Тамыр тонусының төмендеуі организмде қан таралуының бұзылысына әкеліп соғады: деподағы қан көлемі артады, әсіресе іш құрсағындағы ағзалардың тамырларында. Ал айналымдағы қан көлемі азаяды, айналымдағы қан көлемі азаюы жүрекке келетін веналық қанның мөлшерін азайтады, қанның соққы көлемін төмендетеді, артериялық қысымды және веналық қысымды төмендетеді.

Тамыр жетіспеушілігінен дамитын қан айналым жетіспеушілігі көбінесе жедел түрде жүреді және оны коллапс деп атайды. Айналымдағы қан көлемінің азаюынан миға баратын қан да азаяды, сондықтан шағымдары мынадай болады: бас айналу, көз алды қарауытуы, құлағы шулау, жиі естен тану болады.
Қарағанда: терісі ылғалды, суық тер, аяқ-қолдардың мұздауы, жиілеген беткей тыныс, аз кейде жіп тәрізді сыздықтаған пульс болады, артериялық қысым төмендейді.
Тамырдың жедел жетіспеушілігінің түрлеріне талма жатады. Бұл қысқа уақытқа естен тану, себебі миға қанның жеткіліксіз баруынан. Талма – шаршағаннан, қобалжудан, қатты қорыққаннан, ауасы тарылған бөлмеде дамуы мүмкін. Ол тамыр тонусының орталық нерв жүйесімен реттелуі бұзылуынан, қан іш-құрсағы тамырларда жиналып қалуынан болады. Талма кезінде терісі бозғылт-құқыл болады, суық тер шығып, аяқ-қолдары мұздайды, пульс аз сыздықтаған болады.
Кейбіреулерде көлденең қалыптан тік қалыпқа өткенде талма дамиды, әсіресе астеник - жас адамдарда, әсіресе әйелдерде жиі дамиды. Оған себепші жағдайлар шаршау, қаны аздық, жұқпалы аурулардан кейін болуы мүмкін. Мұндай талмалар – ортостатикалық коллапс деп аталады. Бұл вазомоторлық реакциялардың тез арада жүзеге аспауымен түсіндіріледі, соның салдарынан дене қалпын өзгерткенде дененің жоғарғы бөлігінен қан төменгі бөлікке, іш-құрсақ тамырларына кетіп қалады.