Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет42/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71
экологиялылық 
қатысымның 
эмоционалдық 
интеллектіні 
қалыптастыру негіздерін жасау; 
– қазақ тілінің өміршеңдігін қамтамасыз ету шараларын белгілеу; 
– терминжасамды, аударма ісін экологиялылық талаптарын ескере 
отырып, жетілдіру; 
– тіл басқыншылығының ономастикалық кеңістіктегі көрінісін дұрыс 
жолға қою; 
– тіл экологиясы жетістіктерін үштілді білім білім беру ісін жетілдіруде 
пайдаланудың оңтайлы жолдарын, инновациялық технологияларын ұсыну [16, 
б. 48]. Бұл бағыттар қазіргі уақытта лингвоэкологиялық мәселелерді шешудегі 
маңызды жолдардың бірі болып тұр. Медиакеңістіктегі лингвоэкологиялық 
мәселелердің шешілу жолдарын іздестіру мәселесінде эмотивтік құзыреттілікті 
қалыптастырудың алға қойылуының себебі де осы. 
Қазақ тіл білімінде эмоционалдылық белгілі бір құбылыс ретінде танылса 
да, терең зерттеле қоймаған, ашылмаған, анықталмаған қырлары әлі де көп 
мәселе болып табылады. М. Жұмабаев: «Психология» деген сөз жан туралы 
ілім. Жан бар. Барлығы сол, оның істері, көріністері бар. Ақша қарда жосылып 
жатқан айқын ізге түссек, алдымызда аңның барлығына күмән қыламыз ба? Бұ 
да сол сықылды, жалғыз-ақ, айырма мынау – ізіне түсіп зерттеп отырып, 
адамзат аңды баяғыдан бері соғып келсе де, жанға жете алған жоқ», – деп 
жазады [176]. Адам жан дүниесінің сан қатпарлы сырының бірі болып 
табылатын эмоция құбылысының мәнін, қасиетін, түрін, ерекшелігін, оны 
көрсететін тілдік құралдар мен тәсілдердің сипатын анықтау да күрделі 
мәселелердің бірі.
«Тіл – өте күрделі, көп қырлы, сан салалы құбылыс. Ең алдымен, ол – 
белгілі бір адамдар қауымында қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру үшін 
табиғи жолмен пайда болған өзіндік ерекше көне таңбалар жүйесі. Тіл – бір 


97 
мезгілде адамдардың ойлау қабілетін іске асырушы, оны одан әрі дамытушы, 
ерік-жігерін, сезімін білдіруші, мәдени-тарихи дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізуші құрал» [177]. Яғни тіл – өзінің қарым-қатынастық қызметінде тек 
ойды жеткізуші ғана емес, сонымен қатар эмоцияны да, сезімді де білдіретін 
құрал. Тілдің эмоцияны білдіру қызметі ғалымдар тарапынан кей жағдайда 
оның қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметімен тең дәрежеде қарастырылса, 
енді бірде қарым-қатынастық қызметінен кейінгі екінші қызметі ретінде 
қарастырылатынын байқауға болады. Қалай болған күнде де, тілдің эмоцияны 
білдіру қызметінің рөлі аса зор, сондықтан коммуникация барысында жағымды 
эмоционалды климат қалыптастыру үшін лингвоэкологиялық құзыреттіліктің 
құрылымдық бөлігі саналатын эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен 
дамыту қажеттілігі туындайды.
 
 
3.1.1 Эмотивтік құзыреттіліктің құрылымы мен мазмұны 
Эмотивтік құзыреттіліктің коммуникативтік және лингвоэкологиялық 
құзыреттіліктер құрылымындағы орнын белгілеп, эмоцияларды игерудің 
психологиялық-әдістемелік маңызын анықтағаннан кейін білім алушылардың 
эмотивтік құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұны мәселелеріне көшу 
қажеттігі туындайды.
Ғылыми әдебиеттерде (әсіресе психология саласындағы) «эмотивтік 
құзыреттілік» ұғымы, көбінесе, «эмоционалдық интеллекттің» синонимі ретінде 
қарастырылады (Е.Н. Азлецкая, М. Райнольдс, К. Саарни, R. Buck, W. Seidel 
және т.б.). 
«Эмоционалдық интеллект» ұғымын ғылыми айналымға 1990 жылы 
американдық психологтар П. Саловей мен Дж. Майер енгізді. Олар 
«эмоционалдық интеллект» дегенді «адамның өзінің және басқалардың 
сезімдері мен эмоцияларына бақылау жасау, оларды ажырата алу және осы 
ақпаратты тікелей ойлау мен іс-әрекет үшін пайдалану қабілеті» ретінде 
тұжырымдайды [178, 179]. 
Д. Гоулманның пікірінше, «эмоционалдық интеллект – бұл адамның өз 
мақсаттарын жүзеге асыру үшін алынған ақпаратты пайдалану мақсатында 
өзінің және басқалардың эмоцияларына баға беру қабілеті» [180]. 
Д. Гоулманның статистикасы бойынша өмірде IQ жоғары адамдардың 
жетістікке аз жетіп, ал IQ орташа, бірақ түрлі өмірлік жағдаяттарға бейімделген 
адамдардың әлдеқайда жоғары жетістікке жету үрдісі анықталады. Зерттеуші 
бұл фактіні адамның өзінің эмоциялық импульстарын басқару, вербалды және 
бейвербалды ақпараттан басқалардың эмоциясы мен уайымын оқу, өзінің 
эмоциялық қарым-қатынасын реттеу, басқаға жаны ашу қабілеті бар 
эмоционалдық интеллектімен (EQ) түсіндіреді [180, с. 121]. 
Эмоционалдық интеллект – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын 
түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі. 
Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде берілген анықтамалардың 
ұқсастығына қарамастан, оның құрылымы мен мазмұнын ашатын 
эмоционалдық интеллект модельдері әртүрлі ұсынылады. 


98 
П. Саловей мен Дж. Майер эмоционалдық интеллекттің төрт деңгейін 
көрсетеді: 1) өзінің және басқа адамның эмоциясын қабылдау немесе сезіну 
қабілеті; 2) өз эмоциясын ақыл-ойға бағыттау; 3) эмоция көріністерін түсіну 
қабілеті; 4) эмоцияны басқара білу [178, р. 196; 179, р. 239]. 
Д. Гоулманның пікірінше, эмоционалдық интеллект құрылымына 
мыналар кіреді: өз эмоцияларыңды білу; эмоцияларды басқару, өзін-өзі 
ынталандыру; басқа адамдардың эмоциясын тану (эмпатия); қарым-қатынасты 
қолдау [180, с. 244]. П. Саловей мен Дж. Майердің моделінде көрсетілген 
қабілеттерден басқа, Д. Гоулман эмоционалдық интеллект мазмұнына 
құлшыныс, табандылық және әлеуметтік дағдылар секілді жеке қасиеттерді 
қосады. 
Д.В. Люсин эмоционалдық интеллектті келесі дағдылардың жиынтығы 
ретінде қарастырады: 1) эмоцияны тану қабілеті; 2) эмоцияны анықтау қабілеті; 
3) эмоцияны тудырған себептерді түсіну қабілеті; 4) эмоциялардың 
қарқындылығын бақылау қабілеті; 5) эмоциялардың сыртқы көрінісін бақылау 
қабілеті; 6) белгілі бір эмоцияны өздігінен ояту қабілеті [181]. 
Бұл жіктемелерден зерттеушілердің эмоционалдық интеллекттің 
құрылымын я эмоционалдық қабілеттердің жиынтығы, я сол қабілеттердің 
жиынтығы мен жеке қасиеттердің бірлігі ретінде әртүрлі қарастыратынын 
көреміз.
Эмоционалдық интеллект пен эмотивтік құзыреттілікті тең санайтын 
зерттеушілердің пікірін ескеретін болсақ, онда оны эмотивтік-коммуникативтік 
қабілеттердің, дағдылардың, білімдердің жиынтығы ретінде де қарау керек 
болады. Ал бұл аталғандар «интеллект» ұғымымен қабыспайды. 
Эмоционалдық интеллекттің мәнін түсіну үшін И.Н. Андреева анықтаған 
оның қалыптасуы мен дамуының биологиялық және әлеуметтік факторлары 
негіз болады. Негізгі биологиялық фактор ретінде автор тұқым қуалаушылықты 
және әлеуметтік фактор ретінде синтониді (өзімен және өзгелермен үйлесімді 
эмоционалды әрекеттің формасы) қарастырады [182]. 
Қарастырылып отырған құрылымның дамуының биологиялық және 
әлеуметтік факторларының болуына сүйене отырып, біз эмоционалдық 
интеллект моделінің аралас түрін ұсынамыз. 
Эмоционалдық интеллекттің жоғарыда сипатталған модельдері оның 
адамның эмоционалды құзыреттілігімен байланысын анықтауға мүмкіндік 
бермейді. Әдістемелік тұрғыдан эмотивтік-коммуникативтік білімдердің, 
дағдылар мен қабілеттердің эмоционалдық интеллектке қатысты орны мен рөлі 
түсініксіз болып қалады. 
Бұл мәселенің шешімін И.Н. Андреева енгізген синтетикалық модель 
бере алады. И.Н. Андреева өзі ұсынған эмоционалдық интеллект құрылымының 
сипаттамасында С.Л. Рубинштейн мен В.Д. Шадриков еңбектерінде ұсынылған 
«қабілет» түсінігін талдайды.
С.Л. Рубинштейннің анықтамасы бойынша: «қабілеттер – бұл жеке 
тұлғада қалыптасқан жалпыланған қызметтер жүйесі. Қабілеттердің 
дағдылардан айырмашылығы – олардың іс-әрекет амалдарының емес, 


99 
психикалық үдерістердің («қызметтердің») қалыптасу нәтижесі болуында» 
[183]. Басқаша айтқанда, қабілет – бұл адамның қоршаған әлеммен өзара 
әрекеттесуі нәтижесінде іс-әрекетте жүзеге асатын психикалық материяның 
ішкі қасиеттері. 
И.Н. Андреева С.Л. Рубинштейн мен В.Д. Шадриковтың идеяларын 
дамыта отырып, қабілеттерді «жеке психикалық қызметтерді жүзеге асыратын 
функционалдық жүйелердің қасиеті» ретінде қарастырады [184]. Зерттеуші 
қабілеттерді адамның бойына табиғаттан берілетін және іс-әрекет барысында 
жүзеге асатын мүмкіндіктермен теңестіреді.
Қабілеттер туралы осындай түсінікті В.Д.Шадриков те қолдап, оларды үш 
деңгейде қарастырады: жеке адамның қабілеті, іс-әрекет субъектісінің қабілеті 
және тұлғаның қабілеті [185]. 
 
Бірінші деңгей – бұл жеке адамның психикалық материясында 
табиғатынан берілген, бірақ іске қосылмаған қабілеттер, жасырын әлеуеттер 
деңгейі. 
Екінші деңгей – қабілеттердің іске асу, олардың іс-әрекеттегі көрініс 
деңгейі. 
Үшінші деңгей – жинақталған тәжірибе мен тұлғалық мәндердің 
қалыптасқан жүйесі аясында, қызмет барысында дамытылатын қабілеттер 
деңгейі. 
Зерттеуші жеке адамның қабілеттерінің негізінде іс-әрекет субъектісінің 
қабілеттері, одан кейін тұлғалық қабілеттер қалыптасатынын айтады. 
Сол сияқты И.Н. Андреева да эмоционалдық интеллект құрылымындағы 
үш деңгейді бөліп көрсетеді [184, с. 50]: 
Бірінші деңгей – жеке адамның интеллекті → эмоционалдық интеллект 
(психикалық материяның қасиеті) қабілет ретінде болады. 
Екінші деңгей – іс-әрекет субъектісінің интеллекті → эмоционалдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет