Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы:
1. Жағдайды талдау,түпкі идея мақсатты анықтау
жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа өнім алуға қажеттіліктің пайда болуы)
проблеманы нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру)
проблеманы шешудің болжамын жасау,проблемадан шығатын міндеттерді анықтау;
2. Жобаны орындау(жүзеге асыру);
- жобаны орындау;
3. Қорытынды өнімді даярлау:
- қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау (презентация,жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б)
алынған нәтижелерді жинақтау,жүйелеу,талдау,қорыту;
қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында қорғау,
презентациялау;
қорытынды түйіндеу,зерттеу жобаларының жаңа проблемаларын ұсыну.
Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша сипаттамаларыда бар,оны оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыруды ескеру қажет.
Оқушылар жобасының сипаттамалары:
оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны;
күтілетін нәтижелердің алдын-ала эскиз, сұлба ретінде белгіленуі, белгілі
бір деңгейде нақтылануы және детальдары анықталады;
орындалу мезгілі нақтылануы;
нәтижені алуға бағытталған іс - әрекеттердің алдын – ала жоспарлануы;
бағдарламасы жасалуы – жобаның жалпы өнімін алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы; жоспарлануы;
жобалау әрекеттерін орындау барысында оның кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер жүргізіліп отыруы;
жобалаудың қорытынды өнімін ала отырып, оны жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай жоспарлау;
Достарыңызбен бөлісу: |