ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет14/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҰРТШЫ1 з а т . ә с к . Дәстүрлі қазақ қоғамында жортуылда жүрген қарулы әскерлерге жайлы орын сайлап, оларды қондыру, түстендіру және азық-түлікпен қамтамасыз ету ісімен шұғылданған әскери адам.
ЖҰРТШЫ2 з а т . з о о л . <лат. neophron percnopterus> Сұңқар тәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
ЖҰРТШЫЛЫҚ з а т . Бір-бірімен өзара тікелей қарым-қатынас жасамаса да белгілі бір ортақ мүдде жолында біріккен, алайда ресми түрде ұйымдаспаған топ, көпшілік қауым, ел.
Жұртшылық құқығы. қ ұ қ ы қ . Елдегі жалпы мемлекеттік мүддені қамтамасыз ететін қатынастарды реттейтін құқық салаларының жиынтығы.
ЖҰРЫМ з а т . к ө н е . Жұлын, өмір.
Жұрым берсін. т і л е к . Өмір берсін, ғұмырың ұзақ болсын.
ЖҰРЫН1 з а т . к ө н е . 1. Тері немесе құр терісіне ілініп қалған арық мал (қозы, тоқты т.б.). 2. Сырт киімнің етегіне, жеңіне,бас киімнің айналасына жүргізген елтірі немесе аң терісі.
ЖҰРЫН2 з а т . к ө н е . Елдегі қатардағы, қарапайым адамдар.
ЖҰРЫНДА= е т . Киімнің етек-жеңіне жұрын жүргізу, жиектеу.
ЖҰРЫНДАЛ= е т . Киімнің етек-жеңіне жұрын жүргізілу, жиектелу.
ЖҰРЫНДАЛУ Жұрындал етістігінің қимыл атауы.
ЖҰРЫНДАУ Жұрында етістігінің қимыл атауы.
ЖҰРЫНДЫ с ы н . Жұрын жүргізілген, терімен жиектелген.
ЖҰСАҚ з а т . Бір жасар тау ешкісі.
ЖҰТ з а т . Ауа райының қолайсыздығынан болатын экономикалық күйзеліс, апат; жазғы қуаңшылық пен қатты қыстан аштыққа ұшыраушылық, ашаршылық.
Жұт болды. Қыс қатты болып, мал жұтады, аштан қырылды. Жұт жеті ағайынды. Жұт жалғыз болмайды, басқа да қиыншылықтармен, табиғат апаттарымен қабаттаса жүреді деген мағынада. Жұт жылғы. Жұт, апат, қатты қыс болған жылғы. Жұтқа жаға жыртқызбады. Жұтқа жеңдірмеді, мал-жанды аман сақтады, мұртын шалдырмады. Жұт құрығынан құтылды. Жұттан аман қалды. Жұттан шыққан жұрындар. Жұттан аман қалған кедей-кепшік. Жұттың жұты. Барып тұрған әлемет. Жұт хабаршысы. Табиғаттағы аса қолайсыз құбылыстарды (жаздағы аса құрғақшылық, қыстағы қардың шектен тыс қалың болуы, індет) жұттың жұттық белгісі деп санау. Жұт шақырады. Аса қалың қар мен боранның аяғы жұтқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет