Жумагулова айша алгабековна


 Екінші бөлім бойынша тұжырым



Pdf көрінісі
бет40/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
2.4 Екінші бөлім бойынша тұжырым 
1. Қазақтілді медиакеңістіктегі лингвоэкологиялық норма бұзушылықтың 
басым бөлігі лингвотоксиндік құбылыстардың салдарынан орын алған. 
Солардың ішінен медиакеңістіктегі негативтілік, тілдік агрессия, жаһандық 
тілдердің басқыншылығы «тіл↔адам», «адам↔адам», «тіл↔тіл» модельдері 
аясында қарастырылды.
2. «Тіл↔адам» моделі аясындағы зерттеу медиакеңістік тілін адамның 
өмір сүру ортасы ретінде қарастыруды, медиатехнологиялардың индивидтің 
психикасы мен қоғамдағы әлеуметтік-мәдени үдерістерге тигізер ықпалын 
анықтауды көздейді. Мұндағы басты міндет – ақпараттық кеңістік сапасының 
өлшемдерін адамға зиянсыз болу тұрғысынан бекіту. Яғни адамның 
ақпараттық, тілдік, мәтіндік ортасы қаншалықты экологиялық таза, адам мен ол 
өмір сүретін ақпараттық ортаның қарым-қатынасы қаншалықты үйлесімді 
екенін анықтау қажет. Бұл ретте коммуникативтік, мәтіндік, ақпараттық орта 
секілді күрделі құбылыстардың экологиялық сипатын бекіту және олардың 
көптеген мәтіндік хабарламаларды қолданатын, жалпыға ортақ диалог 
контексінде өмір сүретін адресаттардың санасына әсер етуі қарастырылды. 
3. Жағымды ақпараттық
орта ақпараттық кеңістік субъектісінің дамуына 
жағдай жасайды, жағымсыз ақпараттық орта оның өмірлік және өнімділік 
әлеуетіне нұқсан келтіреді. Ақпараттық кеңістік субъектісі ретінде индивид, 
адамдардың әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтары, тұтас қауымдастықтар 
мен түгел социум танылады. 
4. 
Медиакеңістіктегі негативизм мәтіндердің негативті тінінің 
тығыздығын ұлғайтады. Бұл өз кезегінде ішкі жайсыздықты, күйзелісті, 
мазасыздық пен алаңдаушылықты күшейтеді, физикалық және психологиялық 
бұзылуларға алып келу арқылы адам денсаулығына кері ықпал етеді. Үнемі 
қайталанған жағдайда бұл әрекеттер жеке, қоғамдық агрессияны ұлғайтуға әсер 
етіп, оң құндылықтық бағдарлардың жоғалуына алып келеді. 
5. Телеарналарға жасалған лингвоэкологиялық мониторинг телеарна 
бағдарламаларының 
қанды 
оқиғалар, 
зорлық-зомбылық, 
адамның 
физиологиялық қажеттіліктері (тамақ, физиологиялық ауытқу, тән қалауы), 
негативті сезімдері (қорқу, жек көру, т.б.) туралы айтылатын жағымсыз 
хабарларға толы екендігін және мұндай қазақтілді ақпараттық кеңістіктің адам 
үшін зиянды екенін айғақтады. 
6. Негативті ақпараттар – жағымсыз эмоция тудыратын тітіркендіргіш 
күштер. Мұндай тітіркендіргіш күштердің әсерінен адамның денесі, жүйке 
жүйесі, психикасы соққы алып, стрестік күйге түсіреді. Тілдік тұлғаның
психотиптік және лингвистикалық тұтастығы бұзылады. Қоғамның өнегелік-
этикалық нормалары төмендейді.


86 
7. Ашулы, мінез-құлқы өзгерген тілдік тұлға коммуникация барысында 
ашулы күйінің әсерімен тілдік агрессия тудырады. Тілдік агрессия – 
сөйлеушінің ашулы күйінің ықпалымен жүзеге асатын сөйлеудегі мінез-құлық. 
Оның түрлері мен формаларына қатысымның қорлау, дұшпандық, қоқан-лоққы, 
дөкір талап, дөрекі бет қайтару, жазғыру, келемеж, шағым, сөз тасу, т.б. 
экологиялық емес түрлері жатады. Тілдік агрессия – адресаттың 
коммуникативтік кеңістігіне тілдік, аксиологиялық және когнитивті 
деңгейлерде баса-көктеп кіруі. Сөйлеу барысында агрессивті коммуникативтік 
амалдарды қолдану тұлғаның моральдік-өнегелік құрылымын бұзады, сол 
арқылы коммуникативтік серіктеске ауыр психологиялық зардап тигізеді.
8. Тілдік агрессия, көбінесе, билік өкілдеріне, өзге ұлт, өзге дін, өзге 
мәдениет өкілдеріне бағытталады. Кез келген мәтіннің экологиялылығы оның 
авторы мен қабылдаушысына сәйкес келетін және сәйкес келмейтін 
құндылықтар жүйесімен анықталады. Тілдік агрессияның «өзім-өзге» 
оппозициясында өзгеге қарай басым болуының себебін осы құндылықтар 
жүйесі мен әлем бейнесінің әртүрлі болуы арқылы түсіндіруге болады. 
9. Тілдік агрессия коммуникацияға түсуші адамның санасы мен 
сөйлеудегі мінез-құлқына тікелей әсер етіп, қатысымның лингвоэкологиялық 
нормасын бұзады. Салдарынан тілдік, мәдени-этикалық нормалар бұзылып, 
адам санасындағы ақпараттық және эмоционалдық өріске тіл құралдарымен 
деструктивті әсер етіп, адамдардың физиологиялық, психологиялық 
денсаулығына үлкен қауіп төнеді. 
10. Ақпараттық технологиялардың ірі ғылыми-техникалық революциясы 
нәтижесінде тілдік үдерістердің жаһандануы және әлем халықтарының тілдік 
кеңістігіне басқа тілдердің кірігуі ұлттық тілдің деформациялануы мен 
деградациялануына алып келеді.
11. Өз тілімізде баламасы бола тұра, оны шеттілдік сөзбен әдейі 
алмастыру туған тілге деген немқұрайлықты арттырып, қазақ этномәдени әлем 
бейнесіне бөгде менталдылықтың басып кіруіне жол ашады. Халқымыздың 
мәдени-тарихи санасының кілт сөздерін – ұлттық мәдени концептілерді 
біртіндеп айырбастау қадамдарының нәтижесінде дәстүрлі логикалық-ұғымдық 
желі үзіліп, лакуналар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет