ЖҰТ= е т . 1.Асты өңеш арқылы өткізу, қылғыту.2.Жою, жоқ қылу, басын жұту. Жұтып жібергендей.Жұтып қоярдай; көзімен ішіп-жеп қарау туралы.Жұтып кеткендей.Жоқ қылып жібергендей. Жұтып қойғысы келді.Қатты сүйсінді, жақсы көрді. ЖҰТА= е т . 1.Қатты қыстан, аштықтан қырылу, апатқа ұшырау.2.Құру, біту, таусылу, түгесілу; жетіспеу. ЖҰТАҒАНДАЙ ү с т . Жұтап қалған сияқты. ЖҰТА-ЖҰТА ү с т . Қайта-қайта қылғытып көп ішіп. ЖҰТАҢ с ы н . Азып-тозған, жадау, нашар, жүдеу, кедей. Жұтаң кендер. к е н . Құрамында күкіртті мыс, сүрме, күшән, висмут бар, бірақ пайыздық үлесі төмен, байытудың техникалық талабына сай келмейтін кендер.Жұтаң көмір. г е о л . Көмірленудің нақтылы дәрежесіне сәйкес келетін, яғни метаморфизмнің VI сатысы жағдайында қалыптасқан таскөмір түрі.Жұтаң сана. п е д . Адамдардың күнделікті өмір процесінде қалыптасқан қоғамдық сананың төменгі деңгейі. ЖҰТАҢДАН=е т . Жұтаң тарту, кедейлену. ЖҰТАҢДАНУ Жұтаңдан етістігінің қимыл атауы. ЖҰТАҢДАУ с ы н . Кедейлеу, нашарлау; аздау. ЖҰТАҢДЫҚ з а т . Тапшылық, жетіспеушілік, кедейлік. ЖҰТАҢДЫЛЫҚз а т . с ө й л . Жұтаңдық. ЖҰТАҢШЫЛЫҚ з а т . Ашаршылық, жоқшылық; кедейлік. ЖҰТАТ= е т . Ашықтыру, кедейлендіру, жоқшылыққа ұшырату; азып-тоздыру. ЖҰТАТУЖұтат етістігінің қимыл атауы. ЖҰТАУ Жұта етістігінің қимыл атауы. ЖҰТ-ЖАЛАҢ з а т . Ашығушылық, тапшылық, жоқшылық, апат, күйзеліс. ЖҰТҚЫЗ= е т . Су, айран, сүт, қымыз т.б. тәрізді сұйық сусынды ішкізу, ұрттату. ЖҰТҚЫЗУЖұтқыз етістігінің қимыл атауы. ЖҰТҚЫН з а т . қ а р а п . Құлқын, тамақ. ЖҰТҚЫНШАҚ з а т . <лат. pharynx> 1. а н а т . Асқорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ, пішіні түтік тәрізді етті-жарғақты мүше; ауыз қуысы мен өңештің арасындағы тамақ өтетін орын.2. а у ы с . Қара басының қамын ойлаған, өз күйін күйлеген адамдар.