Жылан арбап отыр.Қатты ойға кеткен адамға қарата айтылады.Жыландай белі бүгілген.Жарау ат туралы айтылады. Жылан жайлады.Жылан қаптады.Жылан жалағандай. a) Еш нәрсе жоқ, тып-типыл, тап-тақыр. ә) Тап- таза, мұнтаздай.Жылан жорғалап өткендей болды.Қатты шошынды. Жылан жүріс.Аяқ басысы білінбейтін, сыбдырсыз жүріс.Жылан жүрісті.Ізін білдірмейтін, зымиян әрекетті. Жылан жылы.Ұлу жылынан кейін, жылқы жылынан бұрын келетін мүшел есебінің алтыншы жылы.Жылан көз.Қарашығы тарыдай, кішкене, өткір көз.Жыланның аяғын көрген. ж е р г . Әккі, алаяқ, қу.Жылан торғайды арбап жейді.Қолға түсірудің әрқилы тәсілі бар деген мағынада айтылады.Жылан уы.Улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат.Жылан шағып алғандай.Бірден, оқыстан шар ету.Жыланының басы қайтсын.Ішіп қансын, ашқарақтығын бассын деген мағынада. ЖЫЛАН= е т . 1.Көзден жас шығару.2. а у ы с . Жоқ-жоқ деп зарлай беру, өз-өзінен бейшара болып көріну. ЖЫЛАНБАЛЫҚ з а т . з о о л . <лат. anguilla anguilla> Тұрқы 3 м-ге, салмағы 65 кг-ға дейін жететін, терісі тегіс, қабыршақсыз, жылан тәрізді сүйекті балықтардың бір отряды. Жыланбалық тәрізділер. з о о л . <лат. anguilliformes> Сүйекті балықтардың бір отряды. ЖЫЛАНБАС_2'>ЖЫЛАНБАС1 з а т . б о т . Басында жүгері тәрізді дәні бар, мысыққұйрық тектес шөп. ЖЫЛАНБАС2 з а т . ж е р г . Басы жыланның басына ұқсас, үсті өте жылтыр кесіртке. ЖЫЛАНБАС3 з а т . ө с . <лат. dracocеphalum> Еріндігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. ЖЫЛАНБАС4з а т . э т н . Көз тимесін деген ырыммен балалардың тақиясына тағатын жыланның кептірілген бас сүйегі. Жыланбас білезік. қ о л ө н е р . Екі басын сүйірлеп, жыланның басына ұқсатып жасаған білезік түрі.