3.8Автоматтандырылған электр жетектің координаттарын басқару датчигін таңдау.
Векторлық басқаруды іске асыру үшін өлшемдердің келесі түрлерін реттеу қажет: ротордың ағын ілінісуі, ротордың бұрыштық жылдамдығы, x және y осі бойынша статор тогының құраушылары. VFD – S жиілік түрлендіргіші қозғалтқыш жылдамдығының қосымша басқаруын пайдаланады. Демек ротор жылдамдығының ағымдық мәні мен ағын ілінісі ,статор тогы мен кернеудің ағымдық мәнімен есептеледі. Мұндай басқару әдісі жылдамдықты ұстау қателігі 1-5% аспайды. Дәлдікті жоғарлату үшін жылдамдық датчигін қосу мүмкіндігі қарастырылған. Нақты дәлдікті беретін импульсті жылдамдық датчигі. Ол импульстің жиілікті дәл қолданылуы, ротордың бұрыштық жылдамдығына тура пропорционалды.
Осыдан келе көлденең қозғалыс жетегінің жылдамдығын реттеу үшін датчиктің келесі түрлері қолданылады: жылдамдық, күй ,ток және кернеу. Ток пен кернеу датчигі жиілік түрлендіргішінің құрылымына ендірілген, ал жылдамдық пен күй датчигін оптикалық энкодер негізінде іске асырамыз. «Schneider Electric» фирмасының оптикалық инкрементальды энкодер келесі параметрлер бойынша таңдаймыз:
Максималды айналу жылдамдығы- 9000айн/мин; Жұмыстық температура аралығы - -20.... +800С; Максималды жиілік – 150кГц; Штрих саны – 1000; Қорек кернеуі - +15В;
Шығыс сигналының деңгейі - +10В; Білік диаметрі – 10мм.
50
4 Автоматтандырылған электр жетектің математикалық моделін дайындау
Жиілік түрлендіргіші бар асинхронды электр жетегінің жүйесін тұрғызу үшін соңғы уақытта жаңа нұсқа қалыптасты. Ол электр машиналарының жалпы теория базасында жазылған асинхронды қозғалтқыштың толық дифференциалды теңдеулеріне негізделген. Мұндай нұсқа векторлы басқару жүйесі деп аталатын жиілікті электр жетегінің басқару жүйесі құрылымын тұрғызу және асинхронды электр жетегін талдап , синтездеуді оңай тәсілдермен іске асыруға мүмкіндік береді.
Векторлы басқару жүйесін тұрғызу үшін лездік мәндер жайлы ақпарат пен ауалық саңлаудағы вектордың кеңістікте орналасуы, қозғалтқыштың статор тогының лездік мәні мен ротор жылдамдығы ескеріледі.[6 Бұл үшін біріншіден асинхронды қозғалтқыштың математикалық сипаттамасын қарастырамыз:
үшфазалы жүйе симметриялы болып келеді;
машинаның магниттік жүйесі қанық емес.
Векторлы басқару жүйесін синтездеу үшін үшфазалы машинаның
фазалық өлшемдерін элвивалентті екі фазалы машиналардың өлшемдеріне сәйкес түрлендіреді. Қозғалмайтын ортогональді координаттық осітерінде α , β үшфазалы өлшемнің Ua, Ub, Uc орнына , координаттық осьтерге вектордың U екі проекциясын аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: |