траффик, хейтер, коуч, пранк, лайк, хештег, сториз, комментарий, директ, бренд, пиар, фэшн, бан, пост, блогер, аккаунт, охват, баннер, квест, вебинар, таргет, бот, масслайкинг, массфолловинг, гив, блог, кейс, чек-лист, юзер, аватар, лайфхак, контент сияқтыкірме сөздердің күнделікті радио мен
телеэфирлерді, мерзімді баспасөзді жаулауы туған тілімізді мағынасы
бұлыңғыр бос сөздермен толтырып, тілдік санамызды зақымдауда.
Кірме сөздер мәселесі, тіл басқыншылығы бұған дейін де тіл мәдениеті,
сөйлеу мәдениеті тұрғысынан зерттеліп келгені белгілі. Алайда тіл мәдениеті
мұның бәрін тілге әсері тұрғысынан қарастырса, ал лингвоэкология оны адамға
әсері тұрғысынан қарастырады. Мәселен, кірме сөздердің тілдік санаға тигізетін
әсері орасан зор. Кірме сөздер өзі қабылданған тілдегі сөздерді кейінге ысырып
қана қоймай, тіл қолданушының санасында туған сөздің ішкі формасының
арқасында бұған дейін қалыптасып келген ұғымдық-ментальдік-сезімдік
бейненің бүтіндігін жояды. Мысал ретінде ағылшынның киллер сөзі мен
қазақтың жалдамалы кісі өлтіруші, қанішер сөздерін салыстырып көрейік. Бұл
сөзді журналистердің қазіргі уақытта кеңінен қолданып жүргенін білеміз:
«Ресейде аса қауіпті қылмыскерлердің бірі, киллер, «Кіші Дрюнья» лақап атымен белгілі Андрей Дрюнинді Иркутск қаласының полицейлері мен Забайкалье өлкесіндегі федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының өкілдері қолға түсірді» (Егемен Қазақстан); «Қырықтан асқан келіншек жарынан құтылу үшін киллер іздеген» («Қамшы» ақпараттық-танымдық порталы);
«Тергеушілердің айтуынша, бұл фактілердің барлығы қылмыскердің кәсіби
киллер емес екенін көрсетеді» (BAQ.kz). Киллерге қатысты кәсіби, тәжірибелі, бірінші дәрежелі деген сипаттамалардың да қоса берілуі жиі кездеседі. Ал бұл
сөздер тілдік санада жағымды ассоциациялық қатар түзеді: тәжірибелі киллер / дәрігер / мұғалім / ұшқыш, т.б. Соңында санада бұл сөздің семантикасы ғана
өзгеріп қоймай, сонымен қатар коннотациясы да жойылады. «El.kz»
ақпараттық-танымдық порталында «Ермек Тұрсыновтың «Кенжесі» көрерменге
жол тартпақ» деген тақырыппен шыққан мақаладан үзінді келтірсек: «Уақыт өтеді. Екеуі ер жетіп қана қоймай, кішісі кәсіби киллер, үлкені соның промоутері болады. Жалданып кісі өлтіреді. Кәсіптері оңға басып, уақыт өткен сайын пайдаға кенеледі». Тағы бір мысал «Киллер» қызметіне сұраныс көбейді» тақырыбымен «Айқын» газетінде жарияланған мақаладан: «Кісі өлтіру
нарығында тапсырысты ең арзан бағаға орындаушылар маскүнемдер, наркомандар және қылмыскерлер. Бірақ тапсырманы сенімді орындайтындар жұмыссыз қалып, күнкөріс жағдайлары ауырлаған бұрынғы әскерилер, арнайы қызмет пен құқық қорғау саласында жұмыс істегендер. Олар қарумен қалай
75
«жұмыс істеуді» жақсы меңгерген және тапсырманы уақытында, дәлме-дәл орындауға машықтанған. Жұмыссыз қалғандар тапсырыспен кісі өлтіруге келіседі. Алайда, ең дұрысы бұл істі кәсіпқой киллерге тапсырған жөн. <...> Бұл салада ақшаны көп сұрайтындар – элиталық киллерлер. Олар банк қожайыны, мемлекеттік деңгейдегі белгілі корпорациялардың президенттері, белгілі бизнесмендер сияқты үлкен басшыларға қастандық жасайтындар. Сарапшылардың айтуынша, олардың гонорары 50 мың доллардан басталады»
(«Айқын» газеті). Мұндай мақалаларды оқығаннан кейін сөздің энергиялық
мазмұны ұсақталып, соның әсерінен сана деформацияланады, шындық
бұрмаланады, тиісінше денотатқа деген көзқарас та өзгереді – кісі өлтірушіні
қабылдамаудың орнына осы әрекетті түсіну, одан кейін осы құбылысқа
бойұсыну (тіпті оны ақтап алу), оны жай ғана қызмет түрі ретінде қабылдап,
жоғары табыс әкелетін кәсіп түріне жатқызу орын алады. Медиакеңістікте
кездесетін осындай мәтіндер тілдік тұлғаның, одан кейін түгел социумның
санасына кері ықпал етеді.
Жаңа тарихи жағдайларға байланысты тілімізге ағылшын сөздері енуінің
объективті заңдылығы мен қажеттілігін жоққа шығаруға болмайды. Жаңа
саяси,
экономикалық
шындықтың
қоғамдық-саяси
өмірді
интернационалдандыруы (президент, премьер, вице-премьер, т.б.), нарықтық
экономиканың интернационалдық терминдерінің пайда болуы (маркетинг,