Жоо мен орта мектептерде



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Пайдаланған  әдебиеттер
1. «Қазына қарттар қайда жүр?»Ана тілі газеті 23-29.10.2014ж
2.Д. Ізтілеу«Осы ма қазақ өмірің?!»мамыр2010ж
3.Г.Мұрынова «Қариясы бар үйдің қазынасы бар»makala.kz
181

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы  №161 Ынтымақ орта мектебі
Ғылыми жобаның тақырыбы: Тез әрі оңай есептеудің әдіс-тәсілдері
Ғылыми жобаны орындаушы: №161 Ынтымақ орта мектебінің 
7-сынып оқушысы Асан Үсен Қайратұлы
Жобаның жетекшісі: Математика пәнінің мұғалімі Сейітова Алма Пернебекқызы
Ғылыми жобаның жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ертедегі адамдар қалай санады?
2. Алғашқы есептеулер.
3. Мысыр тәсілімен есеп шығарудың тәсілдері.
4. Саусақпен көбейту.
5. Тез әрі оңай есептеудің әдіс-тәсілдері.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе 
Математика мектептегі ең маңызды сабақ және ол солай болып қала береді. Әрбір мектеп оқушысы өзінің болашақтағы
мамандығын   таңдай   біледі,   бірақ   математика   пәнін  оқу  өмірдегі   қарапайым   қажеттіліктер   үшін   қажет   екенін   түсінеді.
Мысалы, дүкеннен тауар сатып алу, коммуналдық төлемдерді төлеу, отбасылық бюджетті дұрыс жүргізу және т.б. 
Менің   пайымдауымша   мектепте   математика   пәнінің   негізгі   оқытылу   себебі   қарапайым   есептеулерді   жүргізуге   үйрету.
Сондықтан менің ғылыми жобамның  негізгі мақсаты  есептеуді жүргізудің тез әрі оңай әдіс-тәсілдерін үйрену және оны
мектептегі басқа оқушыларға тарату, үйрету.
Менің  ғылыми   жобамның   өзектілігі  қазіргі   уақытта   мектеп   оқушыларының   қарапайым   есептеулерді   шығару   кезінде
ауызша шығаруға қиналып, есептеудің оңай жолы калькуляторға жүгінетіндігінде. Математиканы оқып-үйрену адамның
логикалық   ойлау,   есте   сақтау   қабілетін   арттырады.   Сонымен   бірге   тез   шешім   қабылдауға,     нақтылыққа,   қиын   есепті
шешудің жолын табуға  бейім болады. Сондықтан мен өз жұмысымда қалай тез есептеу керектігін және есепті шығару
барысының қызықты әрі пайдалы болатындығын көрсеткім келеді.
Ерте замандарда адамдарға өздерінің күнделікті өмірінде кездесіп отыратын әртүрлі нәрселерді санауға тура келген. Сонда
адамның тек  екіге дейін ғана
 
   санай білетін шағы болған. Екі саны адамның көру және есту мүшелерімен, жалпы алғанда
нәрселердің нақтылы жұбы мен байланыстырылған.  Үнділердің  «көз»,  тибеттіктердің  «қанат» деген өздері «2» санын
білдіретін болған. Егер заттар саны 2-ден артық болса, алғашқы қауым адамы олар туралы тек «көп» дейтін болған. Адам
бірте – бірте ғана үшке дейін, одан кейін беске, онға дейін т.с.с. санап үйренген.
Уақыт өте  келе  адамдар сандарды атауды  ғана емес,  сонымен қатар оларды белгілеуді  де, сондай-ақ олармен амалдар
қолдануды да үйренді. «Натурал сан» терминін тұнғыш рет римдік ғалым А. Боэций (шамамен 480-514 жылдар) қолданған.
Натурал сан ұғымы қалыптасқаннан кейін сандар дербес объектілерге айналды.
ХІХ   ғасырда   ғалымдардың   назары   натурал   сандармен   есептеулер   жүргізуге   негіз   болған   теорияларды   құруға   және
логикалық   тұрғыдан   негіздеуге   аударылды.   Натурал   сандар   ұғымының   өте   қарапайым   және   табиғи   көрінетіні   сондай,
ғылымда ұзақ уақыт бойы оны қандай да болсын қарапайым ұғымның терминдерімен анықтау туралы мәселе қойылған
жоқ.Бөлшектердің пайда болуы шамаларды өлшеумен пайда болды. Ерте кезде адамдарға сауда – саттық және түрлі есептеу
жұмыстарында бөлшектер мен үлестерді есептеу қажет болған. Алғашында математикада бөлшектерді «сынық сандар» деп
атаған. Бөлшектер туралы түсініктің дамуында үш түрлі бөлшектер ұғымы қалыптасқан.
Бірлік бөлшектер – алымдары 1 болатын бөлшектер.
Жүйеленген бөлшектер. Жүйеленген бөлшектің алымы кез келген бүтін сан, бөлімі тек 10 санының немесе 60 санының
дәрежелері ғана болған.
Жалпы түрдегі бөлшек. Жалпы түрдегі бөлшектің алымы да , бөлімі де кез келген натурал сан болды.
     Бөлшектердің мұндай әртүрлілігі есептеу және өлшеу жұмыстарында көптеген қиындықтар туғызды.Бөлшек ұғымының
дамуы   ғылым   мен   сауда-саттық   жұмыстарында   өркендеген   елдерде:   Мысырда   ,   Вавилонда,   Үндістанда   және   Римде
қалыптасты.   Ертеде   әртүрлі   елдер   бөлшек   сандарды   белгілеуде   өздерінің   түрліше   символдарын   енгізді.   Мысалы,
мысырлықтар 1\10-ді Белгісімен, 1\2-ні-- белгісімен және 1\3 –ді -белгісімен көрсеткен. Ежелгі Үндістанда жай бөлшектерді
жазуда оның бөлшек сызығын  сызбай, алымын үстіне , бөлімін астына жазған.
Біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын жазу-сызу мәдениеті гүлденген, тарихқа әйгілі Мысыр елінің айтулы абыздары қосу,
азайту және көбейту есептерін алғаш рет шешкен және оны кең тұтынған.
Натурал сандарды арифметикалық қосу және азайту амалдары мысырлықтарда негізінен қазіргі кездегідей орындалатын, ал
көбейту және бөлуді мысырлықтар тізбектеп екі еселеу мен қосуға келтіретін.
Ежелгі   Мысыр   тәсілімен   есеп   шығарудың   ережелерін   қазақтан   шыққан   тұңғыш   физика-математика   ғылымдарының
докторы, ұлағатты ұстаз, профессор-математик, қазақтың Ұлттық Академиясының академигі, Қазақстан ғылымына еңбегі
сіңген   қайраткер   Орынбек   Ахметбекұлы   Жәутіков   өзінің   1969   жылы   жарық   көрген   математика   тарихы   жайындағы
еңбегінде көрсеткен.
Ежелгі Мысыр тәсіліменсандарды көбейту ережесінқарастырайық:
Екі қатар бағаннан тұратын кесте құрамыз;
182

Сол жақ бағанға 1-ден бастап екі еселенген сандарды, оң жақ бағанға екінші көбейткіштен бастап екі еселенген сандарды
жазамыз;
Әрбір келесі сан алдындағы санның екі есесіне (өзіне-өзі қосқанға) тең;
Сол жақ бағандағы соңғы сан бірінші көбейткіштен артпауы тиіс;
Сол   жақ   бағандағы   сандардың   ішінен  қосындысы   бірінші   көбейткішке   тең   болатын   сандарды  төменнен   жоғары  қарай
сайлап алып, солардың тұстарына көлбеу сызықтар қою керек;
Көлбеу сызықтар жүргізілген сандарға қарсы тұрған екінші қатардағы сандарды қосу керек.
Мысал 1.3 –ті 29 –ға мысырлықтарша көбейту үшін екі қатар бағаннан тұратын мынадай кесте құру керек:
/ 1
29
/ 2
58
1 + 2 = 3
29 + 58 = 87
Мысал 2.5 –ті 115 –ке мысырлықтарша көбейтейік:
/ 1
115
2
230
/ 4
460
1 + 4 = 5
460 + 115 = 575
Мысал 3.7 –ні 79 –ға мысырлықтарша көбейтейік:
/ 1
79
/ 2
158
/ 4
316
4 + 2 + 1 = 7
316 + 158 + 79 = 553
Мысал 4.13 –ті 15 –ке мысырлықтарша көбейтейік:
/ 1
15
2
30
/ 4
60
/ 8
120
8 + 4 + 1 = 13
120 + 60 + 15 = 195
Мысал 5.12 –ні 18 –ге мысырлықтарша көбейтейік:
1
18
2
36
/ 4
72
/ 8
144
8 + 4 = 12
144 + 72 = 216
Мысал 6.Көбейтуді орында:
/ 1
34
183

2
68
4
136
/ 8
272
/ 16
544
16 + 8 + 1 = 25
544 + 272 + 34 = 850
Осы әдісті көбейткіштердің бірі тұрақты болып келетін кейбір жағдайда қолдану ұтымды болады.
Мысалы, мынадай есепті шығару керек болсын:
Алыс сапарға баратын поезд орта есеппен 57 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Ол 8 сағатта қандай ара қашықтықты жүріп
өтеді? 12; 15 сағатта ше?
Келесі кестені құрайық:
/ 1
8
12
15
2
16
24
30
4
32
48
60
/ 8
64
96
120
/ 16
128
192
240
/ 32
256
384
480
256+128+64+8 = 456
384+192+96+12 = 684
480+240+120+15 = 855
км;
км;
км.
Ертеде Египетте адам өлген соң о дүниеде қолдағы саусақтармен есептеу жүргізіп, өз ісіне жауап береді деген діни
көзқарас болған. Бұл дегеніміз ертеде египтяндар қол саусақтарының көмегімен есептеулер жүргізгенін білдіреді. Саусақпен
1-ден 9-ға дейінгі кез келген сандарды бір-біріне көбейтуге  болады. Мысалы 3х9 алсақ, үшінші  саусағыңызды бүгесіз,
бүгілген саусаққа дейінгі саусақ санын бір санап аласыз (ол 2-ге тең), бүгілген саусақтан кейінгі саусақ санына қарайсыз (ол
7-ге тең). Сонда 3х9 тең болады 27. 
Сандарды тез әрі оңай есептеудегі менің әдіс-тәсілдеріме тоқталып өтсем. Сандарды 4 санына көбейту және бөлу.
Сандарды 4 көбейту үшін 2 рет екі еселейді. Мысалы:
214 * 4 = (214 * 2) * 2 = 428 * 2 = 856
537 * 4 = (537 * 2) * 2 = 1074 * 2 = 2148
Сандарды 4 санына бөлу үшін, оны да екі рет 2-ге бөледі. Мысалы: 
124 : 4 = (124 : 2) : 2 = 62 : 2 = 31
2648 : 4 = (2648 : 2) : 2 = 1324 : 2 = 662
Сандарды 5 санына көбейту және бөлу. Сандарды 5 санына көбейту үшін оны 10/2 көбейтеді. Бұл дегеніміз санды
10-ға көбейтіп, 2-ге бөлеміз. Мысалы:
138 * 5 = (138 * 10) : 2 = 1380 : 2 = 690
548 * 5 (548 * 10) : 2 = 5480 : 2 = 2740
Сандарды 5 санына бөлу үшін оларды 0,2 санына көбейтсе жетіп жатыр. Мысалы:
345 : 5 = 345 * 0,2 = 69,0
51 : 5 = 51 * 0,2 = 10,2
Сандарды 25 санына көбейту үшін оны 100-ге көбейтіп, 4-ке бөлу керек. Мысалы:
348 * 25 = (348 * 100) : 4 = (34800 : 2) : 2 = 17400 : 2 = 8700
Санды 1,5 санына көбейту керек болса, онда сол санның жартысын қоссақ болды. Мысалы:
26 * 1,5 = 26 + 13 = 39
228 * 1,5 = 228 + 114 = 342
127 * 1,5 = 127 + 63,5 = 190,5
9  санына   көбейту үшін  санның   соңына   0 санын  тіркеп,   0 тіркелген  саннан  сол   санның   өзін алып  тастаймыз.
Мысалы:
184

241 * 9 = 2410 – 241 = 2169
847 * 9 = 8470 – 847 = 7623
Санды 11 санына көбейту үшін санның соңына 0 санын тіркеп, аталған санның өзіне қосамыз. Мысалы:
47 * 11 = 470 + 47 = 517
243 * 11 = 2430 + 243 = 2673
Қорытынды
Немістің ұлы оқымыстысы Карл Гауссты математиканың патшасы деп атаған. Оның математика ғылымына деген
қабілеті балалық кезінде-ақ байқалған. Бір күні мектепте математика пәнінің оқытушысы оқушыларға           1-ден 100-ге
дейінгі   сандардың   қосындысын   табуды   ұсынады.   Мұғалім   бұл   тапсырманы   айтып   болмай-ақ   Карл   Гаусс   шешімді
мұғалімнің қолына ұстатыпты. Оның парағында 101·50=5050 деген жауап болады. ол есептің шешімін қалай тапты? Ол бұл
есептің шешімін өте қарапайым түрде яғни тез есептеудің арқасында тапты. Ол бірінші санды соңғы санға, екінші санды
соңғы санның  алдындағы санға  қосты.  Бұлай 50 рет қосуға  болады және  олардың барлығының  да шешімі  101 болды.
Сондықтанда ол есептің шешімін бірден берді. 1+2+…+50+51+...+99+100=(1+100)+(2+99)+…+(50+51)=101·50=5050. Осы
мысал қандай есеп болса да амалын тауып тез шешімін беруге болатынын көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. В.Серинский. Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз.
2. Кордемский Б.А., Ахадов А.А. Удивительный мир чисел: Книга учащихся,- М. Просвещение, 1986г.
3. Билл Хэндли  «Считайте в уме как компьютер»,  Минск, Попурри, 2009г.
4. http://matsievsky.newmail.ru/sys-schi/file15.htm 
5. http://sch69.narod.ru/mod/1/6506/hystory.html
* * * * * * * *
Оңтүстік   Қазақстан  облысы  Шымкент қаласы 
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы 
6 «ғ» сынып оқушысы Маханбетәлі Ақпейіл
Ғылыми жетекшісі : Кененбаева Жанар Кулахметовна 
Тақырыбы: «Тұрмыстағы зиянды заттар және олармен күресу»
 Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана 
білген.Қазақ халқы да тұрмыс химиясын ерте уақыттан өз қажетіне жарата алған. Мысалы, өсімдік клеткаларынан бояғыш 
құрауыштарды бөліп алып: мақта-мата, жүн және ағаш бұйымдарын бояу, сабын, былғау, тері илеп, оны бояу, айранның 
сары суымен шашты жуып, оған жұмсақтық қасиет беру, т.б. химиялық процестерді күнделікті қажеттіліктеріне 
пайдаланған. Бүгінде химия шаруашылықтың барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылады.Қазіргі 
уақытта ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамуда, сондықтан әлемнің басқа 
елдеріндегідей, қолданылу сипатына қарай оларды былайша топтастырып, жіктейді: жуғыш заттар, тазартушы, 
залалсыздандырушы заттар, үй жиһаздары мен еденді сүртуге, зиянды жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған 
препараттар, ағартушы және рең беруші заттар, желімдер,бояулар мен лактар,т.б.
Ерте заманнан бері адамдар күнделікті тұрмысында химиялық құбылыстармен кездесіп отырды. Қоршаған табиғат көптеген
химиялық реакциялардан тұрады. Тіршілік барысында адамзат баласы қоршаған ортадағы көптеген химиялық 
реакциялармен және химиялық жолмен жасалынған бұйымдармен кездесіп отырады. Тұрмыста кең қолданылатын, 
химиялық жолмен жасалынған немесе химия ғылымына қатысы бар біраз заттарға химиялық көзбен қарайық.
Қазіргі кезде химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысмызға кеңінен еніп отыр. Бізді 
қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен 
дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр. Жедел қарқынмен дамып келе жатқан салалрдың бірі – 
ол күнделікті өмірде қолданылып жүрген – тұрмыс химиясы. Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген ыдыс және кір 
жуатын тауарлардың құрамында 55 мыңнан астам біздің ағзамызға қауіпті химиялық қоспалар бар екен. Олар көзге, тыныс 
алу жолдарына әсер етіп, жүйке жүйесі ауруларына шалдықтырады екен. Тіпті халық арасында «жаман ауру» деп аталып 
келе жатқан қатерлі ісік ауруына бірден-бір себепкер. Соңғы жылдары тұрмыста қолданылатын химиялық заттар түрі өте 
көбейіп кетті. Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ сияқты жуынуда, кір жуу процесінде қолданылатын 
заттардың құрамында әр-алуан химиялық қоспалардың бар екені шындық. Міне, осы заттардың адам ағзасына тигізетін 
әсерінің жоқ емес екенін де ешкім жасыра алмайды.Тұрмыстық химиялық өнімдер өміріміздің бір бөлшегіне айналды десек,
артық айтпаймыз. Алайда, бұл өнімдер ағзамызды улап, су, топырақ, ауаны, бір сөзбен айтқанда, табиғи ортаны кірлетіп 
отырғаны жайлы ойландық па? Тері, ауыз, асқазан аурулары мен жүйке жүйесінің бұзылуына себепкер екенін білеміз бе? 
Еуропа, Америка елдерінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде химиялық қоспасы бар өнімдердің адам ағзасы 
үшін қауіпті екені дәлелденді.
     Біз тұратын үй – әлемдегі ең жайлы орын. Біз оны үлкен махаббатпен жабдық
тап, күтіп, таза ұстауға тырысамыз. Үйімізде өзімізді толық қауіпсіз сезінеміз... Ал шынында, бұл солай ма?Қоршаған 
ортаны қорғау басқармасының ғылыми зерттеу нәтижесіне сәйкес, қарапайым үйдің ішіндегі ауа сырттағы ауаға қара
ғанда, 2-5 есе көп лас болады екен. Бір үйлердің ішіндегі кейбір химиялық элементтер «көше» көрсеткіштерінен 70 есе 
артық. 20 улы химиялық  элемент
тің баспана сыртында тіркелген ең жоғарғы көрсеткіші ғимарат ішіндегі ең үлкен қоюлығынан 200-500 есе аз болып 
шыққан.      Бұған не себеп? Өз үйімізде біздің денсаулығымызға не қауіп төндіреді?
185

Бізді қоршаған ортада адамның денсаулығына зиян келтіретін заттар көптеп кездеседі.Олардың ішінде ең кең таралғанына 
тоқталайын.
Асбест –онкологиялық аурулардың дамуына алып келеді.
Ковралан-шаңды жинап, микроскопиялық кенелердің өмір сүруіне жағдай туғызады.
ДСП-құрамында өте улы фенол, формальдегид, аммияк бар.Егер қорғаныш қабаты  бұзылған кезде ауаға жоғарыда аталған 
улы заттар бөледі.
Бетон, шлакоблок , сол сияқты полимер бетоннан жасалған қабырғалар:
Радон газының изотроптарын бөледі.Радон мөлшері құрылыс материалдарына байланысты. Ағаш пен қызыл кірпіште –аз 
мөлшерде, көп мөлшерде-силикат  кірпіште және цементтің құрамында болатын фосфогипсте кездеседі.Жаңа үйлердегі 
бетон  қабырғалар бөлме ішіндегі  ауадан ылғалды белсенді сіңіріп, соның нәтижесінде ауыз кеуіп, шаш құрғап, тыныс 
жолдарының аурулары пайда болады.
Не істеу керек?
-Бетон қабырғалардан бөлінетін радон мен ұшқыш органикалық полимерлерден жақсы қорғаныс:
-тығыз қағаз обойлар, клей бояулары;
-бөлмеге жиі-жиі таза ауа кіргізу.
№1 жау – хлор қосылған құралдар
Тазалағыш құралдар тұрған шкафты улы заттары бар барлық құралдардан босатыңыз. Пеш тазалайтын, ысқылағыш, 
жәндіктерге қарсы құралдар құйылған бөтелке мен бүрікпеден ауаға улы заттардың кішкене бөліктері буланып, бөлінеді. 
Әсіресе шишаны ашып, тіпті қызығып, дәмін татып көре алатын кішкентай балалар үшін улану қаупі жоғары. Тым болмаса, 
тұрмыстық химияны балалар қолы жетпейтін және жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. 
Неге екені белгісіз, бірақ біз түрлі залалсыздандырушы құралдар өздері арналған лас пен микробқа ғана жойғыш әсер етеді 
деп есептейміз. Дегенмен, ауаға таралған барлық құралдар ертелі-кеш адам ағзасына енеді.
Ағартқыш, залалсыздандыру сұйықтықтары, сантехниканы тазалау құралдары, ыдыс жуатын машинада қолданылатын 
жуғыш құралдары – тұрмыста қолданылатын құрамында хлоры бар барлық сұйықтықтар тері мен шырышты қабықты 
тітіркендіретін ұшқыш заттар түзейді. Хлордың өз бетімен бөлек немесе басқа химиялық заттармен бір қоспада қолданылуы
маңызды емес, -мұндай жуғыш құралдары денсаулыққа зиян келтіреді, яғни сізді тез қартайтып, сұлулығыңыздың жауына 
айналады. Құрамында хлор көрсеткіші жоғары тазалағыш құралдарынан шығатын булану өкпе мен кеңірдек тарамының 
тітіркенуін тудыруы мүмкін. Егер хлорлы жуғыш құрал кішкентай, нашар желдетілетін бөлмелерде, мысалы пәтеріміздегі 
ванна бөлмесінде қолданылса, одан төнетін қауіп еселеп артады.Әсіресе құрамында хлоры бар құралдардың жұпар 
иістендірілгендері аса қауіпті. Хлор иісін парфюмерия заттарымен бітеу улануға әкелуі мүмкін. Себебі, біз қырағылықты 
жоғалтып, «лимон» мен «альпы шөптерінің» иісін рахаттана иіскейміз.
Абай болыңыз!Тазартқыш құралдарыныңкейбір өндірушілері былай қулық жасайды: тазартқыш құралының құрамындағы 
хлорды көрсетпеу үшін, оның құрамына гипохлорит натрия (sodium hypochlorite) немесе жай ғана гипохлорит (hypochlorite) 
кіреді деп жазады.
Хлор әсерінен қалай қорғануға болады?
Құрамында хлоры бар құралдарға жақындамау үшін, хлорлы ағартқыш пен залалсыздандырғыштардан бас тарту 
жеткіліксіз. Сонымен қатар, ағартылған қағаздан жасалған сулық, дәретхана қағазы, асүй майлығы және кофеқайнатқышқа 
арналған қағаз фильтрін де сатып алмауға тырысыңыз. Ағартылған қағаз құрамында адам ағзасына жеңіл енетін 
органохлорин мен диоксин болуы мүмкін. Дәл осы тауарлардың ағартылмаған қағаздан жасалғанын таңдаңыз, - «сыртқы» 
түрі әдемі болмағанмен, денсаулығыңызға зияны жоқ. 
Мата мен сантехниканы ағарту үшін сілтілі жуғыш құралдарын қолданыңыз.
Үй ішіндегі бірталай дүниені ас содасы мен сірке суының немесе сутек тотығының қосындысы жақсы тазалайды.
Сантехника құбыры мен унитазды тазалау үшін уландырғышсыз/усыз керемет құрал бар. Бактерия мен вирустардың 80-
99%-ын жоятын кәдімгі сірке суының бір стақанын унитазға аптасына бір рет құйсаңыз, жеткілікті.
Көптеген бактерияға қарсы құралдардан гөрі, лаванданың антисептиктік сипаты басым болады. Хош иісті және усыз 
бактерияға қарсы спрейді өзіңіз-ақ дайындай аласыз. Бір стақан су, бір шай қасық лаванда майы мен 10-15 грамм спиртті 
араластырып, бүрікпеге құйыңыз. Қолданар алдында шайқап алыңыз. Бұл құралдың сақтау мерзімі шектеусіз, онымен 
унитазды, есік тұтқаларын, азық-түлік кесетін тақтайларды, балалар ойыншығын және дезинфектор қолдануға әдеттенген 
т.б. заттарды залалсыздандыруға болады. 
№ 2жау–тырнаққа арналғанлак
Сырт пішініне қарағанда, еш зияны жоқ косметикалық лак құрамында жүйке жүйесі мен теріні зақымдайтын толуэн 
(толуол) және зиянды формальдегид болуы мүмкін. Екеуі де косметиканың сақталу мерзімін ұзартатын қосынды, бірақ, 
шын мәнінде – улы заттар. Бұл қосындылар мөлшерінің сәл көбеюінен теріге үлкен зақым келеді. Мысалы, тершеңдікті 
азайтатын формальдегидтің 0,5%-ы дезодарант пен антиперспиранттар құрамында да болады. Дегенмен, ол күнделікті жуып
тасталады. Ал тырнаққа арналған лактағы бұл құралдар тері мен тырнақпен ұзақ қатынаста болады. Оның үстіне, суда 
ерімейді. Толуэннен адамның басы аурып, құсып, тіпті ана құрсағындағы балаға да зақым келуі мүмкін: жүйке жүйесіндегі 
өзгерістер, нәрестелердің кемістігі, бүйрек және сүйек майының ауруы. Осы үшін, Еуропада 5 жылдан бері косметикалық 
құралдар құрамындағы толуэн мен формальдегид қатаң қадағаланады. Ресейде де формальдегидке шектеу қойылған, бірақ 
толуэн әзірге заңды қолдыналады. 
Абай болыңыз: тырнақ күтіміне арналған құралдар мен маникюрге арналған лак сатып алғанда, арзандарына қызықпаңыз. 
Көптеген косметика өндірушілері орамаға «Толуол мен формальдегидсіз» деген арнайы белгі жапсырады. Құрамын мұқият 
оқыңыз, - алдыңғы қатарлы косметикалық брендтер формальдегид орнына пальма қышқылын (табиғи қосынды) қолданады. 
№3 жау – сусабын
Тұрмыстық химияны сатып алғанда абай болыңыз: күнделікті қолданыстағы ең қарапайым құралдардың өзі қауіпті. Киім 
жұмсартқыштың құрамында теріні тітіркендіріп, экзема мен дерматит, сондай-ақ тыныс жолдарының қабынуын тудыратын 
толуэн, стирин, фенол, тимол, ксилен және триметилбензин болуы мүмкін. Құрамында дихлорбензин (dichlorobenzene) бар 
ауа сергіткіші бүйрек пен байырға қауіпті және жүйке жүйесіне ауыр тиеді.Зат
       белгінімұқият оқыңыз!
Шаш жууға арналған құралдарда этоксилат пен натрий лаурилсульфаты болады. Бұл химиялық заттар жуғыш құралының 
қоюлығы мен көпіргіштігіне «жауап береді». Бәленің бәрі мынада: бұл заттардың құрамында құрылысы әйел жыныс 
186

гормондарына ұқсас ксеноэстроген мен эстроген бар. Бұл заттар адам гормон жүйесіне аса қауіпті. Олардың шамадан тыс 
мөлшерінен қыздардың етеккірі ерте келіп, әйел адамдарда, керісінше, климакстың ерте басталып, ал ер адамдарда 
спермотозоидтардың түзелуі бұзылуы мүмкін. Лаурилсульфат теріге, әсіресе балалар терісіне оңай сіңеді. Рұқсат етілген 
мөлшерінен асып кетсе, натрий лаурилсульфаты жасушаның ақуыз құрамын өзгертіп, шаш түйінінің құрылысын бұзып, 
шаштың түсуі мен көздің нашар көруіне әкеледі. Бұл химикаттың тіпті аз ғана концентрациясы теріні құрғатып, сүйкімсіз 
етіп, оған жарықшақ түсіреді. 
Абай болыңыз: экологиялық таза қосындыдан жасалған сусабындар мен шаш күтіміне арналған құралдарды қолданыңыз. 
Сусабыннан мүлдем бас тартуға да болады, - шашты ас содасы мен шикі жұмыртқа (тек саруызын қолдануға болады) 
қоспасымен және жұмсақ табиғи сабынмен жууға болады.
№4 жау – парафин шамы
Хош иісті шам құрамында болатын шамды парафин, бояулар мен түрлі заттар ысығанда, бензол мен толуол бөліп 
шығарады. Олар демікпе мен экзема ауруын асқындыруы мүмкін. Егер сіз шамды сирек қолдансаңыз, денсаулығыңызға 
айтарлықтай зияны бола қоймас, дегенмен оларды күнделікті қолдану, әсіресе нашар желдетілетін бөлмеде, аса қауіпті. Кем 
дегенде, бетіңіздің өңі қашып, теріңіз құрғап, тітіркенгіш болуы мүмкін. 
Абай болыңыз:парафин шамдарының орнына балауыз шырағын сатып алған жөн. Олар қымбат болғанымен, әйтеуір 
жанғанда адамға зиян заттар бөлмейді. Ал табиғи балауыз иісі жасанды хош иістендіргіштер «коктелінен» әлдеқайда нәзік 
және жағымды!  Денсаулығымызға зиянды заттар эмальды, шыны, фарфор, керамика ыдыстармен бірге соңғы кезде 
полимерлік ыдыстарды да пайдалану жылдан-жылға өсуде. Тамақ өндірісінде ыдыстарды, құтыларды жасауда полимер 
үлкен орын алады. Полимерлік ыдыстарды дұрыс пайдалану маңызды.
Ыдыстағы нұсқау бойынша «құрғақ тағамдарға арналған» деп жазылса, полимер ыдысына сұйық тағам құюға болмайды, 
сонымен бірге «салқын тағамға арналған» деп жазылса, оған ыстық тағам құюға болмайды. Бұл нұсқаулар орындалмаса 
полимерлік ыдыстан зиянды заттар бөлініп, улануға дейін алып
барады. 
Соңғы уақытта біздің елімізде алыс және жақын шетелдерден күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар мен ыдыстар 
көптеп әкелінуде. Бұл орайда облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығындағы полимерлер және басқа 
да химиялық заттар токсикологиясы зертханасында меламиндік ыдысқа (соққыға төзімді пластмасса) зерттеу жүргізген 
кезде формальдегидтің жоғары мөлшері анықталды.
Зерттеу нәтижелері бойынша жауапты кісілерге әкімшілік шара көріліп, осы аталған ыдыс партиясы саудадан алынып 
жойылды. Заң бұзушылар тиісті жауапқа тартылады. Біздің базардағы күдік туғызатын ыдыстарды анықтау үшін маман 
болудың қажеті жоқ.
Алатын ыдысымыздың сапасын білу үшін (тарелкалар, стакандар) жәй ғана қолмен сипап өтуіміз керек. Егер беті тегіс емес,
кедір-бұдырлы және жағымсыз иісі болса сатып алудың қажеті жоқ. Тағам ыдыспен беттескенде дәмі, түсі, иісі өзгермеуі 
керек.
Осындай қарапайым ережелер сақталған кезде ғана адамның денсаулығына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Естеріңізде 
болсын, ыдыс немесе тағам өнімдерін сатып алғанда сатушыдан тиісті құжаттарды, токсикологиялық қауіпсіздігін 
растайтын гигиеналық қорытындысын, сертификатын талап етуді ұмытпаңыздар.
№5 Жуғыш заттар — кір жуғанда қолданылатын ұнтақтар, сықпалар, сұйық ерітінділер. Қазіргі жуғыш заттар бірнеше 
құрамдастан, соның ішінде тензидтен (сабын, беттік-белсенді заттек және т.б.), ағартқыштан, сұйық әйнектен және кір 
жуатын содадан тұрады. Жуғыш заттар құрамында фосфаттар үлкен рөл атқаратын, олар тұрмыстық ақаба сумен су 
қоймаларға түсіп, оларды эвтрофтандыратын болғандықтан қазіргі уақытта фосфатсыз жуғыш заттар рецептілері жасалады. 
Қазіргі жуғыш заттарды керектілігі қандай болғанына қарамай, барлық суда және қандай мата түрін болсын жуғанда 
қолдануға болады. Алайда, тұрмыстық ақаба суда жуғыш заттар болуы оны тазалауды қиындатады және бұдан қалатын 
құрғақ қалдықты тыңайтқыш ретінде пайдалануды шектейді. Қазіргі уақытта қоршаған ортаны барынша аз ластайтын, 
экологиялық тұрғыдан оңтайлы жуғыш заттар түрлерін жасап шығару бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Фосфат – кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған
кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет 
таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет қана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, 
сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам 
терісін де шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың 
құрамындағы фосфат элементі себепші. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет