,жұту, сору,көз жасын бөлу,ас қорыту сөлдерін бөлу,құсу,,кекіру,күйіс қайтару,тұшкіру,жөтелу,көз жыпылықтау орталықтары жатады.
12. Сопақша мидың ОЖЖ-нің басқа бөлімдерімен байланысы .
Орталық жүйке жүйесі (лат. systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке жасушалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады.
Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі.Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.
13. Ортаңғы мидың құрылымдық үйлесуі. Ортаңғы мидың қызметтері .
Ортаңғы ми (mesencephalon; гр. mesos — ортаңғы, encephalon — ми) — ортаңғы ми қақпағы мен үлкен ми аяқшаларынан тұратын ми бөлігі.Ортаңғы мида аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын ромбы тәрізді мидағы төртінші ми қарыншасы қуысымен байланыстыратын түтікше қуыс — суқұбыры (суағар) болады. Ортаңғы ми қақпағы — қақпақты пластинканың беткей қабаты ақзаттан, ал терең қабаты сұрзаттан құрылған. Төрт төмпектің алдыңғы жұп төмпегінің сұрзаты — афференттік қыртысасты көру рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпегінің сұрзаты тепе-теңдік және есту рефлекстерінің орталықтарын түзеді.

14. Ортаңғы мидың ОЖЖ-нің басқа бөлімдерімен байланысы.


Oртаңғы ми. Ортаңғы ми көпіршенің алдыңғы жағында орналасқан. Oртаңғы ми төрт төмпешіктен, қызыл ядродан және субстанциядан тұрады. Ортаңғы мидың жақсы дамуы бала өмірінің жасөспірім кезеңінде (16 жаста) байқалады. Мидың бұл бөлімі құрылысының күрделі болуына байланысты рефлекторлық қызметі де күрделі болып келеді.Төрт төмпешіктің екі жұп төмпешіктері болады. Төрт төмпешіктің алдыңғы екі төбешігінде көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы бар. Артқы жұп төбешігі естудің алғашқы рефлекторлық орталығы болып есептеледі. Төрт төмпешік зақымдалса, адамның көру және есту қабілеті бұзылады.Қызыл ядро-сұр заттың жиынтығы. Бұның негізгі қызметі-еттің тонусын тарату және қозғалту рефлокторлық реакцияның өзара бірлесуін жүзеге асыру. Қызыл ядро статикалық жұмыстың, тұру жағдайдың, жүрудің және автоматтық қозғалыстардың орындалуын реттейді. Осы ядро арқылы импульстер мишықтан жұлынға және миға барады.Қара субстанцияның қызметі бұлшық еттердің тонусын және әртүрлі нәзік қозғалыстарды реттеп отырады. Мысалы, қол саусақтарының, шайнау және жүру сияқты күрделі рефлокторлық әрекеттердің бірқалыпты байқалуын жүзеге асыру. Ортаңғы мидың басқа ядроларына қарағанда, бұл баяу жетіледі, сондықтан реттеу қызметіне біртіндеп қосылады. Оның баяу жетілуіне меланин пигментінің жиналуы себеп болады. Жаңа туған баланың субстанциясында мұндай пигмент болмайды. Алғашқы рет ол баланың 2-4 жасында пайда болады да, 15-16 жастарында толық байқалады.
15. Аралық мидың құрылымдық үйлесуі . Ортаңғы мидың қызметтері
Аралық ми (diencephalon; көне грекше: dia - аралық, enkephalon — ми) — пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасының (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі.Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан тұрады. Нейроциттер денелерінен құралған таламустың орталық ядроларында жұлыннан жəне сопақша мидан келетін өрлеме сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар жүйке толқындарын (импульсін) үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус бөлігі (көру төмпегі) - орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал өткізгіш жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен байланыстыру қызметтерін атқарады. Гипоталамус — аралық мидың көру жолы, сүр төмпек, қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус - үшінші ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп түйінінен құралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет