ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет17/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Жүгенге бас сұқты. Ырқына көнді, бағынды, бойсұнды. Жүгеннің қасқасы. Жүгеннің маңдай жағындағы бөлігі; жүгеннің кеңсірігі мен кекілдірігін жалғастырып тұратын қайыс.
ЖҮГЕН2 з а т . ж е р г . Әр түсті бедерсіз мата түрі.
ЖҮГЕНДЕ= е т . 1. Жүген кигізу. 2. а у ы с . Бағындыру, көндіру, дегенін істеткізу; тізгіндеу.
ЖҮГЕНДЕЛ= е т . 1. Аттың басына жүген салыну. 2. а у ы с . Бағындырылу, тізгінделу.
ЖҮГЕНДЕЛУ Жүгендел етістігінің қимыл атауы.
ЖҮГЕНДЕТ= е т . Аттың басына жүген салдырту, жүген кигіздіру.
ЖҮГЕНДЕТУ Жүгендет етістігінің қимыл атауы.
ЖҮГЕНДЕУ Жүгенде етістігінің қимыл атауы.
ЖҮГЕНДЕУСІЗ с ы н . Жүген кигізілмеген, еркін жайылып жүрген (жылқы).
ЖҮГЕНДІК з а т . Ат басының (төбесінің) жүген тұратын жері.
ЖҮГЕН-ҚҰРЫҚ з а т . Асауды ұстауға, ауыздықтауға қажетті әбзел, жүген де, құрық та.
Жүген-құрықтан шыққан. а) Жүген-құрық тимеген асау. ә) Тентек. Жүген-құрық тимеген [көрмеді]. Әлі үйретілмеген, шу асау, тағы; еркін.
ЖҮГЕН-НОҚТА з а т . Жылқы, түйе, сиыр малының басына салатын бас жіптері.
ЖҮГЕНСІЗ с ы н . 1. Жүгені жоқ, жүген кигізілмеген, бос. 2. а у ы с . Бетімен кеткен, тәрбиесіз, әдепсіз; қалай болса солай, берекесіз.
Жүгенсіз кеткен. Бетімен кеткен, әдепсіз, тәрбиесіз. Жүгенсіз кетті. Ешкімді тыңдамай, бағынбай тыюсыз кетті, бетімен кетті.
ЖҮГЕНСІЗДЕН= е т . Бетімен кету, тыюсыз болу, әдепсіздену.
ЖҮГЕНСІЗДЕНУ Жүгенсізден етістігінің қимыл атауы.
ЖҮГЕНСІЗДІК з а т . Бетімен кеткендік, тәрбиесіздік, әдепсіздік. Жүгенсіздікке салынды. Бетімен кетті, әдепсіз болды.
ЖҮГЕРМЕК з а т . қ а р ғ . Наразы болғанда ер балаға қарата айтылатын қарғыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет