ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет47/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛАНБАУЫР1 с ы н . 1. Жыланның бауырындай; ирелеңдеген (қамшы). 2. Шынжыр табанды (трактор). // Шынжыр табанды трактор.
ЖЫЛАНБАУЫР2 з а т . қ о л ө н е р . Жыланның бауырын көзге елестетін ою-өрнек түрі.
ЖЫЛАНБАУЫРЛАЙ ү с т . Ақырындап.
ЖЫЛАНБӨКТЕРГЕН з а т. а с т р . Эксаторлық шоқжұлдыз.
ЖЫЛАНБҮРКІТ з а т . з о о л . <лат. circaetus gallicus> Қауырсыны қоңыр-қызғылт, денесінің үсті тұнжыр, төменгі жағы ақшыл, бауырында, құйрығы мен қанат ұштарында көлденең жолақтары бар қаршыға тұқымдас жыртқыш құс.
ЖЫЛАНДАЙ с ы н . Жылан сияқты.
Жыландай жарау ат. Таң асып, жаратылған ат туралы айтылады. Жыландай [кірпідей, жыланша] жиырылды. Жақтырмады, жаратпады, ұнатпады. Жыландай [жыланша] шұбатылған. а) Ирелеңдеген, ирең-ирең еткен. ә) Ұзыннан-ұзақ созылған.
ЖЫЛАНЖАЙ з а т . Жыландарды қолдан арнайы өсіретін тәлімбақ.
ЖЫЛАНЖЕГІ з а т . с ө й л . з о о л . Жыланжегіш қыран.
Жыланжегіш қыран. з о о л . <лат. circaetus gallicus> Сұңқартәрізділер отряды, қаршығатәрізділер тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
ЖЫЛАНЖҮЗГЕН б о т . <лат. colubrinum> Кирказондар тұқымдасы жүзген туысына жататын өсімдіктің түрі.
ЖЫЛАНИРЕК с ы н . Түзу емес, ирелеңдеген.
ЖЫЛАНКӨЗ1 з а т . м е д . < лат. fistula> Әртүрлі патологиялық жағдайға байланысты адам денесінде пайда болатын тесік.
ЖЫЛАНКӨЗ2 з а т . 1. Заттардың бетіне мәнер салу үшін қолданылатын аспап. 2. қ о л ө н е р . Ою-өрнек түрі.
ЖЫЛАНКӨЗ3 с ы н . 1. Жыланның көзіндей; жылт-жылт еткен. 2. Жылтыраған, кішкентай, болмашы.
ЖЫЛАНКӨЗДЕН= е т . Жылтылдау, жылтырау.
ЖЫЛАНҚАЙЫР с ы н . Болмашы, кішкене.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет