Сергіту сәті
«Қаражорға» биі
Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс
Математика
1. Мына сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді?
а) 25, 13 б) 21, 27 в) 17, 20
2. Шешімі 15 - ке тең теңдеуді белгіле.
а) 75: х=5 б) 6: х=90 в) 15: х=3
3. 36кг алманы 6 жәшікке тең бөліп салды. 48 кг алманы тең бөліп салу үшін осындай неше
жәшік қажет болады?
а) 8жәшік б) 12жәшік в) 6жәшік
4. Дұрыс құралған теңдеуді белгіле:
Ойлаған санды 4 есе кеміткенде 5 шықты.
а) х: 4=5 б) х•4=5 в) х - 4=5
5. Берілген мысалдардың қате шығарылғанын тауып белгіле:
а) 69: 6=11(3қалд) б) 12: 5=1(7қалд) в) 13: 4=3(1қалд)
6. 2адам 2 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады?
а) 4сағат б) 3сағат в) 2сағат
7. Метрмен нені өлшейді?
а) сыйымдылықты б) ұзындықты в) массаны
8. Қандай сан 2, 3 және 7 сандарына қалдықсыз бөлінеді?
а) 24 б) 35 в) 42
9. Суретте неше, бар?
а) - 5, - 2
б) - 6, - 3
в) - 4, - 2
10. Мына сандардың қайсысын 3 есе кемітуге болады?
а) 2 б) 77 в) 33
11. Периметірі 24см болатын шаршы сыз және оның ауданын есептеп тап:
а) 30
〖см〗^2 б) 24 〖см〗^2 в) 36〖см〗^2
12. Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап: (80: 4)+40
а) 80 б) 60 в) 70
13. Амалдардың орындалу ретін пайдалана отырып, мысалды шығар: 100: 15+19•5 - 89=
а) 41 б) 13 в) 18
Сабақты бекіту
Тест тапсырмалары
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Оқушылар күнделіктеріне
жазады
Бағалау
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс
50
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылы
№ 13 «А.Навоий» жалпы орта мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Миркаримова Саида Абдинабиевна
Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі.
Сабақтың мақсаты:
білімділік – зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру,оқушылардың ой-өрісін кеңейту,зат есім тақырыбынан алған білімдерін
еске түсіру,зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
дамытушылық – жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу,сөйлеу
шеберліктерін,тіл байлықтарын дамыту;
тәрбиелік –оқушыны білімділікке,ойлылыққа жетектеу,пәнге қызығушылығын арттыру,туған тілін сүюге,қадірлеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Көрнекілігі: плакат-сызбалар,топтастыру,кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс:әдебиет.
Сабақтың өту барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Сәлемдесу.Сабаққа даярлау.
2.Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.
Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады.Журналдың әр парағында тақырыптар берілген.
1.Қайталау – оқу анасы.
2.Жаңа сабақ құпиясы.
3.кітап – досың,ақылшың.
4.Біліміңді байқап көр.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту.Ой шақыру.
1. «Қайталау – оқу анасы».
«Кубик лақтыру» ойыны.мен түрлі-түсті кубикті ортаға тастаймын.Үш қатар түстерді таңдау арқылы тапсырмаларын
орындайды.Үш минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар
1-қатар.Оқушылар бірлесіп зат есім бойынша тірек-сызбсын салады,түсіндіреді.
дара, күрделі
кім,не негізгі,туынды
жалпы және жалқы деректі,дерексіз
көптеледі септеледі
тәуелденеді
2-қатар. Тірек сөздер арқылы жұмыс.Төмендегі плакатқа жазылған сөздер бойынша үш сөйлем құрау,зат есім болатын
сөздерді белгілеу.
3-қатар.
Бейнесөз.
1.Ұлттың аты ...
2.Ел ордасы ...
3.Жанша Досмұхамедұлының туған жері
4. «Кет» сөзінің антонимі
5. Сөз табы
6.Тәуелсіздік тірегі ...
7.Сөздің көркі ...
ІІІ.Мағынаны тану.
2. «Жаңа сабақ құпиясы».
Морфология.
Зат есімнің түрленуі.
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар.
көптік тәуелдік септік жіктік
Зат есім көптеледі,тәуелденеді,септеледі.
Тек адамға байланысты,адамға қатысты зат есімдері ғана жіктеле алады.
Мысалы: Мен бала-мын
Сен бала-сың
Сіз бала-сыз
Ол бала
51
Оқулықтағы көптік жалғау,тәуелдік жалғау мәліметтері,оған байланысты берілген кесте сабақта пайдаланылды.
3. «Кітап – досың,ақылшың».
Жаттығулар мен тапсырмалар жұмысы
1-қатар. Берілген сөйлемнен көртік жалғауын қабылдап тұрған зат есімдерді табу.
Тіл – адамдар баласының баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлылар күшті.Ата-бабалырымыз ана тілімізді шұрайлы да
көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.
2-қатар. Зат есімнің оңаша тәуелденуіне мысал келтір.
3-қатар. Ағалар,апалар,аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.
IV. Бекіту.Ой толғаныс.
4. «біліміңді байқап көр»
Тест
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 6 Б)9
Ә) 7 В) 8
2. Оқушы,бала,ана сөздері қай сөз табына жатады?
А) Сан есім Б) Есімдік
Ә) Үстеу В) Зат есім
3. Жалғаудың неше түрі бар?
А) 4 Б) 5
Ә) В) 2
4. Туынды зат есім жұрнағын белгіле.
А) –хана,-паз,-кер
Ә) –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті
Б) –шы,-ші,-лық,-ім,-ыс
В) –дай,-дей,-тай,-тей
5. Күрделі зат есімдерді тап.
А) білім,күрек,күйші
Ә) аяқ,ауыл,бала,дала
Б) ана,қала,мектеп
В) ашудас,аяқ-табақ,ауыл-аймақ
6. Тәуелдік жалғауының оңаша,ортақ түрінің ІІІ жағының қосымшаларын көрсет
А) –ым,-ім,-м,-мыз,міз
Ә) –ңыз,-ңіз,-ыңыз,іңіз
Б) –сы,-сі,-ы,-і
В) –ң, -ың,-ің.
V. Үйге тапсырма.
50-жаттығу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып,оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.
VI.Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
* * * * * * * *
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Мусабаева Гульсайран Өсербайқызы
Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 көлеміндегі санға 9–ды қосу және саннан 9–ды азайту кестесін оқып–үйренуді қорытындылау.
Қосылғыштардың біреуі 9 болған жағдайдағы санның құрамы.
Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, есептеу, логикалық ойлау
әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу. Білімділікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ойын.
Көрнекілік: Қосу кестесі. Тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Аспанға қарап, ай көрдім,
Төмен қарап, жер көрдім.
Оңға –солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
5.
5.
Оқушыларды топқа бөлу.
I-қызыл хризантема
II- қызыл-сары хризантема
III-жасыл хризантема
ІІ Жаңа сабақ.
Мұғалім: Балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын «Математика» пәнінен алдыңғ өткен сабақтан алған білімімізді пысқтап
алайық.
52
1.Қосудың компоненттерін ата.
2.Азайтудың компоненттерін ата.
3.Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
4. Кесінді дегеніміз не?
5. Сәуле дегеніміз не?
2-бөлім Ребус шешу.
Ребустың жауабы: тоғыз.
Мұғалім: Балалар, байқадыңдар ма? Ребустың жауабы тоғыз болды. Олай болса, жаңа сабағымыздың тақырыбы «9 санын
қосу және азайту».
III. Оқулықпен жұмыс.
1. Қосылғыштардың бірі 9 болатын қосындылар жаз және мәндерін тап.
9+0=9 9+1=10
Азайтқышы 9 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.
10–9=1 9–9=0
3. Есептер құрастыр және шығар:
Болды – 10 қапалма
Сатылды – 8 қап алма
Қалды – ? қап алма
10–8=2 (қ.) – қалды
Ж:
4. Кім жылдам?
3+4=7 4+5=9 6+1=7
4+2=6 5+2=7 3+3=6
Сергіту сәті.
Дұрыс шешуін тап.
Логикалық есеп.
Сол жақтағы сызықтардың қайсысы оң жақтағы сызығының жалғасы?
«Жемістерді терейік» ойыны.
Үй тапсырмасы.
Қорытындылау: сұрақ-жауап сайысын және есептер шығару кезінде көп жұлдызша жинаған топты бағалау.
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы,
С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі ІІ-санатты
бастауыш сынып мұғалімі Ахаева Мария Жанысбекқызы
Сыныбы: 3
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есім
Зат есім
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға зат есім жөнінде алған білімдерін еске түсіру,олардың өз
бетімен жұмыс жасауы арқылы теориалық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
2.Сөздік қорын ,байланыстырып сөйлеуін,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі:жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта,семантикалық карта, тест парақшалары,сөзжұмбақ,мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Бес болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт аламыз.
Мақсатымыз-білім алу.
Міндетіміз еңбектену.
Сыныпты топқа бөлу:
1-топ «Алғырлар»; 2-топ «Білгірлер»,3- топ «Тапқырлар»
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қыс қызығы» туралы үйге берілген мәтіндерін оқыту.
3.Жан-жақты білімдерін тексеру.
а) 1-топ Мәтінде өзіңе таныс қандай сөз таптары бар?Табыңдар
2-топ Сөз таптары туралы айт.
3-топ Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін қай сөз табы? Мәтіннен тап.
Жаңа сабақ
ә) Сөзжұмбақты шешу
Білімнің дәнін тереді,
Балаға білім береді.(Ұстаз)
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.(Қоңырау)
Білімнің мол сиы осы,
Балғындардың ұясы.(Мектеп)
-Зат деп нені айтамыз?
-Бізді қоршаған нәрселердің барлығы-заттар.
53
Олар орындық, тақта,қалам,дәптер,қағаз.
Зат есім деп заттың атын білдіретін сөздерді айтамыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Қыста қандай құбылыстар болады?
-Қар жауады, мұз қатады, аяз түседі,боран соғады,қырау қатады.
Тірек-сызбамен жұмыс.
Оқулықтың 28-бетін ашамыз.Жаттығулармен жұмыс жасаймыз.
2-жаттығу.Мәтінмен жұмыс. «Алғырлар »тобы
3-жаттығу. Сөздер тобына тағы үш сөзден қосып жаз. «Білгірлер» тобы
4-жаттығу. Өлеңмен жұмыс. Зат есімдерді теріп жаз. «Тапқырлар» тобы
5.Сергіту сәті :
Жазу жазып өзіміз
Шаршап кетті қолымыз
Аздап демді аламыз
Көркем етіп жазамыз
6. Жаңа материалды бекіту.Топпен жұмыс.
«Алғырлар »тобы. Суреттегі бейнеленген заттардың атауларын жаз.
Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.
«Білгірлер» тобы. «Сөздерді сәйкестендір»
Ит
билейді
Биші
емдейді
Қарға
ұлиды
Дәрігер
қарқылдайды
Қасқыр
үреді
«Тапқырлар» тобы.Көрсетілген көптік жалғауларына жалғанатын сөздер тауып зат есім жаса.лар,лер,тар,тер,дар,дер
Семантикалық картамен жұмыс.
Зат есім
сын есім
етістік
Сан есім
дәптер
+
жиырма
+
білімді
+
оқыды
+
8. Бекіту кезеңі.
Тест сұрақтары
1.Зат есім дегеніміз не?
а) Заттың сынын,сапасын білдіретін сөздер
ә)Заттың атын білдіретін сөздер
б)Қимылды,іс-әрекетті білдіретін сөздер.
2. Туынды зат есімді тап?
а) Ауыл
ә) Әнші
б) Орман
3. Жалқы есімді тап.
а) Кітап
ә) Ағаш
б)Шымкент
4. Жалпы есімді тап.
а) Көл
ә) Алтай
б) Балқаш
5. Көптік жалғаулы зат есімді тап
а) Өзен
ә) Малшы
б) Жапырақтар
6. Зат есімдер тобын тап.а
54
а) тәтті,қызыл,ақылды
ә) қағаз,ағаш,Ақтөбе
б) оқиды,ұшады,барды.
Тест жауаптары кодоскоп арқылы тексерілді.
Топтастыру
9. Сабақты қорытындылау:
Постер қорғау: «Мен нені білдім?»
Үйге тапсырма:
5-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу,зат есімдерді табу.
Бағалау,мадақтау,әр топты бағалау.
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№13 Мукими атындағы жалпы орта мектептің
педагог-психологы Гульнур Угенбаева Кенжебайқызы
Тақырыбы: «Қиын балалардың психологиясы».
ҚР Баланың құқықтары туралы Заңында
49-бап. «Баланың мінез-құлқына әсер етудің ерекшеліктері.
Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық
денсаулығына, оның имандылық дамуына зиянын келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық
қадір-қасиетіне менсінбей, қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс»
Әрине, әрбір оқушы өзін қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болатыны анық. Ол ең алдымен, отбасыға, мектепке,
көшеге, араласатын ортасына байланысты. Демек жеткіншектердің мінез-құлқы да осы факторларға сәйкес дамиды. Осы
ретте мен ата-аналарды 3 топқа бөлгім келеді. Бірінші топтағылар баланы қалай тәрбиелеу керектігін біледі және солай
тәрбиелейді. Екінші топтағылар перзенттерін өнегелі етіп өсіргісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керектігін білмейді. Ал,
үшінші топтағылар бала тәрбиесінен мақұрым. Оны білуге талпынбайды да. Осындай топтағы отбасылардан қырсық, қиын
мінезді жеткіншектер өсіп шығады.
«Қиын оқушы- бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды,
мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы»-деп В.В. Трифонов өз зерттеулерінде
көрсеткендей, балаларды оқытып- тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен,
жолдастарымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреміз. Бұл оқушыларды
«Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.
Осы ретте Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан
туындайды.
Бұл балаларға былайша мінездеме береді: объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы- мынадай: ол мұғалімнің
жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті қиын оқушы- мынадай: онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын,
мұғаліммен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский
кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырады. Г.А.Фортуновтың
зерттеулерінде «қиын балаларға» үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан
жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл- шексіз
ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы.
Осы котегориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімге қайталанбатын қасиеттері, әлеуметтік және
биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі. Ағылшын психологы Хевитта мен Дженкис қиын балаларды
екі үлен котегорияға бөлген:
•
Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлыққа тән балалар.
•
Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен
қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатігез әрі кекшіл балалар.
Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда біріншіден, отбасындағы тәрбие, ал екіншіден, мектептегі оқу-
тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйкені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ,
оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін жоғарыда айтып өткендей, отбасындағы дұрыс
тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады.
Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз.
Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өсен бала ешқандай күш жұмсамай-ақ көзге түскісі келеді, мұғалім
ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі
қалыптаспаған бала болып өседі. Сондықтан «Қиын бала қайдан пайда болды?» деген сұраққа жауап бермес бұрын,
отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке
келтіріп алғанымыз дұрыс сияқты. Алайда, бұрынғы ата-бабамыз мұра етіп қалдырып кеткен отбасындағы баланы
тәрбиелеу жүйесін қайта жаңғыртатын болсақ, қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдағы , отбасындағы көптеген
мәселелердің шешілуін біраз жеңілдететіні сөзсіз деп ойлаймыз. Бала тәрбиесіне қатысты халқымыздың даналық сөздері өте
көп. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың»
деген ұлағатты сөздер текке айтылмаған. Ұлы Абай «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:есітіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің
айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болды... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескере, жаман
дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» деп айтқан. Ата –бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке,
қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа,кешірімді
болуға, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына сен ертеңгі
шаңырақ иесісің, болашақ әкесің,арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысың, сондықтан да «жаманнан жирен, жақсыдан
55
үйрен» деген сөздерді құлағына құйып отырған. Сондай-ақ ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің
дайындығынан талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен
аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп тандандыратын, «Ерді
намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын. Ал қыз бала жанының нәзік,
сезімталдығы, әдептілігі, әдемілігі, ер балаға қарағанда біраз өзгеше қарым-қатынасты қажет ететіні заңды. «Қыз
қылығымен сәнді», «Қыздың жолы жіңішке» деген ұғымдар ертеңгі күні қыз баланың әдепті, инабатты, ибалы, сүйкімді
болуын қалаған тілектен туғаны анық. Қыз баланы кішкентайынан құрметтеу,дөрекі сөйлемеу, қыз баланы төрге отырғызу
сияқты тәрбиелік маңызы зор. Ұл тәрбиелей отырап, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз.
Яғни бала адамгершілік әліппесін-кішіпейіл болуды, ізеттілікті, сыйластықты, үлкендермен және кішілермен қарым-
қатынасты, түрлі жағдайда өзін ұстауды, тағы да басқа қасиеттерді өзінің отбасынан үйренеді.
Сонымен жеткіншектерге дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тіршілікке жол сілтеу – бірінші ата-ананың міндеті
дейтін болсақ, екінші кезек- қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын мектеп ұясының ықпалы.
Бала мектепке келген кезден бастап оқушы-мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды.
Бұндай қарым – қатынасты орнату оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға
қойылатын талаптары да, көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де, кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және
сүйікті емес оқушылары да болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткені
мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанымен шет жақта
қалып: «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу
мотивациясының төмендеуіне әкеледі.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқып, тәрбиелеу үшін педагогтарға
кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады. Педагогтің жұмысы табысты болуы үшін әр-бір баланың психологиясын
жақсы білуі тиіс. Егер де бала мұғалімнің тілін алмай жатса, бұл қиын бала деген жаңсақ пікір қалыптасып, психологтің
кабинетіне баруды нұсқайды. Бірақ та бұл жағдайда бала мүлдем қиын бала емес шығар, мәселенің түп тамыры педагогтің
өзінің жеке басына қатысты болуы мүмкін, яғни, педагог оқушылардың психологиясы туралы ақпараттардың таяздығынан
оқушылармен жұмыс істеуге біршама қиындықтарға кезігеді.
Сонымен баланың адамзат болып қалыптасуы үшін және жастайынан дұрыс бағыт ұстануына ата-ана жауапты ма әлде
мұғалім бе ?
«Бала тәрбиелеудің 10 ережесі»
1.Егер баланы үнемі сынай берсе,ол жек көруді үйренеді.
2.Егер бала ызақорлықта өмір сүрсе, ол агрессивті болуды үйренеді.
3.Егер баланы кемсіте берсе, ол кінәлі сезіммен өмір сүруге үйренеді.
4.Егер баланы қолдап отырса, ол өзін бағалауға үйренеді.
5.Егер баланы шыдамды болуға өсірсе, ол басқаларды түсінуге тырысады.
6.Егер баланы мақтап отырса, ол кең пйілді болып өседі.
7.Егер баланы келемеждей берсе, ол тұйық болуға үйренеді.
8.Егер бала түсіністік пен достықта өмір сүрсе, ол бұл әлемде сүйіспеншілікті табуға үйренеді.
9.Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол басқаларды түсініп үйренеді.
10.Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, онда ол адамдарға сеніп үйренеді.
Сондықтан кез келген педагог «Қиын бала кім?», «Қандай балаларды қиын балаларға жатқызуға болады?», «Қиын
балалармен атқарылатын жұмыс түрлері» және жалпы қиын балалар туралы ақпараттарды білуге міндетті.
Ол үшін педагог-психологпен бірлескен іс-әрекеттер жұмыстар атқарып, педагогтың психологиялық білімін
жетілдіруі тиіс. Жоғарыда ғалымдардың зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және
мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана
жұмысымыз тиімді болатынына еш күмәнім жоқ.
«Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» деген қанатты сөз бар қазақта.
Демек, баланы жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан,
мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісіміз болмақ.
* * * * * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |