4.3 Автоматтандырылған электр жетектің виртуалды моделін құрастыру
Бөлімде көрсетілген автоматтандырылған электр жетектің функционалды сұлбалары, объектінің математикалық сипаты және басқару жүйесі негізінде MATLAB\Simulink программасында 16К20 жонғыш бұрама станоктың көлденең жіберу автоматтандырылған электр жетегінің компьютерлік моделін тұрғызу. Программалық қамтамасыздану үшін simulink кітапханасында барлық қажетті модельдеу блоктары бар Matlab R2012a
программасын аламыз.
ЖТ - АҚ электр жетек моделінің құрылымдық сұлбасы 4.6 суретте көрсетілген:
4.6 сурет – ЖТ - АҚ электр жетек моделінің құрылымдық сұлбасы
62
Сапа көрсеткіштерін анықтау және өтпелі процесстерді есептеу. Виртуалды модель арқылы көлденең беріліс электр жетегінің жұмысына сәйкес өтпелі процесстерді аламыз.Қозғалтқыштың қосылуы бос жүріс(Мхх =0,8 Н∙м) кезінде 157 рад/с жылдамдыққа дейін болғанда іске асады, бұл жылдамдықпен аспап, дайындамаға алып келінеді де сосын дайындаманы жону, жүктеме МC = 0,18 Н∙м мәніне бірден өскен кезде басталады. Электр жетектегі электрмагниттік процесстердің модельдеуін жүргіземіз. Технологиялық процесстердің талаптары бойынша жүктеме әрдайым қатысады. Жасанды модельдеу нәтижесінде алынған керекті диаграммаларды көрсетеміз.
Сурет 4.8 - Асинхронды қозғалтқыштың тұйықталған ЖТ-АҚ жүйесіндегі жылдамдық пен моменттің өтпелі процесстер қисықтары
Өтпелі процесстің ұзақтығы tӨТ=0,17c құрайды. Алынған нәтижелер электр жетектің талаптарына сай келеді. Станок электржетегінің жылдамдықтың өтпелі процесстерін және қозғалтқыштың моментінің сапалы мінездемелерін салыстыра отырып, бұл басқарулар жүйелерінің параметрлеріне синтез жасау және электржетектің жылдамдығының тұрақтылығын анықтауға мүмкіндік береді.
63
Қорытынды
Бұл дипломдық жобада бұрама жонғыш станогының автоматтандырылған электр жетегіне есептеу жүргізілді. Жұмыс барысында технологиялық процеске талдау жасалып және беру жетегінің жұмысы қарастырылған. Көлденең беру электр жетегіне қойылатын талаптар жүйелендірілді. Қазіргі кезде металл жонатын станоктарда қолданылатын жетектің негізгі түрлері қарастырылды. Осыған сәйкес электр жетек жүйесі таңдалды: жылдамдық қорапшасы бар реттелмейтін асинхронды қозғалтқыш орнына векторлы басқарылатын жиілік түрлендіргіш-асинхронды қозғалтқыш жүйесі таңдалынды. Типтік бөлшек үшін кесу режимін есептеу нәтижесінде қуаты 0,25 кВт 4AA63A4У3 электр қозғалтқышы таңдалды. Delta Electronics фирмасының UFD004S43 жиынтықты түрлендіргіші таңдалды. Векторлы басқарылатын асинхронды қозғалтқыштың құрылымдық сұлбасы ойлап құрастырылды оның элементтерінің параметрлері есептелінді. Автоматтандырылған электр жетектің математикалық моделін жинап, ол арқылы басқару жүйесінің реттегіштеріне синтез жүргізілді. Математикалық модель арқылы MATLAB\Simulink бағдарламасында имитациялық моделін құрастырылды, ол арқылы өтпелі процестерге есептеу жүргізілді. Модельдеу нәтижесінде іске қосқан кезде асыра реттеу параметрлерінің мәндері мен жүктеменің өзгеруі берілген деңгейден аспайтыны анықталды.
Өмір тіршілік қауіпсіздік бөлімінде металл өңдейтін цехтарда еңбек қорғау шарттарына талдау жасалынды. Өрттен қорғану іс шаралары .Жұмыс орнындағы ауа алмасу жүйесіне есептеу жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімінде жиілік түрлендіргіш базасында жасалған электр жетектің жаңа жүйесінің экономикалық тиімділігі қарастырылған.
86
Достарыңызбен бөлісу: |