Жыл артынан жыл өтті. Көп уақыт өтті.Жыл басы. а) Жылдың алғашқы айы. ә) Қолданыстағы күнтізбе бойынша қаңтар айы. б) Шығыс күнтізбесі бойынша наурыз айы.Жыл бойы.Бүкіл жыл ішінде; ұдайы, үнемі.Жылдан-жылға.Жыл өткен сайын.Жылдар – қазы.Өткен өмір сыншы деген мағынада. Жылдар озды.Уақыт өтті.Жылдар өтті.Уақыт жылжып, өмір өтті.Жыл жарымдай. Бір жылдан аса, екі жылға жуық.Жыл жылжыды.Уақыт өте берді.Жыл келді.Жаңа жыл басталды.Жыл қайырды. а) Азия халықтарында қолданылатын, ұзақтығы 12 жыл уақытпен есептелетін мүшел есебі, байырғы күнтізбелердің бір түрі. ә) Жыл есебін ескіше жасады, ай күнтізбесі бойынша есептеді.Жыл құрғатпай.Уақыт жібермей, жыл сайын. Жыл құсы. а) Қысқа қарай қоңыржай және салқын аймақтардан жылы жерлерге ұшып кететін құстар. ә) Жақсының басы; жаңалықты ендіруші, бастаушы.Жыл құсындай болды, келді.Анда-санда, аракідік келді.Жыл құсындай тартты. Зулады, кейін қайтты.Жыл мезгілдері.Аспан сферасы (эклиптика) бойымен қозғалатын Күннің көрінерлік қозғалысына және табиғаттағы маусым өзгерістеріне байланысты жылдың кезеңдерге бөлінуі.Жыл он екі ай.Жыл бойы; жылына.Жыл сайын.Әр жылда, жылда.Жыл санап.Жыл өткен сайын.Жыл санау.Үлкен уақыт аралықтарын есептеу жүйесі.Жыл толды.Он екі ай өтіп, бір жыл болды.Жыл уағы.Бір жыл.Жыл шығару. ж е р г . Малды қыстан аман шығару. Жыл шықты. ж е р г . Ауыр қысты бастан өткізді. Жылын беру. э т н . Қайтыс болған адамның өмірден өткеніне бір жыл толуына орай еске алып, ас беру дәстүрі.Жылын өткеру. э т н . Жылын жасау.Жыл [күн, сағат] санап. Жылдан-жылға, күннен-күнге, сағат сайын. Жыл соңынан жыл жетті.Талай жылдар өтті.