Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

30%
9%
6%
5%
9%
7%
8%
2%
3%
5%
0%
3%
6%
1%3%1%
1%
Оқыс оқиғалар, қылмыс 
Қоғам, әлеуметтік қатынастар
Еңбек, әлеуметтік қорғау
Инфрақұрылым, индустрия
Елдің, шетелдің саяси өмірі 
Мәдениет, әдебиет, өнер
Экономика, қаржы, банк, бизнес
Спорт
Медицина, денсаулық сақтау
Білім беру
Ғылым
Экология, қаржы, банк, бизнес
Табиғи апаттардың ликвидациясы
Ауыл шаруашылығы
Ақпарат, медиа, киберқауіпсіздік
Тарих


50 
өзіндік вербалды коды қызметін атқара алатын экологиялық емес тілдік 
кеңістікті қалыптастырады. 
Бағдарлама атаулары оның мазмұнының нәтижесі, «семантикалық 
жазбасы» (А.Р. Лурия бойынша) болып саналады. Мәтіннің атауында оның 
концептісі, яғни мазмұны мен мағынасы тұратыны белгілі. Осы мазмұнның 
сөзбен берілуі оны адамның, қоғамның тілдік санасы үшін түсінікті қылады. 
В.С. Мужев: «Тақырып – мәтін мазмұнына жасалған сілтеме», – деген 
анықтама береді [89].
Біздің тарапымыздан жүргізілген талдау телеарналардағы бағдарлама 
тақырыптарында белсенді түрде қолданылатын кілт сөздердің семантикалық 
сипатына сай бірнеше тақырыптық топтарды жасауға мүмкіндік берді: 
Шайқас / күрес / соғыс: «Венесуэлада саяси дағдарыс әлі ушығып тұр», 
«Мадуро қаупі», «Ресейдің Беларусь еліне қысымы күшеюде», «Израиль мен 
«ХАМАС» арасындағы шиеленіс ушығып барады», «Сауд Арабиясы мен Иран 
арасындағы саяси жанжал өрши түсті», «Дипломатиялық жанжал туғызған 
Каспийдегі атыс», «АҚШ Ресейге соғыс жариялады», «Соғыс қаупі күшейді», 
«АҚШ пен Ресей арасындағы қарусыз майдан», «Сирияға әскери шабуыл 
жасалды», «Қазақстандағы жиһадшылар ордасы», «АҚШ пен Иран соғыс 
алдында тұр», т.б. 
Қылмыс / ұрлық / зорлық: «Мектептегі азғындық», «Қаскөйден қорлық 
көрген қыз», «Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады», 
«Түрмедегі қорлық», «Әкімнің ұлы ұры ма?», «Зорланған қыздың тағдыры», 
«Өгей әкенің қорлығы», «Тірлік пен қорлық», «Түсікпен түзеу»
«Трансплантолог 
қамалды», «Есірткі саудасы», «Қылмысқа құрық», 
«Балабақшадағы 
былық», «Қорғады ма, қырды ма?», «Қордайдағы 
қарақшылық», «Құлдық азабы», «Қорғансыздың күні», «Өгей тағдыр», «Бейіт 
бизнесі», «Шала танысым 30 шақты рет зорлады», «Лаңкес жолаушылар», 
«20 жерден пышақ салды», т.б. 
Қорқыныш / өлім: «Балалар өлімі», «Махаббаттың құрбаны», «Өртенген 
әйел», «Апаттан келген ажал», «Балғындардың ажалына не себеп?», «Бес 
сәбидің зары», «Өрімдей қыздың қазасы», «Жолда қырылғандар», «Оқушы қыз 
асылып өлді», «Дәрігерлер сәбиді суға батырмақ болған», «Айтуға ауыз 
бармайтын сұмдық», «Аузы байланған бала және жыланды жол», «Өрт 
құрбандары», «Арыс әлі отқа оранып жатыр», «Жайыққа келген жұт», 
«Жеделсаты кесапаты», «Апат айтып келмейді», «Қара жолдағы қаза», 
«Өрт жалмаған өмір», «Шенеунік асылып қалды», «Экс-прокурор әйелін 
пышақтап өлтірді», «Жантүршігерлік жағдай», т.б. 
Дау / жанжал: «Кесірлі көрші», «Қытай компаниясындағы жанжал», 
«Телім дауы», «Шешімі жоқ шешімдер», «Жалақы дауы», «Кектің лаңы», 
«Шудағы шу», «Жаңа Шамалғандағы жанжал», «Жасөспірімдер арасындағы 
жанжал», «Шешінген шудан тайынбас», «Тәңірші мен Имамның дауы», 
«Фердаусиде хиджаб дауы жалғасты», «Сақал мен балақтың дауы», 
«Кемертоғандағы кикілжің», «Жалаңаш депутат», т.б. 


51 
Ақша / байлық: «Ақша мен ағза», «Заңсыз төленген ақша», «Жұртты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет