31
жеткізуші техникалық құралдардың ерекшелігі, эмоционалды күй) және
әлеуметтік факторлар туындататын белгілер (ақпараттың шынайылығы,
қатысым стилі, ақпаратты ұсыну формасы, оқиға мазмұнының толық көрініс
табуы) [60].
Экологиялық емес қатысымға жала, диффамация, тіл тигізу, т.б. қылмыс
ретінде қарастырылатын жағдайлар да жатады. Демек лингвоэкология тек тілді
ғана сақтау, қорғаумен айналыспайды, тілді тұтынушы халықты қатысымдық
әрекеттің жағымсыз әсерінен де қорғайды.
Экологиялық қатысымға қолжеткізу үшін сыпайылық, төзімділік,
әдептілік,
тіл мәдениеті, ізгі ниет, кері байланыс, эмоционалды байланыс
сияқты маңызды шарттар қажет. Қатысымның экологиялығына қол жеткізу мен
сақтаудың негізгі шарты оған қатысушылардың бір-бірінің эмоционалды
жағдайына бейімделе отырып, өзара келісімге, түсіністікке талпынуы болып
табылады.
Лингвоэкологиялық ұғымдар мен оларға тиісті терминдерді екі топқа
бөліп қарастыру дұрыс болады:
1) әлеуметтік-экологиялық
мәндердің
негізінде
қалыптасқан
лингвоэкологиялық ұғымдар мен терминдер;
2) әлеуметтік-лингвистикалық
мәндердің
негізінде
қалыптасқан
эколингвистикалық ұғымдар мен терминдер.
Бірінші топқа жататын лингвоэкологиялық ұғымдар мен терминдер:
тілді
/ сөйлеуді ластаушылар, лингвоэмиссия немесе тілдік эмиссия, сөйлеудің
(мәтіннің) ластану коэффициенті, лингводигрессия (тілдік / сөйлеу
дигрессиясы), лингвосиндром (тілдік синдром), лингвоэкологиялық төтенше
жағдайлар аймағы, эколингвистикалық қызыл кітап / эколингвистикалық
қызыл тізім, лингвотоксикология, лингвожүйенің буферлік сыйымдылығы,
лингвогомеостаз,
лингвоэкологиялық
ниша,
лингвоэкологиялық
құқық,
лингвоэкологиялық
құқықбұзушылық,
лингвоэкологиялық
императив,
лингвоэкологиялық мониторинг, лингвоэкологиялық сараптама, т.б. [33, с. 63].
Лингвоэкологиялық терминдердің сандық өсу динамикасы қарқынды
дамып келеді. Мәселен Л. Савельева 1997 жылы жарық көрген «Языковая
экология:
Русское
слово
в
культурно-историческом
освещении»
монографиясында 27 термин берсе
(тілді сақтау немесе қорғау; тілдік сана;
әлемнің тілдік бейнесі; лингвоэкологиялық ойлау; тілдік дәстүр мен
жаңашылдықтың
үйлесімділігі;
тіл
және
сөйлеу
фактілерін
лингвоэкологиялық интерпретациялау; әдеби тілдің мәдениетсізденуі; тілдің
тұрпайылануы; тілдің америкалануы; тілдің эстетикалық қызметінің
деформациясы;
бөгде
элементтердің
жасанды
имплантациясы;
лингвистикалық пуризм; лингвоэкологиялық тепе-теңдік; тілдің жұтаңдауы;
лингвоэкологиялық білім; тіл жүйесінің өзін-өзі реттеуінің әлсіреуі; тілдің
лингвоэкологиялық қызметі, тілдік саясат, сөйлеу этикеті дәстүрінің үзілуі;
тіл аурулары, т.б.)
[61], Е. Сущенконың 2011 жылы шыққан
«Словарь-
справочник лингвоэкологических терминов и понятий» атты еңбегінде берілген
лингвоэкологиялық терминдер саны 250-ге жеткен
(лингвоэкологиялық
32
қауіпсіздік, лингвоэкологиялық императив, лингвогомеостаз, лингвосфера,
лингвоэкологиялық детерминизм, лингвоэкологиялық мониторинг, тілдік тұлға,
лингвоэкологиялық жауапкершілік, экологиялық ойлау, лингвоэкологиялық
құқық, сөйлеу ортасының тазалығы, тіл мен сөйлеудің экологиялық
валенттілігі, тілдің экологиялық қызметі, тілдік талғам, тілдік агрессия,
тілдік аномалия, лингвоэкологиялық зиян, лингвоэкологиялық қауіп аймағы,
лексикалық эррозия, лингвоцид, лингвоэкологиялық құқықбұзушылық, т.б.) [62].
Екі еңбекте берілген терминдер санының алшақтығы айтарлықтай. Ал
профессор В.И. Шаховскийдің басшылығымен 2013 жылы жазылған
«Эмотивная лингвоэкология в
современном коммуникативном пространстве»
атты ұжымдық монографияда лингвоэкологияға қатысты 375
термин
қолданылған. Орыс тіл білімінде лингвоэкологияның теориялық және
әдіснамалық тұғырын қалаған зерттеулердің авторы А.П. Сковородников
терминдер санының мұндай жылдамдықпен өсуі бұл саланың өз қалыптасу
кезеңін аяқтауға жақын екенін аңғартатындығын айтады. Ол өзінің 1992 және
1996 жылы жазылған мақалаларында алғашқы болып 30 лингвоэкологиялық
термин көрсетеді. Зерттеуші лингвоэкологиялық терминдер жүйесінің ендігі
дамуы биоэкологияның терминдер жүйесі негізінде жүзеге асуы мүмкін екенін
ескере келе, өз тарапынан осы негізде жасалған 111 терминді көпшілік
талқысына ұсынады [46, с. 345].
Қазақ тіл білімінде Н. Уәли
экология, лингвоэкология, тіл экологиясы,
тілтанымдық экология, тіл саламаттығы, Ә. Жүнісбек
лингвоцид терминдерін
қолданады. Тіл экологиясының қарастыратын мәселелері қазақ тілтанымында
негізінен
тілдік орта, тілдік тұлға, тіл басқыншылығы, сөз манипуляциясы,
сөздің девальвацияға, эрозияға ұшырауы т.б. ұғымдармен байланысты
анықталады [20, б. 24].
Бұдан қазақ лингвоэкологиясының ұғымдық-терминологиялық аппараты
әлі де қалыптасу үдерісін өткеріп жатқандығы байқалады.
Қорыта айтқанда, кез келген ғылымның өзіндік ұғымдық аппараты,
терминдер жүйесі, қалыптасқан метатілі болуы керек. Бұл талап қазақ
лингвоэкологиясы үшін де аса қажет. Алайда лингвоэкологиялық терминдер
санының күн санап артып жатқанына, бірқатарының жиі қолданылатынына
қарамастан, әлі күнге дейін олардың біразының біріздендірілмегені,
мағыналарының
толық
анықталмағаны,
жүйеленбегендігі
байқалады.
Қалыптасу барысында кездесетін мұндай мәселелер
кез келген ғылыми пәнге
тән. Сондықтан қазақ лингвоэкологиясының пәндік негіздемесін нақтылау
барысында оның ұғымдық-терминологиялық кеңістігін зерттеу мәселесі осы
бағыттағы зерттеулердің алдына үлкен міндет қояды.
Достарыңызбен бөлісу: