КӨГЕРШІН КӨҢІЛ
...Сахна пердесі сырғып ашылысымен,табиғаттың та-
маша суреттері көз алдыңызға тартыла береді. Бірде ақ
шарбы бұлттар жөңкіле көшсе, енді бірде бозторғайы
шырылдаған сары далада сағым ойнайды. Осы кезде
көкжиектен қолында алмасы бар жігіт көрінеді. Жанында
гауһар таспен қапталып, алтынмен апталған құмыра. Енді
бірде жарқ-жұрқ еткен сəуле дірілімен əлгі көріністер
ғайып болады да, іле тотыдай таранған хас сұлу мүлгіген
əлемді сəндендіре түседі. Оның қолындағы желқаққыш
тербетілген сайын айнала мың-сан түске боялып, сахна
салтанатын көрермендердің көңіл қуанышымен дəнекерлеп
жатқандай. Іле ғайыптан пайда болған əлгі жігіт қолындағы
қамзолды қыз иығына жабуы мұң екен, үміт пен арманның
аппақ құсы-ақ көгершіндер қалықтап ала жөнелді.
Сол сəт манадан бері демдерін ішіне тартып, əліптің ар-
тын бағып отырған көрермен қауымның ризашылық сезімі
айтып жеткізгісіз еді.
Іле көрермендердің құдіреті күшті өнерге деген ынты-
зар көңілі, жас талаптарға деген жүрекжарды ілтипаты
нөмірді орындаушыларды сахна төріне қайта шақырған.
Өз кезегінде тауқыметі зор творчестволық ізденістің тағы
бір иіріміне бойлап, қуанышты сəтті бастан кешкен қос
өнерпаз тым бақытты еді. Өйтпегенде ше? Өнер иесін өрге
ұмтылдырып, шабыттың айдын шалқарына жүздіртетін
де осындай шуақты сəт емес пе?! Көрерменмен қауышып,
310
көптің ықыласына бөленгеннен артық қандай бақыт болмақ.
1985 жылдың июль айында москвалықтар мен Астана
қонақтарына осындай бір тамаша концерттік нөмір сый ет-
кен қазақстандық жас сиқыршылар Раиса жəне Балтабек
Жұмағұловтар еді. Шынында да, жас өнерпаздардың жа-
стар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік XII фестиваліне
əзірлеген «Ғажайып əлемде» программасына тамсанбаған
жан кемде-кем. Өнер қайраткерлерінің Орталық үйінде
өткен сол кеште СССР халық артисі Аркадий Райкин: «Үміт
пен сенім жүгін арқалаған жастардың талабы қуантады.
Өте тамаша!» – деп сүйсінсе, жас өнерпаздар сайысы əділ
қазылар алқасының мүшесі, СССР халық артисі, тамаша
дарын Юрий Никулин «Лениншіл жас» газетіне берген
интервьюінде былай деп толғанған-ды.
– Фестиваль мерекесі – достық пен жастық мерекесі.
Жастарды көрген сайын, олардың өнерінің сырын білген
сайын өзімнің бұла дəуренім еске оралады. Сондықтан
да мен алдыма келген əр өнер иесінің шеберлігіне, та-
лабы мен талпынысына əділ баға беруге тырысамын.
Өйткені олардың бойындағы жылт еткен талант ұшқынын
байқамау кешірілмес күнə. Қазір мен Халықаралық
творчестволық цирк өнері шеберханасына жетекшілік
етіп отырмын. Мұнда күніне 140-тан астам елдің цирк
артистері амалшылар, иллюзионистер мен сиқыршылар
келіп, өнер сайысына түседі. Солардың арасынан алғашқы
күннен-ақ Қазақстандағы «Гүлдер» эстрадалық-жастар
ансамблінің мүшелері Райса жəне Балтабек Жұмағұловтар
орындаушылық шеберлігімен көзге ерекше түсіп келеді.
Олардың «Ғажайып əлемде» деген нөмірі күн сайынғы
фестивальдық концерттік пpoграмма беташарына айналды.
Талантты жастар, əсіресе, СССР күнінде айта жүрерліктей
өнер көрсетті. Жалпы алғанда, соңғы жылдары Қазақстанда
цирк артистерін, амалшылар мен сиқыршыларды даярлауда
қыруар жұмыс атқарылуда. Соның бір жарқын мысалы —
Райса мен Балтабектің қазіргі құтты қадамы.
Əлемнің түкпір-түкпірінен іргелі өнер сайысына жиналған
311
небір жампоздармен бақ таластырып, шашаларына шаң жуыт-
пай мəреге жеке-дара жеткен жастардың бұл табыстарының
да өзіндік бір сыры бар-ды. Ол концерттік нөмірдің тап-
тұйнақтай етіп арналы желіге бағындырылуында бола-
тын. Сағымды сары дала... ақ шарбы бұлтты кеңістік... Сол
əсем əлемде қыз бен жігіттің қауышуы... Арман құсы — ақ
көгершіндердіц қанат қағуы. Осынау көріністердің барлығы
Бейбітшілік, Достық, Ынтымақ деп соққан жер жүрегімен,
ел тілегімен астасып жатқандай. Концерттік нөмірдегі
тақырып танымының мұншама тереңдігі, көрермендер
жүрегіне жол тапқан мұншама құйылысы ешкімді де бей-
жай қалдырмағаны сөзсіз. Бұл өнер мұратының басты
өлшемі болса керек. Сондықтан да жастар мен студенттердің
Бүкілдүниежүзілік XII фестивалі сынды дүбірлі өнер сай-
ысына қатысып, зор табысқа жеткен жас сиқыршылардың
үлкен өнер соқпағындағы қадамы қалай басталып еді деген
сұрақ ойға оралады.
– Япыр-ай, қазір ойлап отырсам, кешегі ойын Сəкеннің
ойыны болыпты-ау, ə, Зағытай, – деді Балтабай.
– Осы Ақсуатта қанша жыл отырып байқамаппын-ау
соны, əншілігі былай тұрсын, сиқыршы екен ғой өзі.
– Бақ қонайын десе, сұрайды дейсің бе.
–«Талантты ерге нұр жауар» деген осы ғой! Кешкі
шайдағы əңгіме ертеңді-кеш ойын соқты боп маужырап
отырған кішкене Балтабекті елең еткізген. «Сиқыр жасады
дейді, ə. Сəкен ағаның сиқыршы болғаны ма. Оны қалай
жасайды екен... Қызық... Шіркін, мен де сиқыршы болсам!».
Жастыққа басы тигенше, осы ой шырмалаған ол тəтті қиял
жетегіне ере берген.
«Сиқыршы болсам бар ғой, сиқыршы болсам...
мектептегі ең əдемі мұғалім – əн-күйден сабақ беретін
апайға қалампыр гүлін сыйлар едім. Сонда қақаған қыста
мұны қайдан таптың деп, кластың бəрі аузыма қарар еді-ау.
Ең қызығы – Тұрсынбектің алтын ұшты қаламын бəлсінтіп
сұрап жатпай-ақ, керек кезінде ала берер едім. Онда тұрған
не бар, ə? Нақақтан күнделігіңе «екілік» қонып қалса, Бо-
312
лат секілді алмаспен өшіріп жатпас ек... «Фə, фə» десең
өзінен-өзі жоқ болады... Бірақ мұның бəрі, Алтынбектің
айкəмпитін қолға түсірудің жанында жай ғана нəрсе ғой.
Шіркін... сиқыршы болсам».
Балтабек ауыл көркемөнерпаздарының келесі концертін
асыға күткен. Ол концерт Май мерекесі қарсаңында болмақ.
Мұның оған дейін шыдамы жетер түрі жоқ. Сөйтіп, ара-
да үш-төрт күн өткенде жергілікті театр өперпазы Сəкен
Қалиахметовке өзі келді. Алғашында кішкене баланың
сұрақтарына жүре жауап беріп, онша назар аудармаған,
бертін келе Балтабектің алғырлығына, өнерге деген ынта-
ықыласына қайран қалған. Кішкене баланың білмекке
құштар қасиеті халық театрының тағы бір таланты – Асыл-
бек Махамбетовті де сүйсіндірген.
– Əдетте, жоғары класс оқушылары көркемөнерпаздар
үйірмелеріне қатысуға бейім тұрады емес пе?! Мен де
аудандық халық театры спектакльдерінің концерттерінің
дайындық кештерінен қалмауға тырысып жүрдім, – дейді
Балтабек сонау бір жылдар тасасында қалған бала дəуренді
еске алып.
– Қазір ойлап қарасам, мені өнер əлеміне жетелеген де
сол жылдар екен ғой.
Оның өнер деген ұлы үғымның ілкі сырына бойлауы
Алматыға келуімен тікелей байланысты еді.
Қазақ ССР Мəдениет министрлігі мен Алматы
мемлекеттік консерваториясының арнаулы комисси-
ясы Семей облысына шығып, талапкер өнерпаздарды
іріктейді. Солардың қатарына он жылдықтан соң,
Ақсуатта киномеханик болып жүрген Балтабек те алын-
ды. Сөйтіп, бұлар Алматыға келісімен консерваторияның
сынақтарына даярланады. Алайда осы жолы ол
музыкалық білімінің таяздығына көзі жетеді. Соңғы
сынақта жолы болмады.
«Енді не істеу керек? Ауылға, театрға тартсам ба екен.
Күндіз дайындықтарға қатысып, кешкісін киномды қойып
жүре бермеймін бе. Жо-жоқ, мұным болмас. Талаптың жөні
313
бір басқа, теориялық даярлықтың жолы бір басқа. Оқу ке-
рек, оқу керек. Оқығанда қайда оқымақпын. Емтихан тап-
сыратын уақыт та өтіп кетті ғой. Қап!». Өз ойымен арпа-
ласып жүргенде, ауылдас жігіт: «Сені Гүлжиһан Ғалиева
деген кісі шақырады»,— деп хабар жеткізген.
– Ал, айналайын, оқуға түсе алмадым деп өкінбе, ең ба-
стысы, өнерге деген ықыласың жоғалмаса болғаны, – де-
ген ол кісі келген бетте. – Бізде эстрадалық цирк студиясы
жұмыс істейді. Сенің қабілетің маған ұнап тұр. Сонда оқуға
қалай қарайсың.
Алғаш көрген бейтаныс адамынан мұндай қамқорлық
күтпеген Балтабек əп-сəтте абдырап, не дерін білмей мүдіріп
қалған. Артынша-ақ... «Апай-ау, оның оқуы басталып кет-
кен шығар» – дей бергені сол еді, ана кісі: «Документтеріңді
бере ғой, шырағым. Оған қам жеме. Менің саған айтайын
дегенім мынау: əнеугүнгі консерваториядағы сиқыршылық-
иллюзионистік нөмірлерді орындауға деген талабың мені
қуантты. Бірақ бізде сиқыршылар даярлайтын бөлім жоқ.
Соған қарамастан, сені студияға қабылдағалы отырмын.
Əзірге вокалистер бөліміне жазамын. Негізінен, өзіңнің
сиқыршылығыңмен айналысатын боласың. Қолдан келген
көмегімді аямаспын. Бұл өзі қазақ топырағына өте кенже-
леп келген өнер ғой. Енді соның көкжиегін кеңейту керек.
Сұлтанғали мен Сара сынды өнерпаздар қатарын көбейту
керек. Солай, айналайын. Ал жолың болсын» деген.
Сөйтіп, Балтабек Жұмағұлов Алматы эстрада жəне цирк
студиясының студенті атанды. Өзі қалаған сиқыршылық
өнердің қыры мен сырын меңгеруге деген құлшыныс талай
білгірлермен кезіктірді. Ал солардың ішінде бұл үшін Ни-
колай Григорьевич Коноваловтың орны бөлек еді. Кезінде
тамаша өнерімен талайды тамсантып, «Қазақконцертте»
жұмыс істеген ол соңғы жылдары езінің өмірлік бай
тəжірибесін ізбасарларының бойына дарытып жүр
екен. Алғашқы күндерден-ақ өзара тіл табысып, тығыз
творчестволық байланыста болған ұстаз бен шəкірттің
қарым-қатынасы кімді де болса сүйсіндірген. Балтабек
314
Николай Григорьевичтің шағын шеберханасында осынау
жұмбақ өнердің өзіне беймəлім сырларына бойлады.
Николай Григорьевичтің əңгімелерінен бір түйгені:
қазақ топырағында кенжелеп, дами алмай отырған өнердің
өрісін кеңейте түсу – осы бір қиын да қызығы мол іске
ден қойғандардың абзал борышы. Осындай мерейлі де
мəртебелі міндеттің салмағы өзіне де жүктеліп отырған.
Балтабек қарт ұстаздың əр күнгі сабағын үлкен істің
игілігіне бағыштауға, зерделей түсуге ұмтылатын. Реті кел-
генде, ұстаз бен шəкірт арасындағы шынайы əңгіме қызу
пікірталасқа да ұласатын.
– Иллюзионистеріміздің қазақ өнеріндегі тарихын тым
беріден бастау орынсыз болар еді, – дейтін сондай сəттерде
ол. – Революцияға дейін де, тіпті одан да ертеректе ел ара-
сында сиқыршылық өнерімен танылған талай кісілердің
болғанын əкелеріміз, аталарымыз айтып отыратын. Таба-
нына қып-қызыл шоқ басып, семсер жұтқандар ғайыптан
пайда болып, аспалы арқан үстінде өнер көрсететіндер
жайындағы əңгімелерді ел арасы əлі күнге дейін жыр ғып
айтады.
– Бұл пікірің өте орынды, Балтабек. Оны мына сен
білесің, мен білемін. Мəселенің түп төркінін əркім əріден
іздей ала ма? Гəп осында. Бұл үшін ғылыми білік керек.
Сондықтан да осы мəселе өнер тарихына зер салып жүрген
ғалымдардың айрықша назарында болуға тиіс.
– Николай Григорьевич, осы жұмыс түбірлі қолға алы-
нып, ғылыми сараптан өтсе, келешек үшін кемелді іс тын-
дырылар еді-ау, ə!
– Əрине, əрине.
Қарт ұстаз осындайда шəкіртіне іштей разы болып, бір
серпіліп қалатын. Николай Григорьевич Коновалов пен Бал-
табек арасындағы осынау творчестволық байланыс өрісін
тауып, өрбіп келе жатқанда, Балтабек бірінші курстың
аяғына қарай Совет Армиясы қатарына шақырылды.
– Мына бір жай əлі есімде. Əскерге алынған алғашқы
күндердің бірі болатын. Саяси жетекшіміз ортамызда.
315
Əркім өз өнерін көрсетіп жатты, – дейді Балтабек. – Мен
де қарап қалғаным жоқ. Азды-көпті білетін сиқырымды
көрсеттім. Жұрттың бəрі мəз болып бір желпінісіп қалды.
Кешкісін целиноградтық Александр Мишенков деген
жігіт: «Балтабек, біздің үйде сиқыршылар туралы кітап
болып еді. Соның саған көмегі тимес пе екен» дегені. Мен
досыма жата кеп жабыстым. Сонымен не керек, арада екі
аптаға жуық уақыт өткенде Целиноградтан А. Вадимовтың
«Фокусы для всех» деген кітабы келді. Бұл кітапты Ал-
матыда жүргенде де қолға түсіре алмаған болатынмын.
Осылайша екі жыл бойына əлгі кітаппен өзімше дайын-
далып, Николай Григорьевичтен үйренгенімді ұдайы
жетілдіріп жүрдім. Қысқа иллюзионистік, пантомималық
нөмірлермен полктың, дивизияның көркемөнерпаздар
құрамында өнер көрсеттім.
Балтабек Отан алдындағы борышын абыроймен
өтеп, Алматыға оралған соң, студиядағы оқуын қайта
жалғастырды.
Дəл осы жылы студияға қабылданғандардың қатарында
шымкенттік жас талап Райса Сағдеева да бар болатын. Бал-
табек ə дегеннен-ақ өзіне ассистент іздей бастағанда, мұның
ниетіне шын ықылас қойған да осы Райса еді. Райсаның
бірден мұндай шешімге келуінің де өзіндік сыры бар-ды.
Он жылдықты енді ғана тəмамдаған екі жас Райса
Сағдеева мен Люда Николаенко Ленинград қайдасың деп
тартып кетеді. Армандары киноактриса болу, киноға түсу.
Күні бұрын газеттен хабарландыру оқып алып, сосын
сапарға шықпағандарына өкінген бұлар ВГИК-тің Москвада
екенін сонда ғана барып біледі. Екі қыз Ленинградқа келуін
келгенімен, қайтып кетудің ретін тағы таппайды. Сөйтіп,
олар С. М. Киров атындағы тоқыма фабрикасына жұмысқа
орналасады да, Ленинград пантомима институтының кешкі
бөліміне документтерін тапсырады.
– Институттағы сабаққа зор ынтамен қатысып, зейін
қоюға тырыстым-ақ. Амал не, Ленинградтың ауа райын
денсаулығым көтермейді, – дейді Райса, – келесі жылы
316
оқуды да, жұмысты да тастап, Шымкентке кетуге тура келді.
Келе қаладағы «Победа» клубына жұмысқа орналастым. Өз
білгенімді өзгелерге үйретуге тырыстым. Сөйтіп жүргенде
Алматыдағы эстрадалық цирк студиясына қабылдауға кон-
курс жарияланғанынан хабардар болдым.
Өнер соқпағындағы ендігі сапарлары ажырамасын
іштей ұғысқан жастар сиқыршылық, амалшылық өнердің
өздеріне беймəлім сырларына бойлай түсті. Бастапқыда
орамалмен, шығыршықпен, таяқпен көрсетілген нөмірлер
бірте-бірте күрделі программаларға ұласты. Қос өнерпаз
алғашқы қадамдарымен студия оқытушыларын, өнерсүйер
қауымды сүйсінтті. Оқу аяқталғанда отау тігіп, шаңырақ
көтерген Райса жəне Балтабек Жұмағұловтар Қазақ филар-
мониясына жолдама алды. Соңғы үш-төрт жыл көлемінде
олар, міне, республикалық «Гүлдер» эстрадалық жастар
ансамблінің құрамында өнер көрсетіп келеді.
Қос өнерпаздың творчестволық маршруттары еліміздің
о шеті мен бұ шетін жалғастырып жатыр. Олар қарт
Балтық жағалауындағы өнер сайыстарына қатысып, БАМ
құрылысшыларын қуанышқа кенелтті. Арқаның астықты
алқаптарында, Алтайдың кенді алыптарында болып, үздік
өнерімен, орындаушылық шеберлігімен қалың жұртты
тəнті етті.
– Міне, мыналардың барлығы сол көрермендер алдын-
дағы қалтқысыз қызметтің қайтарымы, – деп Балта-
бек алдымызға бір папка Құрмет грамоталарын, естелік
қағаздарды жайып тастады.
– Ал мына бір Құрмет грамотасының орны тым ерекше.
Алып қарасам, Гурьев облысы, Индер аудандық комсомол
комитетінің грамотасы екен. «Мұның сыры неде екен?» –
деген сұрақты айтқызбай ұқты білем, Балтабек іле ойын
сабақтай жөнелді:
– Бұл өткен 1987 жылы жазда болған еді. Кезекті бір
концерттік нөмірді даярласымен Гурьев облысына,
жас малшылармен жүздесуге жүріп кеттік. Қала ішіндегі
концерттеріміз ойдағыдай өтті. Алыс аудандардағы, шалғай
317
елді мекендердегі концерттеріміз де табыссыз өтті дей ал-
мас едім. Шаруашылық пен шаруашылық арасы жетпіс-
сексен шақырым жол. Соған қарамастан күніне екі-үш
шаруашылық клубында, дала қостарында өнер көрсетуге
тура келді. Осының бəрі, əрине, көрермен көңілінен
шықсақ деген құлшыныстан туған еді. Сондай өнер сүйер
қауыммен қауышу аудандағы «Толқын – 83», «Ақбота –
84» түйе өсіруші комсомол-жастар бригадаларында болды.
Біздің гастрольдік сапарымыздан олар да хабардар екен.
Сондықтан кештетіп жол ауыртпалығына қарамастан,
уəделі жерге жеттік. Олар да екі көздері төрт болып, бізді
күтіп отыр екен. Концерттен соң жастар тұрмысымен
таныстық. Шынын айту керек, жастарға көрсетілмей
отырған тұрмыстық қызметтің тым жадаулығы көңілімізге
қаяу салды. Жас түйешілер апталап, айлап монша жүзін
көрмейді екен, ал көгілдір экранның мүлде сынып, істен
шыққанына да едəуір уақыт болыпты. Айлық аз, жастардың
жататын бөлмелері тиісті мебельмен жабдықталмаған.
Осының бəрін көре-тұра үндемей кету азаматтық мін бо-
лар еді. Сондықтан да аудандық партия комитетіндегі жа-
уапты жолдастардың назарын осы мəселелерге аударуға
тура келді. Аудандық комсомол комитетінің қолынан гра-
мотаны ала тұрып, жастар тұрмысына қатысты байсалды
принципті əңгіме өрбіттік. Реті де солай еді. Өйткені қазір
құрғақ уағызбен ешкімді де өндірісте, шаруашылықта ұстап
тұра алмайсың. Партиямыздың алдымен адам факторына
айрықша назар аударып отырғаны да сондықтан емес пе.
Кейін ауданмен хабарласқанымызда істің тиянақтап қолға
алынғанын білдік. Бұл грамотаның, міне, осындай бір та-
рихы бар.
Бұрнағы жылы Рая мен Балтабек өздерінің өнер
соқпағында тағы бір белеске көтерілді. Олар «Ленкон-
церттің» творчестволық шеберханасында тəжірибеден өтіп,
программаларын байытты. Бүгінде жас сиқыршылардың
М.А.Ваильдың режиссерлігімен даярланған «Ғажайып
əлеміндесі» дүбірлі өнер мерекелерінде бəйге алып
318
жүр. Осы пікіріміздің айқын дəлелі – жас таланттардың
творчестволық ізденісі еліміз амалшыларының, сиқыр-
шыларының екінші съезінде лайықты бағасын алды. Олар
съезд күндерінде москвалық В.Руднев, ленинградтық
В.Букач, пермьдік В.Данигин, якутиялық В.Церенжапов
сынды əйгілі сиқыршылармен иық тірестіре өнер көрсетті.
– Осы үлкен өнер соқпағындағы көңілге қуаныш үйірер
тағы бір жайды айтпай кетуге болмайды. Ол – бүгінде
атағы бүкіл дүниежүзіне мəлім Сұлтанғали Шүкіров пен
Сара Қабиғожинаның есімдеріне байланысты. Бұл айтулы
таланттардың ізденісі, талмас творчестволық еңбегі біздер
үшін əрдайым өнеге. Олардың республика Ленин комсомо-
лы сыйлығының лауреаты атануы, республика халық артисі
атағына ие болулары өнер атаулының осы бір ерекше түріне
берілген жоғары баға деп білеміз. Біздің арман — соларға
лайықты ізбасар бола білу.
– «Ғажайып əлемінденің» финалында қолдарыңнан қа-
лықтай ұшатын көгершіндер туралы не айтар едің?.
– Олар кəдімгі көгершіндер ғой. Ленинградта тəжірибеден
өтіп жүргенде қолға үйретіп едім. Көгершін — бейбіт өмір
символы дейміз. Жер жүрегі бейбітшілік деп соғады. Міне,
осы ой концерттік нөміріміздің алтын арқауына айналған.
Көгершін демекші, сағатыңыз қанша болды.
– Бес жарым.
– Көгершіндерімді жемдейтін уақыт та болып қалыпты-
ау.
Іле ол бізбен асығыс қоштасты да, Ленин проспектісінің
бойымен жоғары жүгіре жөнелді. Сол сəт маған жас
таланттың көгершін көңілі қалықтап бара жатқандай
көрінді.
1988 ж.
319
ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРУ ПАРЫЗ
деген ниетте құрылған Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының төрағасы
Мұрат БАЙМАХАНОВПЕН сұхбат
– Ассалаумағалейкүм, Мұқа!
– Уағалейкүмуссалам, шырағым.
– Сізге сан мыңдаған оқырмандар сəлемін əкеліп отыр-
мын. Ең алдымен, жаңа жұмысыңызға жемісті еңбек
тілейміз!..
– Рахмет, айналайын, рахмет!
– Көп жағдайда лауазымды қызмет иелері туралы бір-
жақты түсініктің қалыптасатыны жасырын сыр емес.
Қолына билік тиген соң əкімдеріміз, атқамінерлеріміз
оқтау жұтқандай қақияды да қалады осы. Аяғы аспаннан
салбырап түскендей. Иілмейді-ау, иілмейді. Сосын жұрт
өзінше долбарлайды. Осы бір дерт соңғы кездері өршіп
бара жатқандай көрінеді. Бұл бастықтар əулетінің бəрі
осындай екен деген сөз емес. Бірақ та бес саусақ бірдей
ме? Сізге келе жатқанда осыны ойладым. Халқына, еліне
рақымы мол азаматпен сұхбаттассам екен деп тіледім. Бұл –
бір. Айтыңызшы, Сіз де ет пен сүйектен жаралған пендесіз
ғой. Мұндай зор мəртебелі қызметке кірісу мəселесі
көтерілгенде қандай күй кештіңіз?
– Тілектестігіңізге шын жүректен рахмет! «Жақсы сөз
– жарым ырыс» дейді ғой халық даналығы. Ал қазақстан
Республикасы Конституциялық Сотынын төрағасы болу
жөнінде əңгіме көтерілгенде іштей толқығаным да, ептеп
абдырап қалғаным да бар. Іштей: «Үлкен сенімді ақтай ала-
мын ба?» деген сұрақ қойып, жүз ойланып, мың
толғандым. Мен ешқандай да мамандықтың мəртебесін
кеміткім келмейді. Бұл – қызмет түбегейлі түбірімен
тың тұрпатты жаңа лауазым. Өйткені бұл қызметтің
құлағында отырған адам бүтіндей бір елдің қоғамдық-
саяси құрылымы жөніндегі мəселелермен айналыса-
тын, соның көптеген өзекжарды құжаттарын ой сарабына,
320
ақыл-парасатқа салатын адам болуы керектігі айдан айқын.
Осыны ойлағанда іштей қатты толқығаным рас. Мəселені
жан-жақты салмақтай келе, таңдау өзіме түсіп тұрғаннан
соң тəуекелге бел будым. Біз қазір тəуелсіз мемлекеттің
негізін қалап жатырмыз. Осындай бір тарихи кезеңдерде
тартқыншақтап, жауапкершілікті өзгеге қарай ысыра салу-
ды азаматтық арыма сын көрдім.
Ал енді əлгі сөз басында қолына билік тиген азамат-
тардың мінез-тұрпаты, болмысы хақындағы пікірлеріңіз
ойлантарлық. Ойлантарлық болғанда ол енді бүгінгі
күннің ақиқаты ғой. Қазіргідей қоғамдық өміріміздің өлара
шағында арпа ішінде бір бидайдың кетіп ортақ мүдде
орайындағы ұмтылысымызға кедергі келтіретіні жасырын
емес. Мұндаймен күресу керек, бітіспес күрес жүргізу ке-
рек. Бұл қолға сойыл ұстап атқа қон деген сөз емес, барлық
мəселеде ақыл-парасат үстем болып, заң, заңдық актілер
негізге алынуға тиіс.
– Сіздің бұл пікіріңіз өте орынды. Халқымыз қашаннан
жалтақтап, төбесінен шоқпар арылмаған халық қой.
Бүгінгі нарықты экономиканың қиындығын саудаға са-
лып, ел үстінен күн көруді əдетке айналдырған кейбір
бастықсымақтардың əрекеті ойға оралған соң əңгіме қозғап
жатқаным да. Бұл жөнінде редакция поштасына хаттар легі
толастамай келіп жатады. Енді екінші сұрағыма көшсем.
Республиканың Конституциялық Соты – мемлекетіміз та-
рихында бұрын-соңды болмаған тың құрылым. Сондықтан
газет оқырмандары оның өзіндік ерекшеліктерін, ішкі
əлемін білгісі келеді. Олары дұрыс та ғой деймін.
– Дұрыс айтасыз. Конституциялық Сот сияқты ме-
кеме Қазақстан тарихында, тіпті бұрынғы бүкіл Кеңес
Одағы тарихында мүлде болған жоқ. Шынын айтқанда,
барлық өкімет билігі əкімшіл, əміршіл жүйенің қолында
тұрғанда толғаулы мəселенің тиянағын тауып, түбірлі
шаруаға төрелік айтатын Конституциялық Соттың болуы
да мүмкін емес еді. Бірақ демократия мен жариялылықтың
толқыны оның ауадай қажеттігін күн тəртібіне қойды. Ал-
321
дымен Конституциялық бақылау комитетін құрайық деген
пікір үстемдік алған еді, бірақ жан-жақты талдаудан соң
Конституциялық Соттың кажеттігі айқын байқалды.
Конституциялық Сотты басқа сот мекемелерімен
теңестіруге болмайды. Оның өзіндік сипатын жəне көптеген
ерекшеліктерін еске алуымыз керек. Сот деп аталғанымен
ол ешкімді жауапқа тартпайды да, жазаламайды да. Бізде
қылмыстық жəне азаматтық істерді қарайтын арнайы сот
жүйесі ежелден қалыптасқан болатын, сонымен қатар көп
жылдар бойы мемлекеттік арбитраждар да өз міндетін
атқарып келеді. Ал Конституциялык Соттың мақсаты басқа.
Ол – тəуелсіз Қазақстанның Негізгі Заңын қорғау.
Бұл мақсатқа жету жолдары екі заңда белгіленген. Олар
– «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ту-
ралы» жəне «Қазақстан Республикасында Конституциялық
Сот ісін жүргізу туралы». Осы екі заңның қағидаларын
басшылыққа ала отырып, біздің сот мемлекет құрылысында
туындайтын көптеген маңызды мəселелерді қарайтын бола-
ды.
Əрине, Конституцияны қорғайтын органдар бізде
аз емес. Бұл міндет Жоғарғы Кеңеске де, Президент-
ке де, Министрлер Кабинетіне де, сонымен қатар тағы
да кейбір республикалық органдарға жүктеледі. Бірақ
Конституциялық Сот бұл міндеттерді атқаратын арнайы
мекеме. Осы жұмыстың негізгі салмағы соған түседі.
Соттың кұрамына 11 кісі сайланды. Олар заң саласының
теориялық жəне практикалық жағына тікелей қатысы
бар, жоғары дəрежелі мамандар: екеуі ғылым докто-
ры (И.И.Рогов, С.Ф.Ударцев), бесеуі ғылым кандидаты
(С.А.Қасымов, В.А.Малиновский, О.Қ.Ықсанов, Г.В.Ким,
А.Нұрмағамбетов), үшеуі сот жүйесінің жəне Кеңес
органдарының жауапты кызметкерлері (Л.И.Башаримова,
К.Д.Жалмұханбетов, Ж.Н.Бəйішев) болып жұмыс істеген
кісілер. Тағы бір айта кететін жайт: сот мүшелерінің көбісі
ғылыми зерттеулермен əлде тек практикалық жұмыспен
ғана шұғылданбайды, олар заң саласының аталған екі
322
түрін дəйекті сабақтастыруға тырысады. Келешек осы
принциптің дұрыс əлде бұрыс екенін көрсетер.
– Мұқа, жаңа сөз басында да айтып кеттім, таланты-
ңыздан шығар, уақыт шіркіннің шешімі солай шығар.
Сіз тəуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Конституциялық
Сотының тұңғыш төрағасы болдыңыз. Бұл басқа қонған
бақыт. Ол екінің біріне бұйыра бермейтін нəрсе. Сіз, міне,
тарихқа солай ендіңіз. Ал жаңа құрылымның сол қоғамдық-
саяси құрылыстағы атқарар рөлі мен беделі оның төрінде
отырған қайраткерлерге де байланысты. Сондықтан жаңа
қызметтегі басты міндет неде деп санайсыз?
– Бұл сұрағыңызға жауап бергенде мен екі мəселеге тоқ-
тағым келеді. Ең алдымен, біз Конституцияға адал бола-
мыз деп ант бердік. Сол антқа берік болып, Конституцияның
қоғамымызда рөлін көтеруге бар күшімізді салуымыз ке-
рек. Бұрыннан бізде Конституцияға ашықтан-ашық ешкім
қарсы шықпаса да, оны тек сөз жүзінде ғана бағалайтынбыз.
Сондықтан Конституцияның бүгінгі халі мүшкіл десек
артық болмас. Бұл жағдайды толық өзгертетін мезгіл
болды.
Екінші менің басты міндетім – Конституциялық Соттың
абыройы мен беделінің өсуіне мүмкіндігімше атсалысу.
Барлық сот мүшелерінің жұмысына тиісті жағдай туғызуым
керек.
– Заң – замана зердесі. Демек, оның баптары сол қоғамдық-
саяси құрылымының қантамырын дəл басып, оны бағыттап
отыру керек. Ал бірақ кейде заңдық нормаларға сыймай-
тын ахуал болып жатады. Бүгінгідей нарықты экономика
бас бермей бүкіл қиыншылық қарапайым еңбек адамының
мойнына түскен шақта, алыпсатарлық пен қылмыс үдеп
келе жатқан тұста, сіз басқарып отырған Конституциялық
Соттың құрылуына халық көп үміт арта қараған еді.
Бұған не дейсіз?
– Қоғамымызда болып жатқан түбегейлі өзгерістер құ-
қық жүйесіне терең ықпал жасауда. Бұл өзгерістерге
байланысты көптеген жаңа құқықтық қағидалар туып,
323
ескі нормалар кейде жойылып, кейде өзгеріп жатыр. Соңғы
жылдары республикамыз егемендік туын көтеріп, іле-
шала мемлекеттік тəуелсіздікке жетті. Тəуелсіздік айтуға
ғана оңай болғанымен, оның жауапкершілігі ұшан-теңіз.
Мұның түп қойнауында еселі еңбекті, білім мен білікті,
орасан зор қажыр-қайратты қажет ететін мəселелер жатыр.
Бұрынғы тəртіп бойынша республика заңдары одақтық
заң нормаларын сол күйінде, өзгеріссіз көшіріп алып,
қайталаумен шектелетін. Тəуелсіз мемлекеттің заңдары
басқа мемлекеттердің заңдарына ұқсас болуы мүмкін емес.
Мəселенің тағы бір қырын қозғамасқа болмайды.
Қоғамымыздағы экономикалық жағдай өте қиын. Рефор-
маны бастап жүргізгенімізге талай уақыт өтсе де, халық
шаруашыларының барлық салаларында жақсы өзгерістер,
тың үрдістер байқалмайды. Осыған байланысты қарапайым
халықтың күн көруі барған сайын қиындай түсуде.
Қоғамымыздағы тəртіп нығаймай, береке болмайды. Ал
тəртіптің бір тірегі – Негізгі Заңның ықпалының күшеюі.
– Сөзіңіз аузыңызда, Мұқа. Кейбіреулер тəртіп мəселе-
сін айтсаңыз, осқырына, адырая қарайды. Өзіңді əйкəпір
көреді. Ескіні аңсаушыдай көреді. «Ə, ə Сталин зама-
нын аңсап жүрсің бе?» деп мысқылдайды. Ал сіздің ай-
тып отырғаныңыз қарапайым еңбек тəртібі, жұмыстағы
реттілік, жауапкершілік емес пе?
– Əлбетте, солай. Шаш ал десе, бас алатын науқан
емес айтып отырғаным. Ондай заман келмеске кетті деп
ойлаймын. Атқарушылық, орындаушылық тəртіптің бо-
саңсуы көп нəрсеге кедергі келтіріп жатыр. Бас бермес
жүгенсіздік көбейді. Міне, осыны назарға алу керек. Ал əлгі
айтып отырған шаруаның бəрінің – тəртіптің босаңсуының
зардабын қарапайым халық тартып отыр.
– Сауалымның енді бір жүйесі сіздің пікіріңізден
туындап отыр. Жаңа тəртіптің бір тірегі – Негізгі Заңның
ықпалының күшеюі дедіңіз. Өркениетті қоғам құрудың бір
кілті де заң үстемдігі. Демек, бүкіл тыныс-тіршілігіміз
заңмен үйлестірілуі керек. Бұл басы ашық мəселе. Ал
324
енді көпшілігіміз көріп жүргендей мына жағдаяттар ал-
дымыздан шығады: бір заң қабылданды делік, енді сол
заңнан қоздап, түрлі министрліктер, ведомстволардың
нұсқаулары мен жарлықтары шығады. Сөйтіп, заң талапта-
ры былай қалып, жергілікті жерлердің шешімдері үстемдік
алады. Бұған не дейсіз?
– Сіз айтқан əдіс кеңестік құқық жүйесінің қанына
сіңген кемшіліктерінің ең бастысы. Бұл кемшілік,
əсіресе, тоқырау заманында кең етек жайып, күні бүгінге
дейін жойылмай келеді. Күнделікті өмірде Конститу-
ция мен заңдарда көрсетілген адамның тəп-тəуір кұқық
пен бостандықтарының мазмұны жеке министрлік, ве-
домстволар əлде жергілікті органдарының актерлері
арқылы жоққа шығарылатынын талай байқағанымыз бар.
Мысалы, кейбір жергілікті əкімдердің Жарлығы бойынша
азаматтардың жекешелендіріп алған тұрғын үй-пəтердің
үш-төрт жылдық мерзімде ешкімге сатуға, əлде сыйға
тартуға хақысы жоқ. Бұл Жарлықтар меншік туралы
заңға қарама-қайшы келеді. Халықтың тұрмыстық қажетін
өтеу саласына келсек, онда ведомстволар мен жергілікті
мекемелерінің шешімдері, нұсқаулары, қаулы-қарарлары
жиі үстемдік алады.
Көрсетілген əдіс құқық жүйесінің табиғатына жат келеді
де заңдылық талаптарымен сыйыспайды. Қоғамымызда
Конституция мен заң үстемдігін орнықтыруымыз ке-
рек. Жоғарыда айтылған кемшіліктермен кездескенде
Конституциялық Сот тиісті шаралар қолданбақ.
– Қалың оқырман қауымының ендігі бір білгісі
келетін сауалы – жаңа тұрпатты парламентіміз бен
Конституциялық Соттың өзара байланысы мен аражігі
хақында. Бұлар себебі бірімен-бірі сабақтас, рухтас
құрылымдар емес пе?
– Конституциялық Сот өз міндетін атқарғанда республи-
ка парламентімен тығыз байланыста болмақ. Біріншіден,
Қазақстан Жоғары Кеңесі Конституциялық Сотын сайлай-
ды, сонымен қатар Жоғарғы Кеңестің Төралқасы соттың
325
шығыс сметасын жəне сот мүшелері айлықтарының
мөлшерін
белгілейді.
Жақында
Жоғары
Кеңестің
Төралқасы сот жұмысын қамтамасыз ету туралы арнайы
қаулы қабылданды. Ал екінші жағынан Конституциялық
Сот республика Жоғары Кеңесі қабылдаған заңдары мен
басқа актілерінің Коннституцияға сəйкестігі туралы істерді
қарайды. Сондықтан Сот мүшелері Жоғары Кеңестің сесси-
яларына, Жоғары Кеңестің Төралқасы мен комитеттерінің
мəжілісіне қатысады.
Соңғы жылдары біздің парламентіміз экономика,
саяси-əлеуметтік қатынастарды реттейтін көптеген заң
қабылдады. Келесі тоғызыншы сессияның күн тəртібіне
елуден астам заң жобасы ұсынылып отыр. Бірақ жаңа
заңдардың талайы қағаз жүзінде ғана қалып, өзінің іскерлік
потенциалын көрсетпей-ақ қойды. Мысалы, индексация
мəселелері заңда шешілгенімен, күнделікті өмірде орын-
далмай жүр. Баспасөздегі деректерге қарағанда, кейде
аппарат қызметкерлері депутаттардың шешіміне өзгеріс
енгізетін көрінеді. Ондай фактілерді Конституциялық Сот
тексеріп жатыр.
– Сіздердің жаңа жұмысқа кірісе бастағандарыңызға да
3-4 айдың жүзі болып қалды. Алғашқы аяқ алыстарыңыз
қалай? Қанағаттанасыз ба?
– Үш ай бұрын сайланған Конституциялық Сот
өзінің алғашқы қадамдарын жасауда. Бірнеше іс қозғалып,
соттың қарауына дайындалып жатыр. Олардың ішінде –
Жоғарғы Кеңестің 1992 жылғы 18-қаңтардағы «Ең төменгі
тұтыну бюджетін кезең-кезеңімен енгізу мерзімі туралы»
Қаулысының жəне республика Президентінің 1992 жылғы
13-ақпандағы «Республика халық шаруашылығын қолда
бар ақшамен қамтамасыз ету жөніндегі төтенше шаралары
туралы» Жарлығының Конституцияға сəйкестігі туралы
істер. Мəжіліске бұл мəселелерді терең түсінетін маман-
дар мен ғалымдар сарапшы ретінде қатысып, өздерінің
ой-пікірлерін айтады. Сонымен қатар кəсіподақтардың
өкілдері де аталған актілердің кейбір қағидаларын
326
қолдамайтынын білдіргісі келеді. Меніңше, бұл істердің
əлеуметтік-экономикалық
маңызы
зор:
нарыктық
қатынасқа көшу кезеңінде халықтың материалдық жағдайы
күннен-күнге нашарлап барады, оларды заң тарапынан
қорғамаса болмайды.
Əрине, өнікті жұмыс нəтижелерін күтуге əлі ерте. Оған
уақыт керек. Сонымен қатар мынаны айтқым келеді: соттың
алғашқы қадамдары үлкен қиыншылықтарға тіреліп жатыр.
Кейбір басшы органдар соттың проблемаларын түсінгісі
келмейді. Соның салдарынан біздің қызметкерлерімізге
отыратын орын жетіспейді, мəжіліс өткізетін залымыз жоқ,
көптеген материалдық, ұйымдастыру, əлеуметтік мəселелер
шешілмей жатыр.
Сондықтан қанағаттануға əлі себеп жоқ.
– Мұқа, енді соңғы сауал тартқым келіп отыр алдыңызға.
Конституциялық Сот республикамызда тұңғыш құрылып
жатқаны белгілі. Ол өз-өзінен, оп-оңай буыны қатайып қаз
тұрып кетпесі кəміл. Осы тұрғыдан келгенде өзгелерден,
шетелдерден қандай тəлім-тəжірибе алып жатырсыздар
деген сауал қойсақ. Жақсы нəрсе үйренбек үшін деген.
– «Батыс елдерінің кейбіреулерінде Конституциялық
Соттың рөлі тым жоғары. Мəселен, Германияның
Конституциялық Сотын алайық. Оның Конституцияға
сəйкестігін анықтау хақысы бар. Сонымен қатар ол
бүкіл федерация мен оның мүшелері арасында өкілеттік
мəселелері бойынша болған таластарды шешуге құқылы.
АҚШ-та арнайы Конституциялық Сот болмағанымен,
оның міндеті Жоғарғы сотқа жүктелген: өзінің кең
құқықтарын пайдалана отырып, ол Конституцияның
қағидаларын корғау ісіне үлкен үлес қосқаны баршаға
мəлім. Аталған елдерден басқа да мемлекеттердің (Ав-
стрия, Италия) тəжірибесімен танысып, егжей-тегжейлі
зерттеп, оның құнды жақтарын пайдалануымыз керек.
Күні бүгінге дейін əлемдік тəжірибені біз кітаптар,
мақалалар арқылы білеміз. Тікелей танысқанымыз – тек
Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының тəжірибесі.
327
Келешекте мүмкіндік туса, басқа елдердегі Конституция-
лык Соттармен байланыс жасаймыз.
– Əңгімеңізге көп рахмет! Көш ұзап, шаруа ширай
бастағанда тағы жолығысармыз, Мұқа!
– Лайым соған жазсын.
1992 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |