Жоо мен орта мектептерде



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 Дәлел: Үлкен перзентханада қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп 
қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. 
Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады. Егер кішкентайлар ұйықтар
алдында белгісіз бір себептерге байланысты жыбырлай берсе, онда оған төсеніштерді жуатын ұнтақ себепші екенін 
ұмытпаңыз.
Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық 
заттар тамақпен бірге ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ 
жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды 
жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі.
Мысалы, қарапайым май кетіретін сұйықтықтардан кейін жуған ыдысымызды сірке қышқылы қосылған сумен бір-екі рет 
шайқап алғанымыз жөн. Себебі, құрамында ағзаға қауіпті канцероген қоспасы бар. Айғайлап жарнамалап жататын жуғыш 
өнімдерінің құрамында фосфат пен хлор мөлшерден тыс екен. Кір жуу ұнтағында фосфаттың мөлшері 5 пайыздан аспау 
керек. Ал хлор болса, канализация жүйесіндегі органика қоспалармен араласқан кезде«трихалометан» деген өте қауіпті 
имиялық затты ортаға шығарады. Сонымен қатар бұл өнімдердің құрамында иістендіруші, түс беруші мұнай қоспалары бар.
Тұрмыста табиғи сабынды және жуғыш өнімдерін жасауға бола ма?
Ол үшін сода, карбонат, ұшпа өсімдік майлары, сірке қышқылы мен бура (натрий бор қышқылы) қажет. Бура — суда тез 
еритін, сырт келбеті нафталинге ұқсас бор қосындысы. Ол жалпы тазартушы ретінде қолданылады. Түрлі иісі бар, дақ 
шығару, бактериялардың көбеюіне қарсы тұру ерекшеліктері бар. Сода май дақтарын шығарады, суды жұмсартады.
Табиғи ыдыс жуу ұнтағын қалай жасауға болады? Бұл ұнтақты жасау үшін бір стакан натрий бор қышқылы, бір стакан ас 
187

содасы және стаканның төртте бір мөлшерінде ас тұзы мен лимон тұзы қажет. Егер де ыдыстарыңыздың хош иісті болғанын
қаласаңыз, апельсин, лимон, мандарин майларын қосуыңызға болады. Жасалу тәсіліне келсек, пластмасса ыдысқа ең 
алдымен ас тұзына 30 тамшы өсімдік майын қосып, жақсылап араластырылады. Содан кейін жоғарыда көрсетілген заттар 
қосылады. Дайын болған қоспа қараңғы жерге қойылады.
Ыдыс жуғанда ұнтақтың 1-1, 5 ас қасығын қосыңыз. Кір жууда көп қолданылатын ағартушы жуғышта зиянды. Құрамында 
хлор, натрий гидроксиді, парфюм бар. Сонымен қатар карбон тетрахлор, хлороформ сияқты заттар бар. Бұл заттар қатерлі 
ісік ауруын тудыруы әбден мүмкін. Ағартушы құрамындағы аммиак тазартқыштармен қосылған кезде зиянды газдар ортаға 
шығады екен. Ал бұл газ адамның тыныс алуын қиындатып, өкпенің қабынуына жол ашады. Кір жуу ұнтағының 
құрамындағы суда ерімейтін аммиак пен мұнай қоспаларының адам денесіне залалы орасан зор.
Тыныс демікпесі ауруына шалдыққандар, аллергия, экземаға сезімтал терілері барлар кір жуу ұнтақтарын қолданыстан 
мүлдем шығаруы керек. Сонымен қатар жұмсартушылар да зиянды. Сонымен қатар ағзамызды шипалы шөптермен 
тазартуға болады. Түйе тікені бауыр ауруына, жасыл шай қатерлі ісік дертіне қарсы, аю жүзімі бүйрекке, қарныжарық 
шөбінің дәні іш құрылысқа пайдасы бар. В1, В2, С, А, Е дәрмендері бар тағамдарды қолданғанымыз жөн.
Құрамында фосфат элементі бар кір жуатын ұнтақтар қоршаған ортаға да көп залал келтіретінін ғалымдар әлдеқашан 
дәлелдеп шықты. Кір жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауыл шаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, 
хлорид элементтері пайдаланылады. Олар да суды залалдап отыр. 
Көз алдыңызда емес, аяғыңыздың астында жатқан кілемшелердің еш зияны жоқ болып көрінгенмен, аллергияңыздың қозу 
себебі болуы мүмкін. Денсаулыққа пайдасы тисін десеңіз, бөлменің ылғалдылығы 55%-дан аспасын. Мұнымен қатар, 
бөлмені желдетіп тұрыңыз.Әрине, қазір де тазалықты «тағынан түсірген» ешкім жоқ. Бұған үй тазалығына, дене күтіміне, 
ыдыс-аяқ, кір жууға арналған түрлі заттар самсап тұрған дүкен сөрелері дәлел. (Оларға деген сұраныс жоғары болмаса, 
самсап тұрмас еді!) Алайда, зерттеушілердің айтуынша, нақ осы тазартқыш заттардың кесірінен бүгінгі тазалығымыз — 
денсаулықтың кепілі емес, керісінше, жауына айналған көрінеді.
Мысалы, лас қолдағы миллиондаған зиянды микроағзалардан арылу, сөйтіп дәрігерлер зәрені ала сипаттайтын түрлі 
жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қолымызды жиі сабындап жуамыз. Дұрыс-ақ. Бірақ шектен тыс 
тырысатынымыз да бар: жай сабынды былай қойып, бактерияларға қарсы сабынды пайдаланамыз. Ал бұл сабынның 
құрамындағы химиялық заттар бактерияларды жойып қана қоймайды, ағзаның қорғаныс қабілетіне де кері әсерін тигізеді, 
басқаша айтқанда, иммунитетті әлсіретеді.
АҚШ-та бүгінгі күні аллергияның түрлі формаларынан зардап шегіп отырған 50 миллион адам бар екен. «…және олардың 
қатары жыл сайын көбейіп келеді. Дамушы елдерде аллергияға шалдығушылар үлесі нақ біздің елдегідей емес» — дейді 
америкалық профессорУильям Паркер. Солтүстік Калифорниядағы Дьюк университетінің ғалымдары осының себебін 
іздепті. Зерттеу жұмыстарына жоғарыда аталған Уильям Паркер жетекшілік еткен. Қорытындысында ғалымдар «бар 
мәселе… шектен тыс тазалықта» деген ұйғарымға келіпті. «Зиянды микробтарға қарсы «аяусыз» күрес жүргізілген 
отбасылардан шыққан балалар аурушаң келеді. Әрине, салақтықты ешкім де дәріптемейді. Ең бастысы — шектен шығып 
кетпеуге тырысу керек» — дейді олар.
Ал шектен шықпаудың бір жолы — түрлі химиялық тазартқыш құралдарға аса үйір болмау, олар туралы неғұрлым көбірек 
білуге ұмтылу.
Мысалы, кір жуатын ұнтақтар құрамындағы химиялық белсенді заттар (ПАВ) ағза жасушалары құрылымын өзгертіп, миға, 
бауырға кері әсер етеді. Ұнтақтар құрамындағы аниондық белсенді заттардың (а-ПАВ) әсерін арттыру үшін 
пайдаланылатын фосфаттардың түрлі аллергияларға;қолдағы жараларға, бүйрек ауруларына соқтыратынын зерттеушілер 
әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан Австрия, Норвегия сынды елдерде фосфат қосылған ұнтақтарды сатуға шығаруға тыйым 
салынған. Франция мен Англияда ұнтақ құрамындағы фосфаттар мөлшеріне 12 пайызға дейін шектеу қойылып отыр. Ал 
әзірге заң тұрғысынан мұндай шектеулер қаралмаған елдерде тұтынушыларға екі есе сақтық керек. Ұнтақ қорабынан оның 
құрамындағы белсенді заттардың, фосфат пен хлордың мөлшері жөніндегі ақпаратты міндетті түрде оқыңыз! Егер ондай 
ақпарат таппасаңыз, ұнтақты сатып алмағаныңыз жөн. Өйткені құрамындағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты 
деңгейден жоғары кір жуғыш ұнтақтар Сізге, сіздің балаларыңыздың денсаулығына залалын тигізіп қана қоймайды, кірдің 
суы арқылы топыраққа, жер асты суларына да жайылады.
Тағы бір зерттеушілер бүгінде химиялық зиянды элементтердің көшеден гөрі үйде көбірек болатынын ескерткен. «Кейбір 
үйлердің ауасында зиянды заттар сырттағы ауадан 70 пайызға артық болады» — дейді олар. Мұның себебі — еден, жиһаз, 
әйнек, әжетхана, ванна бөлмесін тазалау үшін пайдаланылатын — дезинфекциялайтын, ағартатын, жылтыратын, жай ғана 
тазартатын — химиялық заттар көрінеді.
Ал ыдыс-аяқ жууға қолданылатын сұйықтықтар құрамында асқазанға зиян заттар болады. Тіпті бірнеше рет шайған күнде 
де, ыдыс-аяқта зиянды заттар 10-20 пайызға дейін қалып қоятын көрінеді.
Кәдімгі шаш жуатын сусабынды да тексеріп алыңыз. Олардың құрамындағы этоксилат, натрий лаурисульфаты сынды 
заттар гормондық жүйеге кері әсер етеді. Бұл, әсіресе, балалар үшін зиянды! «Сусабын дамыған елдерден келген, демек 
сапалы» — деген пікірді ұстанбағаныңыз жөн. Өйткені дамыған елдерде өндірушілердің дамушы елдер жұрттарына «екінші
сортты» деп қарайтыны бәрімізге белгілі. Сондықтан олар дамушы мемлекеттерге экспорттайтын тауарларына жоғары 
талап тұрғысынан қарай бермейді.
Ресейлік мамандар күнделікті тұрмыста тазалық жұмыстары үшін химиялық заттардан гөрі, ас содасы, кір сабынның 
қалдығы, тұз сынды қарапайым заттарды қолдануға кеңес береді. Мысалы, еден жуғанда кәдімгі кір сабынды 
пайдаланыңыз: микробтарды да өлтіреді, тазалайды әрі линолеум ұзағырақ сақталатын болады. Әйнек тазалауға тұз 
ерітіндісі-ақ жетіп жатыр. «Әжелеріміз түрлі дақтарды кетіру, үй тазалау, дене күтімі үшін ғасырлар бойы табиғи заттарды 
орын-орнына пайдалана білген. Қазіргі дүкен сөресінде тұрған дайын (бірақ зиянды!) заттардың кесірінен біз соларды 
қолданудың тәсілдерін ұмытуға айналдық» — депті ресейлік мамандар.Орынды айтылғанына дау бар ма?
Қорытынды   Бұдан шығатын қорытынды – адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз. 
Және бір мысал келтірейік. Өткен ғасырдың 70 жылдарында теңіз суының бір текше метрінде 50 грамм микроорганизмдер 
болған, ал бүгінде бұл көрсеткіш 1000-1200 граммға жетіп отыр.
Қазір дүниежүзінің кейбір елдерінде құрамында фосфат элементтері жоқ кір жуғыш ұнтақтарды шығару жолға қойылған. 
Әсіресе, Германияда, Норвегияда, Австрия мен Италияда кір жуғыш ұнтақтарына фосфат химиялық қоспасын қосуға қатаң 
188

тыйым салынған. Тайвань, Гонконг, Тайланд елдері де осы тізімге кіреді. Тіпті, мұндай елдерде автокөлік жуатын сусабын 
да фосфатсыз жасалып шығарылады. Адам ағзасының 80 пайызы судан тұрады.
Сондықтан да адам денесіндегі су қорын толтырып отыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, адам күніне 3-4 литр су ішетінін 
ескерсек, ауыз судың маңызы, оның тазалығы туралы айтылып жүрген пікірлердің дұрыстығын әркім де қолдайды. Кір 
жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауыл шаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, хлорид элементтері 
пайдаланылады.Адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз. Бүгінде дүкен сөрелерінде 
самсап тұрған құрамында фосфаты өте көп кір жуу ұнтақтарын зерттеп, тексеретін уақыт жетті. Кір жуғыш және тазалағыш 
заттарды жоғарыда аталған елдерден алдырса, немесе өзіміздің отандық өндірушілер жасап шығарса, соңғы кездері аса 
көбейіп кеткен аллергиялық аурулардың азаюына мүмкіндік туар еді.
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы 
№25 Т.Рысқұлов атындағы  мектеп-гимназиясы 
5 «А» сынып оқушысы Накибекова Ажар 
Ғылыми жетекшісі : Мейрманова Жансая Төленбекқызы 
 
«Қазақ халқының отбасылық салт-дәстүрлері»
Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң,олар баласы болуын арман етеді.Себебі бала-өмірдің жалғасы,отбасының 
жеміс берер гүлі,ерлі-зайыптылардың  тіреу-діңгегі.Сондықтан да қазақ халқы «бесіксіз үйде береке жоқ »-деп ой 
топшалаған.Қазақтар баланың бесігін сатпайды,бөтен адамға бермейді, тастамайды да.Баланың бесігін бос күйде тербету 
жаман ырым.Бос бесікті  тербету арқылы адам айналасындағыларға  ұрпағының жоқ екенін немесе тұқымсыз қалғанын 
аңғартқандай болады.Кіндік шешелер босандырғанда  былай істеген:дүниеге келген баланың кіндігін  жаңа, әлі 
пайдаланылмаған балтамен кескен, кіндігін таза жіппен байлап, айналасына күл сеуіп, жұмысты аяқтаған.Ұл баланың 
кесілген кіндігінің қалдығын ырым бойынша үйден алысқа лақтырған, ал қыздікін керісінше , ошақтың жанына көмген. 
Мақсаты ұл үй күшік болмай, ал қыз жеңілтек болмай өсетінін білдіреді.Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне 
ойын-той, салтанатты жиындар мен рәсімдер көп.Соның ең алғашқысы-жарысқазан. Оның жарысқазан аталуы –мұндайда 
аяу, ірку, мөлшерлеу деген болмайды. Қазан әр үйде бірнеше жерде асылады.Келіншек аман-есен босанса, босанған әйелдің 
қалжасынан ауылдың үлкен-кіші ,еркек-әйелі  түгелдей дәм татып,ет жеп,сорпа ішеді.Жарысқазанның арты іле-шала  
шілдеханаға жалғасады.Оны кей жерде «шілделік күзету »деп те атайды.Шілдеханаалғашқыда «жас босанған әйелді түні 
бойы жын-пері аралап жүреді ,әйелді үш күн күзету керек деген діни ұғым болған».Жастар ойын сауықпен  отырғанда, 
шілдехананың  дастарханын басқарып жүрген әйелдер «қалжаға сойылған малдың мойын омыртқасынан ауыз тимедік »-деп
өкпе-наздарын айтады.Мұның себебі  әйел  затының  бәрі де  бала табуға құштар.Қалжаның омыртқасынан ауыз тиюді 
өздері де  осы әйел сияқты құсап тезірек босануды ырымдайды.Таза мүжілген омыртқаны тобылғыға тізіп үйдің ең жоғары 
жеріне іліп қояды.Мұнысы-нәрестенің мойны тез бекісін  деген ырым.Нәресте тезірек жүгіріп кетсін деген мақсатпен , 
мынандай ғұрыпты жасаған:баланың аяғын жіппен байлап ,тұсауын кестірген.Ерте заманнан келе жатқан мынадай наным 
бар: егер  батыр, палуан  сәбидің аузына түкірсе немесе сарқытын ішкізсе-мұндай бала сол адамның  жақсы  қасиеттерін  
бойына дарытады. «Аузына түкіру »деп аталатын  ғұрып  осының дәлелі.Сәбиді көз тиюден сақтау үшін , оның бесігіне 
немесе  киімдеріне  үкінің  қауырсынын, моншақ (әрдайым  9дана),күміс теңгелерді  тағып қойса жеткілікті болған.Біреудің 
көзі тисе, ырым бойынша сол адамның үйіне барып, оның заттарының бірін алып, отқа өртеген.Көз тиюдің алдын алатын 
тағы бір құрал: балаға тозған әрі ескі киімдерді кигізеді, ал  бетіне аздап күйе жағып қояды.Қазақтарда  ұл баланы туғанына 
қырық  күн  толғанда (әдетте 37-39),ал қыздарды сәл кейінірек 42-44 күн толғанда қырқынан шығару ғұрпы бар.Ырым 
бойынша , болашақта некеге   тұрған  кезде қалыңдығына төлейтін қалың малы аса қиын болмайды, ал қыз балаға-жасау 
мол беріледі  деп есептейді. Егер өсіп келе жатқан баланың тілі мезгілінде шықпаса  нағашы туыстарының үйлерінде қой 
сойып, оның ішек-қарнымен баланың белін  буады.Осындай әрекеттен кейін  біраз  уақыт өткенде бала сөйлей  бастайды. 
Қазақтың  бала «төрт айда төңіректеп отырады, бес  айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» деген  сөз тіркесі бала 
дене бітімінің өсу дәрежесін айқындаудан шыққан түсінік.8-10 ай  болғанда  еңбектеп  жүре бастайды. 10-12 ай  шамасында 
қаз тұрып, бір-екі аттап, үстел жағалап жүруді үйренеді. Осы кезде балаға түрлі жалтырауық , сылдырмақ   ойыншықтар  
мен  үш аяқты  ит арба жасап беріп, соның көмегімен жүруге үйретеді.Баланың қаз тұрып тез жүруі денсаулығына 
байланысты.Ал баланың денсаулығы ана  сүті арқылы оның бойына баратын тағамдағы витаминдер ерекше әсер 
етеді.Баланың  алғаш  қадам  басуы-маңызды сәт.Бұл мереке әдетте көтеріңкі  көңіл күйде өтеді.Ол « тұсаукесер » деп 
аталады.Баланың аяғына «қарама-қарсы  бағытқа  қарата  әдейі тоқылған » жібек  ала жіпті  байлайды.Ғұрыпты орындаушы 
әйел  аяғындағы жіпті қиып, «мен сияқты  жүйрік бол » дейді, оны қолынан жетектеп  әрі-бері жүргізеді.Содан кейін «бала 
оттай жалындап жүрсін» деп, бұл жіпті отқа тастайды.Ғұрып орындалып біткен соң , оларға ет асылады.Кей аймақтарда 
тұсау кескен әйелге жылқының көтен ішегіне  қойдың мойын етін қосып  береді.Бұл тағамды әдетте бақташыларға 
берген.Бала-құлынға, ал әйел-бақташыға ұқсатылады. Халықтың  ұғымы бойынша , бұл ғұрыпты жасамаса, бала дұрыс жүре
алмай, сүріншек болады.Ұлбала 3,5,7 жасқа толғанда сүндетке отырғызылады.Бұл  діни  дәстүр саналғанымен , оны 
мұсылмандардан басқалар да қолданады.Ата-аналар оған мойындағы парыз, отбасылық мереке  деп  қарайды. Үлкендердің 
ұрыс-керісі бала психологиясына ерекше әсер етеді.Жиі ұрыс-керіс болатын үйдің   баласы  жасқаншақ, қорқақ, тілінің 
кекеш болатыны тіпті мылқау да осы отбасыдан шығатыны өмірден белгілі.Баламен неғұрлым көбірек сөйлессе, соғұрлым 
оның тілі тезірек шығады.Жақсы мен жаманды қуаныш я реніш сезімдерін тез сезінеді. «Ата қайтеді?», «Анау не?», «мынау 
не?» деген жиі қоюы баланың айналадағы ортаны тез білуіне себепші болады. Келесі дәстүр-баланы атқа мінгізу.Бала 4,5-5 
жасқа толғанша әке-шешсі ұл балаға арнайы ат,  ер-тоқым даярлайды.Ерді  қайыңның безінен шаптырып жасатады.Мұны 
«ашамай ер » деп атайды.Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады.Бәленшенің баласы (немересі) азамат  болыпты, атқа 
мінгізу тойына шақырып жатыр десіп, ағайын- туыс , жекжат , нағашылары келеді.Тойға келушілер   балаға  арнап  қамшы, 
садақ, шідер т.б заттар сыйға тартады.Бұл-баланың  азамат болуға  жарадың деген ырымдар.Қазақ баласы қаршадайынан 
атқа мініп шабуды, 5-6 жасынан бастап қозы-лақ  қайтаруды, мал бағуды үйренген.Атқа міну тойы баланың әжетке жарап, 
еңбекке араласуы, азаматтықтың басы деп ұққан.Ол балаға да үлкен ой туғызып, тез есеюіне әсер еткен.
Сүндетке отырғызу VII-VIIIғ.асырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған.Ер  баланы сүндетке 5,7 
немесе 9 жасында отырғызған.Баланы сүндетке отырғызғаны үшін оған қой, тайынша, тай немесе ақша берген.
189

Балаға ата тегін үйрету 7-9жастан  басталады.Әкесінен бастап  ағайын-туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды 
таныстыру,ата-тегін, руын, ел жұртын білуге  ерекше көңіл бөлген. Әкесі, атасы  балаға тек жеті атасына дейінгі 
бабаларының атын жаттатып  қана қоймай ,олардың  қандай адам   болғанын , өнегелі істерін үлгі тұтқан. «Жеті 
атасынбілген ұл жеті жұрттың қамын жер » деген аталы сөзді  арқау етіп, сол арқылы балаға ата  дәстүрін жалғастырса екен 
деген мақсат көздеген.
«Ұлдың ұяты әкеге , қыздың ұяты шешеге » -деп  қараған  халқымыздың ұл баланы   тәрбиелеуді  аталар  мен әкелер өз 
қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу  әжелер  мен аналардың ісі болып саналған.
Қандай ата-ананы алсақ та, қызының ертең  барған жерінде  «балдай татып, судай сіңіп » кетіп, жақсы жар, әдепті келін, 
аяулы ана болуын армандайды.
Өнегелі, өнерлі, «сегіз қырлы, бір сырлы » ,намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Үлкенді сыйлау-біздің 
халқымыздың  ежелгі дәстүрі.Ол дәстүр бойынша  жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, үлкенмен сөзжарыстырмауға  тіпті 
үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс.Отбасылық  тәрбиеде  табиғатқа қатысты қоғамға жат келеңсіз әрекеттердің  
алдын алу  мақсатымен  құстарды , жануарларды , өсімдіктерді жоюдан сақтандыратын тыйым  сөздер  дәстүрлі  түрде  
пайдаланылған. «Құстың ұясын бұзба, құмырсқаның илеуін бүлдірме, әйтпесе өз үйің де сондай халге душар болуы мүмкін 
», «бостан босқа көк шөпті жұлсаң көктей соласың ».Тыйым сөздер , сақтандырулар отбасындағы жас ұрпақтың өмірі мен 
іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі құралы болып, көпке сыйымды    мінез-құлық талаптарын  меңгертуге бағытталған.
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы Ақсукент  ауылы 
№ 7 «Бабыр» атындағы  жалпы орта мектеп 4 «В» сынып оқушысы
Кадыркулова  Мухайё  Кахрамановна
Сынып жетекшісі: Арибжанова  Саида
МЕНІҢ  ЕЛБАСЫМА  ТІЛЕКТЕРІМ
       Талай  өасырлар  бойына   ата-бабалар  аңсаған  тәуелсіздік  ұрпақ  еншісіне бұйырып,  Қазақстан  Республикасының  
тұнғыш   президенті болып   Нұрсултан  Әбішұлы  Назарбаев,  алғашқы  күннен  халық  қолдауын  иеленіп, елімнің қасиетті 
көк  туын сүйе тұрып , Қазақстанда  тұрып  жатқан барша  халықтың  алдында, елін  көркейтуге  бар  күшін  салып , 
ерлікпен  келген  ел  тәуелсіздігін  көзінің  қарашығындай  сақтауға  ант  берген  еді.  Елбасымыз  сол  сертінде  тұрды.  Ол  
еліміздің  әрбір  рәмізін― туған  елін,  ана  тілін  қастерлей  білетін  азамат қана  емес,  еңбекқор, сенімді  және  ақылды  
саясаткер,  ойшыл  көшбасшы.Әрбір  отбасы  кішігірім  бір  мемлекет,  оның да  өз  құпиясы,  өз  проблемасы  табылыды.  
Бұкіл        Қазақстанның  тыныс-тіршілігі, ұлттар  арасындағы  ынтымақтастықты  жарастыру, ел  экономикасын  дамыту, 
сыртқы  саяси  қарым - қатынастарды   жолға  қою үлкен  жауапкершілікті  қажет  етеді.  Осының  бәріне  басшылық  
жасаушы―менің  Елбасым!   Ұрпақ  ертеңі үшін  алаңдап, жас  буындарға арнап  «Болашақ»  бағдарламасын жасап, 
талантты   жастарды  шет  елдерде  оқытып тәжірибе алмастыруға  аттандырып  отырған да  мейрімді  Елбасым!  Жеке  
басының мұң-мұқтажын  ойламай, бүкіл  Қазақстан тұрғындарының әр  босағасына  нұр  шапағатын  түсіріп ,қолдау  
көрсетіп  келе  жатқан  біздің  Елбасымыз!    Қарттарын   қастерлеп, аналарын ардақтап  сыйлайтын, қамқорсызын  
қанатының   астына   алып  қорғайтын, қаракөзді  қазақ  ұлы ―менің   Президентім!    
                    Қазақстан―азат  елім,байтағым,
                    Көк  аспанда  желбіреп  көк  байрағың.
                    Туған  ел деп жүгреді  оттай  маздағакн,
                     Елбасыма  тілегім көп  айтатын.
                     Қазақстан  көшбасшысы – Нұа  аға,
                     Болашағым  қолын  бұлғап  тұр  алда.
                     Елім  деп еңбек  еткен  елбасым,
                     Жүз  жылдарда  бір  туатын  нар  тұлға.
       Бүгін, сонымен қатар, мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да туған күні. Екі айтулы күн 
қатар келіп отырған бұл датаның ерекшелігі де осыда. Президентімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз.    
Eлдігіміз eңсeлі, тәуeлсіздігіміз тұғырлы болып, eліміз мәңгі жасап, қол жeткізгeн жeтістігі молайып, жайнай бeрсін! 
Асқақтай бeр Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын!  
                  Қамын  ойлап  елімнің ағасы,
                  Қазақстан  қамқоршысы, данасы.
                  Елі  үшін  жан  аямай тер  төккен 
                  Мың-мың алғыс  айтам  сізге ЕЛБАСЫ-   деп   өз  тілегімді жырмен  өрнектедім.  Әр әкенің  ұлы менің  
Президентімдей  болып  өссе, Қазақстан  елі  қанатты елге  айналады.
* * * * * * * * *
190

Қоршаған ортаны қорғау – азаматтық борыш
Нұржаубаев Махамбет,  Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық
 мамандандырылған көпсалалы лицей – интернаты, 8- класс оқушысы
Пән мұғалімі: Балданова Марал Бекболатқызы,  биология пәнінің мұғалімі
Қазіргі таңда күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселенің бірі – экология мәселесі.  Республикамыздағы экологиялық
хал-ахуал туралы біз күнделікті баспасөз хабарларынан көріп-біліп жүрміз. Әдетте, оқушымыз ғой, көп нәрсеге мән бере
бермейміз.   Алайда,   жақын   жылдардағы   біздің   облысымыздағы   Тобыл-Торғай   экология   департаментінің   облыстағы
экологиялық жағдайды сараптау нәтижесі бойынша, Ақтөбе қаласы республикамыздағы ауасы лас қалалардың ішінде 3-
орын   алғанын   естігенде   бей-жай   қала   алмадым.   Аталған   департаменттің   мәліметіне   сүйенсек,   ауадағы   азот,   күкірт
қышқылы т.б қауіпті  газдардың жиынтығы қалыптағыдан 4 есеге ұлғайып кеткені айтылыпты. Ал, бұл дегеніңіз біздің
әрқайсымыздың ағзамызды  қаншама зиянды заттар бүлдіруде деген сөз.
Ақтөбе қаласы – еліміздегі ең өндірісті қала деп есептеймін. Себебі қаламызда ірілі-ұсақты заводтар өте көп.  Мәселен,
Ақтөбе ферро қорыту зауыты, Ақтөбе химиялық қосындылар зауыты, бірнеше спирт зауыттары, әйнек, кірпіш зауыттары
бар.  Олардың әрқайсысынан шыққан түтіндер, яғни зиянды қалдықтар бірнеше жылдардан бері  ауаны ластап жатқанын,
мұнай өндейтін   зауыттардың да   күкірт бөліп отырғаны талай айтылып жатыр.   Ал, соңғы мәліметтерге көз жүгіртсек,
осыларға қоса қаламызда автокөліктерден шығатын зиянды заттар көлемінің күрт өскені байқалады. Бұл жағдай қоршаған
ортаны қорғау бөлімінің мамандарын ғана емес, өсіп келе жатқан келешек ұрпақ ретінде бізді де алаңдатады. Ал, көліктер
саны қаншама?! 
Біз, болашақтың құрылысшылары, қаламыздағы осындай сын көтермейтін экологиялық ахуалдың орын алғанын тіпті
де қаламаймыз.   Біз -   еліміздің ертеңіміз! Ендеше, апа-ағаларымыз өз тамырына балта шаба ма? Мүмкін, бесіктен белі
шықпай   жатып   экологиялық   мәдениетті   уағыздау   керек   шығар?!   Менің   құрбыларым,   замандастарым!   Мүмкін   біз   осы
мәселені кішкенеден бастармыз! Ол үшін, ең азы, көшеде, таза ауада  демалғанда жан-жағымызды бүлдірмесек, қалдық
заттарды тастамасақ...! Жан-жағына жеген тамағының қалдықтарын, қабықтарын лақтырып тастағандарды көргенде, оларға
тыйым сала алсақ, одан ұялмасақ.... Бұл да біздің тамшыдай болса да үлесіміз болар еді. 
Қарапайым ғана бір мысал, күнделікті өмірімізде жиі қолданылатын полиэтилен пакеттердің пайдасынан гөрі зияны
көп екеніне мән бере бермейміз. Оларды көшеде екінің бірі тастап жүре беретініне талай куә да болып жүрміз. Ал осы
пакеттердің   түскен   жеріне   шөп   шықпайтынын,   қанша   жылдар   өтседе   шірімейтінін   жақында   білдім.   Ендеше,   оның
қаншалықты улы екенін ойлай беріңіз. Манағы айтқан ұлы мәселелермен айналысатын арнайы мекемелер бар, олар дер
кезінде дабыл қаққанмен, еліміздің әрбір азаматы осындай ұсақ мәселелерден бастап ойланбаса, өзін-өзі тәрбиелемесе , ұлы
дерт болып жайыла бермек. Қоршаған ортаны таза ұстаудан басталатын мәдениет еліміздің экологиялық мәдениетінің бір
бөлшегі.
Бүгінгі таңда елімізде біз сияқты жасөспірімдердің еңбекке араласып, сол арқылы табиғатты сүюге бағыттауда арнайы
бағдарламалардың шыққаны өте құптарлық іс. Соның бірі «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты арнайы жоба.
Осы  жобаның аясында біздің мектебімізде қаншама оқушылар еңбек етті, олар қаламызды тазарту шарасына қатысты. Әрі
еңбек   етіп,   жалақыларын   алды,   әрі   табиғатпен   етене   қатынаста   болу   арқылы,   оның   әрбір   тау-тасы   мен   талының
қымбаттығына көз жеткізді. Менің мектебімде бұл шараға қатысушылар ерекше мақтауға ие болды. Бұл  - үлкен мақтаныш!
Көктем   шыға   апта   сайын   сенбіліктер   ұйымдастырылады.   Осылардың  барлығы   тек   мені   ғана   емес,   осы  тәрбиені   көріп
жатқан әр оқушының санасында жақсы із қалдырары анық. 
   
Отбасында бастау алып, мектепте жалғасын тапқан экологиялық оң тәрбие  болашақта үлкен мәселелерді шешуде
жақсы негіз болады деп ойлаймын. Сондықтан туған қаламыздың  тағдыры, ертеңі бізді бүгіннен бастап толғандыруы керек.
* * * * * * * * * 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет