Сұрақтарға жауап беріңіз: Педагогтер мен командалардың инновациялық қызметін тиімді басқару үшін Сіз не істеуіңіз керек?
Мақсатқа жету үшін қандай басқарушылық шешімдер қабылдау керек?
Инновациялық және басқарушылық қызметтің әр кезеңінде инновациялық құзіреттіліктің қандай дағдыларын қолдану керек?
Мектептегі инновациялық қызметті басқаруға қатысты басшылардың әртүрлі типтерінің сипаттамаларын оқып зерделеңіз және кейс шешімінің нәтижелерін негізге ала отырып өз типіңізді анықтаңыз. 3-модуль бойынша Оқу құралындағы «Инновациялық құзыреттілік» тақырыбы бойынша басшылардың типтерін қарастырыңыз.
3.2.12-тапсырма. Білім беру ұйымы басшысының тұлғалық-кәсіби даму жоспарын құру қадамдары мен құрылымын зерделеп, талқылаңыз. Төменде ұсынылған құрылым негізінде тұлғалық-кәсіби өзіндік даму жоспарын әзірлеңіз.