Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет32/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
– қимылдарың үйлеспей қалған, киімің тіпті ужас қой, дым вкусың 
жоқ!; 
– 99-сың ба, 101-сің ба? Білмеймін, бір шаригің кем немесе артық; 
– жасың өссе де, миың өспепті. Ерсі, мүлдем жараспайтын дүние;
2) тіл тигізу, қорлау:
– кім не айтса да, біл, сен малсың!; 
– мынау өстіп жүрсе байға кім алады? К..тін ашып, күлін шашып; 
– қортық, қойшы сен! Қайбір саусың сен де? Шикарный клип дейді ғой. 
Оңбаған!; 
сайтанның сапалағы! Рамазан айында істеп отырғаны-ай! Бірдеңені 
қатырдым деп отыр ғой мынау; 
– не мынау жынынан айырылған бақсыдай? Көргенсіз!; 


68 
– нағыз рухани жетім, бейшара дейді мұндайды!; 
– не болып кеткенсің, шайтан неме? Қазақтың атын қорладың-ау!; 
3) боқтық сөздерді қолдану, балағаттау:
– фууу, не мынау шошаңдап? Вообще саған үйлеспейтін заттар, 
айналыспашиш, бл.... 
– жәлеп, с...ка! 
– анау не деген сөздер ш...ң. Мысырлық мифтар дей ма, тарғыл мысық 
мияулайды дей ма? Шшс, мына қатын д.....б па бірдеңе ғой; 
4) дәлелді-дәлелсіз кінәлау:
– уқаланып-сипаланып жатса осы клипті түсіріп жатқан режиссер 
пайдаланып жатқан шығар;
– осы сен маған атеист сияқтысың Құдайға сенбейтін. Себебі хадис бар 
дүл дүние кәпірлерге жәннат. Мұсылмандарға түрме секілді деген. Ал сен сол 
барынша осы жалғанның қызығына батқысы келетін атеисттерге ұқсайсың!; 
– сен бүкіл қазақтың, ата-бабаларымыздың, ақ жаулық әжелеріміздің 
қан төгіп, тер төгіп жинаған ұлттық дәстүрін жай өртеп жібердің; 
5) қорқыту, қарғау: 
– сөйтіп билегенше өле қалмайсың ба?; 
– есі дұрыс емес. Осындайларды сахнадан және Қазақстаннан қуып 
жіберу керек; 
– ертең қартайғанда қу тізеңізді құшақтап, жалғыз қалып қоясыз; 
– шайтандар дозақта ағаштарын бұтап отқан болар саған. Ақырет деген 
бар болса; 
6) талап ету
– мына ұятсыз қылығыңды доғар!; 
– екі елі жеріңді жауып жүр!; 
7) келемеждеу, мазақ ету: 
– мауыққан мысық құсап не істеп жүрсіз? 
– мүлдем жараспайды! Түйедей әйел бұтын айыра ашып, тоңқаңдап;
– билеп тұрғаны өзіне жараспай тұр. Қимылдары жараспай келіспей 
тырбаңдап, басы айналып жүрген қызыл таракандар құсап ең соңында құлап 
қалатын; 
– кемпір болып не мынау мазақ болғаның?; 
– масқара, ана сіңлісі ернін үрлетіп алып, маймылдай болып! [122]. 
Коммуниканттар осылайша бір-біріне тіл тигізіп, балағаттап, қарғап, 
жүгенсіз сөйлейді. Тілдік агрессияның адамға қаншалықты зиян тигізетінін, 
сөздің сүйектен өтетінін ойламайды. Хакім Абай атамыздың: 
«Ақылмен ойлап білген сөз, 
Бойыңа жұқпас сырғанар. 
Ынталы жүрек сезген сөз, 
Бар тамырды қуалар» деген өлең жолдары бар. Расында, өткірдің жүзінен, 
кестенің бізінен өткір тіл жүректі жылыта да алады, жаралай да алады.
Ғ. Мұстафиннің: «Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл 
өлгенді де тірілтеді. Әлдеқашан қайтыс болған прототиптерді тіл жасаған 


69 
ұлттық образдар тірілтіп көз алдыңа әкеледі. Жалғанда не терең? Сөз терең. Не 
сұлу? Сөз сұлу. Не өткір? Сөз өткір. Сөз құдіреті ғажап: алтынды мыс, мысты 
алтын етіп көрсете алады. Тас жүректі қорғасындай балқытып, балқыған 
қорғасынды тастай ете алады. Кірлі көңілді тазартып, кірсіз көңілді кірлей 
алады. Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын 
таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен сенімді байлық. Мұралардың ең 
қымбаттысы – сөз. Сөз Күн шалмас қараңғы көңілді шалады, Күн жылытпас 
суық көңілді жылытады. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл 
адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды», – деген 
пікірі сөздің осы құдіретін толығымен дәлелдейді [123]. 
Медиакеңістіктегі тілдік агрессияның өршуі түрлі саладағы әлем 
зерттеушілерінің назарына алынып отыр. Сондықтан қазіргі зерттеу 
еңбектерінде hate speech (өшпенділік тілі), hate crime (өшпенділік негізінде 
жасалған қылмыс), холивар (интернет-форум мен чаттардағы шешімі жоқ ұрыс-
керіс), ксенофобия (қандай да бір бөтен, бейтаныс адамды не затты 
жақтырмау), конфликтоген (дау тудыратын сөздер, дау катализаторы), 
инвективті лексика (кемсіту, тіл тигізу сөздері), кибербуллинг (виртуалды 
лаңкестік), 
троллинг 
(әлеуметтік 
провокация 
мен 
виртуалды 
коммуникациядағы мазақ) мәселелері кеңінен зерттеліп келеді. Шетелдік 
зерттеулерде кибербуллингтің, троллингтің, холивардың себеп-салдарлары, 
қоғамда орын алған нақты жағдайлары, зардаптары, статистикалық мәліметтері 
жан-жақты зерттеу нысандарына алынған. Мәселен, B2B International 
аналитикалық агенттігінің «Касперски зертханасы» үшін 2014 жылы арнайы 
жүргізген зерттеуінің нәтижелері кибербуллингтің 44% жағдайда ата-
аналардың балаларына көмектесу үшін шиеленіске араласуымен, 26% жағдайда 
виртуалды шиеленістің шын шиеленіске ұласуымен, 25% жағдайда емі ұзақ 
уақытқа созылған психологиялық зақым алумен, 25% жағдайда ата-аналардың 
кибербуллинг туралы кейін білуімен аяқталғанын көрсетеді [124]. 
Алайда интернеттегі тілдік агрессия соңғы жылдары бұдан да қиын 
зардаптарға, тіпті адам өліміне дейін жеткізіп жатыр. Бұл, әсіресе, бірнеше 
миллион оқырманы бар танымал тұлғалар үшін аса қауіпті. Бүкіл әлем 
жұлдыздары осындай тілдік агрессия құрбандарына айналуда. Оның зардабы 
өте ауыр. Мысалы, Оңтүстік Кореяда осындай ауыр жағдай орын алды. 
Оңтүстік кореялық танымал әнші, актриса, модель Чхве Чжин Ри (сахналық аты 
– Солли) 2015 жылдың 14 қазанында өз үйінде өлі күйінде табылған. 
Полицияның тексерісі оның өз-өзіне қол жұмсағанын дәлелдеген. Ал оны 
мұндай қадамға итермелеген – тілдік агрессияның салдарынан пайда болған 
депрессия. Сөзіміз дәлелді болу үшін википедияның ресми сайтынан мәлімет 
келтіреміз (7-сурет). 


70 
Сурет 7 – Әнші Соллидің өлімі туралы мәлімет
Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [125] 
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Чхве Чжин Ри өзі жұмыс істеген агенттіктен 
агрессияға толы комментарийлерге қатысты шара қолдануларын бірнеше рет 
сұраған. Алайда әншіге қарсы айтылған ауыр сөздер оны депрессияға 
ұшыратып, ақыр соңында өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген. Өкінішке 
орай, мұндай жағдайлардың саны күн санап артып келеді. 
Қазақтілді медиакеңістікте де осындай тілдік агрессияның ықпалы 
күшейіп келеді. Адамның көңіліне қарап, айтқысы келген ескертпесін астарлап, 
тұспалдап жеткізетін қазақ танымындағы сөйлеу мәдениеті ұмыт бола бастады. 
Бұны В.И. Шаховскийдің мына пікірімен түсіндіруге болады: «Под влиянием 
негативной психоэнергетики, затеняющей своими слайдами национально-
культурную специфику русского литературного языка, закрепленную 
генетически в русском языковом сознании и культурном коде и сохраняемую в 
родовой памяти людей, нарушается межпоколенная связь, а значит, 
порождаются поколения иванов, не помнящих своего родства и своих корней, 
порывающих с ними. Это не может не привести к изменению русского 
менталитета, к ложному когнитивному и коммуникативному поведнию и 
разобщению людей. Лингвисты обязаны об этом говорить и предупреждать о 
реальности подобной угрозы» [109, с. 143]. 
Медиа дискурстағы өшпенділік тілін зерттеген М. Дроздз: «Күнделікті 
өмірдегі шындық пен медиадағы шындықтың ара-жігін нақты ашып көрсету 
мүмкін болмай отыр», – дейді [126]. Ендеше медиакеңістіктегі тілдік агрессия 
көріністерінен адамдардың қоғамдағы шынайы тілдік ортасының да сондай 
агрессивті екенін болжауға болады. Себебі тілдік үдерістер қоғамның өнегелік, 
рухани, құқықтық жай-күйімен тікелей байланысты болады.
Сонымен тілдік агрессия коммуникацияға түсушілердің санасы мен 
сөйлеудегі мінез-құлқына тікелей әсер етіп, қатысымның лингвоэкологиялық 


71 
нормасын бұзады. Сондықтан қоғамдағы тіл сапасын жетілдіруде 
лингвоэкологияның маңызы өте зор. Қоғамның
барлық саласы жаһанданып 
жатқан дәуірде тілдік, мәдени-этикалық нормалардың өзара ықпалын, адам 
санасындағы ақпараттық және эмоционалдық өріске тіл құралдарымен әсер ету 
технологияларын, ұлттық сананың негізгі құрылымдарын лингвоэкологиялық 
аспектіде қарастыру міндеті алға шығады. Әсіресе, лингвоэкологиялық 
нормалардың бұзылуына жататын тілдік агрессия адамдардың, сондай-ақ 
жалпы қоғамның өнегелік және рухани деңгейіне кері ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет