К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


30 
III ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗГІ САПАЛАРЫ 
 
Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-
қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Әрине, мұндайда тілдің 
эстетикалық, әдемілік жағынан әсер етуі басты назарға алынады. Демек, 
әркімнің жүріс-тұрысында, жалпы болмысында мәдениетті болуының 
қажеттігі сияқты, сөйлеу, жазу үстінде де адамның әр сөзді, сөз тіркесі мен 
сөйлемді тиісті мағынасына ғана емес, соған қоса тартымды, әсерлі қолдана 
білуі кең мағынадағы рухани мәдениеттіліктің бір саласы ретінде қаралуға 
тиіс.
Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар 
болады. Олардың бастылары мыналар: дәлдік, логикалылық, тазалық, 
мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық.
сөздің дәлдігі 
сөздің логикалылығы 
сөздің тазалығы 
Тіл мәдениетінің негізгі белгілері
сөздің мәнерлілігі 
сөздің байлығы 
сөздің қисындылығы 
 
10 - дәріс. Cөздің дәлдігі
Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реалды шындықтағы 
заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі.
Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. 
Дегенмен олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. 
Мысалы, терезе алдында ағаш өсіп тұр дегенде сөйлеудегі дұрыстыққа нұқсан 
келіп тұрған жоқ, ал дәлдік жағынан келгенде (терек пе, қайың ба, емен бе) 
жетімсіз жағдай байқалады. Далада мал жайылып жүр сөйлеміндегі дұрыстық 
пен дәлдік туралы да осыны айтуға болар еді. Көп жағдайда тыңдарманның 
немесе оқырманның дәлдікті бірінші кезекке қоймай, әйтеуір сол құбылыс не 


31 
оқиға туралы хабар алуды мақсат етуі мүмкін. Алайда керекті жерлерде сөздің, 
демек, ойдың нақтылығынан ұтарымыз мол.
Ойдың, оған байланысты сөздің нақтылығына аса көрнекті қоғам 
қайраткерлері, жазушылар, өнер адамдары әрдайым ерекше мән беріп отырған. 
Ұлы сөз шеберлерінің қай-қайсысының шығармашылық лабораториясына 
үңілсеңіз де, бұл мәселені ойды жеткізудегі басты мәселе деп қарайды. 
Абайдың, Шәкәрімнің, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, т.б. қазақтың бай 
тілімен сурет сала білген ақын-жазушылардың тілге қатысты ойларында да, 
өздерінің төл шығармаларында да сөзді дәл қолданудың өнегесін тануға 
болады.
Әлбетте, тұрмыста, көпшілік алдында сөйлеуде, ресми құжатта орын 
алатын сөз қолданудағы дәлдік пен көркем әдебиеттегі дәлдікті қатар қоюға 
бола бермейді. Әрине, бұл ретте де сөз шеберлері жалпы халық тілінде бар 
сөздерді орнымен жұмсайды. Дегенмен көркем шығарманың эстетикалық 
қуатын, бейнеліліктің дағдылы дәлдіктен біршама өзгешелігі барын 
ескермеске болмайды. Мәселен, Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі 
қымбат. Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деген өлең жолдарын сауатты 
қазақтың бәрі біледі деуге болар. Осындағы сыр мен сымбат сөдерінің дәл 
орнында пайдаланылып тұрғанына ешкім күмәнданбайды. Демек, сөзді дәл 
қолдану дегеніміз, сайып келгенде, синонимдік қатардың ішіндегі автор ойын 
дәл бере алатын сөзді таңдау болып табылады. Сонда ұлы ақынның айтқалы 
отырғаны адамның ішкі дүниесі мен сыртқы бітімі жайында екенін ескерсек, 
сырға да, сымбатқа да синоним болатын сөздер жеткілікті. Ал ол сөздерді 
данышпан ойшыл білмеді деуге ешкімнің аузы бармайды. Солардың ішінен 
осы екі сөзді таңдауы ойға шақ, есте сақтауға өте қолайлы болып шыққан.
Көркем әдебиет шығармаларында автордың шеберлігі мен дүниеге 
көзқарас көкжиегінің өрісіне байланысты, бір қарағанда, сенімсіз көрінетін 
жайлардың өзі шындыққа айналады. Демек, сөзді айқын қолдану арқылы 
оқырманын тартып отырады. Ақын Т. Молдағалиев құстарға арналған бір 
өлеңінде «Ал адамдар күліп бастап өмірін, кетерінде жылай да алмай, жылай 
да алмай қалады» дейді. Сырттай қарағанда, ешкім осы жолдар туралы әлдебір 
сын айтып көрген емес. Керісінше, композитор Н. Тілендиевтің қиялынан 
туған әсем әуеннің ырғағымен кім де болса тебірене айтып отырады, тіпті 
барлығы қосылып бірге шырқайды. Өлең мен әннің жарасымды келісіміне 
шүбә келтіру мүмкін де емес сияқты. Айтарымыз мынау: адам ешқашан 
дүниеге күліп келмейді, тіпті бұл жарық әлемге үнсіз келген сәбиді дәрігерлер 
ретін тауып жылатады деген сөз бар. Қысқасы, адам өмірге жылап келеді. Ол 
– табиғаттың да, жаратушының да заңы. Ал Тұманбай ақын «күліп бастап 
өмірді» дейді. Айтқысы келгені: сол көз жасын күлкіге айналдырып, азаматтық 
пафоспен қай адамның да қонақ болып өтетін мына ғұмырын мүмкіндігінше 


32 
тартымды, әсерлі етіп бейнелеуді нысана еткен және ол ойы ойдағыдай 
орындалған. Міне, осындай тұстарда да сөздің қолданылуындағы айқындыққа 
көз жеткіземіз.
Сөздің айқындығы жаңа сөз жасау айналасында да байқалып отырады. 
Әрине, жаңалықтың қай-қайсысы сияқты сөздердің жаңа түрлері де бірден 
көпшіліктің бірауызды қолдауын туғыза қоймауы әбден мүмкін.
Осы орайда ойласатын жайлар баршылық. Ол, әсіресе, жаңа сөздердің 
мағынасы мен жасалу тұлғаларына көбірек қатысты. Кейбір сөздердің өз 
мағынасында қолданылмай жүргендері алаңдатады. Мәселен, қазіргі кезде 
дәрісхана оқу орындарында сабақ беріп, білім алатындардың аузында жиі 
айтылады. Жасалу жолы белгілі, тосындық жоқ, мұндай тұлға қазақ тілінде 
көптеп қалыптасқан (аурухана, жатақхана, шайхана). Дәріс сөзінің сабақ 
мағынасында екені рас, бірақ осы сөзді (дәрісхана) аудитория мағынасында 
жұмсау ретсіз көрінеді, өйткені -хана жұрнағымен аяқталатын сөздер үй 
мағынасындағы сөзбен синонимдес болса, бұл сөздің оқу корпусы, оқу 
ғимараты мағынасында жұмсалғаны жөн.
Сөздің дәлдігі кей реттерде халықтың, ұлттың қалыптасқан дағдысынан 
да шығып жатады. Тек атаулар мен қимыл-әрекетке байланысты ғана емес, 
сын, белгіні білдіруде де нақтылықтың мысалдарын қазақ сөздерінен табуға 
болады. Мәселен, қызыл сиыр деген ұғым бар, бірақ осы түстес биені жирен 
бие дейді; сол сияқты қоңыр сиыр дегенге ешкім таңданбас еді, ал осы 
жылқыға қатысты болғанда торы сөзі айтылады, екеуі де ақ түстес болса, 
сиырға (қойға, түйеге) қатысты сол сын есім сақталады да, жылқыға келгенде, 
мәселен, көк бие, боз ат, ақбоз ат дейді.
Сөз мағынасындағы осындай дәлдікті, айқындықты, нақтылықты 
сақтаудың маңызы, әсіресе, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, көпшілік алдында 
сөйлегенде зор маңызға ие болады, тыңдармандардың назарын аударуда 
барынша арта түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет