ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҰПЫНЫ с ы н . Қарапайым, қарабайыр, сүреңсіз. Жұпыны киім



бет12/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҰПЫНЫ с ы н . Қарапайым, қарабайыр, сүреңсіз.
Жұпыны киім. Қарапайым, арзан матадан тігілген киім.
ЖҰПЫНЫ-ЖҰТАҢ с ы н . Нашар, жетімсіз.
ЖҰПЫНЫЛАУ с ы н . 1. Қарапайымдау, қораштау, сүреңсіздеу. 2. Сыпайылау.
ЖҰПЫНЫЛЫҚ з а т . Қарапайымдылық, сүреңсіздік.
ЖҰПЫТСУ= е т . ж е р г . Надансу,мүләйімсу.
ЖҰРАҒAТ з а т . 1. Үрім-бұтақ, әулет. 2. Алыс-жақын, ағайын.
ЖҰРАҒАТТЫҚ з а т . Ағайындық,туыстық. // Үрім-бұтаққа тәндік.
ЖҰРБАЙ з а т . з о о л . Дала бозторғайы.
ЖҰРДАЙ е с і м . Түк жоқ, құралақан, мақұрым.
Жұрдай болды. Бәрінен айырылды, түк қалмады. Жұрдай етті. Бәрінен мақрұм қылды, дым қалдырмады. Жұрдай қылды. Тып-типыл етті, жоқ қылды, жермен-жексен етті.
ЖҰРДАЙЛЫҚ з а т . Түк жоқтық, дым қалмаушылық, құралақандық, мақұрымдық.
ЖҰРИЯТ з а т . ж е р г . Жұрт.
ЖҰРҚА1 з а т . к ө н е . Бір нәрсенің қалған қалдығы, сарқыншағы, тамтығы.
ЖҰРҚА2 Жүн-жұрқа қос сөзінің екінші сыңары.
ЖҰРҚАН з а т . ж е р г . Жамылатын көрпе.
ЖҰРНА з а т . к ө н е . Кедейшілік, таршылық, жоқтық.
ЖҰРНАҚ1 з а т . Бұрынғыдан қалған белгі, қалдық, жәдігер.
ЖҰРНАҚ2 з а т . г р а м м . Жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша.
ЖҰРТ1 з а т . 1. Ел-жұрт. 2. к ө н е . Патшалық, мемлекет, ел.
Жұрт аяғы басылды. Ел орынға отырды, тынышталды. Жұрт аяғын ауырлады. Қиналды, қысылды, жақтырмады. Жұрт жақсысы. Елдің сөз ұстар, бетке шығар, игі адамдары. Жұрт қамы. Ел мүддесі, хал-жайы, ахуалы. Жұрт қатарлы. Ел сияқты, басқалар тәрізді. Жұрт қыран-топан. Барлығының ішек-сілесін қатырған күлкі. Жұрт сұрады [биледі]. Ел басқарды, ел биледі, ұстады. Жұрттан алабөтен. Елден ерекше, басқадан оқшауырақ. Жұрттан асқан. Елден ерек. Жұрт тану. Ел білу, көпті көру. Жұрттан шыққан. к е й і с . Елден безген, жексұрын, азғын. Жұртты бастады. Халықты, елді соңынан ертті. Жұртын бермеді. Елін-жерін жауға алдырмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет