Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет44/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
кәсіби-коммуникативтік қабілеттермен толықтыруға болады. 
Оқушы санасының идеялық өрісінде әлем бейнесі мағынасының 
концептуалдану, категориялану және тұжырымдалу үдерістерін басқару үшін 
мұғалім эмотивтік-коммуникативтік сипаттағы келесі маңызды дағдыларға ие 
болуы керек:
1) 
эмотивті мәтінмен танысу барысында білім алушылардың 
эмоционалды реакциясын болжау;
2) білім алушылармен бірлескен аналитикалық жұмыс жүргізе отырып, 
олардың әлемдік бейнесіне сәйкес келмейтін эмоционалды көріністерді 
анықтап, оларға түсініктеме беру; 
3) білім алушылармен эмоционалды байланыс орнату («бір толқында 
болу»); 
4) білім алушыларға арнайы стратегия мен тактикаларды қолдана 
отырып, эмоционалды сөйлеу әсерін жүзеге асыру; 
5) тілдің эмотивті құралдары арқылы эмоциялардың көрінуін қамтамасыз 
ететін эмоционалды өріс құру; 
6) эмоционалды-бағалауыштық қатынастарды білдіру тәсілдерін игеру. 
Эмотивтік-коммуникативтік дағдылардың қатары мұнымен шектелмейді. 
Бұл дағдылар болашақ мамандардың алдағы кәсіби-әдістемелік жұмыстарында 
өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға көмек береді. Бұлар болашақ 
мұғалімдердің арнайы кәсіби-коммуникативтік дағдылар қатарына жатады. 
Эмотивтік құзыреттіліктің құрылымы мен мазмұнын сипаттауды ғалым 
В.И. Шаховскийдің мына пікірімен қорытындылауға болады: «В научающей 
инкультурации наступила пора при обучении научать всем субкомпетенциям: 
лингвистической, страноведческой, культурологической, эмотивной и 
авербальной. Только на их совокупной базе возможно формирование истинно 
коммуникативной компетенции, позволяющей ускорить инкультурацию и 
инсоциализацию обучаемого» [194]. Ал қазіргі геомәдениет кезеңінде тұлғаның 
өмір сүріп жатқан қоғамының стандарттарына қатысты мәдени құзыреттілікті 
ұстануы өте маңызды. Эмотивтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушылар 
өмірде де, қызметте де түрлі диалогтарға қатысып, оңтайлы коммуникация 
орната алады. 
Лингвоэкологияда тілдің саулығы мен адам саулығының арасына теңдік 
белгісі қойылады. Мұны И.С. Ларионова былай түсіндіреді: «ценностное 
содержание здоровья аккумулируется в отношении человека (социума) к 
своему состоянию, которое обеспечивает успешную (достойную, приемлемую 
для данных условий) жизнедеятельность. Вместе с отношением человека к 
здоровью выстраивается система его ценностных ориентаций, предпочтений, 
целей, без которых человеческое существование лишается смысла. В свое 


104 
содержание здоровье как ценность включает множество субценностей, 
имеющих смысло-жизненное значение для человека. Здоровье – это и 
наслаждение, и польза, и слава, и красота, и добро, и счастье. И в этом 
отношении о здоровье можно говорить как об универсальной ценности» [195]. 
Яғни адам тілдің арқасында жетістікке жетеді, өзін-өзі танытады, мақсаттарына 
қол жеткізеді. Сондықтан тіл де адам үшін денсаулықпен тең тұратын 
құндылықтар қатарында болуы керек.
Т.Б. Радбиль «құндылық адамның шындықты қабылдауының ерекше 
категориясы саналып, қандай да бір заттардың (биологиялық немесе 
психологиялық, утилитарлық немесе моральдық, интеллектуалдық немесе 
эстетикалық) маңызды, айрықша болуымен ұғынылады. Бұл маңыздылық 
белгілі бір нәрсеге «бағалауыштық шкаласындағы» айрықша көзқараспен 
анықталады. «Бағалауыштық шкаласы» былай өлшенеді: жақсы – бейтарап – 
жаман [196]. 
Егер осы құндылықтар шкаласын коммуникацияға көшіретін болсақ, онда 
сөйлеп тұрған адамның да өз эмоциясын басқара алмай, жағымсыз сипат 
жағына ауысатыны белгілі. Мұның салдары адам мен қоршаған орта 
арасындағы үйлесімділікті бұзып, конструктивті қатысымды деструктивті 
қатысымға айналдырады. Сондықтан коммуникацияның, мәтіндердің эмотивті 
жиілігін анықтап, олардың конструктивті / деструктивтілігін, экологиялық / 
экологиялық еместігін (маркерлерін) ажырата алу мақсатымен эмотивтік 
құзыреттілікті қалыптастыру мәселесін қойып отырмыз. Оны шешу үшін 
эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамыту әдістемесін жүйелеу 
міндеті туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет