ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҮРДЕКТІК с ы н . Жылдамдық, шапшаңдық. Жүрдектік коэффициенті



бет37/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
ЖҮРДЕКТІК с ы н . Жылдамдық, шапшаңдық.
Жүрдектік коэффициенті. ф и з . Қалақшалы мәшинелер теориясындағы гидродинамикалық ұқсастық принциптерінің бірі ретіндегі коэффициент.
ЖҮРДІМ-БАРДЫМ ү с т . Қалай болса солай, немқұрайды.
Жүрдім-бардым қарады. Мән бермеді, немқұрайды, үстірт қарады.
ЖҮРЕ: жүресінен отыру. Екі тізені бүгіп, бар салмақты екі аяққа түсіре, құйрықты жерге тигізбей отырған қалып.
ЖҮРЕ-БАРА ү с т . Келе-келе, ақырындап, кейін.
Жүре-бара пайда болатын иммундық тапшылық синдромы. м е д. Т-лимфотропты ретровирустар қоздыратын жұқпалы ауру.
ЖҮРЕЖАТ з а т . э т н . Туажаттан туған бала, жетінші ұрпақ.
ЖҮРЕ-ЖҮРЕ ү с т . 1. Көп жүріп, әбден жүріп. 2. а у ы с . Ақырында, ақыр аяғында, соңында.
ЖҮРЕК з а т . а н а т . <лат. cor> 1. Қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол жағына қарай орналасқан басты мүшесі. 2. д і н и . Иманның тұрағы. 3. а у ы с . Кісінің жан дүниесі, рухани сезімі. 4. а у ы с . Саяси-әкімшілік орын, орталық. 5. а у ы с . Қайнар көзі, тірегі. 6. а у ы с . Ғашық, сүйген жар. 7. а у ы с . Көңіл.
Жүрек ақауы. м е д . Жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Жүрек Аллада. Аллаға мінәжат еткен, иман келтірген. Жүрек аурулары. м е д . Түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүректегі арман. Аңсағаны, қол жеткізбес биіктегі қалағаны. Жүрегі адал. Көңілі таза, әділ. Жүрегі айныды [лоблыды]. а) Жүрегі көтерілді, құсқысы келді. ә) Безер болды, мезі болды, ығыр болды. Жүрегі аласұрды. Көңілі алып-ұшты. Жүрегі алқынды. Ентікті, жүрегі аузына тығылды. Жүрегі алып ұшты. Қатты толқыды. Жүрегі аттай тулады [дүрсілдеді, дүрсіл қақты, жиі соқты]. Жүрегі қатты соқты, дүрсілдеді. Жүрегі аузына тығылды. Жүрегі қатты соқты, дүрсілдеді; зәре-құты қалмады. Жүрегі ауырмады. Елең қылмады, мән бермеді. Жүрегі басылды. Көңілі орнына түсті, жаны жай тапты. Жүрегі бүлк етпеді. Еш нәрсеге жаны ауырмады; селт етпеді. Жүрегі бұрды. Іш тартты, жақын тартты. Жүрегіне беріш [тас] болып қатты. Көңіліне дық болып ұялады; ойынан кетпес, жадында қалар кекке айналды. Жүрегіне біз сұғып алғандай болды. Шошып кетті, селк ете түсті. Жүрек басқа, жан басқа. Бөтен, жат адамдар. Жүрек басты. Сабасына түсті, жаны жай тапты. Жүрегімен білді [сезді]. Сезді, байқады. Жүрегін берді. Ынтық болды, ғашық болды. Жүрегінің дегбірі кетті. Жүрегінің дүрсілі басылмады. Көңілі алып-ұшты, толқыды. Жүрек дүбірледі. Жүрегі дүрсілдеді, тарсылдады. Жүрек дүрсілі. Жүректің лүп-лүп еткен соғысы. Жүрек дерті. Ғашықтық, құмарлық. Жүрегі дауалады. Батылы жетті, қаймықпады. Жүрегі дауаламады [қобалжыды]. Батылы бармады, тайсалды, қаймықты. Жүректі бауыздау. Сойылған мал жүрегінің қос қапталындағы саңырауқұлақтарының (құлақшаларының) кесілген орнынан бастап төмен қарай жүректі екі жағынан тілу. Жүректі дерт алды. Күйік шалды; қайғыланды, қапаланды. Жүрегі дүрс-дүрс соқты [етті]. Жүрек лүп-лүп етіп, қатты жұмыс істеді. Жүрегі дір етті. Қорқыныш биледі, селк етті. Жүрек ерік бермеді. Мазасын алды, тыным таптырмады. Жүрегін елжіретпеді. Мыңқ етпеді, мән бермеді. Жүрегі [ет жүрегі] елжіреді. Буыны босады, жаны ашыды, мейірленді. Жүрегі еріді. Жаны ашыды, аяды. Жүрекке жалау байлады. Үміттендірді, үміт берді. Жүрегіне жылу берді. Нәрлендірді, көрік берді, рух, шабыт сыйлады. Жүрекке жылы тиді. Көңілге қона кетті, жанға жақын болды. Жүрек жалғау. Тамақтану, аздап тамақ ішу. Жүрек жарасы. п о э т . Жан ауыртатын жағдай. Жүрек жалынын жандырды [қозғады]. Құмар етті, ғашық етті. Жүрек жарған. Шынайы, жүрекжарды, таза. Жүрек жарды қуаныш. Қуанышқа кенелтер, шаттыққа бөлер жақсы хабар. Жүрек жары. Ғашығы, сүйгені. Жүрек және қан тамыр неврозы. м е д . Жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Жүрек жұмбағы. Сыр, құпия. Жүрек жұтқан батыр. Асқан қайсар, еш қорықпайтын, тайсалмайтын ержүрек. Жүрек жылады. Қиналды, азапқа батты. Жүрек жылылығы. Мейірім, шапағат. Жүрегін жаралады. Жанына жара салды, қинады. Жүрегін жарып шыққан. Шынайы, жүрек жарды. Жүрегін жеді. Мазасын алды, маза бермеді. Жүрегін жылытпады. Әсер етпеді, әсері болмады. Жүректің жалынын жоғалту. Алғашқы екпіннен, алаулаған сезімнен айырылу, басылу. Жүрегі жанып-күйді. Жүрегі аузына тығылды, атқалақтады. Жүрегі жарылды [жарыла жаздады]. э к с п р .а) Қатты қуанды. ә) Қатты қорықты. б) Өліп кетті. Жүрегі жарылу. Қатты қуанғаннан ішін сезім кернеу, толу. Жүрегі жарым. Қорқақ, жүрегі нашар, дәті берік емес (адам). Жүрегі жасыды. Тауы қайтты, тауы шағылды, ұнжырғасы түсті. Жүрегі жоқтық. Жасықтық, батылсыздық, ынжықтық. Жүрегі жұмсақ. Ізгі жүректі, адал көңілді, адал пейілді, рақымшыл. Жүрегі [ет жүрегі] жылыды [жібіді]. Жаны ашыды, аяды, мүсіркеді; жаны тебіренді, еміренді. Жүрегі жібімеді. Жаны ашымады, мейірі түспеді. Жүректегі жараны жазды. Қайғысына ортақтасты, көмектесті. Жүректі жандырды. Тебірентті, толқытты. Жүрегі зу етті. Шошып кетті, қорықты. Жүрегі [жүрегіне] зырқ етті. Бір нәрсе жанына жайсыз тиді, қатты әсер етті. Жүрегін күпті қылды. Уайымға салды, уайымдатты, бей-жай етті. Жүрегі кеудесіне сыймады. Қатты қорықты. Жүрегі кекке толы. Кекшіл, өшіккен, кектенген. Жүрегі киіз болды. п о э т . Меңіреу болды, мейірімсіз болды, елең қылмады. Жүрегі көтерілді. a) Жүрегі айныды, құсқысы келді. ә) Қорықты. Жүрегіне қанжардай қадалды. Қатты тебірентті, толқытты. Жүрегіне қашалды. Мәңгі есте қалды, ұмытылмады. Жүрегіне қаяу салды. Көңіліне кірбің ұялатты, ренжітті, кейітті. Жүрегіне өрт түсті. Ғашықтық жалыны жанды, күйінді, күйзелді. Жүрек [сезім] қылын шертті [қозғады]. Жан дүниесіне, түйсікке қатты әсер етті. Жүрек қыжылдады. Қарын қышқылы (запыран) артты. Жүрегі қайтпады. Қаймықпады, қорықпады. Жүрегі қайтты. Қорқып қалды. Жүрегі қалтырады. Қорықты, есі шықты. Жүрегі [ет жүрегі] қан жылады. Егілді, езілді. Жүрегі қамырдай езілді. Қатты елжіреді, еміреніп еріді. Жүрегі қара. Қара ниет, ешкімге мейірімі жоқ. Жүрегі қарайды. а) Қарны ашты, жүрегі сазды, тамақ ішкісі келді. ә) Ниеті бұзылды, жамандық ойлады. Жүрегі қарс айырылды. Көкірегі қайғы-шерге толды. Жүрегі қатал. Мейірімсіз, қатал. Жүрегі қобалжыды. Жаны жай таппады, мазасызданды. Жүрегі қозғалды. ж е р г . а) Жүрегі айныды. ә) Қатты қорықты, шошып кетті. Жүрегіне қорқыныш ұялатты. б е й н . Үрейлендірді, сескендірді, қорқытты. Жүрегі қысылды. Қиналды, жүрегі аузына тығылды. Жүрегі лүпілдеді [лүпіл қақты, лүп-лүп етті]. Жүрегі жиі-жиі соқты, қобалжыды. Жүрегі лық ете қалды [түсті]. Қатты қорықты, үрейленді. Жүрегін мұздатты. Көңіліне қаяу түсірді, жабырқатты. Жүрегін мұң қарыды. б е й н . Мұңайды, іштей уайым-қайғы жеді. Жүрегі май ішкендей кілкілдеді. Көңілі қобалжыды, тынышсызданды. Жүрегі мұз болды. Көңілі қалды, жек көрді. Жүрегіне нұр тұнды. Мейірленді, жүрегіне ыстық, ынтық сезім ұялады. Жүрегі орнына түсті. Көңілі жай тапты; күдігі сейілді. Жүрегі от боп жанды. Күйінді, күйзелді. Жүрегі орнықты. Көңілі жай тапты, орнына түсті, күдігі сейілді. Жүрегі өрекпіді. Жүрегі қатты соқты, көңілі қобалжыды. Жүрегі өрт [от] боп жанды [өртенді]. Өзегі өртенді, қапа болды, қайғырды, уайымдады. Жүрегінде сәуле бар [болды]. п о э т . а) Нәзік сезім, сұлулықты түйсіну қабілеті бар. ә) Болашаққа деген сенім, ақ арман,үкілеген үміті бар. Жүрек сәулесі. Жан жылуы, мейірім-шапағат. Жүрек сөзін ұқтырды. Ынтықтығын, сүйіспеншілік сезімін білдірді, айтып жеткізді. Жүрек сызы. Мұң, шер. Жүрек сыры. Көңілдегі түйткіл, ой. Жүрегімен сағынды. Шын сағынды, жан-дүниесімен аңсады. Жүрегімен сезінді. Жан-тәнімен сезінді, түсінді. Жүрегі сазды. Тамақ ішкісі келді, қарны ашты. Жүрегі селт етпеді. Именбеді, қорықпады. Жүрегі соқты. Тірілді, жаны кірді. Жүрегі сөйледі. Жаны тебіренді. Жүрегі суылдады. Зәресі ұшты, үрейленді. Жүрегі сыздады. Қайғырды, қапаланды. Жүрегін оятты. Түрткі болды, қозғау салды. Жүрегіне тиді. а) Май немесе майлы ас тәбетін қайтарып тастады. ә) Бетін қайтарды; көңіліне тиді. Жүрегіне тікен қадалғандай. Жайсызданып, мазасынан айырылғандай, жанына батқандай. Жүрегінің мүйізі бар [мүйіз жүректі]. Ештеңеден қорықпайтын, сескенбейтін; батыл. Жүрегінің түбіне кір жасырмады. Көңіліне дық қалдырмады. Жүректе тұрды. Ұмытылмады, естен кетпеді. Жүрегінің түгі бар. Еш нәрседен сескенбейтін, қорықпайтын (адам). Жүрегін тебірентті. Көңіл күйіне қозғау салды, шабыттандырды. Жүрегін тырнады. Қайғы жамады, азапқа батырды. Жүрегін тілді [шабақтады]. Қинады, азаптады. Жүрек түбіне жетті. Жатталып қалды, орнықты. Жүрегі таза. Ақкөңіл, көңілі таза, пейілі кең. Жүрегі тайынбады. Жасқанбады, айтқан бетінен қайтпады. Жүрегі талды. Қарны ашты, ашығып, әлсіреді. Жүрегі талықсыды. Қиналып, әлсіреп кетті; есі ауып кетті. Жүрегі тартты. Жаны жақсы көрді, ұнатты. Жүрегі тас төбесіне шықты. Екі көзі шарасынан шыға қатты қорықты, шошып кетті. Жүрегі [тайдай] тулады. Жүрегі қатты соқты, аузына тығылды. Жүрегі түршікті. Шошынды, қорықты, тітіренді. Жүрегі тілінді. Жанды азапқа салды, қинады. Жүрегін ұсынды. Көмегін аямады. Жүрегін ұшырды. Қатты шошытты, зәресін алды. Жүрегі ұшты. Қатты қорықты, зәре-құты қалмады. Жүрегі үзілді. Өзегі талды, қарны әбден ашты. Жүрекке [жүрегіне] ас батпады. Сабырсызданды, көңілі орнына түспеді, көңілі күпті болды. Жүрекке дақ [жара] түсті [қалды]. Қайғы-өкініш ұялады, өксікті өкініш меңдеді. Жүрекке шапты. Ауру әбден асқынды. Жүрекке шаттық толды. Әбден қуанды, шаттанды. Жүрек шайлы болды. ж е р г . Жүрегі шайлықты. Жүрек шырағы. п о э т . Көңіл үміті, медеуі. Жүректен шыққан. Шынайы, жүрекжарды. Жүректің бұйрығы. Көңіл қалауы, еркі. Жүрегінің шерін басты. Көңілін көтерді, қайғы-мұңнан серпілтті, сейілтті. Жүрегі шайлықты [шайылды]. Қорықты, сескенді; беті қайтты, тауы шағылды. Жүрегі шыдамады. Батылы жетпеді, дәті бармады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет