Жұмсақ дәрілік қалыптардың тұрақтылығын тексеру


Жақпа майлардың сапасын және стандарттауын сынау. Бөлшектеп өлшеу және орама



бет6/6
Дата15.12.2023
өлшемі76,76 Kb.
#138528
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жұмсақ дәрілік қалыптардың тұрақтылығын тексеру

 Жақпа майлардың сапасын және стандарттауын сынау. Бөлшектеп өлшеу және орама.

  •  Жақпа майлардың сапасын және стандарттауын сынау. Бөлшектеп өлшеу және орама.
  • Дәрiлiк заттың қаптамасы - дәрiлiк заттардың бүлiнуi мен жоғалуынан қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан қорғау жолымен олардың айналымы процесiн қамтамасыз ететiн құрал немесе құралдар жиынтығы
  • Дәріхана жағдайларында орындалады – органолептикалық бақылау (түсі, иісі); МФ ХІ бас. әдістемесі бойынша микроскопиялық әдіспен, қатты бөлшектердің дисперстілік дәрежесін анықтау. Мазьдің берілген массасын, әрекет ететін заттардың таңдаулық – сапалық және сандық құрамын анықтау (сандық анықтаудың әдістемесі болған жағдайда (№214 бұйрығы). Фармацевтикалық кәсіпорындарда дәрілік затты сапалық сәйкестендіру және сандық анықтау, берілген массаны анықтау, МФ ХІ әдістемесі бойынша бөлшектердің дисперстілік дәрежесін анықтау міндетті болып табылады. Кейде нормативті-техникалық құжаттамаларға сәйкес мазьдардың рН көрсеткішін анықтайды (рН сулы). Міндетті түрде микробиологиялық тазалығын анықтау қажет. Бөлшектеп өлшеу және орама. Мазьдің аздаған мөлшерін шыны құтыға немесе сыйымдылығы 10,0нан 100,0 дейін полимерлі материалдан жасалған қақпақтармен оралатын полистиролға орналастырады. Бөлшектеп өлшеуді, кремдер бөлшектеп өлшеуде қолданылатын толтырғыш машиналар және басқа да дозатор-машиналар (УФМ-2) көмегімен жүргізіледі. Мазьдар үшін қолайлы орама тубалар болуы мүмкін. Олар белгілі маркалы алюминийден немесе полимерлі материалдардан дайындалады. Металдық тубалардың ішкі беті лакпен, ал сырты – маркировкасы түсірілетін эмальді бояумен қапталуы керек. Металдық тубалар әр түрлі сыйымдылықты (2,5-40,0) болуы мүмкін. Тубалар дайындауда полимерлі материалдар ретінде: полиэтилен, полипропилен, пливинилхлорид және т.б. қолданылады. Тубаның тұмсығын бушон – қақпағымен жабады. Зауыттарда тубаларды толтыру үшін туботолтырғыш машиналары немесе дозатор – машиналары қолданады. Көздік, вагиналық, уретралдық және ректальдік мазьдарды қолдану қолайлы болу үшін тубасы бар пеналдарға, пластмассадан жасалған ұштықтарды салады, бушонды шешуден кейін тубаға орайды.

Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет