Міндеттері: Отбасы мен мектеп арасындағы қарым- қатынасты дамыту. Балалары мен отбасыларына әлеуметтік,
психологиялық, құқықтық көмек көрсету мақсатында кеңес беру.
Қажетті құрал-жабдықтар: шарлар, түрлі –түсті қалам, ақ қағаз (А4), корона, лента.
Сабақтың түрі: семинар – тренинг.
«Мандарин» сергіту жаттығуы
Кіріспе сөз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған сабағымыздың тақырыбы
«Мұғалім, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» семинар тренингке қош келдіңіздер!
Баланың бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді,
толысып әрленеді. «Бала нені білсе ұядан-өле өлгенше соны таныр қиядан» деген нақыл сөзде қаншама мән-мағына жатыр.
Бұл орайда мектептің рөлі зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәбие бір-бірімен тығыз байланысты.Баланың басты
ұстазы ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша6 іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші, сенімді
тірек болса, мұғалімде сондай болу керек. Екі жақта байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселенің түйіні шешіледі.
2. «Рахмет Анашым» бейне баян
3. «Біз біргеміз» жаттығуы
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, өзара түсінушілікте ата-анамен балаға қолдау, көмек көрсету.
Нұсқау: Ата-аналар көздері байлаулы күйде өз балаларын қолдарынан ұстау арқылы табуы керек.
Талдау: Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
4. Кездейсоқ жағдайдан шығу.
Мақсаты: Өз балаларының іс- әрекетіне дұрыс бағыт бере білуге баулу.
Ата-аналарға
62
4.
Сіз тәрбиелі отбасысыз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз, балаңызды
қалай қорғап қаласыз?
Ұстаздарға:
5.
Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тоқтап
ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тік қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап, күлкім
келеді», -дейді. Сіз қандай шара қолданасыз?
Оқушыларға:
6.
Сен сабаққа кешігіп келдің, түсте үйге де кешігіп келдің. Ұстазыңа неге кешіккеніңді, ата-анаңа неге кешіккеніңді,
қалай түсіндіресің, осы жағдайдан қалай шығасың?
5. Сұрақ-жауап «Мадақтау-жазалау»
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңілін байқау
Нұсқау: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына сөгіс
жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып,
ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
6. «Бала ескерткіш» жаттығуы.
Мақсаты: Баланың ішкі жан –дүниесін, сезімін көңіл-күйін түсіне білуге шақыру.
Нұсқау: Өз қалауымен бір ата-ана ортаға шығып, кішкентай баланың рөлін ойнайды. Келесі ата-ана баланың артынан
жүрек тұсына алақанын қойып тұрады. Қандай жағдай болмасын ол қолын алмауы қажет. Психолог отырған ата-аналарға
нұсқау бойынша айтатын сөздерін таратып шығады. Олар кезекпен берілген сөйлемдерді оқып шығады.
Талдау: -Жаттығудан қандай әсер алдыңыз?
-Сізге өзіңіз ойнаған рөл ұнадыма?
-Баланың ішкі жан-дүниесін сезіне алдыңыздарма?
-Осы айтылған іс-әрекеттердің қандай да біреуін өз тәжірибелеріңізде жасаған кездеріңіз болды ма?
7. «Шахмат» жаттығуы.
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін дамыту және топтық қарым-қатынасты нығайту.
Нұсқау: Ортаға 10 қатысушы шығып 2 топқа тең бөлікке бөлінеді.
Бірінші топ шахмат тәрізде шашырап, кез келген бір қимылда қатып тұрып қалуы керек. Екінші топ 20 сек
қарап қайта теріс қарайды. Бірінші топ қатысушылар бастапқы фигурасын алмастырып басқа фигурада тұрады. Екінші топ
алғашқы фигурасын қалыпқа келтіріп , көрсетіп беру керек. Дәл солай келесі топ қайталап ойын жалғаса береді.
8. «Сиамдық егіздер» жаттығуы
Мақсаты: бірлесіп іс-әрекет жасауға, басқаның ойын түсіне білуге және физикалық қарым-қатынасты дамыту.
Нұсқау: Жаттығу жұппен орындалады, ата-ана – бала, мұғалім – ата-ана. Әр жұпқа бинт немесе жұқа орамал, қағаз
және түрлі-түсті карандаштар қажет. Сол жақта отырған қатысушының оң қолы, оң жақта отырған қатысушының сол
қолымен бірге тұратындай етіп, қатысушылардың иықтары мен шынтақтарын қосып, бинтпен орап тастайды. Содан
олардың байлаулы қолдарына карандаш беріп, кез-келген нарсені салуды ұсынады. Тапсырманың талабы бойынша тек
байлаулы қолмен салу қажет. Қатысушыларға қандай суретті салуды ақылдасуы үшін бір-бірімен сөйлесуге рұқсат беріледі.
Тапсырманы қиындату үшін бір қатысушының көзін байлауға болады. Жаттығудан кейін оған талдау жүргізіледі.
-Жаттығуды орындауда сіз үшін ең қиын болғаны не?
-Салған суреттеріңіз өздеріңізге ұнады ма?
-Өзара түсінісіп әрекет жасау үшін не қажет деп ойлайсыздар?
9. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
Мақсаты: Кері байланыс ретінде тренингтен алған әсерлерімен бөлісу.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңібен бөлісіп алма стикерлеріне тілектеріңізді жазып, қалдыруларыңызға болады.
Қорытынды: Құрметті әріптестер! Біз бүгін сіздермен мұғалім, ата-ана, бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі
жақтарын тануға оны жан-жақты талқылауға тырыстық. Ата-ана, ұстаздар баланың терең түпкіріне үңіле білсе, бала
құқығына қол сұқпай тәрбие ісіне басшылық жасаса дұрыс нәтижеге жетері сөзсіз.
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылы
«С. Рахимов» атындағы жалпы орта мектебі
география пәні мұғалімі Нажимова Умида
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Еуразия.Физикалық-географиялық орны,материк жағалауындағы мұхиттар және басқа да
нысандар.
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға дүние жүзіндегі ең ірі материк екенін,дүниедегі 4 мұхит суы шайып
жатқан ,ең үлкен тауда,ең ыстық аймақта,ең суық аймақта осы материктен кездесетінін сыни ойлау арқылы
Еуразияның геогрфиялық орнына,жер бедеріне,жалпы табиғатына топтық,жұптық,жеке тапсырмаларды орындату
арқылы пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып бағалау критерилерін жүзеге асырту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Еуразия материгін картадан шеткі нүктелерін жағалауындағы теңіздер мен мұхиттарды
таба отырып біледі,картадан Еуразия материгін шеткі нүктелерімен тауып бере алады.
Түйінді идеясы:
сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы Еуразия материгін толық меңгерту ең,ең ерекшеліктерімен
өздеріне жұмыс жасату арқылы толық білдірту.
Сабақтың әдісі: Топтық таныстырылым,электронды оқулық тапсырмасы,кесте мен картамен жұптық,топтық
жұмыстар,венн диограммасы
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар
Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясын қолдану(Бағдаршам)
Сабақтың барысы:
63
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кірісп
е
1.Мұғалім
оқушылармен
амандасып,сынып
оқушыларының
көшбасшылығымен
топқа
ынтымақтаса отыртып бөлдірту.
2. Жалпы географиялық шолу жасау,оқушыларға
«Жабық тест»әр топқа Солтүстік Америка материгін
пысықтау мақсатында 3-нұсқада тест тапсрымалары
таратылады.Дұрыс жауаптары интерактивті тақтадан
көрсетіледі.Өз-өздерін тексеру мақсатында 1-нұсқа
ның барлық жауабы- «А»,2-нұсқаның жауабы- «В»,3-
нұсқаның жауабы- «С»деп өз-өздерін тексеріп қатемен
жұмыс жасайды.
3Серпілген сауалдармен Солтүстік Америка материгіне
жалпы шолу жасап пысықталады.
1.Оқушылар мұғалімге құрмет көрсете
отырып амандасады,топтарға өзара
ынтымақтаса отырып бөлінеді. Топтағы
міндеттерімен бөліседі.
2.Әр топ өздеріне берілген «Тест
жұмысымен»жұптаса отырып жұмыс
жасауға әрекеттеседі.
Үй тапсырмасын «Серпілген сауалдармен
»тарауға пысықтау жасайды.
10 мин
Тұсау
кеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың
тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
2. «Ой шақырту» Бұл материктің басты
ерекшелігі:Жерінің көлемі жөнінен-дүние жүзінде
-1орында 54млн жерді алып жатқан материк,4мұхит
суы шайып жатқан ,екі дүние бөлігінен тұратын қай
материк?
Оқушылармен ой бөлісіп жаңа тарау ,жаңа
тақырып,жаңа материк-Еуразия материгінің жер бедері
мен географиялық орны тақырыбын өз беттерінше
оқуға шақыру.
1.Оқушылар берілген тапсырманы ой
қозғау арқылы орындап, өз ойларын
ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана
отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге электронды оқулықтан
берілген мәліметтерге көз жүгірте
отырып
керікті
мәліметтерді
дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді
жазып алады.
25
мин
Негізг
і
бөлім
1.-тапсырма:Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен
танысуға тапсырма береді.
А)«Қара ,оқып шық,жап,жаз»әдісімен жеке тапсырма
ретінде тақырыппен танысу беріледі.
Ә)Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс:
Оқушылар 3-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға
әрекеттенеді.
1топ:Еуразияға ең,ең ерекшеліктерімен сипаттама
бергіздірту.
2топ:Географиялық орнына жалпы сипаттама
бердірту.
3 топ:Материк жағалауындағы мұхиттар мен
теңіздер,бұғаздар,шығанақтарға сипаттама бердірту.
2-тапсырма: «картамен жұмыс»Жеке тапсырма кескін
картаға шеткі нүктелерін түсірту.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,
бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын
айтып қорытындылайды.
1.Топтық жұмыс: оқушылар «Қара,оқып
шық,жап,жаз»әдісі
мен оқулытан оқи отырып ,постерге
берілген тапсырмаларды тортасып
отырып сипаттама береді.
2-жеке жұмыс: Оқушылар «жадыңда
сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.
5
мин
Қорыт
ынды
1.Мұғалім сабақты қорытындылайды. А) «Сандар не
дейді»?-бүгінгі сабақтан кездескен сандарды
сөйлету.Мысалы:8848-Джомолунгума шыңы,
-403---Өлі теңіз т.б
Ә) «ия-жоқ»сұраққа нақты жауап бердірту арқылы кері
байланыс орнату.
2.
«Бағдаршам»топтардың
өзара
бағалау
критерийлері(формативті бағалау)
3.Үйге тапсырма: Еуразия материгін толық оқып
келу,келесі
тапсырма-зерттеушілер-
Семенов,Прежевальскии.Ш.Уалиханов
туралы
қосымша қарап келу.
1.Оқушылар интертақтадан «Сандар
сырын»толтыру арқылы пысықтау
жасайды жә «Ия-жоқ»сұрақтар тастау
арқыл сабақты пысықтама жасату.
Оқушыл «Бағдаршам»мен топтар бірін-
бірі бағалайды.
64
Сайрам ауданы №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп мемлекеттік мекемесі
Налибекова Алима Нурдиллаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Қосарлама қос сөздер.
Тақырыбы:Қосарлама қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қос сөз,қосарлама қос сөз,қосарлама қос сөздердің жазылу емлесі туралы түсінік беру,қазақтың ұлттық ойын
түрлерімен таныстыру;
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың ой-өрісін,танымын,өз бетімен ізденуі арқылы қабілеттерін
жетілдіру,сөзжасам туралы түсініктерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,Отанын,жерін сүюге,адамгершілік қасиеттерге,эстетикалық
талғамдарын қалыптастыруға,әділдікке,тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:кеспелер, плакаттар т.б материалдар.
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Түрі:ойын сабақ.
Әдісі: түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу; оқушы зейінін сабаққа аудару; бүгінгі сабақтың мақсатын айту.
Үй тапсырмасын сұрау:
1«Конверттегі сұрақ» әдісі.
2 Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.
Жаңа сабақ:
1.Тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қосарлама қос сөздердің құрамына назар салайық.
Мағынасы бір-біріне жақын сөздер және
қарама-қарсы мағыналы сөздер қосарланады.
Құрт-құмырсқа, әке-шеше, ағайын-
туыс, үлкен-кіші, іші-сырты, аға-іні
Бір сыңары мағыналы,екінші сыңары
мағынасыз
Келін-кепшік, бала-шаға.
Екі сыңары да мағынасыз
Ығы-жығы, некен-саяқ
Қоғамдық даму аясындағы өзгерістер
барысында кейінгі кезде қалыптасқан қос
сөздер
Үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-
экономикалық, қазақша-орысша,
ғылыми-танымдық.
2. Ойнайық та, ойлайық!
Оқушылардан қазақтын ұлттық ойындарын сұрау (қыз қуу,ақсүйек,алтыбақан,тоғызқұмалақ,арқан тартыс,көкпар т.б)
«Көкпар» ойыны арқылы 2 топқа бөлініп,қос сөздердің сыңарларын тауып жазу
Дос-Әмпей-
Сана-Тым-
Шал- Егжей
Қару- Қора-
Кескін- Ымы-
Қылтың- Апалы-
3.Дәптермен жұмыс:
1- жаттығу.Өленді оқып, қос сөздерді теріп жазыңдар.
4. Оқулықпен жұмыс:
3-жаттығу.Мәтінді түсініп оқып қос сөздерді табыңдар.
Балуан Шолақ
5.Шешендер сайысы:
Алтын сандықтан шыққан мақал-мәтелдердегі қос сөздерді табу.
1.Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.
2.Ата-ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
3. Әдептілік ар-ұят –адамдықтың белгісі.
4. Ақылды адамжай-жай келеді,жан-жағын байқай келеді
5. Шешендер сайысы:
1. …………. көсем боласың, ………….. шешен боласың.
2. ………….ның ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
5. Шешендер сайысы:
1. Әдептілік ………… –адамдықтың белгісі.
2. Ақылды адам ……….. келеді, ………. байқай келеді.
6 «Адасқан әріптер» ойыны: Кім жылдам?
1. м, д, и, н, т, е, ә, е. Мәдениет
65
2. з, д, а, б, ұ, қ, л, м, а. Балмұздақ
3. ш, к, і, б, е, т, і, й, б, л, і. Бейбітшілік
1. о, р, қ, а, ы, л, т, ш Қолшатыр
2. е, м, л, ә, і, м, е, д, м Мәлімдеме
3. з, і, у, т, ә, к, і, д, л, е, с Тәуелсіздік
6. «Адасқан әріптер» ойыны.
1. м, д, и, н, т, е, ә, е.
2. з, д, а, б, ұ, қ, л, м, а.
3. ш, к, і, б, е, т, і, й, б, л, і.
6. «Адасқан әріптер» ойыны.
1. о, р, қ, а, ы, л, т, ш
2. е, м, л, ә, і, м, е, д, м
3. з, і, у, т, ә, к, і, д, л, е, с
7. Пысықтау:
2.
Қос сөздер дегеніміз не? Оның түрлері?
3.
Қайталама қос сөз деген не?
4.
Біріккен сөз дегеніміз не?
5.
Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздер қалай жазылады? Мысал келтір.
6.
Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттары қалай жазылады? Мысал келтір.
7.
Мысалы; жаздыгүні, қолғап, Бағдаулет сөздері қалай жазылған?
6-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Мал шөпті бытыр-бытыр шайнайды. Абзал қарқ-қарқ күлді. Жаңбыр тырс-тырс тамшылады. Атам күрк-күрк жөтелді. Қазан
бұрқ-бұрқ қайнады.
Бақша дақылдары
А
К
С
Қ
Қ
Қ
Қ
Ш
Қ
Суретпен жұмыс
2 сурет беріліп, оқушылар өз таңдауы бойынша қос сөздерді қатыстырып әңгіме құрайды.
8.Үй тапсырмасын беру: 1. Қосарлама қос сөздер ережесін жаттау. 6-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, қосарлама қос
сөздердің астын бір сызықпен, қайталама қос сөздердің астын екі сызықпен сызыңдар.
9.Оқушыларды бағалау. Толғаныс.Кері байланыс (қорытындылау)
«Бүгінгі сабақта...»
Бүгінігі сабақта сізге не
үнады?
Бұл сабақта сізге не
қиын болды?
Бұл саған не үшін қиын
болды?
Бұл қиындықты қалай
жеңесің?
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы,
«Көкібел» жалпы орта мектебінің І санатты бастауыш сынып
мұғалімі Жаркынбекова Акмарал Онеровна
Пәннің аты
Математика
Сабақтың тақырыбы
Арифметикалық амалдар
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы
суретті кестелер, қосымша тапсырмалар
жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін
кеңейту;
Есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өзін – өзі
бағалай білуге үйрету;
Санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін
нығайту, ауызша есептеу дағдысын жетілдіру, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және
есептерді шығару дағдыларын тексеру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, кестелер, суреттер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
66
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
Қолдарына алған қиындыларды
құрастырып,сол бойынша топқа
бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық
атмосферасы
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып
отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды
іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек
тілеп, сыныпта жақсы ахуал
қалыптастырады.
Үй тапсырмасын
пысықтау
Көбейту кестесін еске түсіру
Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ
Оқулықта берілген тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.
Қосымша тапсырмалар.
1-топ
250*6+550*6=4800
552*2+248*2=1600
(356+444)*8=6400
3600*2+805*2=8810
(125+875)*24=24000
(176+24)*450=90000
2-топ
138276 : 46 =3006
458687 : 229 =2003
382925 : 425 =901
55590 : 545 = 102
738123 : 123 =6001
172216 : 824 =209
685828 : 218 =3146
305584 : 142 =2152
215292 : 132 =1631
3-топ
141715 : 46 = 3080 (35)
374699 : 82 =4569 (41)
273 712 : 34 = 8050 (12)
927 561 : 203=4569 (54)
Сергіту сәті
Сергіту сәті
«Көңілді қалпақ» ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады
табады.
Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық
Ой толғаныс
1-ден 100-ге дейінгі сандар.
а)1.Мына сандарды ата, жаз.
1онд.3бірл; 2онд.4 бірл; 5онд.6 бірл;
7онд.1бірл; 4онд.6 бірл; 8онд.5бірл
9онд.2бірл; 3онд; 4онд.5бірл;
ә) 5онд.4бірл 1онд.5 бірл;
4онд; 5онд.2 бірл;
7онд.6бірл; 5онд.5бірл;
б) 2бірл.2онд; 1бірл.5онд;
4бірл.1онд; 5онд.2бірл;
9бірл.1онд; 5онд.5бірл;
Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақта біз не істедік?
Саған қайсы тапсырма қиын
болды?
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс
67
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №38 «Жазира»бөбекжайы МКҚК
Хореграф Сәмен Айнаш Бержанқызы
«Наркезген» күйіне арналып қойылған би
Кіріспе
Қазақтың би өнері сонау ежелгі заманнан бері қарай адамдардың көңіл күйі-не, ой-арманына,тілек-аңсарына, уақыт
талабына, дәуір талғамына сай өзінше да-мып, ұрпақтан-ұрпаққа таралып келеді.
Қазіргі таңда заман талаптарына сәйкес білім берудің мақсаттары да жаңара түсуде. Бүгінгі меңгерген білім мен
біліктіліктің көлемі емес, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту,адамның бірегей мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін
ба-сымдықтар алдыңғы қатарға шықты. Бұл реттегі білімнің басты мақсаты - жас ұр-пақты өмірдің күрделі тұстарына
әзірлеу,психологиялық және әлеуметтік бейім-деу. Қазіргі заманғы оқытудың мақсаттары ой өрісті дамытудан басқа,
эмоцияны, ерік - жігерді дамытуды, қажеттіліктерді, қызығушылықты, мұраттарды, адамның мінезқұлық қырларын
қалыптастыруды да кеңінен қамтыды. Оқыту, яғни білім беру жеке тұлғаның үйлесімді дамып, өсе түскен адамның
дербестігіне, ол адам -ның бойындағы ықтимал мүмкіндіктеріне бағдарланған.
Мақсаты:
- Би өнері арқылы балалардың шығармашылық жетілуіне жол ашу.
- Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. - Балалардың тұла бойының әсем жаратылуыныңқалыптасуына,
сымбаттылыққа, кәсіби деңгейде билеуге жәнеэстетикалықтәлім- тәрбиегеүйрету;
- Қазақ халық биінің тарихымен және ерекшеліктерімен
таныстырып, ұлттық бидің түрлерін үйрету.
- Балалардың отансүйгіштік,өз елінің тарихыныңтүп-тамырынына
тереңінен көзсалаотырып, келешекұрпаққа би өнері мәдениетінің
жеткізілуіннасихаттауғабаулу;
Негізгі міндеті үйренушілерге тек қана белгілі бір биді үйретіп қана қоймай, олардың бойына шығармашылық
белсенділікті арттыру.
- Білімділік: корпустың қойылуы, көптеген би жанрларымен, стильдерімен, басқа халықтардың билерімен, би
өнерінің қазақи байлығымен, алтын қорымен және отандық хореографиямен танысу;
Тәрбиелік: ансамбльдік орындаушылыққа тәрбиелеу, би өнерінде тыңдай білу және тыңдау қабілетінің маңызды
екенін түсіндіру, ұжымдық орындауда жауапкершіліктің жоғары болуына тәрбиелеу;
Дамытушылық: балалардың бойында би және музыкалық қабілеттерді дамыту.
Бәрімізге балалардың билегенді жақсы көретіні белгілі. Билеу арқылы олар қимыл-қозғалыстарға қажеттіліктерін
көрсетеді.
Балалардың би үйірмесіне қатысуы кезінде олардың дене сымбаты қалыптаса бастайды, яғни олардың
омыртқалары, иықтары түзеледі, бала сымбатты, келбетті Болады. Би балалардың қоршаған ортаға деген көзқарасын
өзгертеді, олар айналасындағы әдемілікті, сұлулықты түсіне бастайды, жастайынан талғамдары жақсарады. Балаларға
би элементтерін үйрету бағдарламаға сәйкес жүргізілуі керек. Мұғалім қимыл-қозғалыстарды үйренушілерге
түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар өзі де сол элементтерді жасап көрсетуі тиіс. Үйрету кезінде ойналатын
музыкалық шығармаларды жиі ауыстырып тұруы керек, ал балаларға ұнап қалған әуенді қайталап қою абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |