3. Сізге орман-тауға саяхаттаған ұнайды. Ол үшін кезекті саяхатыңызда жаяу немесе үй жануарларын таңдадыңыз. Жол үстіндегі көрген қызықты оқиғаңыз, кездескен кедергі мен ерекше әсеріңіз туралы 3 күніңізді сипаттайтын күнделік жазыңыз. Күнделігіңізде берілген афоризмді қолданыңыз.
Афоризмі: Жолаушыны жол сынайды. _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсыр ма№
Дескриптор
Балл
Білімалушы
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
1
- мәтіндердің стилін анықтайды;
- мәтіндердің жанрын анықтайды;
- стильдік ерекшеліктерін көрсетеді;
- жанр ерекшеліктеріне дәлел келтіреді;
- айырмашылығын ажыратады;
- күнделіктің жазу талаптарын сақтайды;
- саяхат барысындағы қызықты оқиғаны баяндайды;
- кездескен қиындығы туралы сипаттайды; - алған әсерімен бөліседі;
- екі өзгелік естісті қолданады;
- орфографиялық ережені сақтайды;
- ұсынылған афоризмдерді қолданады.
1
1 1 1 1
1
1
Барлық балл:
12
«Жолың болсын,жолаушы» бөлімі бойыншажиынтық бағалау
Сөйлеуәрекетініңтүрлері Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты 9.3.4.1. Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін салыстырып, талдау жасау. 9.4.3.1. Жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу
Бағалау критерийі Білімалушы: Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей деңгейлері
Орындау уақыты 15-20 минут
ІІ нұсқа Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.
А мәтіні
Ә мәтіні
– Нартай! – деді арт жағынан бір кісі. Нартай жалт қарады. Анда-санда көретін, екі-үш үйдің аржағында тұратын көрші әже екен. Тоқтап, шамалы күтіп тұрды да: – Амансыз ба? – деп амандасты жақын келген соң. –Аман ба, балам? Атаң келді ме? – деп сұрады қасына келген көрші әже. – Жоқ, – деді Нартай таңдана қарап. – Сағындың ба? Нартай үнсіз басын изеді. – Кеткелі біраз болды, келді ме… білейін дегенім ғой, – деді көрші әже қатарында келе жатқан Нартайдың басынан сипап. – Келіп қалар… әжеңе айт! Тоқым қақсын! Сонда тез келеді. Нартай түсінген жоқ. Бірақ бұл сөзді әжесіне айтып баруға уәде берді. – Әжеңе сәлем айт! Мен айтқан сөздердің бәрін ұмытпай, айтып бар, – деді көрші әже күліп. –Мақұл!– деді Нартай бұрыла бере. Келген бойда болған жайды түгел айтып берді. Әжесі күлді де қойды.
– Әже, тоқымқағар деген не? – деді Нартай. – Тоқым қағар деген…
Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс. Қамданыңдар Болашақ деген елге, Қандай біз сый-сияпат апарамыз? Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа? Жат қылықты қалдырмай апарғанда Жамандық атаулыны қалдырыңдар, Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар. Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар,
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
М. Мақатаев