Ойын технологиялары. Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді. Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай деңгейде ойын ортасы анықтайды. Балалармен жұмыс барысында ойындар: бөлме, көше, компьютер, заттармен және заттарсыз, үстел үстіндегі баспа, басқару тетігі бар ойындар және т.б. қолданылады. Ойын технологияларының мазмұнына ойын іс-әрекетінің басқа да тәсілдерімен үйлесімділігінде түрлі компоненттерді қолдану кіреді: сұрақтар, нұсқаулар, түсіндірмелер, анықтамалар, көрсетулер. Оқытудың ойын түрін ұйымдастыруда балаларды танымдық іс-әрекетіне ынталандыруға құрал ретінде ойын шарттары құрылады. Заманауи «Сөйлейтін әліппе», «Электронды конструктор», «Сөйлейтін қалам», «Киіз үй», «Бал-бала» ойыншықтары, дамытушы ойындарымен ойнап қана қоймай, сонымен қатар, оқу- тәрбие жұмысына мүмкіндік береді.