Журналистика кафедрасы


Лекция 10. ХХІ ғасырдағы жарнама тарату технологиясы



бет19/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Лекция 10. ХХІ ғасырдағы жарнама тарату технологиясы

Жарнама – бұл, алғаш болып өзгертулер мен жетілдіруге жататын, адамның икемді іс-әрекеттері саласы. Жарнама қөптеген қосылғыштардан, ал, табысты жарнама – көптеген замануи қосылғыштардан тұрады. Мұнда заман талабына сай дизайнерлік шешімдер, дамыған компьютерлік мүмкіндіктер қолданады. Сондықтан, жарнама тартымыды болу үшін барлық жаңашылдықтарды, заманауи жетістіктерді өз жұмысында пайдалануы тиіс. Бүгінгі әлем әрі ұтқыр, әрі ширақ болса, жарнама да осыған сыңайлас болуы міндет. Іс жүзінде ол дәл осылай дамып келеді: мобилдік, интерактивтік, 3D-жарнамасы, ғимарат қабырғаларына суреттерді проекциялау әдісі.


3D-технологиясы -бұл жарнаманың тартымды түрі, өйткені жаңа. Ақпаратты бұл әдіспен жеткізу мүмкіндігін кәсіби түрде пайдаланатын болсаңыз – табысқа кепілді түрде жетесіз. 3D-анимациясы, жарнаманың басқа түрлеріне қарағанда, тұтынушылар назарын бірден жаулап алады. Жарнаманың мұндай визуалды нұсқасы тауар туралы мол ақпарат береді.
SMS/MMS жарнамасы-жарнаманың бұл түрі тұтынушыға ақпаратты жеткізу тұрғысынан тиімді болғанымен, адамдардың көбі мұндай жарнаманы жақтырмайды. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, бұл жарнама сізге керек болсын, керек болмасын, міндетті түрде сізді табады; екіншіден, жарнаманың сізге күштеп таңылғаны наразылық тудырады. Бірақ жарнама берушілер мұның тек тиімді жағын ғана көреді: жарнама SMS/MMS арқылы тұтынушыға міндетті түрде жетеді және ол мақсаттылы топтарға бағытталады.
Интерактивтік проекциялау-мұндай жарнаманы тұсау кесер шараларында, көрмелерде пайдалану өте тиімді. Бәріміз де ішімізде баламыз, сондықтан ашық, қызықты нәрселер көзімізді тартады. Интерактивтік жарнама осы принцип бойынша жұмыс істейді.
Мобильдік жарнама-мұндай жарнамадағы әсер алдауыш қарым-қатынас арқылы мақсатына жетеді. Есіңізге түсірсеңіз, еуропа елдеріндегі жарнамалық роликтердің басым көпшілігі - бұл бір адамның монологы. Ол тек сіздің назарыңызды айналдырып, тауарды мақтап ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет