72
барысында туындайтын жаңа идеялар мен түсініктерді беруде қиындық
тудыратынын да ұмытуға болмайды.
Қоғам мен лингвосфераның арақатынасына тән белгілі бір заңдылық бар.
Ол – ұрпақтар сабақтастығын сақтап, қоғаммен бірге дами отырып, тілдің өзін-
өзі жоғалтпауы.
Алайда субъективті факторлардың да маңызды
рөл атқаратынын ескеру
керек. Әлемнің ақпараттық технологиялар мен бұқаралық ақпарат
құралдарының қарқынды дамып жатқан қазіргі даму кезеңінде тілдердің өмір
сүруінің тарихи шарттары күрт өзгеріп, тілдік үдерістер кезінде субъективті
факторлардың рөлі айтарлықтай артты. Бұған дейін жер бетінің әртүрлі тілінде
сөйлейтін тұрғындары бір-бірімен тез әрі тығыз байланыс орнатпаған болатын.
Қазір ауадағы сан мыңдаған радиотолқындар
секунд сайын кез келген
қашықтыққа ақпарат жеткізе алады. Мұндай жағдайда жекелеген тұлғалардың
ғана емес, тұтас халықтардың рухани және интеллектуалды бірегейлігіне қауіп
төнеді, бұл адамзат үшін орны толмас руханилық пен адамгершіліктен айырылу
апатына алып келуі мүмкін.
Қазіргі уақытта әртүрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың бұқаралық
санасына күнделікті әрі еш бақылаусыз экономика, құқық, психология, саясат,
бизнес, тарих, т.б. салалардағы түрлі ұғымдар мен терминдер еніп жатыр. Бұл
мәселе тілдік саясаты жолға қойылған Франция, Германия, Италия, т.б. секілді
көптеген елдерде оң шешімін тауып келеді. Мәселен, Франциядағы Ұлттық тіл
комитеті теле-, радиоэфирлер мен баспасөздегі
кірме сөздердің қолданылуын
қадағалап отырады, тіпті екі мыңнан астам англоамерикан сөздерінің ресми
сөздерден алынып тасталынуы туралы заңның қабылдануына қол жеткізді. Ал
Жапонияда тұрақты әрі тәуелсіз тіл қызметі жұмыс істейді. Ол туған тілдің
тазалығы мен дұрыстығын үнемі бақылауда ұстап,
тілді бұрмалау мен кірме
сөздерді уәжсіз қолдану жағдайында шара қолданып, үлкен көлемді айыппұл
салады.
Ал айқара ашық жатқан қазақтілді медиакеңістікке ағылшын, араб, кәріс,
т.б. тілдерінің кірігіп жатқаны белгілі. Мұның салдарынан қазақ тілі түрлі
тілдермен араласып, соның негізінде «қазақ-ағылшын», «қазақ-орыс», «қазақ-
араб», «қазақ-кәріс» секілді аралас сөйлеу, қазақ тілінде баламасы бар сөздердің
өзін негізсіз басқа тілдің сөздерімен алмастыра қолдану үрдіс алып келеді.
Зерттеушілердің пікірінше, бұл жағдай
тілдік талғам, тілдік сән мәселелерімен
тығыз байланысты.
Адамның тілдік
санасы мен сөз қолданысы тілдік талғам, тілдік сән,
Достарыңызбен бөлісу: