ЖЫҒУШЫ з а т . к ә с . Малды жығатын адам. ЖЫҒЫЛ= е т . 1.Құлау, омақасу.2.Біржағына қарай қисаю, жантаю, жату.3.Күресте жеңілу, жауырыны жерге тию.4. а у ы с . Жеңілу, бағыну. // Келісу, сенікі жөн деу.5. а у ы с . Бір нәрсенің билігін сұрау, жүгіну. 6. а у ы с . Төсек тартып жатып қалу, ауыру.7. а у ы с . Құлатылу, сулатылу.8. а у ы с . Әбден сілелеу, ұйқыға кету.9. а у ы с . Отырып қалу, батпаққа бату. Жығыла жабысты.Қатты өтінді.Жығылғанға [жығылған үстіне] жұдырық.Сорға сор қосылып, бұрынғының үстіне жаңа бәле жабысты деген мағынада. Жығылған [жығылып жатып] сүрінгенге күледі.Өз мініне, өз бойына қарамай, біреуді менсінбей, мінейді, сынайды.Жығылса, жер көтереді. Не де болса тәуекел деген мағынада. Жығылып қалу. а) Жерге құлап түсу. ә) Жеңілу, жеңіліп қалу. ЖЫҒЫЛА ү с т . Әбден, жеріне жете; барынша. ЖЫҒЫЛА-СҮРІНЕ= е т . Сүрініп-қабыну, құлап-тұру. ЖЫҒЫЛТ= е т . Құлату, омақастыру. ЖЫҒЫЛУЖығыл етістігінің қимыл атауы. 1.Құлау, шаршау.2. а у ы с . Берілу, жеңілу. ЖЫҒЫЛУЛЫ с ы н . Жығылған, жеңілген, құлаған. ЖЫҒЫЛУШЫ з а т . с ө й л . Артта қалушы. ЖЫҒЫЛЫҢҚЫ: жүні жығылыңқы.Беті қайтқан, сағы сынған; жүзі сынық. ЖЫҒЫЛЫП-СҮРІНІП ү с т . 1.Бір құлап, бір тұру; сүріншектеу.2.Әрең, зорға. ЖЫҒЫЛЫС з а т . Жығылғандық, омақасқандық; жеңіліс. ЖЫҒЫН с ы н . ж е р г . Бір топ, жиын. ЖЫҒЫНДЫ с ы н . ж е р г . Міндетті, қарыздар. ЖЫҒЫҢҚЫ: жүні жығыңқы.Сағы сынған, беті қайтқан. ЖЫҒЫҢҚЫРА= е т . Жатқызыңқырау, бір жағына қарай қисайтыңқырау.