Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет17/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
 
1.3 Медиакеңістіктің 
ұғымдық аппараты мен құрылымдық 
ерекшелігі: медиа, масс-медиа, БАҚ ұғымдары 
Пифагордың әлемді сан басқарады, тіпті әлемнің өзі саннан тұрады деген 
пікірі бар. Пифагорлықтар: «Сан – барлық заттың мәні, ғаламның 
ұйымдастырылуын 
анықтағанда 
сандар 
мен 
олардың 
қатынасының 


33 
гармониялық жүйесін көруге болады», – дейді [63]. Егер бірнеше онжылдықтар 
бұрын біз цифрлар жиынтығынан тұратын сандардан тәуелсіз шындық 
нысандарын мысалға келтіріп, бұған қарсы пікір айтқан болсақ, қазір барлық 
нәрсе сандық дүниеге айналуда – білім, экономика, дүниетаным, т.б. Адамзат 
25 ғасырға жуық уақытта жеткен Төртінші өнеркәсіптік революция біздің көз 
алдымызда өтіп жатыр. Осы төрт революцияны 1, 2, 3, 4 сандарының 
пифагорлық түсініктемесімен сәйкестендіре отырып, коммуникациялық 
диадамен былай топтастыруға болады (3-кесте). 
Кесте 3 – Өнеркәсіптік төрт революция нәтижелерінің пифагорлық 
түсініктемесі
Өнеркәсіптік революция. Негізгі 
жетістіктер 
Пифагор іліміндегі сан 
мағынасы 
Басым 
коммуникациялық диада 
Бірінші. 
Бу 
машиналарының 
революциясы (XIX ғасырдың екінші 
жартысы – XX ғасырдың басы). Бу 
машинасын ойлап табу. Тоқыма 
өндірісі, металлургия, теміржолдар 
құрылысының дамуы 
Бірлік. 
Нүктені 
материалды 
нысан 
ретінде білдіреді 
Адам – адам (өзін-өзі 
зерттейді). Ресурстарға 
көңіл бөл 
Екінші. Генри Фордтың электрлік 
құрастыру желісінің революциясы 
(1915-1970 жылдар). Электрлендіру. 
Конвейерлер. 
Автомобильдер. 
Мұнай және химия өндірісі 
Екі бірліктің жиынтығы. 
Екі 
нүкте 
арқылы 
жүргізілген тік сызықты 
білдіреді 
Адам – басқа адам. 
Технологияларға көңіл 
бөлу 
Үшінші. ЭЕМ революциясы (XX 
ғасырдың 70-жылдарында бастал 
ды). Алғашқы ЭЕМ-дер. Өндірісті 
автоматтандыру. Ақпараттық техно 
логиялар. Робототехниканың енуі 
Үш бірлік. Үш нүкте 
арқылы 
жүргізілген 
жазықтықты білдіреді 
Адам – машина. Білімге 
көңіл бөлу 
Төртінші. Сандық экожүйелердің 
революциясы (XXI ғасырдың басы). 
Жасанды 
интеллект. 
Роботтар. 
Киберфизикалық жүйелер. Заттар 
интернеті 
Төрт бірлік. Дене, көлем 
дегенді білдіреді 
Машина 
– 
машина 
Технологиялар, 
білім, 
ресурстардың 
арақатынасы. 
Сандық 
мәдениет 
Ескерту – Автормен құрылған 
«Көлемдік» 4 санымен байланысты Төртінші өнеркәсіптік революция 
нәтижелерінің бірі – сандық экожүйелер. Сандық экожүйеде адамдар өзара 
білімдерімен алмасады, бұл әрекетке адамдар мен технологиялар қатысады. 
Осылайша сандық экожүйе эволюциялық өзін-өзі дамыту жағдайындағы 
білімдермен алмасу, агенттер қолданатын компьютерлік бағдарламалар 
жиынтығы түріндегі әлеуметтік техникалар жүйесі ретінде саналады. 
IT Research сайтының мәліметінше, сандық экожүйелер нарықты 
түбегейлі өзгертіп, тіршілік ортасына қарағанда медиа ортаның басымдығы 
артып келеді [64]. Жақын уақытта жекелеген индустриялардың шекаралары 
жойылып, барлығы бір сандық экожүйеге тоғысады. Қазір біз ақпараттық-


34 
коммуникациялық технологиялардан когнитивтік-ақпараттық технологияларға 
өту кезеңінің куәсі болып отырмыз. 
Техногендік өркениет пен ақпараттық жаһандану жағдайындағы басты 
сандық экожүйе – медиакеңістік. Медиакеңістік уақыт пен кеңістік шекаралары 
жойылған, желілік, яғни үздіксіз ағындар кеңістігіне айналып отыр. 
Планетарлы коммуникацияның бүгінгі алаңы әлеуметтік алшақтықтарды 
жойып, бұқаралық онлайн қатысымға жол ашты.
К. Шваб: «Төртінші индустриялық революцияның бірегейлігі – даму 
қарқыны мен кең құлаштығынан басқа, сан салалы, алуан түрлі ғылыми пәндер 
мен жаңалықтарды үйлестіруі мен кіріктіруін үдете түсуінде», – дейді [65]. 
Сондай ғылыми пәннің бірі лингвоэкология қазіргі жаһандану үдерісіне сай 
өркениеттердің тоғысуы, геосаяси, ұлтаралық, дінаралық, мәдениетаралық 
диалогтардың медиакеңістікке ықпалының артуы, ақпараттық-технологиялық 
медиакеңістік шекарасының кеңеюі, т.б. заманауи факторлардың әсерінен 
қазақтілді медиакеңістікте жедел қарқынмен жүріп жатқан интеграциялық 
үдерістердің лингвоэкологиялық тетіктерін іздестіреді. Бұл ретте қазақтілді 
медиакеңістіктегі ақпараттар легінің тіл қолданушылардың санасына тигізетін 
жағымды-жағымсыз әсерін зерттеу лингвоэкологияның басты міндетінің бірі 
болып саналады.
Заманауи гуманитарлық ғылым саласында айтарлықтай қызығушылық 
тудырып отырған бұқаралық коммуникацияны зерттеу еңбектерінде «медиа» 
лексемасы жеке вербалды-когнитивті бірлікке айналып, сөзжасамдық үдеріске 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет