ЖЫЛА= е т . 1.Қайғыдан, реніштен, ауырғаннан көзден жас шығару. 2.Зар еңіреу, зарлау, зарлану, іштегі зарын шығару.3.Жоқтау, дауыс шығару. 4.Өкіру, қатты жылау.5. а у ы с . Қайғыру.6. а у ы с . Қиналу, жапа шегу.7. а у ы с . Сағыну, іздеу.8. а у ы с . Еңсесі түсу.9. а у ы с . Шағыну.10. а у ы с . Қоштасу, мауқын басу.11. а у ы с . Аңдардың дауыс шығаруы.12. а у ы с . Жауын жауу. Жылағанды жұбатты [уатты].Басында қайғысы бар адамды жұбатты, қамқор болды, қамқорлық жасады. Жыламаған бала, боздамаған ана қалмады.Азапқа түспеген адам қалмады, бәрі қиналды.Жыламаған балаға ас [емшек] бермейді. Өзі емеурін білдірмесе, жайын айтпаса, біреуге біреу қол ұшын бермейді, көмектеспейді деген мағынада.Жыламай жүр. т і л е к . Бағың ашылсын, бақытты бол. Жылап ақты. п о э т . Судың, өзен, арықтың ағуы.Жылап амандасу.Көрісу.Жылап жүрмесін. т і л е к . Бақытты болсын.Жылап келді.Іңгәлап туды, жылап туды.Жылап көрісті.Сағынып жолығысты, зарығып кездесті. Жылап қалды.Қимады, жібергісі келмеді.Жылап өтті.Қиыншылықта, кедейшілікте өмір кешті.Жыласа жасын көрмеді.Қиыншылық көргенін сезбеді. ЖЫЛАЙ-ЖЫЛАЙ ү с т . Әбден жылап, қатты қайғырып. ЖЫЛАЙ-ЖЫРЛАЙ ү с т . Жоқтай,зарлай. ЖЫЛАЙМАН с ы н . с ө й л . Жыларман. ЖЫЛАМСЫРА= е т . Жылайын деу, жылауға шақ қалу. ЖЫЛАМСЫРАУ Жыламсыра етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛАМЫҚ с ы н . ж е р г . Суланған, жасаураған. ЖЫЛАН з а т . 1. з о о л . <лат. serpentes> Бауырымен жорғалаушылар тобына, қабыршақтылар отрядына жататын омыртқалы жәндік.2. а у ы с . Жамандық.3. а у ы с . Араға іріткі салушы, арамза, жауыз сұм (адам). // Залым, жауыз, сұм.