Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет44/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Проблеманы іс жүзінде шешу – іс жүзіндегі жүйені күтілетін жүйеге айналдыру мақсатында өзгертудің нақты процесі. Іс жүзіндегі шешімнің кейбір кезеңдерде проблеманы шешудің моделіне сәйкес келмеуі де мүмкін, бұдан жаңа проблемалар туындайды.
Педагогикалық жүйелерді басқару проблемаларын шешудің жолдары:
− проблеманы анықтау;
− проблеманың өзектілігін бағалау;
− шектеулер түрлерін белгілеу;
− проблеманы шешудегі күтілетін деңгейге жету дәрежесін анықтайтын критерийлерін айқындау;
− жүйенің проблеманы шешудегі мүмкіндіктерін талдау;
− проблеманы шешу жолдарының бірнеше нұсқасын жасау;
− нұсқаларға баға беру, тиімдісін таңдау;
− шешімді жүзеге асыру;
− шешімнің орындалу нәтижесін бағалау.
Өзгеріс объектілеріне жүйелердің мақсаттары, шарттары, мазмұны, қралдары, әдістері, оқыту, тәрбиелеу, басқару, т.б. процестер түрлері жатады.
Қазіргі инновациялық жаңғыртуларды ендіру барлық деңгейдегі, мемлекеттік мекемелер, жеке фирмалар, ірі корпорациялар болса да, белгілі бір ұйымның өмір сүруі мен дамуының басты элементі болып отыр. Жүйелілік тұрғысынан қарастыратын болсақ, инновациялар жүйені өзгертетін, оның дамуын келесі деңгейге көтеретін басты факторға айналды. Педагогикалық жүйелер қазіргі қоғамның басты салаларының бірі ретінде осы инновациялық өзгерістерді бастан кешіру үстінде.
Бүгінгі білім беру тәжірибесіндегі өзгерістеге байланысты басқару қызметі технологияларын жүзеге асырудағы басым бағыттар да өзгеруде, олар соңғы кездері стратегиялық көзқарасқа, дамытушылық сипатқа қарай ауыса бастады (кесте 2).

Кесте 2 − Жобалау басқару қызметі ретінде





Басқару түрі

Жүйенің жобалау объектісі ретіндегі жағдайы

Жобалау қызметі

Жобалау жиілігі

Жобалау әрекеті стратегия-сы

Әкімшілік басқару

Жүйенің қанағаттанарлық
жағдайы

Жүйені белгілі бір нормаға сай жетілдіру

Жоспарлау логикасы мен аясына сай

Жобалау объектісі ретіндегі
типтік ұқсастық
ты сақтау

Оңтайлылылық басқару

Кейбір бөліктері мен компоненттерінің қанағаттанарлық
сыздығы

Жаңа қасиеттерін, байланыстар мен қызметтерін дамыту

Бағдарла – малау мен құрастыру логикасы мен аясына сай

Инновациялық басқару

Қанағаттанарлықсыз, жүйенің жаңа қызметтерін қажет етеді

Тұтастық ішінен жаңа құрылымның қызметі мен орнын анықтау

Болжау мен модельдеу логикасы мен аясына сай

Жобалау объектісі ретіндегі
жүйелі трансфор –мациялану

Дамыта басқару

Қанағаттанарлықсыз, жүйенің жаңа түрлерін
Қажет етеді

Жүйенің түрін өзгерту

Жобалаудың өзінің логикасы мен аясына сай

Егер «жоба» тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда «жобаны жасау» оны құрастыру – қозғалыстағы күйі, өйткені ойлау әрекеттері ұйымдастырушының бірқатар ізденістік–зерттеу қызметтерін, ойлау операцияларын көздейді, олар: болжау, жобалау, модельдеу, құрастыру, т.б.. Ал жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының басқарушылық әрекеттеріне қатысты операцияларын – бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, түзету әрекеттерін қажет етеді.


Олай болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау қызметінің өз алдына жеке түрлері ретінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының бойында аталған әрекеттер жүйесі кіші деңгейде осы ретпен орындалып жатады. Мысалы, белгілі бір ауқымды проблеманы болжау барысында жоба жетекшісі төмендегідей жобалау әрекеттерін ретімен орындайды:

  • проблеманы нақтылау;

  • оның «болашағын» болжау – қазіргі жағдайдағы проблемалар, күні ертең шығуы айқын және алдағы уақытта пайда болуы мүмкін проблемалар;

  • оларды ескере отырып, басқару әрекетін дамытудың тиімді жолдарын жобалау;

  • қолайлы нәтижеге жету жолдарын жоспарлау;

  • қабылдануы қажетті шешімдерге баға беру;

Осы әрекеттердің ішіндегі ең маңызды рольді жобалау атқарады, өйткені,ол оған қатысты барлық әрекеттермен тығыз байланыста, сонымен қатар, аталған әрекеттердің барлығы да жобалау объектісі қызметін атқара алады. Кейіннен инновациялық қозғалыстың кеңінен тарауына байланысты бұл ұғымның өзі де нақтылана басталды, кейбір зерттеушілердің пікірінше, инновацияға тән қасиеттер ретіне мыналарды алуға болады:

  • жаңа қажеттіктерді қанағаттандыру;

  • жоғары дәрежедегі тәуекелге бару мен алатын нәтиженің белгісіздігі;

  • қарама қайшылықтар мен конфликтілердің шиеленісуі;

  • өзгерістер түрлерінің икемділігі;

  • күтпеген нәтижелердің пайда болу ықтималдығы;

  • жүйенің дамудың жаңа деңгейіне өтуі;

Бүгінгі қоғам дамуына тән жедел өзгерістер жағдайында басты мәселе үнемі туындап отыратын проблемалық ситуацияларды шешудің әдіс амалдарын табу болғандықтан, инновациялар үнемі өзгеріп отыратын жағдайға жауап беріп отырудың тиімді түрі болып табылады.
Педагогикалық жүйелерде туып отырған қазіргі проблемалық ситуация - қазіргі экономикалық қатынастарға еніп кетуе мүмкіндік беретін оқу нәтижелерін күтетін білім алушылар талабы мен осы талаптар мүддесінен көбінесе шыға алмай жүрген білім беру үрдісін басқару қызметі арасындағы қайшылық. Білім сапасын көтеру, оның мазмұнындағы прагматикалық компоненттерді күшейту бағытында өзгерту талаптары осыдан туындап отырған мәселелер.
Басқарудағы жобалау қызметінің алгоритмі жобалау үрдісінің үздіксіз циклын құрайды. Оның басталуы педагогикалық жүйелердегі әлеуметтік -мәдени ситуациялар талаптарына сәйкессіздіктері анықталған әрекет нормаларын өзгерту, қайта жаңғырту мақсатын көздейтін өзіндік сұраныстан, немесе сыртқы сұранысты қабылдаудан басталады. Сұраныстың қабылдануы немесе түсіндірілуі үшін басқарушының басқару әрекетін ұйымдастыру негізінде жетуді көздейтін түпкілікті нәтиже туралы нақты түсінігі болуы қажет. Сөйтіп, болашақ әрекеттің ең қарапайым және міндетті нормасы – әрекеттің мақсаты анықталады. әрекет мақсаты басқарушы айқындаған тұрғысы мен принциптеріне негізделеді. Одан соң әрекеттің берілген үлгісінен белгіленіп отырған күтілетін нәтижесіне жеткенге дейінгі барлық жолдары анықталады, ол кезеңдерге жүйелі түрде бөлініп көрсетілген әрекеттің нормасы жоспар болып табылады. Осылайша, барлық процедуралар мен оны орындауға қажетті құралдарды, орындалу мерзімін, алынатын аралық өнімдерін нақтылай отырып, басқарушы әрбір кезеңнің технологиялық сипаттамасын жасайды. Бұл норманы маңызы зор, өйткені, осы сипаттамаларды белгілеу барысында қажетті ресурстар анықталады.
4.2. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі
Бүгінде посткеңестік кеңістікте ғана емес, батыстың алдыңғы қатарлы дамыған елдерінде де білім беру жүйесін жаңғырту өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Зерттеушілердің айтуынша, экономикалық дамудың жаңа факторы ретінде инновациялық үдеріспен бірге өрлеп келе жатқан білімділікке сұраныс қалыптасуда, бұл экономика әлемде білімділік экономикасы деп аталуда. Европалық Экономикалық бірлесу және даму ұйымының (ОЭСР) көптеген елдерде жүргізген зерттеулері қорытындысында білім саласы «білім индустриясына» айналуы тиіс дей отырып, «білім беру жүйесінің өзі де білім алуы, одан әрі дамуы керек», өйткені, «білім нәтижелерін жақсарту үшін жүйелердің өздері тиімді» болуы қажеттігі атап айтылған. Европаның табысты болуының кілтібілімдар экономикаға тікелей байланыстылығы көптеген талдаулар арқылы дәлелденген.
Халықаралық ұйымдар, соның ішінде, Европалық білім қауымдастықтары да жаңа білім парадигмасының білім беру нәтижесіне бағдарлылық мазмұнын алға қоюда. Мысалы, біздің еліміз толық мүшесі болып қабылданған Болон процесі барлық деңгейлердегі білім беру ұйымындағы оқытудың қалыптасқан нәтижелері – білім, білік, дағдыға – қоса құзіреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған жаңа қажеттік деп бағалайды.
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, құзіреттілік сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар қазіргі заманның «білім алу заманына» айналып келе жатқанын көрсетеді. Соған сай білім үрдісінде «білім беруден – білім алуға», «оқытудан – оқуға» көшу парадигмасы білім беру жүйесі ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. Олар: білім беру мақсатын, күтілетін нәтижелерін нақтылау; білім беру процесін басқару әдістері мен технологияларын жаңарту, білім мазмұны мен білім беру үрдісін ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Біздің еліміздің білім беру саясатын айқындайтын «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту; екіншіден – ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру; үшіншіден – білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа «технологиялық толқын» талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Соған сай, білім беруді жаңғырту, оны қаржыландыруды тұрақты түрде арттыру арқылы 2020 жылдарға қарай білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңа жүйені қалыптастыру міндеттері нақтыланды.
Осы міндеттер бүгінгі таңда еліміздің білім беру мазмұны мен нәтижелерін жаңартуды қажет етеді. Адам капиталын дамытуды көздейтін жаңа экономикалық қатынастардың нығаюы мен әлемдік өркениетке ықпалдасу үдерісі білім берудің құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуде. Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының барлық буындарына арналған мазмұнында айқындалған. Ондағы негізгі өзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру белгіленуінде. Мысалы, 2008-2009 жылдары талдауға ұсынылған Жалпы орта білім беру стандартының 5 бөлімінде орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету» деп сипатталған. Аталған құжаттың 5.5 бөлімдегі «базалық білім мазмұны және әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтауға бағдар болып табылады», «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамиды. Түйінді құзыреттерге: ақпараттық құзырет; коммуникативтік құзырет; проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады» деген жолдар еліміздегі білім нәтижелерінің жаңа сапасын қамтамасыз етудің нақты қадамдарын көрсетеді.
Сонымен қатар, Стандарттардың «Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» туралы бөлімінде білім беруді ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар белгілеген. Мысалы, 9.4 бөлімде: «Білім алушылардың жеке және топпен өз бетінше іс-әрекетін жүзеге асыру үшін білім беру үдерісі білім, білік және құзыреттердің кіріктірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Білім беруді ұйымдастыруда білім алушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде олардың өзбетінше зерттеу жүргізулері негізінде субъективті жаңалық ашуларын жүзеге асыратын тақырыптық және пәнаралық жобалар басымдық танытады» делінген. Ал, 9.5 бөлімдегі «Мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік қатынаста құрылған оқу ортасы білім беру процесіне қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде мұғалім ұйымдастырушы ретінде сыныптағы оқушылардың жеке білім беру траекториясын іске асыруды қамтамасыз етеді, олардың сыныптан тыс оқу-іс-әрекеттерде бағдарлануына көмектеседі, өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді» деген міндеттер педагогикалық жүйелердегі білім беру процесін басқарушы педагогтардың жаңа әдістерді меңгеру ғана емес, алдымен осы бағытта қалыптасқан ой - пікірлерінің, жалпы педагогикалық біліктіліктері мен құзыреттіліктеріндегі жаңа сапалық өзгерістерді қажет етеді.
Осылайша, жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы және өзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім беру жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ұйымдастыру талаптарын қоюда. Қазіргі таңда білім беруді дамыту бағыттарын көрсететін бірнеше маңызды факторларды атауға болады. Олар:

  1. Жаңа білімді «туындату», немесе жаңа білім түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана жаңа білім көзі бола алатын) көптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына байланысты педагогтардың ролінің, сонымен қатар, білім беру мазмұнының өзгеруі;

  2. Педагогтардың бойында өз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін жаңа құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі;

  3. Қазіргі заманда өмір сүру барысында кез келген адамның құзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін түсіну;

  4. Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен тьюторлардың көмегімен, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі;

  5. Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа проблемаларды шеше алатын, ойлау мен инновациялық әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет етуі.

  6. Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, университеттердегі дәрістік–семинарлық формада жаттанды түрде берілуін өзгерту қажеттігі.

«Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, ағылшын зерттеушісі М.Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтық қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Кез келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес деген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет - ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден бір факторы педагогтарды дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» дейді.
Бүгінде түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерде көптеген инновациялық бағыттар пайда болып, жеке педагогтар тарапынан жаңа білім беру мазмұнын көздейтін оқулықтар мен бағдарламалар, оқытудағы ақпараттық - комуникативтік, интерактивтік технологиялар ретінде ендірілуде. Дегенмен де, заман талабынан туындап отырған білім берудің жаңа құзыретттілік нәтижелерін қалыптастыру педагогикалық ұжымның түгелдей теориялық дайындығын, әдістемелік және технологиялық тұрғыларын терең меңгеруін қажет етеді.
Білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа білім нәтижелерін қалыптастыруды педагогикалық ұжымдардағы өзгерістердің өзегі деп қарастырсақ, ұйымның оны қамтамасыз ететін инфраструктурасы, ресурстары болуы тиіс. Өйткені, жаңа нәтижелеріне бағытталған өзгерістер мазмұны білім беру ұйымын басқарушылардың қалыптасқан көзқарасын, ойлау әрекеттерін өзгертуді, жаңа құзыреттіліктерін дамытуды талап етеді. Сонымен қатар, педагогтардың ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын, мотивациялары мен ұстанымдарын, басқару стилі мен әдістері өзгертуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет