ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет13/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҰРТ2 з а т . 1. Көшіп кеткен елдің, ауылдың, үйдің орны, үй тіккен жер. 2. Мал баққан кісінің өзі ғана отыратын, иемденіп пайдаланатын қонысы. 3. Көктеу, жайлау, күзеу жайылымдарындағы мал жаятын жер, мал бағушының үйі тігілетін орын.
Жұрт аузына ілінді. Жақсы атағы шықты, жұрт мақтанышына айналды. Жұрт аяғы саябырлады. Әрлі-берлі жүріс басылып, тынышталды. Жұрт жаңалады. Бір жерден екінші жерге көшті, қоныс ауыстырды. Жұрт жаңғыртты [жаңартты]. Қоныс аударды. Жұрт қатарына ілікті. Жағдайы түзелді, адам болды. Жұрт пікірі. Көптің ойы, көзқарасы. Жұртта қалған жұрын. Жарамсыз, түкке тұрмайтын кәкір-шүкір, ұсақ-түйек зат, нәрсе. Жұртта қалған иттей болды. Жабырқады, жетімсіреді. Жұртта қалған күшіктей ету. Жексұрын ету, қадірін, сүйкімін кетіру. Жұртта қалған қу қазықтай. Арық, қу сүйек, қудай. Жұрттан [көштен] қалған күшіктей. Елеусіз, жападан- жалғыз, дәрменсіз. Жұртта қалғыр. қ а р ғ . Қаңғырып айдалаға кеткір, ешкімге керек болмағыр. Жұртта қалды. Бәрінен айырылып, басы қаңғырды. Жұрттың [елдің] бәрі. Барлық адам, көпшілік. Жұрттың қоры болды. Адамның ең сорлысы, жаманы болып саналды.
ЖҰРТҚАМШЫЛ с ы н . к ө н е . Жұрттың қамын ойлайтын, елшіл, көпшіл.
ЖҰРТТА= е т . ж е р г . Отасу, жұбайымен бірге тұру.
ЖҰРТТАЙ1 с ы н . 1. Жұрт тәрізді, ел сияқты. 2. Басқалардай, әлдекімдей, кейбіреулердей.
ЖҰРТТАЙ2 с ы н . Ел көшіп кеткен жердей, қоныстай.
ЖҰРТТЫҚ1 з а т . Татулық, бірлік.
ЖҰРТТЫҚ2 з а т . ж е р г . Жұрт жәрдемі, көмек.
Жұрттық жолы. Ауызбіршілік, татулық, ынтымақ.
ЖҰРТША ү с т . Басқаларша, жұрттар сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет