Жумагулова айша алгабековна


«Қонақ келсе – құт, қонақбас келсе – жұт»; «Саусағыңды артыңа тығып қой»;  «Ұят жоқ па сізде экранға, миллиондаған халыққа «



Pdf көрінісі
бет31/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
«Қонақ келсе – құт, қонақбас келсе – жұт»; «Саусағыңды артыңа тығып қой»; 
«Ұят жоқ па сізде экранға, миллиондаған халыққа «ана жеріңізді» көрсетуге»? 
т.б. М.Ш. Жұмағұлова эвфемизмдерді қолдану жөнінде: «бұл, бір жағынан, 
адамдардың жеке басының мәдениетін көрсетсе, екінші жағынан, сөз иесі мен 
қабылдаушының арасындағы тілдік байланыстың ойдағыдай болуын 
қамтамасыз етіп, әсіресе, мәтіннің қабылдаушының ой-сезіміне әсерін күшейте 
түседі. БАҚ тілінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлу сөздің әсерлігін 
(воздействие речи) арттыра түседі. Ал сөздің эвфемистік формасына көңіл 
бөлмеу, түптеп келгенде, сөз мәдениетіне керісінше ықпал етеді» деп 
тұжырымдайды [119]. Б.А. Ахатова эвфемизмдердің объектінің жағымсыз 
аспектілерін бүркемелеуде қолданылатынын айтады. Зерттеушінің пікірінше, 
эвфемизацияның мәні «өзім, яғни достар мүддесі жолындағы күрес» болып 
табылады [120]. Шындығында, журналистер пайдараз, пиараз сөздерін қолдану 
арқылы әнші таныстарының жағымсыз іс-әрекеттерін бүркемелеуге тырысқан 
секілді; 
7) теріс бағалауышты сөздер мен оралымдарды қолдану: «Сол үшін де 
жылына бір рет болатын ойбай-пиарлық шараның орнына жыл бойы 
халықпен етене жұмыс істейтін механизм керек» (Айқын, №08, 2019); 
«Чистильщик болудан Амандық Баталов шаршапты» (Жас Алаш, 1 қараша, 
2019); «Дара жол» бағдарламасы және қысыр әңгіме» (Жас Алаш, 26 шілде, 
2019); «Ұлттық қоғамдық сенім кеңсесінде нұр-қуыршақтар көп» (Жас Алаш, 
18 шілде, 2019); «Түркістан – шірікстан...» («Abai.kz» ақпараттық порталы, 28 
шілде, 2011). Қияли министрнұр пиғылды уағызшычуть-чуть қытайтанушы, 
зыңбасы, подхалимдігі жоқ ақын, жопализ емес депутат, «еркегінің шамасы 


67 
келетін» әйел, жаңа Мәжіліске дәмесі шамалы әже, звезда Габидулливуда, 
почти философ Шымкент қаласының әкімі, псевдосалафиттік емес уағызшы
«Тұмшалап үстін қаптаған, «Дін талабын» сақтаған, «Періштелер» осы ма, 
«Төртаяқтар» мақтаған?!» (С. Абас-шахтың Инстаграм парақшасынан). 
Б. Момынованың тұжырымдауынша: «бағалауыштық тек әлеуметтік 
категория ғана емес, бағалауыштық адам санасымен бірге пайда болатын 
психикалық құбылыстардың қатарынан орын алады. Сондықтан бағалау 
дегеніміз = тіл + ойлау + шындық немесе ақиқат (реальді өмір) 
трихоматиясының нәтижесі болса, ал бағалаудың семантикалық категориясына 
бағалауыштық (оценочность) жатады. Сондықтан да баға – адам санасында 
үнемі тоқтаусыз жүріп жататын процесс және ол адамның ойлау қабілеті 
арқылы іске асатын интеллектуальды-психикалық акт болып табылады» [121]. 
Яғни баға беру адам санасымен, оның ойымен, ойлау жүйесімен тығыз 
байланыста болады. 
Сондай-ақ зерттеуші бағаның адамға екіжақты әсер ететінін айтады. 
Біріншіден, баға семантикалық категорияға ауысқаннан бастап тілдік фактіге 
айналады, ал екінші жағынан, категорияланғаннан кейін адам санасына белгілі 
бір мақсатты көздеген тілдік сурет қалыптастыру арқылы қайтадан әсер ете 
бастайды [121, б. 65]. Яғни мұндай теріс бағалауыштық лексика тілдік агрессия 
тудыруымен қатар, адам санасында теріс көзқарас қалыптастырады; 
8) сөзжасам негізінде жасалған уытты сөздерді қолдану: вахаит 
(вахабист+ит), бәлентин (бәле+Валентин), Перінас (Перуашев+нас), 
Боқболат 
(боқ+Бекболат), 
Тазабоқов 
(Тазабеков+боқ), 
жепутат 
(жеу+депутат), т.б.
Бұл тәсіл орыс тілінде де кеңінен қолданыла бастаған. Зерттеушілер 
бұндай сөздерді «токсичное словотворчество» терминімен атап жүр.
Тілдік агрессияның негізгі формалары мен түрлеріне қорлау, дұшпандық 
сын, қоқан-лоқы, дөкір талап, дөрекі бет қайтарыс, жазғыру, келемеж, шағым, 
сөз тасу және жала, ұрыс-керіс жатады [118, б. 34]. Оны Инстаграм әлеуметтік 
желісінде бір жазбаға қалдырылған 4836 комментарийге жасалған мазмұндық 
талдау негізінде былайша топтастырдық: 
1) сөзбен кемсіту (ашық түрде): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет