Жұмабек кенжалин қалам қанаты


ҮШ ҚҰЙЫЛЫС  Бір нəзік сəуле



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата12.02.2017
өлшемі2,9 Mb.
#3983
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ҮШ ҚҰЙЫЛЫС 
Бір нəзік сəуле
Əуелі  Беласар  үрді.  Онан  соң  ауылдың  өзге  де 
майлыаяқтары  ұлардай  шуласып,  шəуілдесе  жөнелген. 
«Бұл кім болды екен?». Киіз   үйден   жүгірісе шыққандар 
іле колхоз басшыларын көрді.
– Оу, Сəкең кеп қапты ғой.
– Жанындағысы кім?
– Жақында бесіншіден жаңа есепші келді деген...
– Е-е. Ел көрсетіп жүр екен ғой.
– Апыр–ай, айдың да аяғы болып қалғаны-ау, ə? Есеп–
қисап шаруасы да бар шығар шұбатылғандарына қарағанда...
Кербестіден  ыңырана  түскен  Сəкең  шылбырды 
қасындағы  көзілдіріктіге  ұстата  салды.  Қолындағы  сегіз 
өрімді  қамшыны  қос  бүктеп,  саптама  етігінің  қонышына 
сұқты.  Сосын  жан-жағымды  тағы  бір  бажайлап  алай-
ын  дегендей,  төңіректі  тінте  шолып  тұрды  да,  іле  ферма 
меңгерушісінің үйіне бет алды. Шеткі қоңыртөбел үй жа-
нынан  өте  бергенде,  Сəкең  оқыс  бұрылып,  əлдене  есіне 
түскендей,  жүрген  ізіне  қайырыла  қайта  қарады.  Мимырт 
қадаммен  үй  сыртында  қаннен-қаперсіз  отырған  балаға 
жақындай  берді.  Тəмпіш  қара  қолындағы  ақ  қозыны 
қорғаштап,  бауырына  қыса  түсті.  Бастықтың  сығырая 
қараған жымысқы көзі сұқтанып, өңмеңінен өтіп барады.
– Атың кім, əй?
– Анарбек.
– Бұл бала осындағы Жұматай мен Мəкеннің тұңғышы 
ғой.  Өзі  əр  нəрсеге  əуес-ақ.  Түнеугүнгі  сары    саулықтан 
қалған жетімек қой қолындағы.
Сумаңдап сөзге араласқан атқосшы баланың қолындағы 
ақ қозыны меңзеді.
– Қозың аппақ екен. Əдемісін-ай!.. Бастықтың жүн бас-
қан быртиған шұбар саусақтары ақ қозының жотасына ен-
деп кетті.

359
– Қоңды екен, ə?
– Уылжып тұр, –  деді тағы сөзге араласқан əлгі атқосшы. 
Осы кезде көзілдірікті есепші де қыстырыла кетті:
–  Бүгіндікке  осында  ат  шалдырсақ  та  болатын  шығар, 
Сəке.
Қона жатып ертең шығармыз жолға. Жас сорпа ішпегелі 
де көп болды.
Анарбектің жүрегі əлдене жаманшылық сезгендей дүрс-
дүрс соғып қоя берген.
Ымырт үйіріле үйге кіргені сол еді, Ахмет қарт:
–  Анаржан, боз қасқаға мініп, қыр астындағы Рахметол-
ла мен Рысбаланікіне барып келе қойшы. Ауылға əктептер 
келіп қалды де. Сосынғысын өзі түсінер.
Көнекөз қарияның тапқан бар амалы осы болатын. Басқа 
айла-шарғысы қалмады. Кішкентай немересінің ақ қозыны 
жанындай  жақсы  көретінін,  əрдайым  қолынан  тастамай 
жүретінін білуші еді. Мына қырсыққа амал қайсы.
Апыл-ғұпыл  шай  қайнатым  уақыт  ішінде  еңістегі 
Рахметолланікінен  оралған  Анарбек  алғашында  өз  көзіне 
өзі  сенбеді.  Ат  шылбырын  белдеуге  байлай  бергенде, 
шөмелеге жайылған ағараңдаған нəрсені байқап қалды. Өз-
өзінен  дегбірі  қашып,  жүгіре  жөнелді.  Қас  қағым  уақытта 
жетіп келген ол жалма-жан жаюлы теріге ұмтыла берді. Ақ 
қозының терісі... Ақ қозы...
Бала  күнінің  қимасы  болған  ақ  қозыдан  Анарбек  осы-
лайша айырылған еді.
Жылдар  өте  балғын  қиялға  берік  орнығып,  жанарын-
да  жатталып  қалған  ақ  қозысымен  Анарбек  есейе,  ер 
жете  келе  қайта  ұшырасты. 1977 жылы  Алматыда  өткен 
жас  суретшілердің  Бүкілодақтық  көрмесіне  Анарбек 
Нақысбековтің «Менің балалық шағым» атты тырнақалды 
туындысы  қойылды.  Шығарма  кең  тыныстылығымен, 
ауқымдылығымен, нəзік лиризмімен көрермендер назарын 
аударып еді.
Көгілдір  кеңістік  астындағы  ауыл  тіршілігі,  төскейге 
қатар-қатар  салынған  қазақы  жатаған  үйлер,  қырдан 

360
құлаған арбалы адам, инағашты əйел, асыр салған бейкүнə 
тірлік иесі ақ қозы, бір сəтке ойлана, алысқа қиял сермеген 
бала. Міне, осының бəрі... бəрі бізге етене таныс бейнелер. 
Полотноның  əр  бедеріне,  бояулар  иіріміне  зер  сала  қарай 
отырып, базарлы, думанды күніңізге, шаттықты шағыңызға 
сапар шегесіз. Ешкімге қимас, тек өзіңізге ғана мəлім, нұрлы 
шақпен,  бұла  дəуренмен  қайта  табысасыз.  Сона-а-ау  жыл-
дар тасасында қалған іңкəр дүние өз иірімдеріне еріксіз же-
телей бермек. Сурет сиқыры, өнер туындысының ұлылығы 
деген  осы  болар,  бəлкім!  Жас  суретшінің  көрермендерді 
таңдантқан  осы  картинасы  кейінірек  Москва,  Ленинград 
көркемсурет көрмелеріне қатысып, лайықты бағасын алды.
Табиғат-ананың əр құбылысын өзінше түсініп, түйсініп 
оның мезгіл бояуларына қанығып өскен Анарбектің үлкен 
өнердегі  жолы  осылай  басталған  еді.  Кішкентайынан  бо-
яулар  əлемінің  сан  тарау  сиқырын  білсем,  көрсем  деген 
құштарлық  сезімі  оны  Абай  атындағы  Қазақ  педагогика 
институтының  көркемөнер-графика  факультетіне  жетеле-
ген.
–  Институт  қабырғасындағы  жылдар  мен  үшін  адам 
психологиясын зерттеу жылдары болды. Болашақ суретші 
теория  мен  тəжірибені  ұштастырумен  ғана  шектеліп 
қоймауы қажет. Ол психолог та болуы тиіс. Айталық, пор-
трет жаздыңыз делік. Міне, осы тұста натурщиктің өз ба-
сына  ғана  тəн  психологиялық  ерекшелігін  ескермесеңіз, 
жұмысыңыз жай фотосуреттің деңгейінде ғана шығады. Иə, 
оның фотосуреттен айырмашылығы аз болады. Портреттегі 
əрбір сызық, əрбір бояу адам психологиясының айнасы бо-
луы тиіс. Міне, көркемсуреттің құдіреті де осында, – дейді 
Анарбек.
Шынында  да,  Анарбек  студент  кезінде-ақ  сурет 
мамандарының  назарына  іліккен  еді.  Ұстазы  Григорий 
Петрович  Кабачный  əр  нəрсеге  мəн  бере  қарайтын  бай-
салды,  қарапайым  мінезді  шəкіртінің  көп  ізденетіндігіне 
қуанатын. Анарбектің республика көлеміндегі көркемсурет 
өнері  тақырыбына  жасаған  ғылыми  баяндамалары 

361
көп  көңілінен  шығып,  жоғары  бағасын  алды.  Əрине, 
мұның  бəрі  ескерусіз  қалған  жоқ.  Институтты  өте  жақсы 
бітірген  Анарбек  оқытушылыққа  қалдырылды.  Осы  кез-
ден  бастап  ол  терең  теориялық  дайындықпен  қоса  өзінің 
творчестволық  жұмысынан  да  бір  сəтке  қол  үзген  емес. 
Кең-байтақ  Отанымыздың  бүгінгі  келбеті,  алып  құрылыс 
магистральдарындағы екпінді еңбек ырғағы, туған жердегі 
жасампаздық  жарқын  істер,  ел  өмірінің  əр  қилы  бояула-
ры...  Осынау  жоталы  тақырыптар  алғашқы  күннен-ақ  жас 
суретшінің  творчестволық  еңбегінің  арқауына  айналды. 
Əрине,  Анарбек  мұның  бəріне  бірден  кірісіп  кете  қойған 
жоқ.  Мынаны  былай  жазсам,  мынаны  былай  етсем  деген 
көзжұмбайлыққа да салынған жоқ. Жас суретші мұндай кең 
тынысты  тақырыптарға  зор  дайындықпен,  мол  əзірлікпен 
кірісу қажет екендігін əу баста-ақ жақсы білетін. Авторлық 
осындай  бір  принциптің  нақты  дəлелі – «Айнабұлақ. 
Түрксиб ардагерлеріне» картинасы.
Осынау  кең  пафосты  полотноның  əрбір  штрихы 
Анарбектің  ес  біліп,  етек  жапқаннан  бергі  санасына  сан-
сыз  рет  жатталып  қалған  ел  көрінісі  секілді.  Сол  көрініс, 
өмірдің  нақты  суреті  қылқалам  иесінің  ұшқыр  қиялы 
арқасында дүниеге келді. Осы картинаны жазбастан бұрын 
ол  өзінің  туған  ауылы  Көксу  станциясына  əлденеше  рет 
барып  кайтқан  болатын.  Автор  болашақ  картинаның  əр 
фрагментін  жеке-жеке  жазып,  əлденеше  рет  ой  елегінен 
өткізген.  Түрксибшілер  туралы  əдебиеттерді  парақтап, 
көнекөз  қариялардың  əңгіме-сырларына  қаныққан.  Со-
дан  кейін  полотноның  бірнеше  варианттары  жасалды. 
Нəтижесінде  тақырып  аясы  кең,  кемелді  туындының 
тұсауы кесілді.
Картинаға  қараған  сайын  сүйсінесің.  Ауыл  шеті.  Со-
нау  көкжиекпен  астаса  алып  составты  пойыз  жүйткіп  ба-
рады.  Алдыңғы  планда  үлкен  дастарқан  басында  отырған 
түрксибшілер  көрінеді.  Жітірек  қараған  адамға  дастарқан 
үстіндегі  қос  деталь – кітап  пен  фотосуретті  аңғару  қиын 
емес. Осы бір детальдар екі ұрпақ өкілдерінің өмір жолда-

362
рын, өмір тынысын бейнелегендей. Олардың бірі – Түрксиб 
темір жолының салыну тарихын баяндаса, екіншісінде кос-
мос алаңы – Байқоңыр бейнеленген. Дастарқан басындағы 
адамдардың  отырысы,  кескін-келбеті  дəл  өмірдегідей 
өте  нанымды.  Түрксибшілердің  əрқайсысының  өзіне  тəн 
мінез  жомарттығы,  характерлері  сəтті  ашылған.  Тағы 
бір  аңғарылатын  жай – Түрксиб  ардагерлерінің  алдын-
да  олардың  немерелері  отыр.  Мұның  өзі  ұрпақтардың  ру-
хани  бірлігін,  əкелердің  даңқты  дəстүрін  енді  немерелері 
жалғастырады  деген  ойды  аңғартады.  Полотноға  көз 
тоқтата  қараған  жан  алдыңғы  пландағы  қылқалам  шебері 
Ə.Қастеевтің  бейнесін  де  жазбай  таныр  еді.  Автордың, 
атақты  суретші  бейнесіне  назар  аударуында  да  өзіндік 
мəн бар. Өйткені түрксибшілер маршына халық суретшісі 
Əбілхан Қастеев те қатысты.
Атақты  қылқалам  шеберінің  творчестволық  белесі  бо-
лып табылатын түрксибшілерге арналған полотносы дəуір 
өзгерісін,  дəуір  тынысын  жырлағандығы  белгілі.  Ұлттық 
бейнелеу  өнерімізде  Түрксиб  тақырыбына,  сондай-ақ 
А.Нақысбековтің  де  қалам  тартқан  бұл  қадамын  қуана 
құптайсыз.  Анарбектің  осы  картинасы  Қазастанның 
Россияға өз еркімен қосылуының 250 жылдығына арналған 
көрмеге  қойылды.  Осы  картинасы  арқылы  жас  суретші 
теориялық,  даярлығының  молдығын,  үлкен  тарихи  трип-
тихтерге құлаш ұруға өресі жететін қылқалам иесі екендігін 
дəлелдеді.
Анарбекті  өнерсүйер  қауым,  əріптестері  портрет 
жанрының  шебері  ретінде  де  жақсы  біледі.  Кейіпкердің 
психологиясындағы  ерекшелікті  тап  басып,  оның  ішкі 
жан  дүниесін,  ішкі  əлемін  көрсете  білу  суретшінің  басты 
мұратына айналған. Жаc суретші образдың сомдала түсуіне, 
туындының  бояулық  колоритін,  сəулелік,  көлеңкелік 
реңктерін  нақышын  келтіріп  беруге  баса  назар  аударады. 
Осындай  талпыныс,  ізденіс  өнер  зерттеушілерінің  наза-
рынан да тыс қалған жоқ. «Жаттандылықтан бойын аулақ 
ұстап  күнделікті  өмір  тынысын  дəл,  нанымды  етіп  бедер-

363
лей  білу – жас  суретші  А.Нақысбеков  творчествосына 
тəн» деп жазды «Творчество» журналындағы мақаласында 
А.Каменский.
Əсіресе,  автор  «Күту»  атты  полотносының  компози-
циясын  типтік  пейзажбен  байыта  отырып,  кейіпкерлер 
характеріне тəн детальдарды молынан қолдана білген. Сол 
себепті  де  картина  елеулі  кезең  оқиғасын  алдымызға  тар-
тады.  Көз  алдымызда  тағы  да  туған  ауыл.  Бірінші  планда 
ана бейнесі көрінеді. Ақ жаулықты асыл ана оң қолындағы 
таяққа  сүйеніп  тұр.  Еңсесі  тік.  Біздің  əрқайсымызға 
əрдайым қымбат та қастерлі жан соңынан ілесіп жол бой-
ына  бүкіл  ауыл  келген  іспетті.  Жасы  да,  жасамысы  да, 
еңкейген  қария  мен  еңбектеген  бала  да  осында.  Олардың 
жүзінен  қажығандықтың,  жандарына  жақын  адамдарын 
зарыға күткендіктің белгісін танисыз. Адыңғы планға тағы 
бір  рет  көз  салыңызшы.  Əжесінің  етегінен  тартқылаған 
кішкене бала. Жол бойына ол да келіпті. Қойнында əлденеге 
талпына  елеңдей  түскен  күшігі  бар.  Жүрек  қылын  шертіп 
өтер осынау нəзік лиризм мен үлкен драмалық толғанысты 
астастырған  автор  үлкен  философиялық  қорытынды  жа-
сайды. «Күту»  полотносы  Ұлы  Отан  соғысының  қаралы 
күндерін  тағы  бір  рет  есімізге  салады.  А.Нақысбеков: 
«Адамдар, ол күнді ұмытпаңдар. Карғыс атқан қанды жыл-
дар  енді  қайта  оралмасын!»  деген  ойды  өрнектей  білген. 
Картинаның құндылығы – дəуір тынысын, ел адамдарының 
психологиясын  дəл  көрсете  білуінде.  Азаматтық  позиция 
дегеніміз де осы.
Жоғарыда  Анарбекті  көрермендер  портрет  жанрының 
шебері  ретінде  жақсы  біледі  дедік.  Автордың  «Қазақ 
ССР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  республи-
ка  халық  артисі  Қ.Байсейітовтің  портреті», «Қазақ  ССР 
Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  Социалистік  Еңбек 
Ері  С.Қожамқұловтың  портреті»,  Рейхстагқа  ту  тігуші 
Р.Қошқарбаев», «Совет Одағының Батыры В.Бреусов» деп 
аталатын  туындылары  осы  пікірімізді  айғақтай  түседі. 
Бұл  шығармалардың  қай-қайсысын  алып  қарасаңыз  да, 

364
үлкен  өнер  ауылына  имене  еніп,  нық  қадам  жасаған 
талантты  жастың  өзіндік  қолтаңбасын  айқын  тани-
сыз.  Автор  шығарма  кейіпкерлерін  тереңінен  зерттеп, 
психологиялық ерекшеліктеріне əбден қаныққаннан кейін 
жазған.  Олардың  əрқайсысымен  əр  кез  сапарлас  болған. 
Үлкен  жүрек  иелерінің  жан  иірімдеріне  бойлай  білген. 
Сол  себепті  де  картиналарда  образ  тұтастығы,  парасат 
ұшқырлығы,  кемеліне  келген  тамаша  талант  иелерінің 
бейнелері шынайы сомдалған.
Қарсы алдыңызда қазақ театр өнерінің іргетасын қаласқан 
қажымас қайрат, жігер иесі Серке Қожамқұлов. Кере қарыс 
əжімді маңдай, əрдайым күлімсірейтін қарапайым қой көз 
сексен  жылдан  аса  ғұмыр  кешіп,  сан  ғасырға  жетерлік 
рухани  азық  қалдырған  өнер  қайраткерінің  бүкіл  бітім-
болмысын айғақтап тұрғандай. Серағаң əдеттегідей арқалы 
креслоға  жайғасыпты.  Жанында  қос  қанаты – қолдарын 
жайып əлденеге елегізи қалған немересі. Кейіпкерлер қазіргі 
заманғы  интерьерлер  фонында  бейнеленген.  Міне,  мұның 
өзі бүгінгі сəулетті заманның шат-шадыман өмірінің куəсі 
болып,  өзінің  өмір  жолын  жалғастырар  немересіне  үміт 
артқан үлкен дарын иесінің ішкі толғанысын, ішкі сезімін 
аңғартады.
Өзіндік  композициялық  кұрылысы,  өзіндік  шешімі  бар 
осы туындысы ə дегенде-ақ көрермендер назарын аударып 
еді. Аз уақыттың ішінде лайықты бағасын алған бұл картина 
Москвада ашылған «Елімнің жастығы» деп аталатын сурет 
көрмесіне қойылды. Сонан соң Болгариядағы халықаралық 
көрменің  төрінен  орын  алды.  Автордың  Қазақстан  Ле-
нин  комсомолы  сыйлығына  ұсынылған  шығармаларының 
ішіндегі бояуы бірегей мəндісі де, жоталы туындыларының 
бірі осы болатын.
Советтік  өмір  салтының  салтанаты  айқын  аңғарылып 
тұратын  Анарбек  туындыларын  уақытпен  үндескен  за-
мана  шежіресі  десе  де  болады.  Ұдайы  шарқ  ұра  ізденіп, 
үзбей  шеберлігін  шыңдау  үстінде  келе  жатқан  жас 
қылқалам шебері сөз кезегінде бүгінгі таңдағы республика 

365
көркемсурет өнерінің көкжиегі жайлы салиқалы пікір айта 
білетін Анарбек былай дейді:
– Суретшілеріміздің өндірістік тақырыпқа батыл қадам 
жасай  алмай  жүргендігі  неліктен?  Тақырып  аясының 
тарлығының  сыры  неде?  Жастардың  жаттандылыққа 
бейім тұратындығын немен түсіндіруге болады? Міне, бұл 
сұрақтар  республика  суретшілері  басқармасының  түрлі 
деңгейдегі  жиналыс-мəслихаттарында  əр  кез  талданып, 
талқыланып жүр. Алайда мынау былай болуы керек, мы-
нау  олай  болуға  тиіс  деп  құрғақ  ділмəрсуден  гөрі  нақты 
іске көшетін кез келген сияқты. Осы тұста тағы бір үлкен 
проблема жөнінде айтпасқа болмайды.   Қазақта «Ел іші 
–  өнер    кеніші», «Талант  көзі  халықта»  дейтін  қанатты 
сөздер  бар.  Шынында  да,  нағыз  өнер  иелері,  халқына 
рухани  қазына  қалдырған,  сый  еткен  өнер  тарландары 
өнер  əлеміндегі  алғашқы  қадамын  ауыл  өмірі  арқылы 
көретіндігі  ешкімге  жасырын  емес.  Өйткені    ел  өмірі,  ел 
тынысы  ол  үшін  қастерлі  де  қымбат.  Бүгінгі  таңда  сон-
дай  үлкен  өнерге  құлаш  сермеген  жастарды,  балғын 
өнер  иелерін  ел  ішінен  мың-мыңдап  кездестірер  едіңіз. 
Сол  өнер  өрендеріне  уақыт  талабына  сай  білім  беріліп 
жүр  ме?  Шынын  айту  керек,  бүгінгі  таңда  ауылдың 
мектептердегі  сурет  сабақтары  тиісті  деңгейде  өтпейді. 
Əн-күй, сурет, қолөнері сабақтарына қосымша пəн ретінде 
қарайтын  көзқарас  əлі  жойылып  біткен  жоқ.  Ел  арасы-
на  творчестволық  командировкаға  шыққанда,  биология 
пəнінің мұғалімі еңбек сабағынан, тарих пəнінің мұғалімі 
суреттен дəріс беріп жүргенінің талай рет куəсі болдық.
Анарбек  Нақысбеков  қоғамдық  жұмыстардан  да  бір 
сəтке  қол  үзбейді.  Ол  Астанадағы  Фрунзе  аудандық  пар-
тия  комитетінің  көркемдік-үгіт  советінің  мүшесі.  Білікті 
ұстаз  ретінде  де  көркемөнер  əлемінің  өзі  игерген  сырла-
рын  енді  шəкірттерінің  бойына  дарытып  келеді.  Анарбек 
Абай атындағы Қазақ педагогика институты көркемсурет-
графика  факультетіндегі  студенттердің  ғылыми  қоғамына 
жетекшілік етеді.

366
...Бəрі  де  баяғы  көз  таныс  бейнелер.  Шоқыға  шықты. 
Еңістегі  ауыл  алақандағыдай  көз  алдында.  Міне,  мы-
нау  үлкен  қара  тас,  бала  кезінде  соның  үстіне  шыққанда 
Алатауға  көтерілгендей  сезінетін.  Сол  бала  сезім.  Сол 
бір  жүрек  түкпіріндегі  жатталып  қалған  керемет  көрініс 
таңғажайып  əлемге  жолбасшыша  жетелеге  бір  нəзік  сəуле 
оны тағы да осында алып келді. Бір нəзік сəуле...
Ғаламға ғашық жүрегі
Əлгінде  ғана  күлімдеген  күн  көзі  бірте-бірте  бұлт  ара-
сына жылыстап, іле жел тұрған. Айдын беті толқындалып, 
балықшы балалардан маза кете бастады.
– Тез жиналу керек, – деді Байболат.
Сөйтті де қос қармақты жағаға тастай беріп, інісі екеуі 
шелектен  шоршып  түскен  балықтарды  алқымдарынан 
тізе  берді.  Бұлар  жиналам  дегенше  болған  жоқ,  сібірлеп 
басталған  жаңбырдың  соңы  нөсерге  айналып  кеткен. 
Жейделерін бастарына бүркемелеген ағалы-інілі екеуі тұра-
тұра  жүгірісті.  Көл  жағасынан  ұзай  бере,  дөң  басындағы 
көңге келіп тығылды. Балалар да келді, мазақ еткендей, осы 
кезде жердің бетін ағыл-тегіл жуып кеткен жауын да басыл-
ды.
Байболат киімдерін сығып əлек.
– Ой ғажап-ай, ə! Мынау тамаша ғой... Қолмен қойғандай...
Ол інісіне жалт қарап еді, Ерболат шайдай ашық аспанда 
керіле қалған кемпірқосақтарды тамашалап тұр екен. Бұл да 
көк зеңгірге зер салды.
– Кəдімгі кемпірқосақ емес пе?   Кемпірқосақ көрмеп пе ең.
Байболат  мұны  өзінше  үлкенсіп  айтты.  Ерболатта  үн 
жоқ.  Жаңбырдан  кейін  мың  сан  түске  боялып  жасанып 
жайнаған əсем əлемге ынтыға қарайды.
–  Білесің  бе,  Байболат, – деді  əлден  уақытта. – Сурет 
сабағында кемпірқосақты жарты шеңберге ұқсатып, кызыл-
жасылды бояп салатын едік қой. Ал енді, мынаны қарашы... 
Мұнда мың сан сəуленің тоғысқан табы бар. Қызыл мен жа-

367
сыл  түс  аралығындағы  бояу  реңкіне  қарашы.  Тіпті  айтып 
жеткізе алар емеспін...
Ағалы-інілі  əлдебір  уақыт  кемпірқосақтың  мына 
ғажайып көрінісіне қарап тұрып, өздері бұрын-соңды біліп 
болмаған  құпияның  кілтін  ашқандай  сезімге  бөленді.  Бұл 
сезім жаңбырдан соң жадырап  шыға келген мына төңірекке 
деген кішкене жүректердің ынтықтығын үстемелей түскен. 
Дəл осы бір сұлу шақ, іңкəр əлем Ерболат есейіп, ер жеткен 
соң  да  санасында  сансыз  рет  қайталанып,  көкірегінде  күй 
болып  күмбірлейтін.  Ол  тұңғыш  қолына  қылқалам  ұстап, 
сурет өнер соқпағына бет алғанда да осы бір көріністер ақ 
кенеп бетінде өрнектеліп, өзіндік иірімін тауып жататын.
Бүгінде  Ерболат  Төлепбаев  есімді  дарынның  бірқатар 
туындыларындағы туған жер табиғатының тамашалары өз 
көрермендерін бейжай қалдыра алмайтыны да сондықтан. 
Əсіресе, «Зымыраған  балауса  шақ», «Дала  гүлдері», «Тал 
түс», «Əжем  жəне  мен»  деген  картиналары  мамандар  та-
рапынан  лайықты  бағасын  алып,  жас  суретшінің  өнер 
əлеміндегі  қолтаңбасын  айқын  аңғартқан  еді. 1977 жылы 
оның  «Дала  таңы»  деген  туындысы  Бүкілодақтық  жас 
суретшілер  көрмесіне  қойылды.  Бұл  таланты  жастың 
творчествосының  тұсаукесері  іспетті  еді.  Картинаны  бар-
лай қараған жан мұндағы бояу үндестігінен бұрын, суретші 
қиялының  ұшқырлығына,  ойының  ауқымдылығына 
сүйсінеді. Шығармада басы артық əсірелеу жоқ.
Міне, алдыңызда бір ауылдың өмірге қанат қаққан жа-
стары.  Олардың  жүзінен,  ұшқын  атқан  жанарларынан  рух 
құдіретін  байқайсыз.  Мұндағы  болашақ  жұмысшы  мен 
ғалымның, инженер мен өнер иесінің, қоғам қайраткері мен 
қаламгердің образы əрқайсысы өзіндік ерекшелігімен, мінез 
жомарттығымен  дараланып, көрермен  жүрегіне жол таба-
ды. Сондықтан да картинадағы серпінді динамикадан «Жер 
иесі  біздерміз.  Оны  құлпыртатын  да  гүлдендіретін  де  біз 
боламыз» деген ойды анық оқисыз. Мұндай жауапкершілік 
суретшінің өз творчествосының, өз өмірінің алтын арқауына 
айналғанын байқау əсте қиын емес.

368
Соның бір тамаша көрінісі Е. Төлепбаев шығармаларын-
дағы ұлттық дəстүр сабақтастығының сəт сайын жаңғыры-
тып жатуы. Бұл жөнінде əңгіме қозғалғанда автордың соңғы 
туындыларының  бірі  «Сүгірді»  салу  кезіндегі  ізденістері 
айғақ болады.
Ерболат  ес  біліп,  етек  жапқанынан  бері  сурет  салуға 
құмарлығын  айтпағанның  өзінде,  жалпы  өнер  атаулыға 
бір  табан  жақын  болып  өсті.  Ол  Ленгір  төңірегіне  келіп, 
арагідік  күй  шертіп  кететін  Төлеген  Момбековтің  домбы-
ра қағысынан бала да болса, өзінше бір лəззат алып, құлақ 
құрышын  қандырып  өсті.  Əсіресе,  бір  биеге  телінген  қос 
құлынның  монологін  толғайтын  «Телқоңырды»  естіген 
сайын өмірге деген құштарлық сезімнің қандай болатынын 
өзінше  түсініп,  түйсінетін.  Кейіннен  ол  тыңдаушысының 
жан  жүрегін  баурап  алатын  осы  күй  авторы  Сүгір  екенін 
білген.  Сөйтіп,  бертін  келе  əйгілі  күйшінің  «Тоғыз  тара-
уын», «Кертолғауын», «Шалқымасын», «Бес  жорғасын», 
«Қосбасарын»  өзінше  қабылдап,  олардың  əрқайсысының 
оқиғасына  қаныға  берді.  Бала-қиялға  қанат  бітірген  күй 
құдіреті оның шығарушысына деген суретші сезімін үйіре 
түскен.
Уақыт озған сайын сол ынтықтық, күйші талантына де-
ген ілтипат ұлғая түсті де, ақырында «Сүгір» атты полот-
но  дүниеге  келді.  Бастапқыда  оның  əр  көлемде    нобайла-
ры түсірілді. Картинаға зер салған кісі ықылам  замандағы 
өнер  дəстүрімен  бүгінгі  таңдағы  музыкалық  мəдениет 
үндестігін анық байқар еді. Осы екеуінің дəнекері – Сүгір 
күйшінің  домбырасынан  ғажайып  əлемнің  сыршыл  əуені 
есіп тұрғандай...
Соңғы үш-төрт жыл ішінде суретші өндіре жұмыс істеп 
келеді. «Жастық – 1», «Жастық – 2», «Жол  жаңғырығы», 
«Алау  бөлмеге  апаратын  ашық  есік», «Алғашқы  комсо-
молдар»  секілді  Е.Төлепбаевтың  өзіндік  шеберлігін  дара-
лайтын  туындылар,  дүниелер  жазылды.  Бұлардың  дені 
тақырыптарынан-ақ  байқалып  тұрғандай  жастар  өмірінің 
сан  қырлы  проблемаларына  арналған  шығармалар.  Шы-

369
нын  айту  керек,  Ерболаттың  өз  құрбы-құрдастарының, 
замандастарының  образын  жасаудағы  қылқалам  сілтесіне 
сүйсінесіз.  Өйткені ол уақыт тынысын тап басып, бүгінгі 
күннің көкейтесті мəселелеріне батыл араласады. Суретші 
творчествосындағы  осындай  ерекшелік  Қазақстан  Ленин 
комсомолы сыйлығымен атап өтілді.
– Кез келген өнер иесі өзін халық мұрасын жасаушымын 
деп есептеуі керек қой. Қолға қалам алғанда да, тақырыпты 
осы тұрғыдан толғаған абзал. Онсыз өнер мұраты келте бо-
лады.  Творчество  тамырын  тереңге  жая  алмайды, – дейді 
Ерболат əңгіме өз əріптестері жөнінде өрбігенде.
Жас та болса творчество лəззатының дəмін татып, оның 
қиыр  да,  шиыр  да  жолдарынан  өтіп  келе  жатқан  суретші 
өнер мұраты жауапкершілігін осылайша сезінеді, осылайша 
бағалап, бағамдайды. Сондықтан болу керек, оның бірқатар 
картиналары  Болгариядағы,  Чехословакиядағы,  ГДР-дегі 
халықаралық сурет көрмелеріне қатысып, талғамы жоғары 
көрермен  қауымнан  лайықты  бағасын  алып  та  жүр.  Мо-
сквада өткен жастар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік 
XII  фестивалі  суретші  творчествосындағы  айта  жүрерлік 
бір белес болғаны сөзсіз.
Сол  бір  достық  пен  жастықтың  жарқын  мерекесі 
күндерінде  Орталық  суретшілер  үйінде  еліміздің 
қылқалам  шеберлерінің  көрмесі  ашылған  еді.  Көрме 
экспозициясынан  қазақстандық  Ерболат  Төлепбаевтың 
«Еркін  əлем»  деп  аталатын  триптихы  орын  алды.  Осы-
нау  алып  картинаға  қарап  тұрып,  Никарагуаның  Оқу 
министрі  Кардинал  Фернандоның,  поляк  космонав-
ты  В.Гермашевскийдің,  боливиялық cypeтші  Торрес 
Феликстің, кубалық студент Лерсай Альбертоның тамсана 
айтқан əңгімелері əлі есімізде. Тілі басқа – тілегі бір, жүзі 
басқа – жүрегі  бір  бұл  адамдарды  мұншама  сүйсінткен 
де  картинадағы  оқиға  желісінің  ақиқаттың  ақ  жібімен 
өрілгендігінде.  Суретші  «Еркін  əлемде»  капиталистік 
қоғамдағы 
қайшылықтарды 
батыл 
əшкерелейді. 
Айталық,  триптих-тың  бірінші  бөлімі  «Ауадағы  серу-

370
ен»  деп  аталған.  Бұл  картинаға  автордың  Батыс  Еуропа 
елдеріндегі  сапарларының  əсері  арқау  болған.  Капитал 
билеген дүниедегі кеселдің бірі – жұмыссыздық. Суретші 
осы  проблеманы  мүлгіген,  өлі  тіршілік  құшағында 
қала  үстін  кезген  еңбек  адамының  рухымен  бейнелеп 
жеткізген. Екінші бөлім – «Ривераға арнаймын» деп ата-
лады.  Картинаға  қарап  тұрып,  тағдыр  тауқыметіне  бой 
ұрмай      ерік-жігер      танытқан  отандастарының  өмірін 
жырлаған əйгілі испан суретшісінің кейіпкерлерімен тағы 
да сырласқандай боласыз. «Əулие Варфоломейдің азабы», 
«Антоний», «Масан  Силен», «Жоқтау»  сынды  полотно-
лардай шым-шытырық драма, өмір қайшылығы еске ора-
лады. Испан қоғамындағы XVI ғасырдағы əділетсіздіктің 
сан  қырын  Ривера  арқылы  танып-білсек,  ал  бүгінгі 
Испаниядағы  сұмдықтың  дəлме-дəл  бейнесін  жасауға 
Е.Төлепбаев  талап  қылған.  Үшінші  бөлімі  «Шығыс  биі» 
делінген.   Мұнда      саудагерлер  мен  алыпсатарлардың 
жиіркенішті  қылықтары,  ақша жолында не  нəрсеге даяр 
тұрар қылықтары əшкереленеді.
–  Фестиваль  күндері  шетелдерден  келген  əріптес-
терімізбен  бір  шеберханада  жұмыс  істедік.  Міне,  мұның 
мына ғажап əлемде бір ауамен тыныстап отырған біздердің 
творчестволық ынтымағымыздың нығая түсуіне себеп бол-
ды,– дейді Ерболат. – Сол кездегі əсер бірнеше жаңа карти-
на жазуыма түрткі болды.
Е.Төлепбаев  қазір  ізденіс  үстінде.  Ол  фестивальдан 
соң  іле-шала  портреттер  сериясын  жасады.  Оның  «Актер 
Д.Жолжақсынов», «Композитор  Т.Мұхамеджанов»  деген 
жұмыстары  мамандар  тарапынан  жақсы  бағаланды.  Бұл 
шығармалар қазір Бүкілодақтық сурет көрмелеріне қатысып 
жүр.
–  Бүгінде  əлем      халқын  бір  мəселе      ойлантып,  
толғантып  отыр.  Ол – бейбітшілік  проблемасы.  Осыған 
орай «Бейбітшілік жəне соғыс»   деген   диптих салсам ба 
деп едім, – дейді ол,– қазір соның эскиздерін түсіріп, мате-
риалдар жинастырып жүрмін.

371
Суретші  шеберханасына  бүгін  де  ертелетіп  жетті.  Ол 
келе  қылқаламға  жармасқан  жоқ.  Терезенің  пердесін  сы-
рып  жіберіп  еді,  таңғы  ауамен  тыныстаған  қала  тіршілігі   
алақандағыдай   алдында көлбеп жатты. Сонан соң күндегі 
əдетінше сонау Алатаудың ұшар басына көз жүгіртті. Басы-
на бұлт байланған шыңдарға ұзақ сүйсіне қарап тұрды да, 
енді оның əрқайсысынан өзіндік бояу іздей бастады. Сөйтіп, 
көк  зеңгір  əлемнің  өзіне  ғана  жарасатын  сұлулығынан 
суретші көңілі тағы бір рет тоят тапты.
Бояулар дүниесінің өзі біліп болмаған қыры мен сырын 
табиғат-анадан іздеу оның қанына сіңген қасиеті.
1987 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет