Жұмабек кенжалин қалам қанаты


ҚАЗАҚ  ЕЛІНІҢ  ЖАҢА  ƏЛЕМІ



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата12.02.2017
өлшемі2,9 Mb.
#3983
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ҚАЗАҚ  ЕЛІНІҢ  ЖАҢА  ƏЛЕМІ
Қазақстан Республикасы Парламенті 
Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс 
жəне қауіпсіздік комитетінің Төрағасы 
Қуаныш СҰЛТАНОВПЕН сұхбат.
– Ел болып атқарған еңселі еңбектің, Елбасының саяси 
беделінің  арқасында 2007 жылы 30-қарашада  Мадридте 
өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінде Қазақстанның 
2010  жылғы  Еуропа  қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық 
ұйымына  төрағалық  етуі  туралы  шешім  шығарылғаны 
белгілі.  Бұл  ұйым  Қазақстанға  не  береді,  сол  мəселелерге 
тоқталып кетсеңіз? 
– Бұл сұрағыңыз осы Еуропалық қауіпсіздік жəне ын-
тымақтастық  ұйымымен  біз  қарым-қатынасты  жиілете 
бастағалы  бері  көтеріліп  келе  жатқан  сұрақ  жəне  ол  осы 
бірнеше  жылдың  көлемінде  күн  тəртібінен  түскен  жоқ. 
Бір  жағынан  біздің  еліміздің  ішінде,  өзімізде  əртүрлі 
саяси  ұйымдар,  БАҚ-ы,  қоғамдық  ұйымдар  дамылсыз 
осы  сұраққа  əртүрлі  жауап  іздеп,  өздерінің  пікірлерін 
ортаға  салып,  жауаптарын  айтуда.  Бұл  сұраққа  еліміздің 
Президенті де өзінің сөздерінде жауап беріп келеді. Басқа да 
лауазымды қызметкерлердің пікір қорытындылары жари-
яланып жүр. Сіздің сұрағыңыздың өзінде де жауап жатыр. 
Жауаптың  ең  басты  көрсеткіші – Еуропа  қоғамдастығы 
тарапынан 
Қазақстанға 
үлкен 
сенім 
көрсетілуі, 
Қазақстанды жан-жақты тануы. Қазақстанда тəуелсіз мем-

328
лекет  болғалы  бері  жүргізіліп  отырған  экономикалық, 
саяси  реформалардың  нəтижесімен  санасуы.  Барлығы 
да  ең  алдымен  өзіміздің  мемлекеттігімізді  нығайтып, 
оның  беделін  арттыру,  тəуелсіздігіміздің  баянды  болу-
ын  көздеу  мақсатынан,  еліміздің  əлеуметтік  жағдайы 
мен  саяси-құқықтық  өркендеуінен  туындайды.  Еліміздің 
рухани  өмірінің  өсуіне  əрбір  азаматымыз  да  мүдделі 
деп  ойлаймын.  Жалпы,  Қазақстанның  дүниежүзілік 
қоғамдастықпен  емін-еркін,  терезесі  тең  дəрежеде  арала-
суы,  яғни  мемлекеттің  мемлекет  болуы,  елдің  ел  болуы 
көзделеді.  Қазір  төрағалық  ету – Қазақстанға  ашылып 
тұрған  жаңа  мүмкіндік.  Мысалы,  Нұрсұлтан  Əбішұлы 
тамызда  өткен  жиналыста  айтқандай,  мұндай  дəрежеде 
төрағалық ету қазақтың тарихында ғана емес, бүкіл түркі, 
Азия елдерінің ішінен бізге ғана беріліп отырған мəртебе. 
Оны  былай  қойғанда  бүгінгі  ТМД  мемлекеттерінің 
ешқайсысының үлесіне тимеген жаңа жағдай. Қауіпсіздік 
ынтымақтастық  ұйымына  мүше  бір  мемлекетке  қайта-
қайта төрағалық берілмейді. Ол тұрғыдан келетін болсақ, 
болашақ 55 жылда  Қазақстанға  бұл  төрағалық  тізгіні 
тие  бермейді.  Осының  өзі  де  көп  нəрсені  аңғартса  керек. 
Сондықтан  Қазақстанға  Еуропадағы  қауіпсіздік  жəне 
ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  ету  көп  мүмкіндік 
туғызады. Еуропа елдерінің өркениеттегі жетістігіне жол 
ашылады. Қазақстан Еуропаның озық үлгілерінен үйрену 
мүмкіндігі артады. 
Конституциямызда  көрсетілгендей,  елімізде  ізгілікті, 
құқықтық кеңістік құру шараларына, азаматтық қоғам құру 
жұмысына жаңа пəрмен беріледі.
Қазақстанның рухани келбетін тану, Қазақстанмен сана-
су – Еуропа үшін де жаңалық болмақ. 
–  Кезінде  «Қазақстан  жаңа  қатерлер  мен  сынақтарға 
қарсы  күрестегі  халықаралық  қимыл-əрекеттің  белсенді 
қатысушысы күйінде қалып келеді» дегеніңіз бар еді. Енді 
осы қатысушы статусынан ұйымдастырушы мəртебесіне 
мемлекетіміз қаншалықты пісіп-жетілді? 

329
– Бұл шын мəнінде де осы қазір Қазақстанның Еуропадағы 
қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық 
етуімен  байланысты  сұрақ.  Қазақстан  бір  жағынан  сон-
дай  мəмілеге  келушілікпен,  не  болмаса  əртүрлі  қатерлер 
мен  сынақтарға  қарсы  күресте  халықаралық  қозғалысқа 
ұйытқы  болып  отыр  деп  есептеуге  болады.  Өйткені  бұл 
жағдайда  ең  бірінші  айтатынымыз – Семей  полигонының 
жабылуы,  яғни  бұл  да  үлкен  дəуірлік  іс-əрекет.  Бұған  əлі 
толық  баға  беріліп  болған  жоқ.  Қазақстаннан  басқа  қай 
мемлекетте өз еркімен ядролық полигон жабылып жатыр? 
Өкінішке  орай,  Қазақстанның  бастамашылдығы  əрі  қарай 
жалғасқан  жоқ,  барлық  мемлекет,  барлық  саясаткерлер 
ядролық  қаруды,  жалпы  əртүрлі  сынақтарды,  адамзатқа 
келтіретін  қатерлерді  шектеу  керек,  тоқтату  керек  деп  ай-
туын айтады. Бірақ əлі ешкім осындай шешімді қаракетке 
бара  алған  жоқ.  Бұл  жөнінде  қазір  біздің  мемлекетіміз 
жетекші  мемлекет  деп  санауға  болады.  Қандай  дəрежеде, 
қандай  халықаралық  ұйымдарда  болсын,  қару-жарақты 
тоқтату  керек,  адамның  өміріне  қауіп  төніп  жатыр, 
соны  тоқтатыңыздар,  болашақтағы  жер  планетасының 
болашағын қамтамасыз ету үшін қандай қозғалыстар керек, 
соны жасауға Қазақстанның ұйымдастырушылық қабілеті 
де, мəртебесі де бар деп есептеймін. 
–  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тапсырма-
сы  бойынша  дайындалған  «Еуропаға  жол»  Мемлекеттік 
бағдарламасына тоқтала кетсеңіз.
–Біз  биылғы  жылы  жылдың  басында  Австрия-
да  Вена  қаласында  өткен  Еуропадағы  қауіпсіздік  жəне 
ынтымақтастық 
ұйымының 
Парламенттік 
Ассам-
блеясының  қысқы  сессиясының  бір  күнінде  барлық 56 
мемлекет  депутаттарының  алдында  «Еуропаға  жол» 
мемлекеттік  бағдарламасын  арнайы  таныстырып,  мəн-
жайын  түсіндіріп  айттық.  Сенат  Төрағасы  Қ.Тоқаев 
арнайы  баяндама  жасады,  көптеген  сұрақтарға  жау-
ап  берілді.  Қазақстандағы  экономикалық  реформалар, 
Қазақстанның  болашақта  атқаратын    жəне  еуропалық 

330
дəрежеде  жүргізілетін  əлеуметтік  жəне  басқа  да  сая-
си  реформалар  туралы  кеңінен  əңгіме  болды. «Еуропаға 
жол»  бағдарламасы  үлкен  қызығушылық  туғызып  отыр. 
«Еуропаға  жол»  бағдарламасының  мақсаттары,  жал-
пы  біздің  бүкіл  жүргізіп  жатқан  реформаларымыз,  соны 
еуропалық стандарттың дəрежесіне жеткізуге ұмтылу, өнім 
сапаларын əлемдік сұраныс деңгейіне көтеру сияқты меже-
лер  осы  бағдарламаның  негізгі  бағыттары.  Осыған  сəйкес 
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» темір жолының үлкен бөлігі 
Қазақстанның  жерінен  өтуінің  де  маңызы  ерекше  болмақ. 
Президенттің  бұрын  жария  еткен  бəсекеге  қабілетті 50 
елдің  қатарына  кіреміз  деген  мақсаты  жай  ұран  емес, 
мемлекеттік  қозғалыс,  мемлекеттің  мүддесін  көтеретін 
идея да осы бағдарламаның аясына кіреді. Сондықтан бұл 
бағдарламаның маңызы біз үшін өте қажет. 
Біздің  экономикамызда  болсын,  əлеуметтік  тұрмы-
сымызда, не болмаса рухани өміріміздің барлығында да Еу-
ропада бар нəрсе бізде де болуы керек. Яғни қазір Еуропа-
ны айтып отырған себебіміз Еуропада бүкіл дүние жүзілік 
талап-деңгей  жоғары  деп  танылып  отыр.  Өркениеттің 
адамзатқа  пайдалы  жолдары,  мешеу,  артта  қалған  жол-
дар  емес,  озық  жолдар,  яғни  озық  технология,  озық 
əдістемеліктер,  білім,  ғылым  саласында  болсын,  өнер  са-
ласында болсын, жалпы осындай бір ұғымдық теңеуліктер 
басым. Міне, сол теңеуліктерге ұмтылуымыз қажет. 
Бізде қазіргі ең үлкен мəселе – жемқорлықпен күресті жа-
риялап жатырмыз ғой. Біз кейде өзімізді-өзіміз жемқорлық 
деген барлық елдерде бар деп жұбатамыз. Бары бар, бірақ 
бізде  бұл  өте  тереңге  кетіп  қалған.  Халықтың  санасында 
ұялап қалған нəрсе. Біз содан арылуымыз керек. Мысалы, 
еуропалық  мемлекеттерден  біздің  үйренетін  тағы  да  бір 
үлкен мəселеміз құқық, заңмен өмір сүру, соған бейімделу, 
соған үйрену. Бізде осы жағы жетпей жатыр. Кішкентай да 
болса билікке келген адам заңды күзетудің орнына заңды 
белден  басады.  Заң  жайына  қалады.  Неге  жемқорлық 
шығып  жатыр?  Мысалы,  мемлекеттік  қызметке  келген 

331
адам  алдымен  мен  осы  қызметке  келдім,  енді  мен  адамға 
қызмет  етуім  керек,  менің  алдыма  келген  адамға  қызмет 
етуім  керек  деп  ойламайды,  керісінше,  сол  адамды  өзіне 
тəуелді  еткісі  келеді.  Өзімшілдік,  алдымен  өзін  мемлекет 
есебінен немесе қызметі есебінен жарылқаушылық қаптап 
кетті.  Мемлекеттік  қызметке  келген  адам  мемлекеттің 
қаржысынан бірдеңе жасап алғысы келеді. 
Міне,  біздегі  сананың  шіріктігі  осы.  Өзі  таза  болып, 
заңмен  қызмет  ету  міндетін  ойлаудан  бұрын,  біреуге 
үстемдік,  билік  жүргізгісі  келіп  тұрады.  Соның  ішінде 
сот  жүйесін  ерекше  айту  керек.  Сот  жүйесі,  мына  біздің 
құқықтық  органдар,  сот,  прокуратура,  қауіпсіздік  салала-
ры алдымен өздерінің күштерін көрсетіп отырғысы келеді. 
Міне,  осыдан  арылуымыз  керек.  Ешқандай  билік  ешкімге 
өзінің күшін, қоқан-лоққысын көрсетпеуі керек. Біз тек осы-
дан арылған кезде ғана барып, адам тазалыққа көшу арқылы 
ғана  парақорлықтан,  жемқорлықтан  құтылуы  мүмкін. 
Парақорлықты,  жемқорлықты  туғызатын  адамдардың 
бір-біріне  тəуелділігі,  атқарушы  билік,  сот,  құқық  қорғау 
орындарының  əділетсіздігі.  Мұқтаж  үшін,  біреудің 
əділетсіздігінен құтылу үшін заңнан гөрі пара берудің жо-
лын іздейді. Адам санасы осыдан арылуы керек. Еуропада 
бұл жағынан тазалық көп, тазалық басым. Заң жұмыс жа-
сайды. Заңның үстемдігін жүргізу керек. Еуропалық жолды 
мен осылай түсінемін өз басым. 
Қазір  енді  заңды,  талапты,  жазалауды  күшейтіп  жа-
тырмыз.  Бірақ  бүкіл  елді  жазалап,  жемқорлықты  тоқтата 
алмайсың ғой. Ол үшін не істеу керек? Адамның санасын 
өзгерту керек. Рухани еркіндік болмай жатыр. Бізде əлі ру-
хани еркіндік жоқ, құлдық сана басым. Қоғамдағы тəртіп 
солай жаман қалыптасқан. Жай адамдармен сөйлессеңіз – 
«ақша бермейінше еш жерде ештеңе шешілмейді», – дейді. 
«Жұмысқа  орналасу  үшін  ақша  беру  керек,  құжат  алу 
үшін ақша беру керек» дейді. Өзіміз осы қоғамдағы болып 
жатқан əңгімені сараптайықшы, солай емес пе? Міне, со-
дан  барып  туындайды.  Барлығы  адамның  санасынан  ту-

332
ындайды. Біз мына еуропалық жол дегенде, ең бастысы – 
құқықтық қатынаста өмір сүру, құқықтық кеңістік жасау, 
заңның  үстемділігін  жүргізуге  талпынып,  əдеттенуіміз 
керек. 
Төрағалық та, арнайы бағдарлама да белгілі бір уақытпен 
шектелгенімен  оның  мазмұндық  ауқымын  осылайша 
кеңінен түсінгеніміз абзал. 
–  Президенттік  мемлекеттен  президенттік-парлам-
енттік республикаға қадам бастық. Осы орайда Европалық 
белді ұйымға өтуге халық қалаулылары қандай жұмыстар 
атқарып отыр? 
–  Халық  қалаулыларының  ең  негізгі  жұмысы  жаңа 
мен  алдында  айтқан  сауаттылық,  насихаттық  жұмыс.  Со-
дан кейін заңды насихаттау, заңның өзін жүзеге асырудың 
жолдарын насихаттау, сол арқылы Еуропада болып жатқан 
əдіс-тəсілдерді біздің өзіміздің заңдарды қабылдаған кезде 
ескере  білу,  өзіміздің  Парламентіміздің  жұмысын,  елдегі 
құқықтық,  демократиялық  реформаларды  Еуропаға  таны-
стыра  білу.  Осы  тұрғыда  ТМД  арасындағы  Парламенттік 
Ассамблея,  Еуропа  қауіпсіздік  ынтымақтастық  ұйымын-
дағы Парламенттік Ассамблеяда біздің делегация тұрақты 
жұмыс  жасайды.  Парламенттік  Ассамблеяларға  жай 
барып  келгеніміз  үшін  емес,  сол  жерде  сөйлеп,  орын-
ды  мəселе  көтеріп  жүргендігімізден,  кейбір  мəселелерге 
өзіміздің  пікірімізді  кəсіби  деңгейде  айта  білгендіктен, 
Қазақстанның  делегациясының  парламенттік,  кəсіптік 
дəрежесін əріптестер жоғары бағалайды. 
–  Еуропадағы  қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық  ұйы-
мындағы  əскери,  саяси,  экономикалық,  экологиялық  жəне 
адами өлшемдерді қамтитын қауіпсіздіктің кешенді ұғымы 
қаншалықты нəтиже беріп келеді?
– Үш сала ғой, үш саланың үшеуі де теңдей жүргізілуі 
қажет. Оның барлығының нəтижесінің өзі, алдымен халық-
аралық ұйымға кіру арқылы қай мемлекет болса да өзінде 
бір өзгерістер, не болмаса басқа бір көрші мемлекетке жа-
салатын  өзінің  қарым-қатынасы  арқылы  соның  талапта-

333
рын орындауға міндетті. Жалпы, халықаралық талаптарын 
орындауға міндетті. Бұл тұрғыдан, рухани қарым-қатынас 
саласындағы жағдайлар көп нəтиже береді деп айтар едім 
алдыменен.  Бұл  жерде  де  осы  үш  таразының  басын  тең 
ұстау сияқты үш бағытты теңдей жүргізуге біз төрағалық 
кезінде де үлкен жұмыс жасайтын боламыз. 
– Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы 
халықаралық  стандарттарға  қайшы  келеді  деп  таныған 
еліміздегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Сай-
лау  туралы»  жəне  «Саяси  партиялар  туралы»  Заңдарды 
либералдау  бағытына  қарай  өзгерту  енгендігін  қалайды. 
Мұны  елімізге  келетін  түрлі  еуропалық  өкілдер  де  жиі 
қайталаудан  жалыққан  емес.  Бұл  салада  қазақстандық 
заңнамалық нормаларда қандай өзгерістер қарастырылып 
жатыр? 
–  Сəл  ертеректе  айтылған  сын.  Одан  бері  көп  жұмыс 
атқарылды.  Қайшылықтар  жойылды.  Біз  осы  үш  заң  бой-
ынша  да  көп  өзгерістер  енгіздік.  Ол  біздің  сол  енгізген 
өзгерістермен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық 
ұйымының алқалы жиындарының барлығы да онымен са-
насты,  оны  жоғары  бағалады.  Демократиялық  процесте 
«бəлен  жерде  тоқтайды», «бəлен  биіктікке  жетеді»  деген 
ұғым жоқ. Бұл өмірбақи дами беретін процесс. Сондықтан 
қазіргі  біздің  жасалып  отырған  заңдық  кеңістігіміздің 
барлығы  да  Еуропадағы  қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық 
ұйымының талаптарына үйлеседі. Алдағы уақытта одан да 
ары қарай тереңдете түседі. Ешкім демократияға бір жылда, 
бір күнде келмейді, көптеген жылдар бойына адамдардың 
психологиясын,  санасын  қалыптастыра  отырып,  дами 
беретін  құбылыс.  Сондықтан  қазіргі  кезде  бізде  жасалып 
жатқан,  əсіресе,  осы  айтылған  «БАҚ  туралы», «Сайлау 
туралы», «Партиялар  туралы»  қабылданған  заңымызбен 
Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы сана-
сып отыр. Алдағы уақытта заңдық кеңістігіміз осы бағытта 
да  тереңдетіліп,  демократиялық  тұрғыда  кеңейтілетініне 
олар сенеді. 

334
– 1995 жылы наурыздың 4-інде Елбасы басшылық еткен 
«Қазақстанның  Халық  бірлігі»  партиясы  құрылғанда  бір 
ауыздан партия төрағасы болып сайланғаныңыз аян. 
Талай  қажырлы  еңбек  атқардыңыз,  бүгінде  де 
Президенттің бастауында тұрған еліміздегі ірі халықтық 
партияның  алғашқы  шептегі  мүшесісіз.  Осы  уақыт 
аралығында еліміздегі партиялық жүйенің даму тарихын-
да қандай оң өзгерістер жүзеге асырылып жатыр? 
– Ең бірінші біз əуел бастан көп партиялық жүйеге көше-
міз  деп,  сол  партиялардың  қоғамдағы  ықпалдылығына 
үлкен мəн бердік. «Халық бірлігі» партиясы да сол мақсатта 
құрылған болатын. «Халық бірлігі» партиясының негізінде, 
кейін  оған  «Отан»  деген  қозғалыс  қосылып,  қазіргі  «Нұр 
Отан» партиясы құрылды, оны өздеріңіз жақсы білесіздер. 
Басқа  партиялар  да  жылдан-жылға  көптеген  өзгерістерге 
ұшырап,  жалпы  партиялық  қозғалыстың  өзі  шыңдалып 
келе жатыр. Содан бері қарай 1995 жылмен салыстырғанда 
жалпы партиялық құрылыстың өзі көп өзгеріске ұшырады. 
Көп өсу жолынан өтті. Талай партиялар жаңадан құрылып, 
талай  партиялар  тарап  та  кетті.  Көпшілігінің  өздерін 
қоғамда  тұрақтандыра  алатын  жəне  қоғам  қабылдай  ала-
тындай бағдарламалары жеткіліксіз болды. 
Қоғамда  кез  келген  саяси  партияны  құрып,  оны 
тұрақтандыру  оңай  емес.  Өйткені  қоғамның  бағасына 
ие  болу  керек.  Бұл  оңай  болып  жатқан  жоқ.  Сондықтан 
да  партиялардың  тек  сайлау  науқанында  емес,  жалпы 
өздерінің  электораттарымен  үнемі  жұмыс  жасау,  негізгі 
билікте  отырған  партиямен  терезесі  тең  болатындай, 
не  болмаса  соның  бағдарламасынан  артық  болатындай 
бағдарлама жасалғанда ғана көпшіліктің қолдауына ие бо-
лады. Осы жағынан бізде партияға көзқарас та көп өзгерді, 
партияларға талап та өзгерді. Алда да осы құбылыс қатып-
семіп  қалмайды,  бірталай  өзгерістерге  ұшырайды  деп  ой-
лаймын. 
– 2005 жылы елімізде президенттік сайлаудың əділ өтуін 
қадағалайтын қоғамдық комиссия құрылды. Бұл да сіздің игі 

335
бастамаңыз. Сайлауды бақылау комитеті қоғамдық ұйымы 
Сенат сайлауында да белсенділік танытты. Қазақстандағы 
демократияландыру 
үдерісіне 
қатысты 
шетелдік 
сарапшылардың сын-пікірлеріне көзқарасыңыз қандай?
–Сол қоғамдық ұйымға біздің еліміздің көрнекті қоғам 
қайраткерлері  кірді.  Сайлауды  қадағалау  комитеті  өте 
нəтижелі  жұмыс  жасады  деп  есептейміз.  Сондай  біздің 
өзіміздің  отандық  қадағалаушылар  болуы  керек,  өз 
қоғамымыз  тарапынан.  Тек  қана  шетелдік  бақылаушылар 
емес.  Кейбір  шетелдік  бақылаушылармен  біз  əртүрлі 
пікірталастар  өткіздік.  Оларға  дəлелдедік.  Бізде  болып 
жатқан  сайлау  процестері,  сайлауға  қатысты  заңның 
ережелері  түгел  орындалуын  біз  бақылауда  ұстадық, 
шетелдік  сарапшылармен  көп  жерде  өзіміз  бірге  болдық. 
Олар орынды сын-пікір айтқанда, онымен келісу қажет. Егер 
олар жай, мысалы, Еуропада былай еді, бізде былай десе, біз 
барлығына заң негізіне жасалған екпін береміз. Сондықтан 
олар орынды айтқан жерде олармен əр уақытта санасып оты-
рамыз. Енді олардың ешқайсысының бізге ұсынып жатқан 
бəлендей  стандарты  жоқ.  Сайлаудың  ең  негізгі  мақсаты, 
мүддесі  ең  алдымен  «Сайлау  туралы»  Заңды  орындау, 
ешкімге  қиянат  жасамау,  біреудің  жетегінде  жүрмеу.  Бұл 
мəселелерді  біз  өте  қатаң  қадағаладық.  Осының  барлығы 
сайлау кезінде өзінің жақсы нəтижесін берді.
– Қазақстанның қауіпсіздік саласына ЕҚЫҰ қандай үлес 
қоспақ?
– ЕҚЫҰ туралы жаңа бастапқы сұраққа жауап бергенде 
мен айттым. Сол сияқты Қазақстан тарапынан осы ядролық 
қаруды  шектеу  мақсатында  жалпы  қауіпсіздік  мəселесін 
қамтамасыз  ету  мақсатында  жаңа  келісімді  қабылдау 
жөнінде де қазір мəселе қозғалып жатыр. Осы тұрғыдан да 
үлкен пікір алмасу болады деп есептеймін. 
– Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға ұмты-
лысы Президент Нұрсұлтан Назарбаев сонау 1992 жылдың 
өзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында жария ет-
кен  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  жəне  сенім  шаралары 

336
жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасына арқа сүйейді. 
Бүгінде  осы  кеңес  халыққа  халықаралық  қатынастың 
маңызды  факторына  айналды.  Еуропа  қауіпсіздік 
ынтымақтастық ұйымы осы сынды Орта Азиялық өңірлік 
ұйымдардың қызметін қалай бағалап отыр. 
–  Бұл  да  Қазақстанның  жаңа  бастамашылығымен  бай-
ланысты.  Ал  Қазақстан,  əсіресе,  Азия  мемлекеттерінің 
арасында өзара сенім шараларын тұрақтандыру, қабылдау 
жолында  үлкен  еңбек  сіңірді.  Бұл  сонау 1992 жылдан  ба-
стап 2002 жылға дейін 10 жыл көлемінде Қазақстан барлық 
Азия  мемлекеттерімен  үлкен  дипломатиялық  қарым-
қатынас жасап, осы идеяны түсіндірді. Соның нəтижесінде 
10 жылдан кейін барып 2002 жылы Қазақстанда, Алматы-
да  Азиядағы 17 мемлекеттің,  соның  ішінде  Қытай,  Үнді, 
Ресей  сияқты  ірі  мемлекеттердің  қатысуымен, 4 мемлекет 
бақылаушы  болып,  ең  бірінші  басқосу  болды.  Міне,  ол 
қазір  халықаралық  институт  болып  қалыптасты.  Бұған 
Еуропалық  қауіпсіздік  ынтымақтастық  ұйымы  да  үлкен 
ыждағатпенен,  үлкен  сеніммен  жəне  үлкен  сыйластықпен 
қарайды.  Сенім  шаралары  не  үшін  керек?  Сенім  шарала-
ры қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Қауіп-қатерді 
болдырмау үшін, соғысты болдырмас үшін, əртүрлі саяси 
қайшылықтарды мейлінше түсіністікке қарай бұру жолын-
да  жүргізіледі.  Сондықтан  бұл  институттың  құрылуына 
олар үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Тіпті бұл Азиядағы 
өзара сенім шараларын қалыптастыру ұйымы Еуропадағы 
қауіпсіздік  ынтымақтастық  ұйымының  бір  моделі  сияқты 
деген де пікірлер айтылып жүргені тектен текке емес. Жал-
пы, болашақта мұндай қарым-қатынас қажет жəне бұл ин-
ститут өзі тұрақты жұмыс жасап жүреді деп есептеймін. 
–  Қытайда  елші  қызметін  атқардыңыз.  Батыс  пен 
шығыс  өркениеті  арасындағы  теке-тіресті  бір  адам-
дай  білесіз.  Жалпы,  Қазақстанның  Еуропа  қауіпсіздік 
ынтымақтастық  ұйымға  төрағалық  етуі  аталған  екі 
өркениет  арасындағы  алтын  көпір  қызметін  атқара  ала 
ма? 

337
– Қазақстан болашақта сондай алтын көпір болады деп 
есептеймін.  Өйткені  Қазақстанның  өзінің  табиғаты,  жал-
пы  Қазақстандағы  қоғамның  дамуы,  біздің  ұлтымыздың, 
біздің адамдардың өзінің жалпы дүниетанымдық өркендеуі 
шын  мəнінде,  мысалы  көптеген  Азия  мемлекеттеріне 
қарағанда  үлкен  прогрестік  бағыты  бар.  Сол  сияқты,  мы-
салы,  Еуропа  Қазақстан  арқылы  Азияға  шыға  алады,  не 
болмаса  Азия  Қазақстан  арқылы  Еуропаға  шыға  алады. 
Сондықтан  Еуразиялық  көпір  Қазақстанның  Еуразиялық 
идеяны  жүргізгені  де  өзі,  Қазақстанның  ұстанған  бағыты 
осымен  тікелей  байланысты.  Болашақта  ол  Қазақстанның 
үлкен миссиясы болады деп есептеймін. 
– 2009 жылы 3-шілдеде Еуропа қауіпсіздік жəне ынты-
мақтастық  ұйымы  Парламенттік  Ассамблеясы  нацистік 
жəне  гитлерлік  екі  тоталитарлық  жүйе  мойнындағы 
қылмысты  кеңес  ретінде  қарар  қабылдады.  Бұл  Ре-
сей  тарапынан  біраз  дүрлігулер  тудырғаны  аян.  Жалпы, 
тоталитарлық қылмыстың зерттелуіне Еуропа қауіпсіздік 
ынтымақтастық ұйымы қандай серпін əкелмек? 
– Өкінішке орай, мысалы сол қабылданып жатқан құжат-
тардың арасында қайшылықтар болып жатады. Гитлерлік, 
жалпы тоталитарлық жүйеге біздің табиғатымыз қазір қас. 
Кезінде тоталитарлық жүйенің үлкен зардаптарын шеккен 
бірден-бір  елдің  біреуі  бізбіз.  Коллективтендіру  болды, 
аштық болды, репрессиялық қырғындар болды. Осылардың 
бəрін де Қазақстан басынан өткерді. Бірақ бұл жерде жал-
пы  Екінші  Дүниежүзілік  соғыстың  шығуымен  Екінші 
Дүниежүзілік соғысты тікелей тек қана осы тоталитарлық 
жүйемен,  екеуін  бір  арнаға  салудың  қажеті  жоқ.  Жал-
пы,  бұл  адамзат  тарихындағы  трагедиялар.  Тоталитарлық 
жүйенің  өзінің  табиғатын  бөлек  зерттеу  керек.  Гитлерлік, 
фашистік Екінші Дүниежүзілік соғысты ашқан мемлекеттің 
əрекеттеріне,  оның  өзіне  бөлек  баға  берілуі  тиіс  деп 
есептеймін. 
– Соңғы сұрақ. Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақ-
тастық  ұйымы  құрылғалы  бері 30 жылдан  астам 

338
уақыттың ішінде бар-жоғы 6 рет саммит өткені белгілі. 
Əрі  оның  бесеуі 90-жылдардан  кейін  ұйымдастырылған. 
Соңғы  саммиттен  кейін  де 10 жыл  өткен  екен.  ЕҚЫҰ-
ның саммитын ұйымдастыратын кез келгенін тілге тиек 
етіп  жүрсіз.  Сіздің  ойыңызша  аталған  саммит  қандай 
мəселелерді көтеруі қажет? 
–  Қазір  осы  заман,  жаһандану  заманының  өзі  туғызып 
отырған проблемалар өте көп, қайшылықтар да көп. Оның 
бəрі өзара түсініспеушіліктен де туып отыр. Күн тəртібіне 
шығаратын мəселелер де көп. Бірақ, əрине, 56 мемлекеттің 
бəріне ортақ, үлкен мүдделі проблема болу керек. Меніңше, 
Жаңа  келісім – бүкіл  Еуропада,  Азияда  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ететін  барлық  мемлекеттерге  де  ортақ  мүдде 
деп есептеймін. Соның төңірегінде күн тəртібін қарастыруға 
болады. 
Не  болмаса,  барлық  мемлекеттерге  ортақ  үлкен  про-
блема – азық-түлік  қауіпсіздігі.  Ол  да  үлкен  проблема. 
Барлық  мемлекеттерге  тəн  денсаулық  сақтау  проблема-
сы  бар.  Барлық  мемлекеттердің  өсуіне  тəн  қазіргі  үлкен 
технологиялық  құбылыстар  бар.  Ал,  жалпы,  саммиттың 
мұнша 10 жылға  дейін  үзіліс  болып  кетуі  де  онша  жақсы 
жағдай  деп  есептемеймін.  Меніңше,  мемлекет  басшы-
лары  осы  Еуропадағы  қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық 
ұйымында əлдеқайда жиірек кездесіп, саммит өткізіп тұруы 
керек. Сондықтан Қазақстан өзінің төрағалығы кезінде осы 
саммиттің  өткізілуіне  болашақта,  тек  өзінің  төрағалығы 
тұсында ғана емес, мүмкін 2011-2012 жылдары болар, соған 
күн  тəртібін  дайындап,  үлкен  мемлекеттердің  басшылары 
қатынасатын үлкен саммит өткізілуі тиіс деп есептеймін. 
– Қуаныш Сұлтанұлы, сұхбатыңызға үлкен рахмет.
2009 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет