Жоо мен орта мектептерде



Pdf көрінісі
бет6/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Күтілетін нәтиже:
Орындайды:  Ойыншықтармен ойнау тәсілдерін біледі. Ойыншықтар туралы әңгімелеп, тақпақ айтып береді.
Қалыптасқан түсініктер:   Сұрақтарға толық әрі түсінікті жауап береді. Заттардың кеңістікте орналасуын ажырата алуды.
Қолданады:  Ойыншықпен қалай ойнау керектігін. Сөз бен қол қимылын келістіре білуді.Ойыншықтарды күтіп ұстауды.
43

Муканова Мендигуль Тулеевна - Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, 
№38  «Жазира» бөбекжайы  директоры
«Ұжым бірлігін қалыптастырудың тиімді жолдары»
Педагогикалық   ұжым   басқаруда     ұжымдағы   жағымды   ахуалды   қалыптастыру     -   жемісті
жұмыс   жасаудың   жолы.     Ондағы   жас   мамандар   мен   тәжірибелі   педагогтардың   ара
қатынастық   жүйесін   жіті   қадағалау,   дұрыс   бағыттау,   зерттеу,   зерделеу   ұжымның   ортақ
міндеттерді   іске   асырылуына   жағдай   жасау.   Ұжымды   қалыптастыруда   ұжымның   әрбір
мүшесін   ұжым   өзі   тәрбиелеу   керек.   Ұжым   мүшелерін   жұмыс   нәтижесінде
ынталандырушылық қызметтің де маңызы зор. Егер ұжымның мүшелерінің ақыл- ойы, ерік-
жігері,   педагогикалық   қызметіне   жұмылдырылса   табысқа   жетудің   бірден   бір   жолы.
«Ынтымақ – бұзылмайтын қорған, қосылып еккен ағаш орман» демекші ұжымда әр істі жұмыла көтеріп, бір отбасының
мүшелеріндей тату болса  ғана ұжым үлкен жетістіктерді бағындырып, болашағы зор болмақ.
Басқарып   отырған   №38   «Жазира»   бөбекжайында   педагогикалық   ұжымның   психологиялық   ахуалы   үнемі   зерттеліп,
талданып,   зерделеніп   отырылады.   Жас   маман   ортасы   мен   тәжірибелі   маман   ортасындағы   алтын   көпір-   ұйымшылдық.
Мектепке дейінгі ұйымымыздың тәжірибелі мамандары жас мамандарымызды педагогикалық шеберліктің асыл жолына
бағыттауда.   Жақсы   тәлім-   тәрбие   беруге,   бүлдіршіндердің   болашағын   дұрыс   бағыттауға   жас   мамандарымызда   жаңа
технологиялармен   балалардың   жүрегіне   жол   табуда.   Осы   орайда   әдіскер   М.Есенгазиева   мен   иноватор   әдіскер
С.Кайрованың  және педагог-психолог А.Белисанованың тәжірибелі және жас мамандармен жүйелі жұмысы да өз нәтижесін
беруде.   сауалнамасы   оқу   жылының   басы   мен   соңында   жүргізіліп,   педагогикалық   ахуал   анықталып,   соған   сәйкес   әр
маманмен жұмыс жүргізіледі.
Бөбекжайдағы жұмыла көтеріп атқарған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда әр ұжым мүшесі өз қызметін жетік
меңгерген, алдына түрлі мақсат пен міндет қоя алатын, өз ойын жетік білдіріп, алдыңғы қатардағы педагог маманға тән
барлық   қасиеттерді   бойына   сіңіріп,   әрқашан   білетінімнен   білерім   көп   деп   санайтын,   ізденіспен   өмір   сүретін,
бүлдіршіндеріміз бен ата-аналарды мейірімге толы жылы жүрекпен қарсы алатын , өзара үйлесімділік пен түсіністіктің
аясында қызмет атқарып жүрген тұлғалар. «Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күйің жоқ»,демекші әр басшы өзі
басқарып отырған ұжымда үйлесімді әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыруды бірінші орынға қойса , жұмыс
барысында үлкен мақсаттарға қол жеткізер сөзсіз.
44

ШҚО  Үржар ауданы Көлденең ауылы
КММ «Көлденең орта мектебі және балабақша»
Бастауыш сынып мұғалімі  Сахариева Майра Атқәрімқызы
Сыныптан тыс шара:  «Бастауышым  бал бұлағым»
Мақсаты: 1.Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып,
орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт
– сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз
Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Кіріспе сөз:   Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, 
бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 
4 «Б» сыныбының «Бастауышым  бал бұлағым» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4 «Б» сыныбын ортамызға.  (Оқушылар ортаға шығады)
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
Айбекке...
Әдепті ғой, тәрбиелі, үлгілі
Біздің елдің болашағы, ертеңі.
Болашақта ғалым болар қараңыз, 
Айбек – біздің үміт артар баламыз.
Ата – Анаға шексіз алғыс айтамыз!
Аяжанға...
Майысып, жымиып  отырған
Аяжан біздің жұмбақ жан.
Достық деген сезімді 
Қастерлеген асыл жан.
Достық жолы - дара жол,
 Достық жолы –адал  жол.
Адалдықты, достықты
Ата – Ана сізден алған ғой!
Нұрсұлтанға...
Сәбидей, ақ жарқын мінезді 
Нұрсұлтанды бәріміз білеміз.
Тәрбие, өнеге тірегі – 
Ата – Ана сізді де білеміз.
Қоштасу күнінде бүгінгі,
Қуаныш сізге тек тілейміз!
Динараға....
Аңғал ғой, балаңыз ақ жарқын 
Күлімдеп үнемі жүреді.
Ата – Ана ақылын ақтайтын,
Динара ақылды, ардақты.  
Рахмет сізге, Ата – ана!
Қайратқа...
Қайрат біздің Қайрат...
Серілік дарыған ерекше жан
Спортта алда болатын
Ол ЧЕМПИОН болады.
Әке ақылы – өсиет,
Ана сүті – қасиет. 
Ана үмітін ақтайтын 
Ұлыңыз үшін, рахмет!
Гүлнарға...
Гүлнар – аяулы ару қыз,
Келбетті, әдепті, байыпты.
Ізгілік, ұяңдық бәрі де
Бойына өзінің дарыпты.
Ананың аялы ақылын
Байқадым тіл қатқан сөзінен.
Мереке, шаттықта ақ тілек
Ата – Ана мен сізге тіледім!
Сержанға...
Сері ғой, өжет мінез балаңыз,
Сыныптағы нағыз жігіт қараңыз!
Талпынып қуантады білімімен,
Ата – Ана сізге алғыс айтарымыз!
Айданаға...
Балдырған ақ  жүрек Айдананың
Бойында ізгілік тұнып тұр. 
Ренжіген кезімде мені де
Жәудіреп жанары қуантты.
Анадан дарыған махаббат
Айданадан әрдайым табылат.
Ақжолға...
Сіздің бала – Ақжол 
Байыптылық  ізгілік
Бір өзінде қаншама!
Ата – Ана, сізге көп рахмет
Ақжолдай  балаға
Дианаға...
Өжет мінез Диана
Жарқырайды мінсіз.
Көркем сөздің шебері –
Диана ақын ертеңгі
45

Ата - Анасы біледі, 
Диана үйдің тірегі.
Құтты болсын, тойыңыз
Диана алда үнемі!
Айдосқа...
Қарапайым баланы мен білем,
Өзгеше мінезі біздерден.
Ата – Анасын көрсетер биіктен,
Айдос – әдепті бала екен!
Тәрбие өнеге, тірегі
Ата – Ана, балаңыз үлгі екен! 
Назгүлге...
Білім көзі қайнар.
Сенім артар үнемі
Ол – сыныптың жүрегі.
Анасының – сенімі,
Үміті мен тірегі.
Алғыс айтып Анаға,
Тек қуаныш тілеймін.
Шыңғысқа...
Ата – Ананың үміті болашақта
Біздің Шыңғыс салмақты әр уақытта.
Үнсіз қарап көзбенен тіл қатады,
Тазалықты сақтауды ұнатады.
Талпынып, өз алдына мақсат қойып,
Ата – Анасын табысымен қуантады!
Рахмет сізге, Ата – Ана!
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар,
Ақыл, білім жетіліп санасында.
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.
Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.
Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп,
Өзіңе арнап ән айтам,
Ардақтап ұстаз өтем деп.
Хор: «Ұстазым»
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
 «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды 
ұстаздарымызға арнаймыз.
Матемтика 

Геометриялық фигураларды ата

Бұрыштарың атын ата

Сызықтардың түрлері

Көбейтудің компаненттері

Көбейтудың қасиеттерін ата
Қазақ тілі

Жеті септікті ата

Сөз табына нелер жатады

Диктантты қалай жазу керек

ТМД,ҚР, БҰҰ деген қандай сөз

Сөйлем неден құралады
Ана тілі    Кім қандай тақпақ біледі?   Үнді биі: Қабдеш Аяжан
Хор: «Ұстазым» Вальс :  Ән:  «Қош бол мектеп» Тоқтарбаев Айбек
Шығыс биі:  «Қыздар тобы»
Спорт 
Қорытынды: Құттықтау сөз оқу ,тәрбие  ісінің меңгерушілеріне беріледі.
* * * * * * * * 
46

 Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы Ақсукент ауылы 
№ 20 «С. Сейфуллин »атындағы  мектеп-гимназиясы  
бастауыш сынып мұғалімі   Маханова   Айман   Абдурасуловна
Тақырыбы: Баяндауыш.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға баяндауыш жайлы ұғым бере отырып, теориялық және практикалық білім дәрежесін 
қалыптастыру.
Дамытушылық: Өзіндік қорытынды жасай білуге, ізденуге үйрете отырып сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, 
ойлауын дамыту.
Тәрбиелік:Еңбекқорлыққа, салт-дәстүрлерді ұмытпауға баулу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа
Пәнаралық байланыс:дүниетану, матем,ана тілі.
Қолданған әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, талдау, Вен диаграмма, түсіндіру,әңгімелеу,суретпен жұмыс, карточкамен жұмыс, 
кітаппен жұмыс.
Көрнекілігі:қиіз үй суреті, 4жыл мезгілінің суреті, қима қағаздар, вен диагр.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Тәлім сәт.
Айналаға алақаннан,
Жылулықты шашайық,
Күлімсіреп,сәттілік тілеп,
Біз сабақты бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру:
Бүгін балалар, бізде ерекше күн  ашық сабақ қазақ тілі пәнінен. Сондықтан өз білгендерімізді көрсетейік.
Кезекші үйге қандай тапсырма берілді?
-159 жаттығу.Сурет бойынша сөйлем құрату.(1-2 сөйлемді оқытып, бастауышын тапқызу).
-Қазір сендерге жеке-жеке карточка беремін, ондағы сұраққа сан қатарына байланысты шығып тақтаға жауап береміз.
Сандар қатары бойынша тақтаға шығып жауап береді.
1.Сөз дегеніміз не?
Сөз туралы не білесің?
2.Сөз табының қандай
 түрлерімен таныстық?
3.Мәтін дегеніміз не?
Қандай түрлері бар?
4.Зат есім дегеніміз не?
5.Етістік дегеніміз не?
6.Сөйлем дегеніміз не?
Түрлерін ата?
7.Сөйлем мүшелері
Дегеніміз не?
8.Сөйлем мүшелері 
Неше топқа бөлінеді?
9.Бастауыш дегеніміз не?    1  2  3  4   5  6   7  8   9
Б А Я Н Д А У Ы Ш
-Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз Баяндауыш екен.
Жеке суретпен жұмыс.
Сөйлем құрату.
-Бұл сөйлемнің бастауышы қай сөз. Осы бастауыштың қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұрған сөзді атайықшы.
Оқушыларға ережемен таныстырып өтемін.
Ой қозғау сұрағы:
-Бұрындары қазақ халқының баспанасы не болған?
-Киіз үй.
-Киіз үйдің сүйегі неден тұрады?
-Шаңырақ,уық, кереге,сықырлауық, т.б.
-Киіз үй қазақ халқының мал шаруашылығымен айналысқан соң көшіп-қонып жүру үшін қолайлы болған екен.Қазір біз сол 
киіз үйді құру арқылы сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
-Алдымен киіз үйдің керегесін құрамыз.Оны оң жақтан бастаған екен, сол үшін де қазақта оң босаға деген ұғым қалыптасып
кеткен. Ол үшін кітаптағы
1.160-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқиық.
47

Өлеңді талдау.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызып, бастауышқа қатысы бар екенін аңғарту.Жыл мезгілдеріне 
байланысты суретті іліп қоямын. 
Осы жыл мезгіліне байланысты қазақтарда қандай сөздер бар?
-Көктеу, жайлау,күзеу,қыстау.
-Жыл мезгіліне байланысты қай ақынның өлеңін оқыдық?
-Абай.
2.Енді шаңырақ көтеру қажет.Қазақта шаңырақ пен бақанды ер адам
көтерген екен сондықтан да шаңырақ иесі ер бала болатыны бұрыннан
келе жатқан салт.
Дәптерді таратып беремін.
Көркем жазу, әдемі тік етіп жазғызу.
3.Шаңырақ пен керегені байланыстырып тұру үшін уық қадаймыз. Әрбір уықты мықты етіп байлайық, ол үшін 161-
жаттығуды орындайық.
(Тақтамен, дәптермен жұмыс.Баяндауыштарға тиісті сөздерді қойып,сөйлем құрату)
4.Сықырлауық(есік) қою.
Сергіту сәті .
Мынау менің жүрегім,бәрін осы басқарған,
Мынау менің басым,бәрін осы бастаған.
Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым,
Бәрін осы бастаған.
5.Киіз үйдің сыртынан кереге бойы киіз жабамыз.(Туырлық,басқұр)
162-жаттығу.Қөп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазамыз.
Өзіндік тапсырма.қима суреттер таратып беріп сөйлем құрату.
Талдату.Дәлелдеп , айтқызу. 
6.Шаңырақ бойын киіз үйдің кигізін жауып (үзік, түндік) үйіміз дайын
болды.
Вен диаграммасы.       
7.Киіз үйдің есігін ашып ішке кірмес бұрын Баяндауыш жайлы өлең, ребус,ертегі,өтірік өлең құрап жіберейік.(Оқушыларды
тыңдау)
-Ендеше киіз үйдің іші әсем, әр-түрлі бұйымдар барекен. Сол секілді  қазақ тілінің біз әлі таныспаған,көптегентүрлері мен 
салаларымен алдыңғы сабақтарда және сендер жоғарғы сыныптарда танысасыңдар.
Қорытындылау:
-Сонымен,балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
Үйге тапсырма: 
4 жыл мезгіліне байланысты еңбек түрлеріне сөйлем құрату.
Киіз үйдің айтылмаған құралдарын тауып,жазып келу.
Бағалау: Әркім өз фишкасы арқылы бағаланады.
* * * * * * * *
 Есенгазиева Мейрамгул Кенесовна
 №38 «Жазира» бөбекжайы  МКҚК әдіскері
Балабақшамен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық
           Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында:
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезектеоның білімдік деңгейімен айқындалады. Егемен 
еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы 
–  ұстаз қолында»-деген болатын.
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі 
ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің 
көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке 
дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде 
қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты 
міндет етіп қойып отыр.
Қазіргі таңда  қоғамда бала өмірін  толыққанды  ұйымдастыруда  балабақшаның орны ерекше екені бәрімізге мәлім.Қоғамда
жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жетудің бірден-бір сара жолдың бірі  балабақшада  оқу тәрбие жұмысын  жаңа 
инновациялық  бағытта     ұйымдастырып жүргізу.   
Мектепке дейінгі мекеменің және бастауыш мектептің міндеттері
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш 
білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының 
алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға 
ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды 
басты міндет етіп қойып отыр.
48

Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің 
сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып 
отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың 
дабыл қағуына толық негіз бар.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:балалардың білуге деген 
құмарлығын дамыту;
балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;балалардың интеллектуалдық 
және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-
құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу).
Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру барысында  №38 «Жазира» бөбекжайы  А.Байтұрсынов атындағы  №10   ЖОББ  
мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Әр жыл сайын жаңа оқу жылының басында балабақша мен мектеп 
арасындағы байланыстың жоспары құрылады. Қыркүйек айында «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныпта 
оқытудың өзара сабақтастығы тақырыбында ересек топ тәрбиешілерімен бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізілді. Оған 
№10 мектептен бастауыш сынып мұғалімдері шақыртылып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мектепке даярлық тобының 
тәрбиешісі  Масалимова Жазира мен балабақшада білім алған балалардың балабақшаға бармаған балалардан көп 
айырмашылығы бар екендігін, себебі олар өз ойларын ашық айтып, жеткізе алатындығын, білімге, өнерге 
қызығушылықтарының ерекше болатындығын атап өтті.
Өткен 2015 жылы балабақшамыздан мектеп табалдырығына 103 бала қадам басты. Балалардың мектепке психологиялық 
дайындық деңгейін анықтау мақсатында оқу жылының басы қыркүйек айында алғашқы диагностикалау жүргізіліп, жыл 
бойғы жүйелі дамыту жұмыстарының арқасында оң нәтижелі қорытынды шықты. 
    Балалардың мектепке психологиялық дайындығын диагностикалауда  Керн-Йрасектің тесті және С.Банковтың тесттік- 
әңгімелесуін жүргізуде мынадай дайындық деңгейі анықталды: 
Мектеби- жетілмегендік - 0% 
Мектеби- орташа жетілгендік  - 28% 
Мектеби- жетілгендік - 72% 
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке әлеуметтік- психологиялық дайындық деңгейі жоғары .
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: 
ақпараттық – ағартушылық және практикалық.

Мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі 
бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.

Мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың 
іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.
Егер, мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық   жұмысы жүйелі жүргізілсе,  мектеп жасына 
дейінгі балалар білімін мектепте әрі қарай сәтті жалғастырар еді. 
Қорыта келе,сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, 
баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің 
әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.
Ең бастысы –орта мектепке бейімделу кезінде балаға көмектесу, оны психологиялық жағынан дайындау.      
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы  №28 «Ақбай» 
  жалпы орта мектебібастауыш  сынып    мұғалімі
Мирзаметова  Шахзода  Саттаркукловна 
                                                          
Математика
4  сынып
Сабақтың тақырыбы
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі. 
5009·32 және  160288:32, 4060·78 және 316680:78
Сілтеме
Математика   оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы
қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
1.   Оқушыларды   санды   көбейтіндіге   бөлу  тәсілімен   таныстыру,   есептеудің   тиімді   тәсілін
қолдануды үйрету 2. Математикалық ой - өрісін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Топқа бөлу
Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің 
үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет 
орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз.  
Сол суреттерге байланысты төрт
топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық 
атмосферасы
Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Оқушылар бір-біріне жақсы 
тілек тілеп, сыныпта жақсы 
ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен 
таныстыру
Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы 
бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.
Оқушылар бағалау 
нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын 
пысықтау
Математикалық диктант     
 560-ты 2 есе арттыр         
 560-ты 200-ге арттыр
Оқушылар дәптерге орындайды
Жаңа сабақ
 Жаңа сабақпен таныстыру.    
1 тәсіл. a : (b ∙ c)           
2 тәсіл. a : (b ∙ c) = (a : b) : c           
тәсіл. a : (b ∙ c)=(a : c) : b
49

18 : (2 ∙ 3) = 18 : 6 = 3        
18 : (2 ∙ 3) = (18 : 2) : 3 = 3                
18 : (2 ∙ 3) = (18 : 3) : 2 = 3
 (жазбаша бөлу тәсіліне дайындық)
 354252 : 10      60341 : 100
 78003 : 1000    812496 : 10 000
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда орындау.
Дәптермен жұмыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет