106
– технологияның бейімділігі;
– оқытушы - тіл үйренуші жұмысының синхрониясы;
– ақыл-ой және дене күшіне түсетін жүктеме мөлшерінің сәйкестілігі
[157, б. 230].
Қазіргі уақытта оқу үдерісінде:
1) педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру және демократияландыру
негізіндегі технологиялар (тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология, білім
беруді ізгілендіру технологиясы, т.б.);
2) оқушының әрекетін белсендіру және интенсивтендіру технологиялары
(ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдар
технологиясы, т.б.);
3) оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі
технологиялар (интербелсенді оқыту технологиясы, нысаналы оқыту
технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы, дифференциалды оқыту
технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, топтық оқыту технологиясы,
компьютерлік оқыту технологиясы, т.б.);
4) оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру
негізіндегі технологиялар (модульдік оқыту технологиясы, оқу мен жазу
арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, т.б.);
5) оқушының білім деңгейін жетілдіру технологиялары (дидактикалық
бірліктерді ірілендіру – математикалық білім беру технологиясы, т.б.);
6) дамыта оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылып келеді
[201].
Ф.Б. Бөрібекова мен Н.Ж. Жанатбекова жүйелеген бұл тізімге біз
қашықтан оқыту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жеке
енгізу керек деп ойлаймыз. Оқыту технологияларының түрлері осы аталған
технологиялармен шектелмейтінін ескерткіміз келеді.
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамыту технологиясы
жоғарыда аталған технологияларды біртұтас оқу үдерісінде қолдануды жоққа
шығармайды. Ол білім алушылардың эмотивтік құзыреттілікті игеруі бойынша
оқу үдерісінің нәтижелі болуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Іске асыруға ұсынылып отырған эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру
және дамыту технологиясы оқытудың үш кезеңін қамтиды:
эмоцияларды атау,
Достарыңызбен бөлісу: