Жоспары: Геоморфологияға жалпы шолу



бет1/8
Дата07.09.2022
өлшемі124,84 Kb.
#38621
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

  1. Практикалық сабақтың тақырыбы:

Ғылымдар жүйесіндегі геоморфология

Жоспары:


  1. Геоморфологияға жалпы шолу.

  2. Гоеморфологияны басқа ғылымдармен салыстыра қарастыру

  3. Жалпылама тоқталу

Осы жоспарды толықтырып жазу



Бедер түзуші факторлар.

Тапсырмасы:

Әр түрлі тау жыныстарының қасиеттерінің, геологиялық құрылымдар мен алуан түрлі климаттық жағдайлардың жер бедері пішіндерінің қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау.


1-Дәріс тақырыбы: Ғылымдар жүйесіндегі геоморфология 2 сағат


Оқу нәтижелері: Дәрістен кейін геоморфология туралы теориялық білімі қалыптасады.


Дәріс жоспары:


1. Геоморфология

2. Геоморфологияның даму тарихы жайлы қысқаша мәліметтер


3. Геоморфологиялық зерттеуге үлес қосқан ғалымдар

Дәріс тезистері


Геоморфология (гр. - жер, тоrphе - пішін, logos - білу, тану) - бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі нысаны - бедер (француз тілінде reliev - дөңестілік) - құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге тау жаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т.б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының үгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процестерді анық білу қажет.


Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір тұсы көтеріліп, тау мен кыраттар түзіледі, ал екінші тұсында төмен майысып, ойпаттар пайда болады. Экзогендік күштер тауды бұзады, ойпатты жерлерді борпылдақ материалмен толтырып тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және олар әр жерде, әр қарқында ұдайы болып жатады. Нәтижесінде, осы екі күштердің өзара қатынасы әсерінен жер бетінде пайда болған қазіргі бедер пішіндерінің алуан түрін көреміз. Бедер пішіндерінің қай бағытта дамуы (көтеріле дамуы немесе керісінше, төмендей дамуы) - мұның бәрі сол жер кыртысының қасиетіне байланысты. Геоморфологияның негізгі ұстанымдарының бірі - бедердің географиялық құрам бөліктерінің бірі бола тұра, бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы, ол өзі ғана өзгеріп қоймай, жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді. Жер қыртысы, атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан, геоморфология - геология, геоботаника, гляциология, топырақтану ғылымдарымен де тығыз байланысты.
Соңғы кездері жер туралы ғылыми зерттеулерде «биосфера» деген түсінік кең таралған. Биосфераны жердің бүкіл органикалық тіршілігінің жиынтығы деуге болады. Бұл қабат атмосфераның төменгі 10-12 км бөлігін (тропосфераны), гидросфераны, жер бетін және литосфераның беткі қабатын қамтиды. Осы қабатты құрайтын тірі және өлі организмдер бедер қалыптасуында тікелей ерекше биогендік бедер пішіндерді және геологиялық шоғырларды түзеді немесе жанама түрде тау жыныстарының химиялық, физикалық қасиеттеріне және планетамыздың ауа, су қабаттарының өзгеруіне әсерін тигізеді.
Жоғарыдағы айтылатын түсініктерге негіздей отырып, бедер ұғымын қосымша анықгауға болады. Геоморфологиялық зерттеулердің нысаны бола тұра, бедер планетамыздың жер қыртысы, су, ауа және биологиялық қабатгарының күрделі сипатты өзара қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болған.
Жер кұрылысында бедер туралы айта кететін ерекшеліктердің бірі: жер шарының әр қабаттарын бөле тұра, ол, сонымен қатар, жердің беті, литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен өзара әрекеттесетін ортасы.
Бедер, географиялық ландшафтың және географиялық ортаның негізгі бөліктерінің бірі. Сондықтан бедер географиялық ортаның өзге құрам-бөліктерімен бірге зерттелуі тиіс. Мұның өзі геоморфологияның физикалық географиямен және басқа географиялық ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Геоморфология жалпы геоморфология және аймақтық геоморфология болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология бедердің пайда болуы мен дамуын геоморфологиялық кешен ретінде кең көлемде алып қарайды. Аймақтық геоморфология құрлық, мұхит, теңіз т.б. бедерінің нақтылы бір немесе бірнеше бөлігін зерттейді. Геоморфологияның тағы да бірнеше салалары бар. Олар қолданбалы (прикладная) геоморфология - бедерді өндіріс-шаруашылық қажетіне пайдалану жолдарын зерттеумен шұғылданады; палеогеоморфология - өткен дәуірлердегі бедер пішіндерінің даму жолдарын зерттейді; құрылымдық геоморфология (структурная геоморфология) - бедер түрінің морфоқұрылымын (морфоструктурасын) анықтайды; климаттық геоморфология - көбінесе сыртқы күштердің әсерінен пайда болған бедер түрлерін, яғни морфомүсінін (морфоскульптурасын) зерттеумен шұғылданады. Геоморфологиялық зерттеу экспедициялары ең алдымен геоморфологиялық қартаға түсіру жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде жалпы және арнайы геоморфологиялық карталар жасайды. Дала жағдайындағы геоморфологиялық жұмыстар геология, геотектоника, гидродинамика, климатология, картография эдістерін қолданумен. бірге аэрофото- және ғарыш суреттерін және тағы басқа құралдарды да пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет