Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы Шымкент 2023 Коммуникативтік дағдылар


Дәрігердің әріптестермен қатынасы



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#112328
1   2   3
Байланысты:
1курс 4тема

Дәрігердің әріптестермен қатынасы.

Әріптестерімен қарым-қатынасында дәрігер-адал,әділ және шыншыл болып,олардың білімі мен тәжірибесін мойындаған жөн. Ол медициналық іс-әрекетті бағалайтын объективті критерийлерді жасауға қатысуы және оның іс-әрекеттерін әріптестері әділ түрде қарастырып,бағалауына ұмтылуы қажет.Дәрігер оз білімі мен тәжірибесіне сай,әріптестеріне кәсіби тұрғыдан көмектесіп отыруы тиіс.Пациенттер мен олардың туыстарының көзінше,әріптестері туралы жағымсыз сөздер айтудан аулақ болуы керек. Дәрігердің жоғары кәсібилігі-дәрігер мен мейірбикенің жолдастық әріптестік қатынастарының кепілі.

Мейірбикелермен қарым-қатынас.

Әріптес мейирбикелермен қарым-қатынасын жақсарту үшін дәрігерлер көп нәрсе жасай алады. Көптеген мәселелерді шешуде ақылға сүйеніп,түсіністікпен,кәсіби құрмет пен ізеттілік және кішіпейілділік таныту аса маңызды. Кеңестер үш облысқа бөлінеді:

1.контактіге түсу

2. клиникалық менеджмент

3. көмек пен қолдау

Басшының кіші әріптестерімен қатынасы.

Басшы мен кіші әріптестердің қарым қатынасына,билік пен статустағы айырмашылықтар сөзсіз әсер етеді. Бұл өзара әрекеттесудегі басшылардың маңызды міндеті сынақ мерзімін өтеп жүрген адамдар үшін үлгі болу және олар білімдер мен іскерліктерді тиімді меңгеретіндей жағдай жасау. Олардың міндеттеріне, жас дәрігерлерге қыйын пациенттермен жұмыс жасау барысында көп күш түспеуін және эмоциональдық қысым болмауын қадағалау жатады.

Қиын мінезді жас әріптеспен қарым-қатынас.

Көптеген жас дәрігерлердің әлі тәжірибесіз екендігін мойындау өте маңызды. Және басшы жағдайда жан-жақты, мұқият қарайтын болса, жетілдіруге болатын сфералары мен мәселенің жағымды жақтарын анықтауына болады. Аталған жағдайда клиникалық кеңесшімен ақылдасқан барынша пайдалы.

Дәрігердің қатынасу техникасы өте маңызды: аурумен тіл табысу, оны түсініп, тиісті жауап қатынасын құру, оның ішкі, жасырын ой-пиғылына жету.

  • Дәрігердің қатынасу техникасы өте маңызды: аурумен тіл табысу, оны түсініп, тиісті жауап қатынасын құру, оның ішкі, жасырын ой-пиғылына жету.
  • Мұнда коммуникативтік процестің түрлі құралдары, тәсілдері белгілі: жест, мимика, интонация, көзқарасы және маңыздысы- сөз қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет