Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет43/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

құзыреттілік. 
Үшінші деңгей – тұлға интеллекті → эмоционалдық интеллект тұлғаның 
қасиеті ретінде (эмоционалды экспрессивтілік және креативтілік) қалыптасады. 
Осылайша, эмоционалдық интеллект пен эмоционалдық құзыреттіліктің 
(эмотивтік құзыреттілік эмоционалдық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде) 
ғылыми дискурстың екі түрлі ұғымы екенін тұжырымдауға болады.
Эмоционалдық интеллект – бұл «эмоционалдық ақпаратты талдау, өңдеу 
және пайдалану үшін интеллектуалды қабілеттердің жүйелік көрінісі»
[184, с. 51]. 
Ш.Қ. Құрманбаева: «Эмоциялық құзыреттіліксөйлеу, яғни тілді 
тәжірибеде қолдану ойдың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар сезім мен 
эмоцияны да жеткізу тәсілі» деген анықтама береді [157, б. 77]. 
Әдістемелік тұрғыдан эмотивтік құзыреттілік – бұл адамның 
эмоцияларды түсінуі, олардың қызметін, сипатын, атауларын, тілдік 
бірліктердің эмоционалды семантикасын, тілдік таңбалардың эмотивті 
валенттілігін білуі, сөйлеу әрекеті үдерісінде дамитын және әлеуметтік 


100 
қарым-қатынас тиімділігін қамтамасыз ететін эмоционалды білімдерінің, 
дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы. 
Ал 
лингвоэкологиялық 
тұрғыдан 
эмотивтік 
құзыреттілік 
– 
эмоцияларды, олардың қызметтерін, өз тілінің (және басқа тілдердің) 
эмотивті қорын, номинация құралдарын білу, қарым-қатынас үдерісінде 
серіктесінің әлемдік тілдік бейнесін ескере отырып, өзінің эмоционалды жай-
күйін білдіру және сипаттау, коммуникацияда эмоционалдық теңдікті ұстау, 
шиеленісті ушықтырмау, тілдік агрессияны азайту, эмоционалдық 
төзімділікті сақтау, қақтығыс жағдайынан шыға алу, негативті 
ақпараттың эмотивтік реңкін бәсеңдету білімдерінің, дағдылары мен 
қабілеттерінің жиынтығы. 
Эмотивтік құзыреттілікті әдістемелік тұрғыдан қалыптастыра отырып, 
оны лингвоэкологиялық тұрғыдан іске асыруға болады. Сондықтан эмотивтік 
құзыреттілікті қалыптастыру үшін эмоцияларды атау, тану, сипаттау, білдіру 
дағдылары мен қабілеттерін игеру қажет.
Р. Лазарус эмоцияның пайда болу ретін былай көрсетеді: «қабылдау – 
алғашқы бағалау – зерттеу белсенділігі – (бағаланатын жағдаяттағы 
эмоциялардың маңызы) – екінші бағалау – әрекет жасауға талпыныс – әсерлену, 
физиологиялық өзгерістер және моторлық реакцияларға талпыныс көрінісі 
ретіндегі эмоция» [186]. Эмотивтік құзыреттілікті меңгерген адам кез келген 
эмотивті жағдаятта эмоцияларды дұрыс қабылдап, бағалап, өз реакцияларын 
басқара алады. 
В.И. Шаховский эмотивтік құзыреттілікке келесі компоненттерді қосады: 
1) эмоционалды қарым-қатынастың жалпы лингвомәдени кодтарын білу; 2) 
эмоционалды 
концептілер 
түріндегі 
осы 
кодтардың 
эмоционалды 
доминанттарын білу; 3) сөйлесетін серіктестерінің эмоционалды және 
этникалық сәйкестендіру маркерлерін, олармен эмоционалды қарым-қатынас 
жасау ережелерін білу; 4) белгілі бір қарым-қатынасқа түсетін өзінің және 
өзгенің семиотикалық лингвомәдени кодтарына сай эмоцияларын көрсету, 
білдіру және сипаттау құралдарын білу және игеру [187]. 
Біздің зерттеуіміз эмотивтік құзыреттілікті болашақ мұғалімдерді оқыту 
барысында қалыптастыруды көздейді. Сондықтан С.В. Чернышов ұсынған 
эмотивтік құзыреттіліктің болашақ педагогтарға қатысты макрокомпоненттерін 
ұсынамыз. Олар: пәндік, процессуалдық және нәтижелі макрокомпоненттер 
[188].
Пәндік макрокомпоненттерге мыналар жатады:
1) концептілік компонент, оны эмоционалды концептілер көрсетеді 
(қуаныш, қорқыныш, серпіліс, махаббат және т.б.); 
2) білім компоненті, оған эмоцияға қатысты түрлі білім кіреді 
(эмоцияларды, 
оларды 
атайтын, 
сипаттайтын, 
көрсететін 
әртүрлі 
лингвистикалық құралдарды, түрлі эмотивті жағдаяттарда өзін-өзі ұстау 
ережелері мен нормаларын білу және т.б.); 
3) нысандық компонент, оған әлем бейнесінің эмотивті бірліктері, 
экстралингвистикалық құралдары, эмотивті мәтіндер, эмотивті жағдаяттар 
кіреді.


101 
Процессуалдық макрокомпонентке әрекеттік және мінез-құлықтық 
компоненттер кіреді. 
Әрекеттік 
компонент 
эмоционалды 
тәжірибе 
қалыптастыруды 
қамтамасыз ететін түрлі дағдылар мен қабілеттерден тұрады (эмоцияны 
фонетика, лексика, грамматика, синтаксис арқылы ауызша да, жазбаша да атау, 
сипаттау және білдіру дағдылары мен қабілеттері; эмотиогендік мазмұндағы 
ақпаратты жоспарлау, талдау және бағалау; өз бетінше эмоционалды білім алу; 
стандартты емес эмотивті жағдаяттарда іс-әрекет әдістерін қолдану; 
реципиентке 
эмоционалды 
әсер 
ету 
үшін 
лингвистикалық 
және 
экстралингвистикалық құралдарды қолдану дағдылары мен қабілеттері және 
т.б.). 
Мінез-құлық компонентіне С.В. Чернышов эмпатия, рефлексия, 
эмоционалды өзін-өзі реттеу, эмоционалды сөйлеу әсері мен ынталандыру 
қабілеттерін жатқызады. Бұл қабілеттер мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-
әрекетінің психологиялық мазмұнын құрайды және оның білім алушылармен 
тұлғааралық қарым-қатынасының жетістігін анықтайды. 
Эмотивтік құзыреттілік құрылымының нәтижелік макрокомпоненті сөз 
мәнерлілігі мен креативтіліктен көрініс табады. 
Сонымен, пәндік макрокомпонент эмоциялардың оқу үдерісіне қатысу 
сипаты туралы; эмотивті оқу жағдаяттары туралы; осы жағдаяттарға 
байланысты эмоцияларды атау, сипаттау және білдіру құралдары туралы; білім 
алушылардың сөйлеу әрекеті барысында эмоционалды жағдайын басқару және 
бақылау нормалары туралы; сабақтарда эмоционалды жағдайды реттеу туралы 
және т.б. біліммен толықтырылады. 
Эмотивтік 
құзыреттілік 
болашақ 
мұғалімдердің 
эмоционалды 
құзыреттілігінің орталық бөлігі ретінде кәсіби-коммуникативтік дайындығы 
барысында дамитын эмоционалды-коммуникативтік білімнің, дағдылар мен 
қабілеттердің жиынтығын білдіреді. 
Эмотивтік құзыреттілікті болашақ мұғалімдердің меңгеру қажеттілігіне 
қатысты М.В. Голубева мен В.В. Рыжовтың пікіріне сүйенсек: «педагог, по 
своему предназначению, должен быть человеком, обладающим высоким 
уровнем эмпатийных способностей. В эмпатии, как психологическом 
феномене, соединяются коммуникативные и эмоциональные способности 
личности. 
Творческие 
эмпатийные 
способности, 
помимо 
прочего, 
характеризуют возможность не просто глубоко сопереживать другому 
человеку, но действенно, активно и нестандартно сопереживать, создавая тем 
самым у партнера коммуникации особое состояние понимания и поддержки» 
[189]. 
Эмпатия мұғалімге оқушылардың қызығушылықтары мен әуестіктері 
әлеміне енуге, олардың мінез-құлқының ішкі себептерін түсінуге және ашуға, 
әртүрлі педагогикалық ықпалдың нәтижесін алдын-ала болжауға мүмкіндік 
береді. 
Өзінің ішкі эмоционалды әлемін түсіне алмайтын, сабақта эмотиогендік 
мазмұндағы белгілі бір жағдаяттарда өзін-өзі ұстауды бағалай алмайтын 


102 
мұғалім эмоционалды қызметін жүзеге асыруда жоғары нәтижеге қол жеткізе 
алмайды. Бұл болашақ мұғалімдердің эмотивтік құзыреттілік құрылымындағы 
эмоционалды рефлексия қабілеті болуының рөлі мен маңызын көрсетеді. 
Эмоционалды рефлексияның болмауы немесе жеткіліксіз қалыптасуы 
мұғалімді сыртқы факторларға, жағдайларға, әсерлерге толығымен тәуелді 
етеді және оны өзге біреудің қалауына көндіреді. Сондықтан болашақ 
мұғалімдерді рефлексияға даярлау «мұғалімнің қызмет ету мен ойлау 
мәдениетін құрудың маңызды құралы, білім берудің гуманистік парадигмасын 
жүзеге асырудың тәсілі» болып саналады [190]. 
Мұғалімнің өз эмоционалды жағдайын саналы түрде басқара алмауы 
(эмоционалды өзін-өзі реттеу) оның сабақта жағымды эмоционалды 
микроклиматты бұзатын және білім алушылар тарапынан шиеленіс пен 
сенімсіздік атмосферасын туғызатын стресс факторға айналуына әкеп соғады. 
Эмоционалды сөйлеу әсері – бұл мұғалімнің кәсіби-педагогикалық 
құзыреттілігінің ажырамас бөлігі. 
Эмотивтік 
құзыреттіліктің 
нәтижелі 
макрокомпонентіне 
сөйлеу 
мәнерлілігі мен креативтілік жатады. 
Н.С. Рождественский сөз мәнерлілігін былайша тұжырымдайды: «умение 
внятно, убедительно и в то же время по возможности сжато выражать свои 
мысли и чувства; умение интонацией, выбором слов, построением 
предложений, подбором фактов, примеров действовать на слушателя и 
читателя» [191]. Мұғалім сөзінің мәнерлілігі – оның педагогикалық 
шеберлігінің ажырамас сипаты, онсыз сабақта қойылған мақсаттар мен 
міндеттерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. Ол мұғалімнің креативтілік 
сияқты 
кәсіби-коммуникативтік 
қызметінің 
сипаттамасымен 
тығыз 
байланысты. 
А.Н. Шамов креативтілікті тар және кең мағынада қарастырады. 
Зерттеушінің пікірінше, тар мағынада креативтілік «дивергентті ойлау, оның 
ерекшелігі бір нысанға қатысты көптеген идеяларды ұсынуға дайын болу» 
[192]. Кең мағынада «креативтілік дегеніміз білім алушының интеллектуалды 
қабілетімен байланысты».
И.Н. Андрееваның пікірінше, эмоционалды креативтіліктің жоғары 
деңгейі оның иесіне бірқатар жеке және әлеуметтік артықшылықтар береді. 
Олардың ішінде адамның өз эмоционалды тәжірибесін тану тереңдігі; сезімдер 
мен мінез-құлықты талдау бейімділігі, өзіне және басқаларға деген төзімділік, 
өзін-өзі сыйлау, өзіне деген сенімділік секілді қабілеттер бар [193]. 
М.В. Голубева мен В.В. Рыжов «эмоционалды креативтілік» ұғымын
мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің өнімді және шығармашылық сипатын 
қамтамасыз ететін эмоционалды қабілетінің ажырамас сипаты» ретінде 
қарастырып, «педагогтың эмоционалды креативтілігін» былай анықтайды: 
«кәсіби қызметтің кез келген аспектісінде эмоционалдық интеллектін ерекше, 
жаңаша көрсету, эмоциялар мен сезімдер репертуарын шығармашылық 
тұрғыдан пайдалану қабілеті» [189, с. 256]. 


103 
Осылайша сөйлеу мәнерлілігі мен креативтілік мұғалімнің өз эмоциясы 
мен білім алушылардың эмоцияларын жоғары деңгейде басқара алуымен 
қамтамасыз етіледі. Олар оның эмпатия, рефлексия, өзін-өзі эмоционалды 
реттеу, эмоционалды сөйлеу әсерлері қабілеттерін сипаттайды.
Эмотивтік құзыреттіліктің мазмұнын осы макрокомпоненттермен қоса 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет