Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет39/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Жарық бейнең түсті қызыл 
Көздің жауын алады 
Су айнадан көрдім сені 
Маған ұнайды сенің red lips 
Маған ұнайды сенің 
Қып-қызыл шиедей еріндерің 
Анда-санда жүрегің тез суиды 
Қарашы маған, үстімде red suit 
Stop! Иә, бұл қайтадан мен, 
Енді қарашы маған red suit.
«Crystalz» тобының «Did» әнінен үзінді: 
I don’t care, сендерге ұнай ма, теуіп жүру? 
Жарайды, ал мен ояндым! Bye! 
You can tell me no, no, no, no 
Бәрібір бітпейтін мін мен шексіз жол 
Көлеңке жанымда, сен қалма, 
Ойымды сынға алма, деміңді ал, терең ал, 
Менімен былай, былай, былай 
Imma fine, ok! It’s just funny, ok! 
I’ve found a key of my freedom, ok! 
«DemAir» тобының «Күнде-түнде» әнінен үзінді:
Every day, every night 
Жүрегім сені қалайд(ы). 
Every day, every night 
Сағындым сені ойлай [140]. 
Қазіргі ән мәтіндерінің жасөспірімдердің сөйлеу мәдениетінің, 
құндылықтық және мәдени бағдарларының қалыптасуына әсер ететін ескерсек, 
оларды лингвоэкологиялық тұрғыдан арнайы зерттеу қажет деп ойлаймыз. 
Себебі ағылшын, орыс, кәріс, араб сөздерімен аралас жазылған ән мәтіндерінің 
саны өте көп. Оның үстіне мұндай ән мәтіндеріндегі логикалық, лексикалық, 
стилистикалық, синтаксистік, т.б. қателердің көптігі оларды жеке зерттеу 
нысанына алудың өзектілігін айқындап тұр. Мәселен, «Қазіргі ән мәтіндерінің 
мәселесі: лингвоэкологиялық аспект» тақырыбында қорғалған диссертацияда 
орыс зерттеушісі А.Н. Полежаева орыс тіліндегі әндердің мәтіндерін жеке 
зерттеу нысанына алып, лингвоэкологиялық кешенді талдау жасаған [141].


83 
Ағылшын тілі ықпалының қаупі еліміздегі нысан атауларынан да 
байқалады. Мұның бәрі күнделікті қолданып жүрген ұялы телефондарымызға 
жүктелетін түрлі қосымшалардан көрінеді. Соның бір мысалы ретінде Нұр-
Сұлтан қаласындағы балаларға арналған дүкен атауларына жасалған 
талдауымызды ұсынамыз (10-кесте). 
 
Кесте 10 – Нұр-Сұлтан қаласындағы балаларға арналған дүкен атаулары 
LC Waikiki 
Hellobaby 
Tchibo 



Koton 
Idexe 
Teddy bear 
DeFacto
Infant 
Terranova 
Kari kids 
Jacadi 
The Entertainer 
Меломан/Marwin 
Kausar 
Tiflani 
Кенгуру 
Kids love 
Tots 
KinderStore 
Kids Moda 
Tutubi 
Играйка 
Kidsstore.kz 
United colours of Benetton 
4mums 
Kinder House 
Usababystore 
AisBaby shop 
Kinder Ville 
Uti-Puti 
Alisa 
Kitikate 
Vilermo 
Aru Kids 
Kolyaski.kz 
Wanex 
Arzan market 
Leopard kids 
Wclub 
A.Style 
Lets Go 
Young Reporter 
Autokids 
Lil princess 
Zeyland 
Babylux 
Little Sun 
Ақбота 
Baby Panda 
M’AB 
Арзан 
Baby Room 
Mamina Kids 
Балдырған 
Baby Shik 
Mandarino
Винни-пух 
Baby Steps 
Mark Formelle 
Гномик 
Babytown 
Mary Poppins 
Детки-конфетки 
Balaland 
Merey kids 
Детский мир «Арай» 
Bazarlyk 
Mimioriki 
Джунгли 
Bereke Shop 
MSQ Kids 
Дочки Сыночки 
B+G 
Multikids 
Еркемай 
Black Bunny 
My Brand 
Жан Бала 
Boom by Orby 
Nabi 
Золотой ключик 
Bopeland.kz 
Name it 
Кармашки 
Bota 
Okaidi 
Кит 
Button Blue 
Ok erke 
Котофей 
Carter’s 
Orby 
Лель 
Casa per Bambini 
Orchestra 
Любимчик 
Choupette 
Original Mariness 
Милана 
Colabear 
Ortopedia 
Мир детства 
Conte 
Outlet City 
Мир колясок 
Crockid 
Panda 
Модняшка 
De Salitto 
Pelican 
Нахаленок 
di TREVI 
PetitJan 
Непоседа 


84 
Кестенің жалғасы 10 



Dolphin 
Premium Baby 
Обувенок 
Du Pareil au meme 
Redpark
Одевайка 
Family Shop 
Reserved 
Оранжевый мир 
Fashion tse 
Run 
Пингвин 
FinDetki.kz 
Sema 
Симба 
Geek Market 
Sevi bebe 
Tim Team 
Giraffe 
Shop Couture 
Текстиль 
Gloria jeans 
Shop kids 
Топ-томпақ 
Golden kids 
Silver sun 
Топ-топ 
Happy Baby 
Smail bebe 
Трикотажный рай 
Happy Shoes 
Snowimage 
Формула комфорта 
Hauck-shop 
Stilnyashka 
Шик 
Мұндағы барлық атау – 150 (100%), оның өзге тілдегісі – 132 (88%), қазақ 
тіліндегісі – 11 (7,3%), жартылай қазақшасы – 7 (4,7%). Қазақ тілінің үлесі – 
7,3% ғана. Бұл талдау бір ғана саланы қамтығанымен, өзге салалардағы 
көрсеткіштің де шамалас боларын мәлімет жинау барысында көрдік. Біздің 
ойымызша, жат сөзге деген қызығушылық тілдік сәнге еруден басталады.
Жастар тілінде тек ағылшын сөздері емес, араб, кәріс сөздерінің де 
қатары көбейіп келеді. Оны тілдік қолданыстағы харам, халал, минбар, ифтар, 
никях, сихр, т.б., кәріс тілінен енген айдол, биас, суаг, омо, дорама, т.б. 
сөздерден көруге болады.
Тарихшы З. Жандарбек: «Орысқа, арабқа, ағылшынға бас ұрғандар 
«Қазақ тілі дымға жарамайды» деп жиі айтады. Өзің ойлап қара, соңғы 25 
жылда діни экспанцияның тілге деген ықпалының күшейгенін мынадан біл. 
Харам, халал, хиджап, ақи, ухти деген сияқты арабы сөздер айналымға еніп 
жатыр. Есіңде болсын, ұлтты сату – бір әріпті сатудан басталады! Ауызашар 
деген әдемі қазақы сөзді «Ифтар» деген араб сөзі ығыстырды. Аға, інішек, 
бауырым деген қаратпа сөздер адыра қалып, «Ақи» деген араб сөзі еніп үлгерді. 
Осының бәрі адамның өз нәсілін қорсынудан шыққан бейшаралық», – деп, бұл 
үрдісті қолдамайтынын білдіреді [142]. Расында, құтты болсынды мүбәрак, 
бәрекелдіні машаллах, некені никях деп қолданудың жөні жоқ секілді. 
Осылайша түрлі мәдениеттердің араласуына мүмкіндік туғызып отырған 
бүгінгі медиакеңістік өзге тілдердің ұлттық тілімізге ықпалын арттырып отыр. 
Ш. Құрманбайұлы: «Қазіргі ақпарат пен технология ғасырында адамдар өзіне 
қажетті білім мен ақпаратты жедел алып, әлемнің түкпір-түкпірінде болып 
жатқан жаңалықтардан хабардар болып отыруға мүдделі. Сондықтан да 
жаһандану үдерісі адамзаттың алдына жалпыға бірдей ортақ тілді іздеу 
міндетін қойып отыр. Кең тараған, дамыған ұлт тілдерінің қай-қайсысы да сол 
мәртебені иеленуден сырт қалғысы келмейді. Бұл бір жағынан тілдер 
арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, тілдік қақтығыстарға да бастауы мүмкін. 
Ешбір халық ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тілдерінен 
оңайлықпен бас тарта қоймайды», – дейді [143]. Сондықтан бүкіләлемдік тілдік 


85 
кеңістікті жаулап келе жатқан жаһандық тілдер мен ұлттық тіліміздің 
арасындағы текетірес қазақтілді медиакеңістік пен медиа тұтынушыларға үлкен 
лингвоэкологиялық жауапкершілік жүктейді. Бұл ретте тілдік тұлғалардың 
лингвоэкологиялық білімді игеру қажеттілігі туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет