ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҮПТЕ= е т . Жөн көру, құптау. ЖҮПІРЛЕ=



бет35/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
ЖҮПТЕ= е т . Жөн көру, құптау.
ЖҮПІРЛЕ= е т . Жүпір-жүпір ету, топырлау, топтану.
ЖҮПІРЛЕУ Жүпірле етістігінің қимыл атауы.
ЖҮР= е т . 1. Адам, мал, аң, тағы басқалардың аяғын басу арқылы бір жерден екінші жерге жетуі, бару. 2. Пойыз, мәшине, трактор т. б. техникалардың мотор күшімен орнынан қозғалып, ілгері қарай жүйткіп кетуі; қатынау. 3. Бір жаққа бет алу, жолға шығу, сапарға аттану; кету. 4. Механизм тетіктерінің іске қосылуы, жұмыс істеуі; қозғалу. 5. Карта, шахмат, дойбы т. б. ойындарда кезегі келгенде ойнау; тасын (фигурасын) қозғау. 6. Қозғалу, жылжу. 7. а у ы с . Өмір суру, тіршілік ету. 8. а у ы с . Көңілі жақын болу. 9. а у ы с . Өтпеу, іске аспау.10. Толық мағыналы етістік сөздермен тіркесіп келіп, шақтық мағына үстейтін көмекші сөз.
Жүрген жері дарқан. Жүрген жері ойын-күлкі; береке-молшылық. Жүре жауап берді. Немкетті айта салды. Жүре келе. Үйреніскен соң, кейіннен.
Жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы. м е д . <ағыл. acquired immune defiiciency syndrome> Адамның иммундық жүйе қызметі бұзылуының салдарынан әртүрлі індеттер мен қатерлі ісіктер, т.б. пайда болатын жұқпалы ауру, қысқарған атауы ЖИТС (СПИД), жаңа ғасыр індеті. Жүре пайда болған иммунитет. м е д . Жұқпалы аурудың қоздырғыштарының әсерінен науқас адамның ағзасында қорғаныш заттардың түзілуі. Жүре соғыса отырып өту. ә с к . Шабуыл барысында шабуылдаушы әскердің қарсы жағада қарсылас қорғанып жатқан су кедергісінен өтуінің негізгі тәсілі. Жүрген жеріңе шөп шықпасын. қ а р ғ ы с . Ісің өрге баспасын, жолың болмасын деген мағынада. Жүре тыңдады. Көңіл бөлмеді, жөнді тыңдамады. Жүре шабуылдау. ә с к . Қорғанатын қарсыластарға қарсы шабуыл жасаудың негізгі әдісі. Жүрген аяққа [жүргенге] жөргем ілінеді [ілігеді]. Еңбек еткен бос қалмайды; пайдаға, олжаға кенеледі, табысты болады. Жүрген жері шалқар көлдей береке. Қайда жүрсе де ырыс-несібесімен,береке-бірлігімен жүретін кеңпейіл, ақжарқын адам туралы айтылады. Жүріп кетті. Демі үзілді, жан тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет