Журналистика кафедрасы



бет18/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
7. Тизерлік жарнама – қазір күшті дамып келе жатқан жарнама берушілер мен сайт иелерінің кең қолданысына айналған жарнама түрі. Тизер деп контекстік және баннерлік жарнаманың қосындысын атайды. Кішігірім баннерден және «контекстік бөлігі» деп аталатын мәтіннен тұрады. Баннерлер мен мәтіндер арқылы құрастырылған жарнаманың ықпалу көп болады.
8. Peel-Down – үлкен жарнамалық баннерді (500x500px) жауып тұратын экранның анимацияланған бұрышы. Курсорды осы бұрышқа әкелгенде, өздігінен басқа жарнамаларды көрсетіп парақтала бастайды (екінші үлкен баннер іске қосылады - 500x500px).
9. ICQ-window – жүйеге мақсатты тұтынушыларды жинауға арнлаған жаңа жарнаманың түрі. Сайтыңызға кішігірім Java-код орналастығаннан кейін, экранның төменгі бөлігінде ICQ терезе стиліндегі жарнама қалқып шығады. Крестикті шерткеннен кейін жарнама 24 сағатқа жабылып қалады. Терезеге шерту санына байланысты ақы төленеді.
Жарнаманың басқа түрлері медиялық және контексттік жарнамалардың белгілерін біріктіреді:
Медиялық жарнама – тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гипперсілтемесінің болуы және анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиялық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін аса кеңейтеді. Әдетте, медиялық жарнама баннерлік жарнаманың формасына ие болады.
Контексттік жарнама - тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру. Бұл жарнама түрі іздеу нәтижелерінің жанында орналасады, ал белгілі бір жарнаманың көрсетілуі тұтынушының іздеу сұрауына байланысты болып келеді. Әдетте, контексттік жарнама тексттік жарнама формасына ие болады.
Сайттарға жарнаманы енгізу тәсілі және сайт жарнамаларының түрлері
Сайттарға жарнамалар орналастырумен жарнамалық брокерлер айналысады. Олар туралы ғаламтордан көптеген ақпараттар табуға болады. Таңдау мүмкіндігі зор, тек жаңа бастаған сайт иелері өзіне лайық жүйені таңдауға тура келеді. Себебі, жарнамалық брокерлердің кейбірі сайтқа кіретін адамдар санына, ТИЦ пен PR көрсеткіштеріне (бұл көрсеткіштер туралы «Сайтты жылжыту» бөлімінде түсіндіріледі) талаптар қояды, ал кейбірі тек орыс тілді сайттарды ғана қабылдайды. Жаңа бастаған сайт иелеріне Tak.ru арқылы трафикті сату тиімді. Tak.Ru жүйесінің талаптары аса жоғары емес, жұмыс істеу жеңіл әрі түсінікті. Ресурсқа жарнамаларды орналастыру арқылы шығын шығармай-ақ табыс табуға болады. Бірінші кіріс алғашқы күннен бастап түсе бастайды. Сұраныс берген күні ақшаны қайта алуға болады, тек сайтқа жарнама кодын орналастырса жеткілікті. Тегін хостингтегі сайттар да қабылдана береді. Егер жеке сайт болмаса, партнерлік сілтемелерді форумдар мен чаттарға орналастыру арқылы пайда табуға болады. Сіздің сілтемеңіз бойынша тіркеліп, жарнама берген серіктесіңіздің табысының бір бөлігі Сізге түсіп отырады.
Әдебиеттер:
Негізгі:[1.11.15]; [ 1.15.16]; [1.10.18;]; [1.3.17]
Қосымша: [1.6.12]; [1.2.15]; [2.7.6]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет